Сенат сектанттардың жолын кесетін заң жобасын мақұлдады

Like dokumenter
БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет. Балалар мектепке. Гүлжан КӨШЕРОВА

Байқоңырда қазақша кітаптың жоқтығына да Ресей кінәлі ме?

14 (3086) 31 ҚАҢТАР, 2017 СЕЙСЕНБІ

«МІНСІЗ СУДЬЯ», «ҮЛГІЛІ СОТ» ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

Ң А Б. on the web. ш ты, ты JASQAZAQ. «ОТАНҒА АДАЛДЫҚ КЕРЕК» ТАЛАП ОҚУШЫҒА ДА ОРТАҚ СЫМСЫЗ ҚУАТТАЙДЫ «ТІЛІМІЗДІ ҰМЫТПАЙ, ҰЛЫҚТАЙЫҚ!

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет ҚОРҒАУШЫЛАР ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАҒДЫРЫНА АЛАҢДАМАЙДЫ. Бүгінгінің бас тақырыбы ТӘУЕЛСІЗ СОТ: ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ «АҒЫМНАН» БОЛАМЫЗ...»

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Дамыған елдермен ынтымақтастық орнату Қазақстан үшін өте маңызды. миллиард теңгеден астам соманың

УДК 004 ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰЖАТАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ СӘУЛЕТІ. Научный руководитель Баенова Г.М.

JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Ядролық қарусыз әлем форумында Астана декларациясы қабылданды

Тоқжанов А.М. (М.Қозыбаев атындагы СҚМУ)

ҚР ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРІ М.А ЖЫЛЫ РЕДАКЦИЯЛАҒАН 123 БҰЙРЫҚ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҮШІН ГРАНТ БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ

орда жұлдызы Келісіп пішкен тон келте болмайды

БИЗНЕС ЖОСПАР. Пластикалық карта жасау

Президент және Бас директордың жолдауы

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Оқушылар сыйымдылығы қандай?

- Небары екі жыл ішінде қазақ күресінен, самбо мен дзюдодан облыстық турнирлерде, республикалық жарыста жеңімпаз

орда жұлдызы

Жерлесімізге жеңіс тілейміз!

Ұлттық спортымыз ұмытылып барады

орда жұлдызы Жатақхананың есігіне керілген атындағы орта мектептің директоры Асылхан Тельманұлы

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНМЕН КІРУГЕ ШЕКТЕУ ҚОЮ ДҰРЫС ШЕШІМ БЕ?

орда жұлдызы

КӨП ЖҮЛДЕ УӘДЕГЕ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАДЫ

Талғар ауданы Панфилов ауылы «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар 17 жалпы білім беретін орта мектебі» МКМ

5-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ЖҮЗДІК БАҚЫЛАУЛАР ЖИНАҒЫ

Оттан туған мамандық

ЖТМ-ның үздік учаскесі

орда жұлдызы Аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың мерекелік құттықтауы Құрметті бөкейордалықтар!

жағымды табиғат әуендері естіліп, адам ғаламат тыныштану сезімін бастан кешеді. Аурулардың алдын алу

Мерзімді баспасөз болып саналмайды. Тек «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлеріне арналған және көпшілікке таратылмайды.

Энтропия, ықтималдық және информация. Н.Ильясов п.ғ.к., доцент, С.С.Сүгіров аға оқытушы, М.Н.Ақынов планетарий меңгерушісі (ҚазМемҚызПУ, Алматы қ-сы)

орда жұлдызы

жалпы орта білім беретін мектеп

ЕСІЛ ӨҢІРІ ҚҰРЫЛЫСШЫ ЕҢ ҚҰРМЕТТІ, ЕҢ ЖАУАПТЫ МАМАНДЫҚ ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ САЯСИ АҚПАРАТ ГАЗЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ 2010 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

Әдістемелік нұсқау. Сабақтың тақырыбы: Интернет. Интернет маған не үшін керек?

МАМАНДАРҒА ЖƏНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ

ЕСЕП ж наурыз аралығы

Алғы сөз. ӘОЖ КБЖ 22.1 я 72 М 29

Би мәдениет мектебі, білім бесігі «Әлді жықпақ, бай жеңбек әуел бастан»

О қ ыту ә дістері ж ә. Та қ ырыбы: Орында ғ ан: Топ: Т-441. Сакиева Меруерт анбаева Б.Ш жыл

Нұрқазғандағы кеншілер бауырластығы

В W J ІИГ ЖТi t ^ «ZIAT» Астана. Астана цаласы ШлЮЛ. «ZIAT» ҒӘО /г к. III Республикалық «Жас ғалым» атты ғылыми жумыстар сайысының жинағы

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

Бөрібұршақ (Люпин, Lupinus) - бұршақ тұқымдастарына Fabaceae жататын біржылдық және көп-жылдық шөптесін өсімдік. 200-ге жуық түрі белгілі.

Қазіргі оқыту технологияларының негіздері.

«НКОК Н.В.» КОМПАНИЯСЫ ЖҮРГІЗІП ЖАТҚАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН БАСТАМАЛАР

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын пайдалану

Негізгі аналық тақшада орналасқан жүйелер

9 - ТАРАУ ФУРЬЕ ӘДІСІ

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

ТАҢДАУ БОЙЫНША ПƏНДЕР КАТАЛОГЫ

ЖЕМІС-ЖИДЕК ДАҚЫЛДАРЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Кредиттік технология бойынша оқитын студенттерге арналған АНЫҚТАМАЛЫҚ-КӨРСЕТКІШ

САБАҚ ЖОСПАРЫ. Кадирбекова Райгүл Камалбекқызы ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей, 4-сынып

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ «АТЫРАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»ҚМҚК

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Географияжәне табиғатты пайдалану факультеті Картография және геоинформатика кафедрасы

Теледидар. Пайдалану нұсқаулары KDL-49WD759 / 49WD757 / 49WD755 / 43WD756 / 43WD753 / 43WD752 KDL-32WD756 / 32WD752. Бөлшектер мен басқару элементтері

ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ МАМАНДЫҚ: 5В ПСИХОЛОГИЯ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті. Ветеринариялық санитария кафедрасы

ƏЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ. теориялық жəне ядролық физика кафедрасы

ГM\XD(F$ DDCmаE'' Schindler

ГM\XD(F$ DDCmаE'' Schindler

СР ЂА Н ВИД РИ Ћ, рођен у Зрењан ин у. П и ше есе је и к њи жев н у к ри т и к у, о б ја в љу је у пе ри о д и ц и.

А К Т У Е Л Н А П И ТА ЊА РЕ СТ И Т У Ц И Ј Е У СР БИ Ј И

СИ МА ГРК. Да вид Ал ба ха ри

От р актора. PokerStrategy.com! tortle - coldbound., Ezhik09! Veronika

ДВ код ТС Београд 20, јун 2015.

ИСТРАЖИВАЧ ЈЕ ПРИСУТАН: ХРАНА КАО ТЕМА И ПОВОД ЗА РАЗГОВОР И РАЗМИШЉАЊЕ

НО ВИ РЕ А ЛИ ЗАМ У СРП СКОМ ФИЛ МУ

ГMHXD(F$ F DDCmаE'' Schindler

Психосоцијални аспекти страбизма

Хитно мењати Устав. Вода највећи проблем Страна 15. Терапијски врт, први у Србији. Irig. у овом броју: ИНТЕРВЈУ: ГОРАН ЈЕШИЋ ПАРАДОКС У ЈАСКУ:

СТУ ДЕН ТИ СА СЕ ЛА АР НЕА ГАР БОР ГА: ИЗ МЕ ЂУ СТВАР НОГ И ФИК ТИВ НОГ

ПОШТАР. Безбедност и здравље на раду Вишак запослених: Која су моја права

ПРОГРАМИ ЗА ЕТИКЕТИРАЊЕ ТЕКСТА НА СРПСКОМ ЈЕЗИКУ* Зоран Поповић** Hemofarm, STADA

Ко му нал на по ли ци ја

Za sve ove godine. Беше тама на сремском информативном простору РЕЧ ГЛАВНОГ УРЕДНИКА. Посвећени циљу. Поносни на Људе. Живот траје, новине га бележе

Зим ни ца. На пијачним тезгама и ове јесени. У Инђији аутлет центар Страна 2. Туристички цвет Засавици Страна 5. Комшија удавио лекарку Страна 6.

j UNI CEF-a Да нас је ве о ма ва жан дан за оп шти ну Ста ра Па зо ва, Куглаш Игор Ковачић првак света! Irig

Фа бри ка. За вид на про дук тив ност, из во зно. У Сремској Митровици кривичне пријаве против одговорних због потенцијалне еколошке опасности

За кон. Но ве од ред бе За ко на о са о браћа. Полицајци суспендовани, тужилаштво на потезу. Инцидент у митровачкој прехрамбено - шумарској школи

(upublisert, april 2007) (необјављена песма, април 2007)

Про блем зла и те о ди ке ја у хри шћан ској фи ло со фи ји

Програм завршног испита у основном образовању и васпитању

Mål for økta. 1) Få innblikk i utfordringer knyttet til matematikkfaget ved Hellerud vgs (situasjonsbeskrivelse)

РАЧУНАРСКА ТЕХНИКА ПРЕЗЕНТАЦИЈА ИЗБОРНИХ ПРЕДМЕТА ПРВЕ ГОДИНЕ ШКОЛСКA 2016/17. ГОДИНУ

Trond Gunnar Nordenstam. Lærebok i russisk. RUS1001 Innføringsemne i russisk: grammatikk. RUS1002 Innføringsemne i russisk: språkbruk

Predikative ord предикати вы

Mål for økta. 1) Få innblikk i utfordringer knyttet til matematikkfaget ved Hellerud vgs (situasjonsbeskrivelse)

САКАГИЈА (MALLEUS) ЗООНОЗА У СРБИЈИ ОД Др сци. вет. мед. Зо ран Јев тић Секција за историју медицине Српског лекарског друштва

2017. У ПАНЧЕВУ, У ПЕТАК, 30. ДЕЦЕМБРА 2016.

ЈЕСЕН ИСПУЊЕНА ДОГАЂАЈИМА, ГРАЂЕВИНСКИМ РА ДОВИМА И ОПТИМИЗМОМ. Почетак који обећава

Association of Gene Variants in TLR4 and IL-6 Genes with Perthes Disease

Transkript:

172 (624) 30 қыркүйек жұма 2011 жыл www.аlashainasy.kz e-mail: info@аlashainasy.kz 147,87 201,72 4,64 23,12 1,36 10010,90 1367,89 1145,33 104,51 1616,10 Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Сенат сектанттардың жолын кесетін заң жобасын мақұлдады АЙТӨБЕЛ-ДАТ! Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ: Кеңестік дәуірдің ықпалынан арылудың бір жолы латын әліпбиіне көшу 6-бетте «Тұран» тағы да таңғалдырды Көне түркінің тылсым сазын қазіргі заман музыкасымен үндестіріп, түрлендіре орындап жүрген «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі бүгінде әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүр. Құрылғалы бері азғана уақыт өтсе де, ансамбльдің қас шебер орындаушылары дүйім жұртты тәнті етіп келеді. Кеше ғана Алматыдағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының үлкен залында орналасқан ғимаратта жаңа күйтабағының тұсауын кескен «тұрандықтар» тыңдаушыларын тағы да тәнті етті. Мал азығы да мемлекеттің бақылауында болуы тиіс Мансұр ХАМИТ (фото) 2-бет Прокурорлар «Достықты» даудан арашалады Кеше Парламент Сенаты «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңды қабылдады. Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріптің арқасынан үлкен жүк түскендей болды. Заңның талқылануы барысында төрағаға не айтылмады дейсіз. Өзі айтпақшы, «отставкаға да кетірді». «Бірақ ондайлардың бәрін елей берсем, қолға алған шаруам жайына қалмақ. Біз демократиялық қоғамда өмір сүріп жатырмыз, сондықтан да әркім өзінің пікірін айтуға құқылы», дейді Қайрат Лама Шәріп. Ең басты мәселе заң жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптаған діни бірлестіктердің қызметін реттеп, санын азайтпақ. Салтан СӘКЕН Өздеріңіз білесіздер, бүгінгі таңда еліміздегі діни бірлестіктердің саны 4551-ге жеткен. Мұның көбі «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданбай тұрып тіркеліп кеткендер. Осы күні талай шаңырақты ойран қылып, отауын ортасына түсірген секталар да осы көп бірлестіктердің арасында жүр. Заң енді олардың бұлайша ойқастауына тосқауыл болмақ. Соның нәтижесінде діни бірлестіктердің саны азаймақ. «Біздің пайымдауымызша, діни бірлестіктер қайта тіркеуден өткеннен кейін, олардың қызметіне сараптама жасалғаннан соң, олар дың саны азаяды. Себебі көптеген діни бірлестіктер Әділет департаменті арқылы тіркелген. Ал олардың ол кезде қызметі және немен айналысатыны айқын болмады», дейді Қайрат Лама Шәріп. Оның айтуынша, 1991 жылға (Тәуелсіздікке дейін) дейін 670 діни бірлестік тіркеліп кеткен. Бүгінде олардың қандай бағытта жұмыс істейтінін анықтау күн тәртібінде тұр. Сондай-ақ агенттік көптеген діни бірлестіктердің жарғыларын, діни әдебиеттерін зерттеуді қолға алмақ. «Заңға қайшы келетін болса, оларды тіркеуден бас тартамыз», дейді төраға. Десек те, діни бірлестіктерді тіркеу талаптары Еуропамен салыстырғанда әлі де болса осал көрінді. Қайрат Лама Шәріптің келтірген деректері бойынша, Румынияда 2007 жылы қаңтардың 8-інде қабылданған «Діни сенім және культтерге арналған жалпы тәртіп туралы» Заңға сәйкес, жаңа діни қауымды тіркеу үшін 12 жыл күту керек екен және таңсық емес діни нанымға сенушілердің саны 22 мыңнан болуы тиіс. Сондықтан да Румынияда тіркелген діни бірлестіктердің саны небәрі 18 көрінеді. Ал Чехияда 2002 жылы қабылданған жаңа заң бойынша діни бірлестіктегі мүшелер саны жалпы халық санының 0,1 пайызын құраса, яғни 10 мыңнан асса ғана тіркеуден өте алады екен. Жалғасы 3-бетте ТҰСАУКЕСЕР Талантты топтың алғашқы композициялық жинағы былтыр «Тұран» деген атпен жарыққа шыққан болатын. Бұл жолы тұсауы кесілген күйтабаққа «Ер-Тұран» деген ерекше атау берілген. Жаңа жинаққа топ мүшелерінің орындауындағы ескі сарынды қайта түлетіп, жаңаша қырынан жаңғыртқан бірқатар музыкалық туындылар енгізілген. Кезекті табыстарымен бөлісіп, өнерсүйер қауымды үлкен залға жинаған «Тұран» тобы тұсаукесер рәсімінде қатып қалған қағидаларға сүйене бермей, бітімі бөлек, айрықша концерт берді. Ұлттық музыка салтанат құрған бұл кешке халық көп жиналды. Олардың арасында қарапайым тыңдармандардан бастап, есімдері елге белгілі өнер майталмандары, қаламгерлер, ғалымдар және шетелдік қонақтар да болды. Даңғаза әуендерден әбден мезі болып, жеңілтек эстрададан шаршай бастаған жұрт «тұрандықтардың» өнерін тік тұрып тамашалап, әрбір композиция сайын аямай қол соғып жатты. Жалғасы 5-бетте Ата-баба рухын қастерлейтін иманды жігіт 4-бет 7-бет ЖАҢА ЖОБА «Хай-тек» үйге қайтсек қол жеткіземіз? Қазір жолашары кеше жасалған инновациялық жобалар жол бастап тұрған заман. Қолдау көрсетуге лайық ақжолтай жоба болса «батасын» алып барқадар таппақ. Өйткені үдемелі индустриялық-инновациялық жобалардың экономикалық, әлеуметтік маңызы өте зор. Тілкөзден сақтасын, жорға жобаңа да кібіртіктемей-ақ кірісіп кетуге әл-дәрменіміз жетіп қалыпты. «Бұл халықтың кәсібилігінің, шеберлігінің, бәсекеге қабілеттілігінің сапалы өсімінің белгісі» дейді айтары барлар. Ләззат БИЛАН Еліміздің құрылыс саласына бұйырып отырған инновациялық жоба да болашағынан зор үміт күттіретін жоба болғалы тұр. Бұл инновациялық жоба аталған салаға үлкен жаңалық енгізбекші. Қазір қоғамда аталған жоба төңірегінде қызу әңгіме өрбуде. Ең маңыздысы жоба көпшіліктің қол дауына ие болып отыр. Қызықтырып, ынтықтырып отырған жобаның жүзеге асуына мұрындық болып жүргендер: Ғаламдық экологиялық қор мен ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа шылық істері агенттігі, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақ стандық орталығы» акционерлік қоғамы, сондай-ақ БҰҰ Даму бағ дарламасы. Сонымен, жоба несімен тиімді? Енді соған тоқтала кетсек. Тұрғын үй секторы электр қуаты мен жылу жүйе сін пайдалануда үшінші орын алатын ең ірі сектор. Ал біздің елімізде тұрғын үйлер 270,9 миллион шаршы метрді алып жатыр. Басым бөлігі ескі көпқабатты үйлер. Ал олардың Еуропаның електен өткен елдерімен са лыстырғанда, тұтынып отырған электр қуаты мен жылуы 2-3 есеге артық. Нақтырақ айтсақ, біздің елде жылына бір шаршы метр 270 квт жұтса, дәл осы бір шаршы метрге сөз болып отырған Еуропа қалалары баржоғы 100-120 квт жұмсайды. Өйткені олар тұрғын үйлерді жобалау және салуда қазір, негізінен, жаңа, яғни энергетикалық тиімділігі жоғары жобаға ауысқан. Тағы бір айта кетерлігі ауадағы зиянды қалдықтардың 80 пайызы энергетикалық сектордан болса, соның 90 пайызы жылу және электр қуатынан, яғни инновациялық жаңа жобаны іске асыру арқылы экологиялық проблеманы да шешуге болады деген сөз. Электр қуатын үнемдеуде теңдесі жоқ мұндай үйлер, негізі, Еуропаның бірқатар елдерінде өткен ғасырдың аяқ шенінде салына бастаған екен. Жоба авторы белгілі неміс сәулетшісі Вольфганг Файст. Қазір ел арасында 50-60 жылдан кейін мұнай күрт азаяды деген әңгіме жүр. Әрине, ол жағы бір Аллаға аян. Десек те, энергоресурстарды үнемдеуді қазірден қолға алғанның пайдасы болмаса, зияны жоқ. Осы орайда сөз болып отырған жоба құрылыс сала сының баламасы жоқ инновациялық шешімі. Естуімізше, жоба бюджетіне 4 568 500 АҚШ доллары жұмсалып, оны Ғаламдық экологиялық қор бөліп отыр. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы «бісміллә» деп ен салынған жобаны жүзеге асыруға кірісіп те кеткенге ұқсайды. Бірінші кезекте әкімшілік ғимараттар салынбақ. Жалғасы 4-бетте ОЙ-КӨКПАР Сайлауға дауыс беруді 16 жастан бастау дұрыс па?...дедiм-ай, ау! Бақыт СЫЗДЫҚОВА, Мәжіліс депутаты: Менің әкем әрдайым «Қазақстандағы Сыздықовтар Ресейдегі Ивановтар сияқты» деп қалжыңдап отыратын. (twitter-дегі парақшасынан) Гүлнар КҮНБАЕВА, Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы: ИӘ Сайлауға қатысуды 16 жастан бастау деген әзірге ұсыныс қана. «Міндетті түрде осылай болсын» деп табандап тұрған да ешкім жоқ. Сондық тан бұл мәселені қоғамның талқысына түскен кезекті ұсыныс деп қараған жөн. Бұл мәселе жоғары мін берлер ден емес, дөңгелек үстел отырысы деңгейінде ғана көтерілді. Ұсыныс берушінің өзі «біз үшін, әсіресе сайлау комиссиясы үшін сайлауға қатысуды 18 жастан емес, 16 жастан бастау керек дегенге қоғамның қалай қарайтыны қызық» деген болатын. Яғни бұл мәселе әлі де азаматтардың талқысынан, қоғамның сүзгісінен өтуі керек деп есептеймін. Меніңше, сайлауға қатысуды 16 жастан бастау туралы ұсыныс қолдауға лайықты. Апта басында еліміздің Орталық сайлау комиссиясында өткен «Қазақстан жастарының сайлауға қатысу белсенділігін көтерудің жолдары» атты дөңгелек үстел отырысында тың ұсыныс айтылды. Жиында ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев «еліміздегі сайлауларға қатысуды 16 жастан бастау керек» деген ойын ортаға салды. Әлемде баланы ертерек кәмелеттік жасқа жетті деп санайтын елдер бар. Мысалы, Фарьер аралдарын да 14, Кубада 16 жас кәмелеттік жас болып есептеледі. Десе де, дүниежүзіндегі мемлекеттердің дені баланы 18 жасқа жеткенде ғана толыққанды азамат қатарына қосады. Яғни сайлауға қатысуға, заң алдында азамат ретінде жауап беруге, көлік жүргізуге құқық береді. Елімізде сайлауға қатысуды 16 жастан бастаудың тиімді жері электораттың қарасы көбейеді. Түсініксізі сол, үйде ата-ана, мектепте мұғалім ықпал ететін балада саяси таңдау жасай алатындай мүмкіндік бола ма? Осы мәселелерді ескере келе, «Сайлауға дауыс беруді 16 жастан бастау дұрыс па?» деген сауалды ой-көкпарға салып отырмыз. 3-бетте ЖОҚ Сайлауға қатысуды 16 жас тан бастау туралы ұсыныс негізсіз. Се бе бі оған қажеттілік жоқ. Сайлау кезін де электораттың санын көбейтуді көз деп, мектеп жасындағы балаларды сайлауға қатыстыру ақылға сыйымсыз дүние. Сайлау кезінде электоратты көп теп тартудың да өзіндік түрлі әдістәсілдері бар. Саяси науқан кезінде еліміздің Орталық сайлау комиссиясы бастап, аймақтық сайлау комиссиялары қостап, сол әдістерді қолдана отырып белсенді түрде жұмыс істесе, кез келген азамат өзінің азаматтық борышынан бас тартпайды деп ойлаймын. Сайлауға 18 жастан қа тыстыру әлемнің көптеген елінің тәжірибесінде бар. Бізде де солай. 18 жастан бастап қатыстырудан ешқандай да зиян көріп отырған жоқпыз. Сайын БОРБАСОВ, саясаттанушы:

МҰНАЙ-ГАЗ 2 e-mail: Ілеспе газ экспортқа шығады 2007 жылы Үкіметтің мұнай-кен орындарында өндірілетін ілеспе газдың 95 пайызына дейін іске жарату туралы қаулысы шыққан болатын. Осыған орай, қазір еліміздің барлық өндірушісі мұнаймен бірге алынатын газдардың қоспасын алауда босқа жақпай, шикізат ретінде пайдалануға мүдделі болып отыр. Мәселен, былтыр еліміздің мұнай өндірушілері ауада жаққан газдың мөлшері 1,35 млрд текше метрді құрапты (әлемде 134 млрд т.м., Ресейде 15,7 млрд т.м.). 2010 жылы елімізде 37,4 млрд текше метр ілеспе газ өндірілсе, 2015 жылы бұл көлем 60 млрд текше метрге жетпек. Соңғы жылдары сұйытылған газдың ішкі нарықтағы тұтыну көлемі бір орында тұр. Демек, еліміздің алдындағы міндет әлемдік сұйытылған газ нарығынан өз орнын табу. Ақтау қаласында салынып жатқан газ терминалы осы мақсатта жасалған тағы бір оңды қадам болып отыр. «ФРЭШ» компаниясы жүзеге асырып жат қан жобаның барысымен компанияның өкілі Аби ЖИВС таныстырды: Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары толықтай біткен Ақтау газ терминалы үш бөліктен тұрады: сақтау базалары мен барлық автоматика тұрған насос-компрессорлық бөлім, тоғыз шақы рымдық газ тасымалдайтын құбыр және ұзындығы бір шақырым теңіз жағасындағы айлақ. Терминал жақын жердегі мұнай кендерінен жеткізілетін пропан-бутан қосындысын жинақтап, өз айлағы арқылы газ тасымалдайтын кемелерге тиеумен айналысады. Қазір барлық коммуникацияны тартып болдық, енді басты талап қауіпсіздік, оны әлемдік деңгейде ұйымдастырып отырмыз. Жобаның бірінші кезеңдегі құны 2,3 млрд теңгені құрады. Ал зауыт толықтай салынып бітіп, оған газ тасымалдайтын кемелер бағасын қосқанда, оның жалпы құны 5 млрд теңгеден аспақ. Компа ния сыйымдылығы 2 мың текше метр гол ландиялық кемелер алып отыр, алғашқысы 15 қазанда келіп жетуі тиіс. Негізінен, өз қаржымызға, «Дельта» банкінен алған несиеге сүйеніп отырмыз. Тер минал салынып жатқан мерзімде 50 адам жұмыспен қамтылса, сақтау паркін ұл ғайтқан кезде 100 адамға дейін жұ мыс істемек, олардың бәрі де жергілікті тұрғындар. Мамандар арнайы дайын дықтан өткеннен кейін мұнда ешқандай шетелдік маман қалмайтын болады. Зауыт қуаты жылына 300 мың тоннаға дейін жетеді. Салыстыру үшін айта кетелік, қазіргі күні «Теңізшевройл» жылына 1 млн тонна газ өндіріп отыр. Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты 120 мың тонна, СНПС- Ақтөбе 220 мың тонна өңдейді. Жаңадан іске қосылып жатқан «Жайықмұнай» да өнім көлемін 140 мың тоннаға жеткізбек. Елімізде жаңа нарықтарға ұмтылып отырған өндірушілер көп, газ да жетеді, тек экспортқа жол аша алсақ болғаны. Бүгінгі күні Қазақстанның сұйытылған газының экспорттық басты екі бағыты Польша мен Түркия. Ресейде де біздегідей заң қабылданғандықтан, қазір бұл нарықтағы бәсекелестік өте жоғары. Ал логистикалық тұрғыдан алғанда, елімізге осы елдер нарығына жету қиындау. Біз салып жатқан терминал Иранға (Амирабад) дейін газ жеткізуге қолайлы. 2012 жылы Баку-Карс теміржолы ашылады, сол арқылы біздің газды Әзірбайжан арқылы Түркияға жеткізу оңтайланады, отандық өнімнің бәсекеге қабілеті артады. Берік ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ НАРЫҚ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ Мал азығы да мемлекеттің бақылауында болуы тиіс Жалпы, мал шаруашылығы турасында сөз еткенде отандық мамандардың дені қазірде елімізде етті ірі қара малдың өсім беру көрсеткіші мен өнім беру мөлшері, 90-жылдармен салыстыра айтқанда, тым төмендеп кеткенін, елде мал азығының резервтік қорын ұйымдастыру ісі алға баспай жатқанын жиі мысал етеді. Осыған байланысты мамандар «нақ қазіргі сөз етер өзекті мәселе елдегі етті ірі қара мал тұқымын көбейту, одан алатын өнім легін молайту жайы болуы керек» дейді. Негізінен, «елдегі ірі қара мал тұқымдарын асылдандырып, мал өнімін көбейту үшін селекциялық бағдарлама бойынша жұмыс жүргізуге тиістіміз. Оны әрбір шаруа қожалығы ынтамен жүргізуі тиіс» дескен мамандардың бұл ретте айтар ойы да салмақты. Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ Мәселен, бұған қатысты мамандардың бір парасы «мал шаруашылығына қатысты қандай да бір реформаны алдымен әкімдер жете ұғынғаны абзал» екенін алға тартып отыр. Бұған қатысты ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Аман ШОТАЕВ: Негізінде, сарапшылардың ой-пайымына жүгінсек, 2015 жылдары әлемдік тұрғыда ет өнімдеріне деген сұраныс артып, халықаралық нарықта ет саудасы қыза түспек. Осыны ескерген бірқатар дамушы елдер ірі қара малын өсіру үрдісін қазірден бастап қолға алуда. Меніңше, осы тұста біз де қарап қалмауымыз керек. Қазір елдегі мал басының басым бөлігі жекелеген үй шаруашылығында екені даусыз. Дегенмен бізде асылтұқымды мал өсіретін арнайы орталықтар, кооперативтер бар. Қазір елде асылтұқымды мал басын көбейту, осы орайда шетелдік тәжірибеге жүгіну, текті тұқымды мал басын көбейтуге қатысты ғылымның бар мүмкіндігін пайдалану ісі оңға басып келеді. Енді осы мәселеге қатысты жергілікті әкімдерге де міндеттеме жүктелінсе, жөн болар еді. Себебі қазір ауыл әкімдерінің көбі мәселенің байыбына бармай, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыс орнатпай, құжат жүзінде ӘЛЕМ ЭКОНОМИКАСЫ Қарызға белшеден батқан Грекия өзімен бірге Еуроаймақ елдерін де шыңырауға сүйреп барады. Бұл елдің мемлекеттік қарызы ЖІӨнің 150 пайызынан асып кетті. Ел үкіметі қаржы үнемдеу шараларын қолға алғалы біраз уақыт өтсе де, гректің қаржы министрі Эвангелос Венизелос жарқын келешектен үмітін үзген сыңайлы. Гүлнар АХМЕТОВА Қомақты бюджет тапшылығы кесірінен қарызын өз бетінше төлей алмаған Афины өткен жылы мамырда Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) қолдауымен жәрдем қоржынынан бөлінген қаржыға тәуелді. Алайда ол ХВҚ-ның шығынды қысқарту жөніндегі талаптарын орындамаса, не сиенің келесі бөлігі берілмейді. Ондай жағдайда қазан айында Грекия өз міндеттемесін орындай алмауы да мүмкін. Француздың Le Point журналының бас редакторы Эрве Гатеньюдің «евро әлі өлген жоқ, бірақ Еуропа құрыды дей бер» деген сөзі жер-жерге тарап кетті. «Мұны сезіну үшін экономикадан Нобель сыйлығының лауреаты болудың қажеті шамалы. Гре кияға банкроттық төніп тұрған жоқ, ол қазірдің өзінде банкрот. Оны Еуропадағы барлық саяси лидер сыбырлап жүр. Сон дықтан «Еуропаның қолынан әлі бірдеңе келе ме, жоқ па?» деген сауал шығады. Әлде мұны саяси банкрот дейміз бе?!» дейді ол. Гатеньюдің пікірінше, Грекиядағы бүгінгі ахуал Еуропадағы ыдыраушылықтың салдары. Өйткені сыбайлас жемқорлыққа әбден батқан Грекияда ешкімнің шаруасы болмады, ондағы салық тәртібін бұзу шылық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күресуге ешкімнің құлқы да болмады. Осылайша еуропалық «қиял-ғажайып» құбыжыққа айналып тынды. Қазір аймақтағы құлдыраудың жаһандық дағдарысқа айналмауын тілейтін әлем қауымдастығы Еуроодақ билігінен шұғыл жұмыс істейтін болған. Жергілікті әкімдер өз ауылының жағдайын жақсы білетіндіктен, қандай да бір реформаны жүзеге асыру барысында әкімдерді іске қосуы керек. Сонда ғана мал шаруашылығына жан бітер еді, деді. Ал келесі бір мамандардың пікірі тіптен басқаша. Мәселен, мал шаруашылығы және мал басының өсімі турасында Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының мамандары «мал азығын дайындауды мемлекеттік бақылауға алған жөн» дейді. Бұл ретте атал мыш институттың бас маманы Қадырбай ТӘЖИЕВ: Негізінде, мал өсімі хақында сөз қозғағанда алдымен елдегі мал азығының қоры жайында айтуымыз керек. Меніңше, мал азығын дайындауға, оның бағасын тұрақ тандыруға мемлекет араласуы қажет. Әрине, мал өсіретін ауыл фермерлеріне арнайы дотациялар, субсидиялар бөлініп, мемлекет тарапынан арнайы жеңілдіктер жасалуда. Осы берілген жеңіл діктерді пайдалана отырып, әрбір шаруа қожалығы болсын, әр шаруа болсын малына қажетті жемшөпті, азықты өздері дайындап жатыр. Бірақ бұл аздық етеді. Жалпы, малдың басын көбейту үшін оның азығы құнарлы болуы керек. Осыған орай айтарым, мал азығына байланысты мынадай механизмдерді енгізген жөн: мемлекет қандай да бір мал өсіруші қожалықтарға мал азығын дайындауға байланысты арнайы жеңілдіктер қарастыруы тиіс. Мысалы, бұл ретте мынадай әдісті қолданса да болады: қайсыбір қожалыққа жеңілдік беруді қарастырарда «міне, сізге мемлекет тарапынан мал азығын дайындауға мұнша қаржы бөлінді. Сіз, осыған орай, бір жылда мемлекетке бәленбай тонна ет өт кізесіз» деген әдісті қолданбаса, біздің шаруалар, жеңілдікті тегін берсек, істі қо жы ратып жіберуі де мүмкін. Сондықтан Үкімет фермерлерге, нарықтың за ңы на сәйкес, алмақтың да салмағы бар еке нін дұрыстап түсіндіргені абзал, деді. Ғалымдар тарапынан мал шаруашылығында инновациялық технологияға, жаңашылдыққа бет бұру қажеттігі туралы ұсыныстар да айтылуда. Бұған қатысты олар көшті түзейтін мынадай бес бағыт түрін ұсынуда: а) аталмыш саланы қуатты технологиямен қамтамасыз ету керек; ә)кең көлемді селекциялық жұмыс тарды іс жүзінде жүргізу, алдымен тұқым шаруа шылықтарында, сосын талпынған тауар лық шаруашылықтарда. Мұндай әдіс елі міз дегі барлық ірі қара шаруа шылығында мал дың генетикалық өнім ділік қабілет ін бір деңгейде көтеруге мүм кіндік береді; б) бесжылдық межеде елдегі ауылда р- дың кем дегенде 20 пайызы мал тұқы мын асылдандыру жолдарын, азықтандыру әдістерін, биотехнологияның тілін білуге тырысу керек. Бұл асылтұқымды мал өнімін алуға, жемшөп өндірісін өркендетуге, жалпы, мал шаруашылығы саласында жаңашыл дыққа бет бұруға септігін тигізеді; б) елдегі ветеринария саласы халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнат қаны жөн; в) мұның барлығын жүзеге асыру үшін елдегі ұсақ шаруа қожалықтарының басын біртіндеп біріктіру, осы мақсатта халықаралық тәжірибелерді сауатты пайдалану қажет. Міне, «мал шаруашылығына қатысты осы іспетті халықаралық жүйені сауатты меңгерсек, әр реформа оң нәтиже береді» деседі мамандар. Дағдарыс қайталануы мүмкін, бірақ біз оған дайынбыз шараларды қолға алуын талап етеді. Құтқару жоспары әзірленіп қойған, тек қарашада Канн қаласында өтетін үлкен жиырмалық саммитінде жарияланбақ. Ал оған дейін ХВҚ өз жоспарын ұсынып қойды: Негізгісі Еуропа қаржы тұрақтандыру қорын 440 млрд евродан 2 трлн евроға дейін ұлғайту; Екіншісі Еуроаймақтағы жетекші банк терге қолдау көрсетіп, күшейту; Бірақ сарапшылардың пікірінше, Грекия дефолттан ешқайда қашып құтыла алмайды. Темірдей берік Ангела Меркель дің өзі бір сұхбатында әлжуаз елдердің дефолтқа ұшырауын жоққа шығаруға болмайтынын мәлімдеген еді. Сондықтан грек қарызының 50 пайызын кешіру жөнінде ұсыныс та айтылды. Алайда сарапшылар әлгіндей шараларды жүзеге асырудың қиынға түсетінін Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) ескертеді. Алда-жалда құтқару жоспары сәтсіздікке ұшыраса, бүкіл әлем құрдымға құлайды деп жұртты үрейлендіре түседі. Грекияны қаржы жағынан демеуге қатысты Еуроаймақ билігінің ортақ мә мілеге келе алмауы қазір сынға ұшырауда. Мәселен, АҚШ Президенті Барак Обама Еу роодақтың шешім қабылдауға келгенде баяу қимылдайтынына қынжылыс білдірді. Өйткені қарызға батқан Еуро падағы жағдай АҚШ экономикасының дамуына да әсер ететін көрінеді. «Еуропа бүгінгі өзекті мәселе. Ол әрқайсымыз үшін алдымыздан шығатын үлкен кедергі. Еуроаймақтағы кез келген жаңалық нарыққа қатты әсер ететіні сөзсіз. Мұндағы титтей теңселіс әлемдегі биржа индекстерінің құлдырауына әкеледі», деді Обама. Ал Федералдық резерв жүйесінің басшысы Бен Бернанкенің «АҚШ пен өзге де бақуатты мемлекеттер дамып келе жатқан елдерден аз-маз үлгі алса болар еді» деп ой тастағаны тосын жайт болды. Ол бай елдерде тәртіпке салатын бюджет ережелерін енгізу, сауданы анағұрлым еркін жүргізу, мемлекеттік капиталды сақтау және білімді қолдау қажеттігі туралы кеңес берді. Б.Бернанке АҚШ пен өзге елдердің саясаткелерін негізгі экономикалық қағида ларды жүзеге асыра алмауын да сынады. «АҚШ тың экономикалық өсімі баяу. Соң ғы индикаторлар еңбек нарығындағы қолайсыз жағдайды әшкерелейді, жұмыссыздық деңгейі жоғары деңгейде қалып отыр», дейді ФР басшысы. Қазір сарапшылар Еуропадағы қарыз түйінін шешуді кейінге қалдырудың қауіпті екенін жағы талмай айтуда. Кішкентай ғана кідіріс әлем экономикасында 2008 жылғы сценарийдің қайталануына соқтыруы мүмкін. Грекиядан кейінгі кезекте Ирландия, Португалия тұр. Сондай-ақ кейінгі эшелондағы елдер Италия мен Испания да алаңдаушылық тудырады. Р.S. Премьер-министр Кәрім Мәсімов те өткенде «Еуроаймақтағы қарыз дағдарысы тереңдей түсуде. Әлемдік экономиканың рецессияға ұшырау қаупі жоғары екенін айта аламын» деген еді. Осы орайда, Премьер-министр Президенттің тапсырмасымен экономикадағы жайсыз сценарийге арнап нақты жоспар әзірленгенін жеткізді. «Тіпті дағдарыс кезінде де біз Ұлттық қордың қаржысын еселедік. 2007 жылдың қаңтарында қорда 14,7 млрд доллар болса, 2011 жылдың тамызында бұл сома 40,3 млрд долларға жетті», деді ол. info@alashainasy.kz АЙМАҚ Ұзаққа созылған жобалар қолға алынды Ақтөбе облысы жоғары даму бағдарламалары аясында биік нәтижелерге ие болып отырған өңірлердің көш басында келеді. Индустриялықинновациялық даму бағытын белгілейтін 14 негізгі көрсеткіш бойынша облыстың нәтижелері жоғары бағаға ие болып отыр дейміз, алайда облыста ұзақ жылдар бойы жүзеге асырылмай келе жатқан жобалар бар екен. Жақында облыс басшысы Архимед Мұхамбетов осы жобалардың жетекшілеріне қатаң талап қойды. Ақтөбе облысының жаңадан тағайындалған әкімі Архимед Мұхамбетов инвестициялық жобаларды қарау кезінде түйт кілі көп мәселелерге көп шүйлікті. «Бір кездері зауыт ашып тастаған кейбір кәсіпорын басшылары әлі күнге өндірісті толық қуа тына жеткізе алмай отыр», деді ол. Ал кейбір ұсыныстар инвестициялық жобаларды қарау комиссиясына жыл сайын ұсынылады. Бірақ жыл сайын ол жобалар бойынша нақты жұмыс бастала қоймайды. Өйткені оны жүзеге асыру процесі толық пісіп-жетілмейді. Бірқатар жоба иелері алған кеніштеріндегі зауыттарды салуға асығар емес, түрлі сылтау табады екен. Мәселен, облыс аумағында никелькобальт рудалары бар кеніштерді игергісі келетін компаниялар аз емес. Өзара келісімшарттарға сәйкес осы бірнеше компания қатысу үлесі негізінде никель зауытын салуды жоспарлады. Жиналыста «Қызыл Қайың Мамыт», «Азия Инвест» және «Қойтас», «Жеті қазына» жауап кершілігі шектеулі серіктестіктерінің бас директорлары никель зауытын салу жө нін дегі ұсыныстарын ортаға салды. Бірақ зауыт жобасын жүзеге асыра алмай келе жатқандығы туралы үш басшы үш түрлі әңгіме айтты. Мұны байқаған Архимед Бегежанұлы бұл серіктестіктердің бір жобаны төрт жыл бойы созып келе жатқанын айтып, оны не былай, не былай шығарыңдар деген тұрғыда қатаң талап қойды. Мұндай талап басқа да жоба иелерінің атына жолданды. «Жоба қолға алынған екен, оны аяғына дейін жеткізу керек. Ал оны жүзеге асыруда кездескен қиындықтар болса, бірлесе шешу қажет. Сондай-ақ жоба иелері тарапынан келеңсіздік болса, онда тиесілі кеніштер ту ралы келісімдерді қайта қарауға да болатынын ескертемін», деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. Жаңа өндірістерді іске қосу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту есебінен қайта өңдеу өнеркәсібінің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін арттыру, қайта өңдеу саласындағы еңбек өнімділігінің өсімін 1,5 есеге жеткізу, тұтастай алғанда, жалпы өңірлік өнім ді 2015 жылға қарай екі есеге көбейту сияқты жаңадан тағайындалған об лыс басшылығы алдында үлкен міндет қойылған. Болжам бойынша, осы жұ мыстар кешенін жүзеге асыру арқылы жалпыөңірлік өнімдегі қайта өңдеу саласының үлесін 13,1 пайызға жеткізуге, еңбек тиім ділігін арттыруға болады. Мұның бәрі облыстың әлеу меттік-экономикалық дамуына жақсы серпін береді, сондай-ақ жо ғары тех но логиялық өнім өндіретін кә сіп ор ындар ашылатын болады. Бақыт ЖАНШАЕВА Интернеттен көшірсең, компьютеріңнен айырыласың! Енді интернеттен көркем фильм, ән-әуен жазып алушы қылмыстық жазаға тартылады деген рас па? Лауласын, Шымкент қаласы Нақтырақ айтқанда, Парламентте ос ындай жазаны қарастыратын заң жоба сы қа ралып жатыр. Яғни ол әлі қабыл данған жоқ. Ұсынылған бұл заң жобасына сәйкес, авторлық құқықты бұзушы интернет пай да ланушыға бірінші ретте ескерту жаса лады. Ал екінші рет тағы осындай жағ дайда тұтылса, онда ол 15 айлық есептік көр сеткіш (1 АЕК 1512 теңге) көлемінде айып пұл төлеп, компьютер мен модемінен айырылады. Яғни жекелей заты тәркі ленеді. Ал заңсыз аудио және бейнежазбаны орналастырғаны үшін портал қо жа йындарының сотталып кету қаупі бар. Атал ған заң жобасында бұл реттегі айыппұл 500 айлық есептік көрсеткішті құрайды немесе бір жыл бас бостандығынан айыру міндеттелген. Алдында БАҚ-тарда жарияланған деректерге сүйенсек, бүгіндері еліміздің интернет пайдаланушыларының 98 пайызы заңсыз контентті көшірумен айналысады. ТМД елдерінде де «пираттық» өнімдерді интернет арқылы тарату кеңінен етек алған. Дегенмен қазақстандық сайт иелері «осындай шектеулері бар заң жобасы қабылданса, енді отандыққа бет бұра бастаған интернет пайдаланушыларды үркітіп аламыз, олардың көбі мұндай жағдайда ресейлік порталдарды тұтына бастайды» деген қауіп барын айтады. Күнбағыс майы қымбаттамауы тиіс Келесі айда бірнеше азық-түлікпен қатар күнбағыс майы да қымбаттайды деген сөз бар. Бұл шындыққа қаншалықты жанасымды? Әлия, Қызылорда облысы Бұл ретте таяуда Үкіметіміз сұйық майдың бірнеше түрінің экс портына тыйым салу арқылы шара қолданғанын айта кетелік. Ол жарлыққа Премьер-министр 23 тамызда қол қойған. Аталған құжатта «Сұйық майдың жекелей түрлерінің, соның ішін де күнбағыс майының да сыртқа тасымалдануына уақытша төрт айға шектеу енгізілсін» делінген. Еліміздің Қаржы министрлігі Ке дендік бақылау комитетіне кедендік декларацияны толтыру ке зінде аталған қаулыда көр сетіл ген шектеуді бақылауды қамта масыз ету тапсырылған. Бұл тыйымның Ке ден одағы елдері тасымалына да қатысты екенін баса айта кетелік. Осы жағынан алғанда, сіз айтып отырған тауардың бағасы таяу арада қымбаттамауы тиіс. Кем дегенде алдағы төрт айдың ішінде.

e-mail: info@alashainasy.kz САЯСИ БЮРО 3 Басы 1-бетте ШЕШІМ Сенат сектанттардың жолын кесетін заң жобасын мақұлдады Бельгияда діни ағымның ресми танылуы үшін сол елдің жалпы халық санына қатысты қойылатын өлшем бойын ша кем дегенде бірнеше он мыңдаған дінге сенуші жиналуы керек. Қытайда және Грекияда кез келген миссионерлік қызметке жол берілмейді. Осының бәрін сараптай келгенде, бұлардың қасында біздікі «айналайын екен ғой» деген ой туады. ҰҚТ-ДАҒЫ ҚЫЛМЫСКЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖОҚ Парламент Сенатының пленарлық отырысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, екінші оқылымға тапсырылды. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуовтің айтуынша, бұл заң жобасында ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жасаудың құқықтық базасы жетілдірілген. Соның ішінде атап кететін бірнеше мәселе бар. Мәселен, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жүріп қылмыс жасаған адам мемлекеттік қызметке қабылданбайтын болады. Мұндай топтарға қарсы жазалау шаралары да күшейтілген екен. Мәселен, бұдан былай ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық немесе банда құрамында қылмыс жасаған адамды соттаған кезде шартты түрде соттау деген болмайды. Тағы бір мәселе, бүгінде кәмелетке толмағандарды да ұйымдасқан топтарға тартушылар бар. Заң жобасы олардың да сазайын тартқызатын тетіктерді енгізген екен. Марат Демеуовтің айтуынша, кәмелетке толмаған балаларды ұйымдасқан қылмыстық топқа тартқандар енді сегіз жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. «Бұл норма кәмелетке толмаған дарды қылмысқа тартуға тосқауыл болады деп ойлаймыз», дейді вицеминистр. КЕЗ КЕЛГЕН ШЕТЕЛДІК БІЗДІҢ БАЛАЛАРЫМЫЗДЫ АСЫРАП АЛА АЛМАЙДЫ Парламент Сенатының депутаттары «Неке және отбасы туралы» кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Әділет министрі Рашид Түсіпбековтің айтуынша, енді шетелдік бала асырап алушылардың кез келгеніне бала берілмейді, тек Қазақстан секілді халықаралық міндеттемелерді мойнына алған елге ғана бала бере аламыз. Сондай-ақ кодекс жобасы бойынша, баланы шетел дік асырап алушылар таңдай алмайды, оларға құқық қорғау органдары таңдап береді. Бұл шаруамен аккредитациядан өткен арнайы агенттіктер айналысатын болады. Астана Басы 1-бетте ОЙ-КӨКПАР Сайлауға дауыс беруді 16 жастан бастау дұрыс па? Гүлнар КҮНБАЕВА, Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Себебі біздің мемлекеттік саясатымыздың өзі қоғамның қандай саласына болсын жастар контингентін көптеп тарту, олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу. Демек, саяси науқандарға да ТҮЙІН жастарды ерте бастан қатыстыра беру керек шығар. Он алтыдағы баланың ойлау қабілеті толыспайды деп айтуға келмейді. Қазіргі 16 жастағы жеткіншектердің көпшілігі кәсіптік білім алу жолында студент атанған. Яғни өмірлік көзқарастары қалып тасып келеді. Сондықтан оларды өздерінің өмір сүріп отырған ортасы, мемлекеттегі маңызды саяси оқиғалар бейжай қалдырады деп ойламаймын. Егер 16 жастан бастап сайлауға қатысуға рұқсат берілсе, электораттың саны айтар лықтай өсіп, халықтың саясатқа қатысу көрсеткіші де жоғарылайды. «16 жастағы бала оң-солын танымайды» дегенмен өз басым келіспеймін. Себебі қазіргі балалар үлкендер білмейтін технологияны меңгерген. Тіпті бастауыш мек тептің оқушыларының өзін компью терді пайдаланудың қас шебері десек те болады. Оның үстіне қазіргідей ақпараттық заманда жастардың саясатты, қоғамда болып жатқан түрлі оқиғаларды білмеуі, одан қалыс қалуы мүмкін емес. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Орталық сайлау комиссиясы тарапынан ортаға салынған ұсынысты қолдауға болады. Иә, ұсыныс болса да сайлауға жауапты комиссия мүшесінің айтқан ойы қоғам назарынан тыс қалған жоқ. Әртүрлі ақпарат құралдары өзінше сараптап, қоғам талқысына ұсынуда. Қоғам болған соң әртүрлі пікірдің болатыны заңдылық. Сондықтан түрлі пікірдегі азаматтардың дәйектерін ұсынып отырмыз. Десе де, жеті рет өлшеп, бір рет кесетін мәселелерді қоғам сүзгісінен өткізіп барып қабылдаған жөн шығар. Дайындаған Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ Әрбір сайлау сайын дауыс берушілердің қатары көбейіп келе жатқанын да білеміз. Керек десеңіздер, АҚШ-тың Алабама, Вайоминг, Небраска штаттарында кәмелеттік жас 19 жас деп есептеледі. Канадада да солай екен. Шығыс Азияның кейбір елдерінде жастар 20 жасынан бастап саяси науқандарға қатыса алады. АҚШ-тың кейбір штаттарында, Африка елдерінде 21 жасқа толған адам ғана сол елдің толыққанды азаматы саналады. Бұл дегеніңіз адамның саяси көзқарасы қалыптасқан, ақыл тоқтатқан жасында сайлау науқандарына қатысуға мүмкіндік беру деген сөз. Меніңше, ел азаматтарын сайлауға 18 жастан бастап қатыстыру дұрыс шешім. Себебі өзінің болашағын ойлап, мамандығын таңдауға қабілеті бар кез келген жас саяси таңдау да жасай алады деп ойлаймын. Ал енді 16 жастағы бала не біледі деп ойлайсыздар? Атаананың айтуымен колледждерде немесе сол мектебінде сабағын жалғастырып жүрген жеткіншектер ғой. Егер саяси науқандарға 16 жастан бастап құқық беретін болсақ, сайлау үрдісіне немқұрайды қараған болар едік. Неге десеңіздер, мектеп жасындағы бала үшін ата-анасы мен мұғалімі айтқан кез келген сөз заң. Ал мұндай жағдайда 16 жастағы жеткіншек дұрыс саяси таңдау жасай алмайды. Егер балаларға 16 жасынан сайлауға қатысуға құқық берсек, сол жасты заңмен кәмелеттік жас деп тануға тура келеді. Ал 16 жасты кәмелеттік жас деп танығаннан кейін олардың көлік жүргізуге құқық сұра- Сайын БОРБАСОВ, саясаттанушы майтынына кім кепіл? Ал бұл жағы қауіптілеу. Сондықтан электораттың қарасын көбейтеміз деп балаларды сайлауға қатыстыруымыз дұрыс емес. Сонымен қатар кез келген саяси маңызы бар науқандар кезінде бірінші кезекте сан емес, сапа тұруы керек. Еліміздің саны аз болғандықтан, электораттың да көп болмайтыны түсінікті ғой. Сайлаушылардың санын өсіреміз деп жеткіншектерді қолбала етпеуіміз қажет. Сайлаудың түрлі әдістерімен жұмыс істесе де, сайлауға 16 жастан қатысуға құқық беруге жеткізбеген дұрыс. МӘЖІЛІС Тәуелсіздік туралы жиында тілге құрмет неге болмайды? Парламент Мәжілісі кеше «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: Тәуелсіздікке 20 жыл» деген тақырыппен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Бұған дейін жоғары орган арқылы арнайы айдарбелгісін үкілеп алған алқалы жиын барысында ұлттың тілі тағы есіктен сығалады. Бәлкім, қазақ тілінің Мәжіліс қабырғасында тағы да шетте қалғанына жиынның халықаралық сипаты сеп болған шығар, ол жағы белгісіз. Белгілісі, Қазақстанның депутаттары, Қырғыз, Беларусь, Ресей елдерінің сарапшылары, дипломатиялық өкілдер қатысқан басқосудың тіліне қарап, қай елдің тәуелсіздігі туралы сөз болып жатқанын аңғару сырт көзге қиындау болатын еді. Қанат ҚАЗЫ «Тілден басқа түк таппады» демеңіз. Тәуелсіздік тарихы, оның тұғырлылығын нығайта түсу төңірегінде айтылар әңгіменің таусылмайтынына сенім мол. Оның ішінде ел болып еңсерген 20 жылдық мерейтой Тәуелсіздіктің тұтастай дәуіріндегі айрықша кезең екендігі тағы да рас. Елбасының сөзімен айтсақ, біз Тәуелсіздік алғаннан бері бірыңғай ізденіс үстінде келе жатқан елміз. «Ал ондай ізденіс үстінде дөп басу да, мүлт кету де бола береді. Ештеңе істемеген адам ғана қателеспеуі мүмкін». Десе де, ғасырлармен санасатын тарихи өлшеммен қайырғанда қысқа ғана ғұмырға саналатын 20 жылдықта өткерген қиындықтар да бір төбе, жеткен жетістіктер де аз емес. Тіпті кешегі кеңестің бір «шинелінен» шыққан 15-тің ішінде қиындық та, жетістік те ең алдымен қазақ елінің маңдайына молынан бұйырды деп айтуға қақылымыз. Сол үшін де мерейлі 20 жылдық қазақ халқы үшін ерекше кезең. Ал осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттіліктің тұтастай үлгісін дәріптейтін, тәуелсіз елді қалыптастырып қана қоймай, оның озық үлгісін паш ететін мұндай басқосу, сөзсіз, елдің асқан асуы туралы көзқарастарды ортаға салуға, өткенге сараптау жасап, келешек үшін қорытынды шығаруға кең мүмкіндік береді. Мәжіліс ұйымдастырған халықаралық жиынның негізгі діттегені де осы екендігі айқын. Конференция барысында «Тәуелсіз Қазақстанның этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімінің жаңа парадигмалары», «Тәуелсіздік жаңа Қазақстанның басты байлығы» секілді ел дамуындағы өзекті тақырыптар қамтылып, арнайы баяндамалар жасалды. Онда 20 жылдық кезең барысындағы Қазақстанның толағай табыстары сараланып, ел дамуын ілгерілеткен саяси-экономикалық реформалардың астарына баға берілді. Қазақстанның қаз тұруымен қатар, жаңа Астанасын қалыптас тыруындағы Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың тарихи рөліне ерекше мән берілді. Бұдан бөлек, шетелдік сарапшылар тарапынан дамудың қазақстандық үлгісіне қатысты пікірлер ортаға салынды. Мәселен, Беларусь Ұлттық ғылым академиясы Әлеуметтану институтының директоры Игорь Котляров «Қазақстан барысы мен Беларусь зубры: 20 жыл бойы бірге» деген тақырыппен екі елдің дамуындағы ортақ тұстарға тоқталып, алдағы асуларға көз жүгіртті. Ал ресейлік сарапшы, ММУ тарих факультетінің даму жөніндегі орынбасары Алексей Власов «Н.Назар баевтың еуразиялық жобасы: Ресейден көзқарас» атты мәселе бойынша баяндама жасады. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі жаңа Қазақстандағы әрбір адамның, әрбір азаматтың қолымен жасалған, көзімен көрген, санасымен сезілген тарихқа жиын барысында бірсыпыра шолу жасалды. Осылайша, күн ұзаққа жалғасатын алқалы жиынның үзіліске дейінгі бөлігінде екі-үш шетелдік сарапшы, бес-алты қазақстандық саясаткер Мәжілістің мінберінен Тәуелсіздік туралы толғады. Алайда ондай толғаулар барысында ұлт тілінің мәртебесі еш білінбеді, қазақ тілінің тәуелсіздігі еш байқалмады. Сол қынжылтты. Абырой болғанда, сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай ғана Тәуелсіздікке қатысты бастан-аяқ қазақша баяндап шықты. Басқасының Тәуелсіздік толғауына арналған алқалы жиында қазақшаға жоламағанын қалай түсінуге болады? Түсініксіз... Осыдан он шақты жыл бұрын Елбасы республика көлеміндегі үлкен мәжілістерді ілеспе аудармамен қамтамасыз ете отырып, қазақ тілінде жүргізуге көшу жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Бүгінгі тіл төңірегіндегі түрлі топтар арасындағы тартыстарды біле тұра, ұлт тілінің жағдайын көре тұра, Президент тапсырмасының толық орындалуын талап етпеуге де қақымыз жоқ еді. Ал алқалы жиындарды қазақ тіліне көшіруге ең үлкен мұрындық Мәжілісте. Өйткені мұнда ілеспеге барынша жетік аударма қалыптасқан. Солай бола тұра, жиынды қазақша өткізіп, ілеспесін орысшамен қамтуға ұмтылмайтындарға Елбасының тапсырмасын тағы бір мәрте еске салғымыз келеді. Мансұр ХАМИТ (фото) ЖИЫН Ынтымақтастық әлемдік құндылық Кеше Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Лауха» ғылымизерттеу орталығы қоғамдық қоры «ИЫҰ Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиынға қатысқан отандық тарихшылар, саясат танушы, экономист, халықаралық қатынастар маман дары және қоғам қайраткерлері Ислам ынтымақтастығы ұйымы мен Орталық Азия елдерінің қарым-қаты насының өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстанның ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде (ИЫҰ СІМК) төрағалық етуінің келелі мәселелерін сөз етті. «Лауха» қоғамдық қорының президенті Тимур Жұманның атап өткеніндей, соңғы 10 жыл бедерінде Орталық Азия елдерінің сыртқы саясатында де исламдық вектордың күшейгені байқалады. «Бұл елдер ислам әлемімен саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарын саналы түрде нығайтып отыр. Әрине, біздің посткеңестік қоғамның белгілі бір бөлігінде исламға қатыстының барлығын дін, саясат және идеологияға жатады деген қате түсінік пайда болады. Бұл біздің ИЫҰ-ға төрағалық етуге де қатысты. Бұл ұйымды саяси, діни немесе мәдени ұйым деп біржақты бағалау дұрыс емес. ИЫҰ орасан зор байлыққа ие, экономикалық және қаржылық мүмкіншіліктері жылдам өсіп келе жатқан үлкен нарығы бар елдерді біріктіреді. Бұл дегеніміз ИЫҰ Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақ стан үшін сауда-саттықты дамытып, инвестициялар тартудың маңызды мүмкіндіктерінің бірі болып табылады», деді Т.Жұманов. Әлемде БҰҰ-дан кейінгі екінші үлкен ұйым саналатын 57 елді біріктірген «Исламдық БҰҰ» ИЫҰ-ның құрамы дамуы әр алуан елдерден тұрады. Тарих ғылымының докторы, профессор Заур Жалилов ИЫҰ елдерін үш топқа бөліп қарастырады. Бірінші топқа саяси-экономикалық тұрақты елдер жатады, ал соғыс жағдайында тұрған, діниэкстремистік топтардың ықпалы бар (мәселен, Пәкістан), әлеуметтік шиеленіс ахуалы орнаған, сыртқы саяси қызметке араласуға құлықсыз (мысалы, Түрікменстан) сипаты жағынан бейтарап елдер екінші топты құрайды. Үшінші экономикалық дамуы төмен, саяси топтар арасындағы алауыздық ушыққан, билігі легитимді емес, сыртқы күштерге тәуелді тұрақсыз елдерді (Албания, Ирак, Сомали, Сенегал) жатқызуға болады. Жиында сөйлеген Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық қатынастар факультетінің деканы, философия ғылымының докторы, профессор Д.Раевтың пікірінше, Ислам ынтымақтастығы ұйымының атауы айтып тұрғандай, ынтымақтастық әлемдегі басты құндылық болуы қажет. Әркім Құдайды әрқалай жолмен таниды, діни сенімдері әртүрлі, адам баласы бір-бірінің сенімін сыйлауы керек. Бұл үшін ынтымақтастық керек. Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ ӘЗІМБАЙ ҒАЛИ, САЯСАТТАНУШЫ ӘЗІМБАЙ ҒАЛИ, САЯСАТТАНУШЫ? АЛАШТЫ АЛАЃДАТЋАН САУАЛ Әуе кеңістігімізді Ресеймен бірлесіп қорғау еліміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей ме? Талғат ИСМАҒАМБЕТОВ, саясаттанушы: Екі ел арасында әуе кеңістігін бірлесіп қорғау жөнінде келісім орнайтыны онсыз да белгілі болжам еді. Тіпті екіжақты тәртіпте болған күннің өзінде ҰҚШҰ-ның шеңберінде жүзеге асуы мүмкін еді. ҰҚШҰ-ның аспаны ортақ болғандықтан, қорғаныс тек құрлықта немесе теңізде бола алмайды ғой. Сондықтан бұл саладағы әскери серіктестіктен тартынудың қажеті жоқ. Сарапшылардың кейбірі бұл шешім біздің егемендігімізге әсер етеді деуі мүмкін. Бірақ қазір бүтіндей Еуропаның әуе қорғанысы ортақ. НАТО-ның кесірінен олардың қайсыбірі егемен дігінен айырылып жатыр деп айта алмаймыз. Екіншіден, біздің әуе қорғанысы күштеріміз Ресеймен бірігіп кетейін деп тұрған жоқ. Бар болғаны серіктестік орнатып, белгілі бір деңгейде ғана байланысқа түседі. Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы: Менің ойымша, Ресей қайтадан милитаристік мемлекетке айналып келе жатыр. Яғни баяғы КСРО-ның қалпына ұмтылуда. Сол пиғылы үшін оны барлық қарсыласы бақылап, қадағалап отыр. НАТО мен АҚШ, Еуроодақ, Жапония, Қытай сынды елдер Ресейдің орынсыз белсенділігін қаламайды. Путин алғаш рет Президент болған кезде Мюнхенде сөз сөйлеп, қырғи-қабақ соғыс бастап жібере жаздаған еді. Енді ол билікке қайтадан келе жатыр. Соған қарағанда, батыс мемлекеттері осы жолы Ресейге қарсы түрлі қауіпті акциялар ұйымдастыруы мүмкін. Яғни Ресей қауіпті зонаға айналады. Көршіміз нысанаға алынған кезде біз де соның одақтасы ретінде бәлеге ілініп кетуіміз әбден мүмкін. Сондықтан бізге, керісінше, Ресеймен одақтастығымызды көрсететін шаралардан аулақ болуымыз керек. Марат ШИБҰТОВ, Шекаралық әріптестік қауымдастығының сарапшысы: Ресми түрде қазір ғана келісім орнатып жатқанымен, іс жүзіне келгенде екі елдің әуе қорғаныс күштері бұрыннан-ақ тығыз серіктестік үстінде. Бұған дейін де олар бізге әуе қорғаныс құралдарын беріп отырды. Одан қорқып үркудің қажеті жоқ деп білемін. Егер біз Ресеймен серік тесуден толықтай бас тартатын болсақ, әуе кеңістігімізді өз күшімізбен қорғау мүмкін емес болып қалар еді. Ол үшін біз ел аумағында бес-алты радио локациялық стансы тұр ғызуымыз керек. Сосын айтар лықтай көп ұшақ сатып алып, түрлі қажетті кешендер салуымыз қажет. Осыған шамамыз жете ме? Бұл қыруар ақша. Сондықтан дәл қазіргі жағдайда бізге Ресеймен серіктестікте болу өте тиімді. Әзірлеген Сәкен КӨКЕНОВ

4 e-mail: ҚОҒАМ info@alashainasy.kz ЖАҢА ЖОБА «Хай-тек» үйге қайтсек қол жеткіземіз? Басы 1-бетте Пилоттық жоба бойынша мұн дай құрылыс жұмыстары алдымен Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларын да бой көтермек. Жергілікті әкімшіліктер жер бөліп, сәулет-жобалау жұмыстарына қызу дайындық жүріп жатыр, сондай-ақ инженерлік желілерді қосуға рұқсат алы н - ған. Айтпақшы, жоба қазір «ҚазСҚҒЗИ» РМК-тің сынағынан өтіп жа тыр. Модерндік «хай-тек» нақышынан кө рі ніс беретін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергоресурстарды үнемдеу технологиясына пайдаланылмақ инновацияны үкімет те қолдап отыр. ҚР Қоршаған ортаны қорғау минис т р- лігі Киото хаттамасы департаментінің бас сарапшысы А.Мақажанова Қазақ радиосына берген бір сұхбатында: «Өткен ғасырдан бастап бүгінгі күн аралығын айтсақ, парниктік газдардың концентрациясы үлкен жылдамдықпен ұлғаюда. Бұл процесс температураның өсуі мен климаттың өзгеруіне әсер етпей қоймайды. Сондай-ақ парниктік газдардың адамның денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретіні алаңдатып отыр», дей келе, Үкіметіміздің аса маңызды екі шешім қабылдағанын, яғни біріншісі- 2020 жылға қарай парниктік газдардың көлемін 15 пайызға азайтуды және 2050 жылға қарай 25 пайызға төмендету туралы халықаралық міндеттемелер алғандығын атап өткен болатын. Міне, бүкіл жер беті мемлекеттері алдында тұрған осындай күрделі мәселенің күрмеуін шешуде сөз болып отырған инновациялық жоба теңдесі жоқ жоба болмақшы. Жаңа жобамен жүргізілетін құрылыс пен оның жабдықтарының артықшылықтары қандай? Атап шығайық: сәулеттік-жобалау жұмыстарын оңтайландыру (үйдің терезелері оңтүстік ке бағытталып, ағаш не өзге де заттармен көлеңкеленбеуі тиіс); сыртқы суықты тасымалдайтын құрылымдарды болдырмайтындай мүлтіксіз салынуы тиіс; үй ішіндегі терезеден түскен күн жылуының 50 пайызын іште қалдыратын дай үш қабатты әйнек қойылады және оның арасы инертті газбен толтырылады; суыққа төзімді есіктер қою; сыртқа шығарылатын ауаның 75 пайызының жылуын қайта пайдалануға мүмкіндік беретін желдету жүйесін пайдалану. Құрылыс кезінде, негізінен, сапалы, тиімді инженерлік жүйенің соңғы үлгісі пайдаланылады. Passivhaus Institut (Герма ния) анықтауынша, пассивті үй (бейтарап, әрекетсіз, бейқам, селқос) дегеніміз қыста жылытуды, жазда салқындатуды қажет етпестен адамға жайлы температураны сақтай алатын үй. Баян ӘБІЛҚАЙЫРОВА, БҰҰ Даму бағдарламасы мен Ғаламдық экологиялық қордың энерготиімді құрылыс жөніндегі жоба менеджері: Жобаның жүзеге асу мерзімі 2010 жылдың қыркүйек айы мен 2015 жылдың желтоқсаны. Жобаның негізгі мақсатының бірі еліміздегі тұрғын үй секторындағы парниктік газдардың бөлінуін барынша қысқарту екендігі түсінікті. Жобаны жүзеге асыруда мына төрт міндет қойылып отыр: 1. Міндетті құрылыс нормативтерін және олардың сақталуына бақылау рәсімдерін, сондай-ақ энергетикалық тиімділікті бағалау және мониторинг жүйесін жетілдіру. 2. Құрылыс материалдары және олардың құрамындағы заттардың энергетикалық тиімділігін стандарттау және сертификаттау. 3. Энергетикалық тиімділікті насихаттау және энергетикалық тиімді технологияларды пайдаланудағы білім беруді жетілдіріп, оны ақпараттандыру. 4. Ғимараттарды энергетикалық тиімді әзірлеу. Айман ШОПАЕВА, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының кеңесшісі: Энергетикалық тиімділігі жоғары үйлер мен ғимараттар салу жобасы әзірге баламасы жоқ жоба болып тұр. Осындай жобамен салын ған үйлер сырттан энергия алмай ды, энергияны өзі өндіріп отыра ды, яғни электр қуатын аса қажет етпейді. Ол, негізінен, күннің сәулесі мен жылынып, желмен салқындатылады. Тіпті жердің жылуын өзіне сіңіреді. Қазіргі кезде үш қалада үш әкімшілік ғимарат салынбақ. Осы құрылыс біткен соң, пилотты жоба мен бір тұрғын үй салу мәселесі қарастырылып отыр. Қызығушылық танытып жатса, қарапайым адам дар дың да осындай үй салуды ойластырған дары дұрыс болар еді. Рас, шығын әдеттегі үй құрылысына жұмсалатын қаражаттан көбірек болады. Есесіне үй тұрғызып алған соң ай сайынғы комуналдық шығын айтар лықтай азаяды. Прокурорлар «Достықты» даудан арашалады МӘСЕЛЕ Шымкентте 2006 жылы «Достық» мөлтекауданы мемлекеттің қазынасына салмақ түсірмей, жергілікті кәсіпкерлер мен жомарт жандардың демеушілігімен негізі қаланған еді. Бұл мөлтекаудандағы үйлер көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылар мен асыраушысынан айырылған отбасы мүшелеріне, бір сөзбен айтқанда, жағдайы қиын жанұяларға арналған-ды. Алайда жүйенің дұрыс жүргізілмеуі, жоспардың дұрыс ойластырылмауы, үміткерлер тізімін жасаудағы шикіліктер салдарынан тұрғындар арасында үлкен түсініспеушіліктер туындады. Шадияр МОЛДАБЕК Салынып біткеніне біршама уақыт болғанымен, дер кезінде иелеріне меншіктеле қоймаған үйлерге құжаты барлар есігін ашып, құжаты жоқтар есігін бұзып кіріп алған болатын. Далада қалғанша осыны дұрыс көрген де болар. Үйге кіріп алған тұрғындар енді ауызсуға, электр энергиясына қатысты келеңсіз діктерді алға тартып, биліктің біраз ұйқысын қашырғаны да жасырып-жабатын жайт емес. Қысқартып айтқанда, осы тұстан басталған келеңсіздік арада 5 жыл уақыт өтсе де, толығымен шешілмей келеді. Бұл сырткөзге де байқалған көріністер еді, ал ресми органдар «Достық» мөл текауданының «ішкі құпиясы» жайлы не дейді? «Достықтағы» жағдайды жіті зерттеу үшін облыстық прокуратурадан арнайы жұмысшы тобы құрылып, оған жетекшілік ету міндеті облыс прокурорының орынбасары Ибрагим Иманов қа жүктелген екен. Тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу мақсатында Шымкент қалалық әкімдігінің 2006 жылы шыққан қаулысымен «Өркениет» мемле кеттік қоры құрылып, оған түрлі қоғам дық акциялар нәтижесінде кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардан демеушілік ретінде түскен қаржы жинақтала бастады. Сөйтіп, «Сырым Батыр», «Бозарық», «Қосай» және «Аңламас» өндірістік кооперативі төрағаларының өтініштері негізінде Шымкент қаласы әкімдігінің арнайы қаулысы шығып, 282 гектар жер телімі «Достық» мөлтекауданын құру үшін бөлінеді. Бастапқыда 506 тұрғын үй соғу жоспарланған. Оның 130-ы «Өркениет» қайырымдылық қоры на түскен қаржы есебінен, қалғаны коммерциялық ұйымдар мен кәсіпкерлер көмегі есебінен тұрғызылатын болып бекітілді. Көп ұзамай алғашқы үйлер де ірге тебе бастады. Үй бөлетін комис сияның жұмыс тобы құрылып, бас панаға мұқтаж, аз қамтамасыз етілген 433 азаматтың тізімі жасалып, оларға Шымкент қаласы әкімдігінің бірнеше қаулысын басшылыққа ала отырып, құрылысы аяқталған үйлер мен жер телімдерін бөліп берген. Алғашқы дау осы тұста тұтанып, жоғарыда аталған комиссияның шешіміне наразылықтар туындады. Бұл наразылық кейіннен облыстық прокуратура, облыс әкімдігі, тіпті Бас прокуратура мен Президент Әкімшілігіне дейін жетті. «Демеушілердің ақшасын жеп қойды. Үйді тамыр-таныстарына таратып берді» деген айыптаулар мен осы мағынадағы арыз-шағымдар құзыр лы орындардың тартпасына түсті. Облыстық прокуратураның тексеруі нәти жесінде төмендегі жайттар анықталды. Қала әкімінің қаулысына сәйкес «Достық» мөлтекауданындағы тұрғын үйлер мен жер телімдеріне құқық берілген 365 тұлғаға Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімімен жер телімдеріне меншік құқығын белгілейтін актілер берілген. Алайда оның ішінде 145 жер теліміне, дәлірегі, 63 тұрғын үй мен 82 бос жер теліміне құқықты куәландыратын құжаттар алынбаған. Орын алған осы секілді заңсыздықтарға орай 2007 жылдың желтоқсанында облыс әкімінің атына ұсыныс енгізілген. Алайда тәртіптік жауапқа тартылатын жан табылмады. Өйткені бұл заңсыздыққа жол берген сол кездегі жауапты қызметкерлер қазір мемлекеттік қызмет атқармайтын болып шықты. Сонда дейміз-ау, ертең бұл саладан кетемін деген шолақ оймен мемлекеттік қызметкерлер заңды белден баса берсе, қарапайым халықтың жағдайы не болмақ?! Прокуратура тарапынан, қала әкімдігіне заңбұзушылықтарды жоюға шара қолдану да тапсырыл ған. Басты бақылаушы органның ұсынысына жүрдім-бардым қарады ма, әлде басқа себебі бар ма, әйтеуір, қалалық әкімдік тарапынан бұл тапсырманың орындалуына байланысты тиісті іс-шаралар қолданылмаған. Мұнан кейін қалыптасқан жағдай туралы ақпараттық хаттар Бас прокуратура мен Үкіметке де жолданды. Ербол ӨСТЕМІРОВ, ОҚО прокуратурасы бірінші басқармасының прокуроры: «Достық» мөлтекауданындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында облыстық прокуратура мен уәкілетті мемлекеттік органдар мамандарының қатысуында толыққанды зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәти жесі бойынша Қазақстан Республи касының Бас прокуратурасына бірқатар іс-шараларды уәкілетті органдармен бірлесіп атқару ұсынылып, ол қолдау тапқан. Атап айтқанда: «Достық» мөлтекауданында орналасқан барлық жер телімдеріне түгендеу жүргізіп, олардың нақты шекараларын, орналасу жерін және реттік санын анықтау; демеушілер мен «Өркениет» қорының көмегімен ретсіз салынған тұрғын үйлерді құрылыс нормалары мен ережелерге және сейсмотұ рақтылыққа сәйкестігін анықтау; құқықты куәландыратын құжаты жоқ тұлғалар бос тұрған үйлерге өз еркімен кіріп алған. Өз кезегінде ондай үйлерді «иесіз» деп танып, коммуналдық меншікке қабылдап, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қайта бөлу ұсынылды. Ендігі жерде «Достықтағы» құрылысы аяқталған тұрғын үйлердің тағдыры Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-ының уысында. 2008 жылы осындай қаулы шығарылып, әкімдік өзінің мойнындағы жүкті аталған серіктестіктің жауапкершілігіне өткізді. Дегенмен бұл қалалық әкімдік жауапкершіліктен толықтай құтылды деген сөз емес. Облыстық прокуратураның арнайы жұмыс тобы мөлтекаудандағы әрбір жер телімін сызбаға түсіріп, бұрынғы, кейінгі егелері туралы барлық мәліметтерді жинақтап, облыс әкімдігіне тағы да ақпараттық хат жолдады. Ибрагим ИМАНОВ, облыс прокуроры ның орынбасары: «Достықтағы» жағдайға байланыс ты кең көлемді жұмыстар жүргізілді. Жинақталған құжаттарға сараптама жасалды. Бас прокуратурадан түскен нұсқауларды басшылық қа алдық. Арыз-шағыммен жүрген әрбір азаматты облыс прокуроры Берік Құлтасов жеке-жеке қабылдап, оларға тиісті жауаптар қайтарылды, заң талаптары түсіндірілді. Осындай қабылдаулардан соң жұмысшы тобы облыс прокурорынан тиісті нұсқаулар алып отырды. Соның нәтижесінде «Достық» тұрғындарын алаңдатып келген түйінді проблемаларды дер кезінде шеше алдық деп толық сеніммен айта аламыз. Дина КЕМЕЛБЕКОВА, мөлтекауданның тұрғыны: «Достықта» шешімін күткен мәселе көп. Осы кезге дейін талай құзыр лы органдардың табалдырығын тоздырдық. Жанайқайымыз жаңғырық күйінде қалып келді. Облыстық прокуратураның тікелей араласуының арқасында заңсыздықтарға тосқауыл қойылып, тұрғындардың мұқтаждығын шешуге көмектескені үшін алғыс айтқымыз келеді. «Достықтың» тұрғындары үйлердің сапасыз соғылғанын да жасырмайды. Ал құрылыстың сапасын тексерген тиісті мекемелер бәрі де «окей» дейді. Сонда қайсысының сөзі шындыққа жанасады? Бұл енді бөлек әңгіме. Оңтүстік Қазақстан облысы ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ Киік атқан екеу ұсталды Ақтөбе облысында киік атқан адамдар ұсталды. Олардан дала еркесінің төрт мүйізі мен қару-жарақ тәркіленді. Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиевтің хабарлауынша, 25 қыркүйекте сағат 11.00 шамасында Ырғыз ауданы Қалалыкөл ауылының маңында «Урал» мотоциклін мінген екі адам ұсталды. Әйтеке би ауданының 40-тан асқан екі тұрғыны көліктерінің мемлекеттік нөмірін алып тастапты. Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен «Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары олардан 12 ка ли б р- лі аңшы мылтығын және екі киіктің төрт мүйізін тәркіледі. Ұсталған азаматтардың айтуынша, киікті олар мүйізін алу үшін атқан. Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 288-інші, яғни «Заңсыз аң аулау» бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалғалы жатыр. Болатбек МҰХТАРОВ Екінші күзетшінің жұмысын қоса атқарғанда жалақы қалай төленеді? Үш күзетші ауысыммен мектепті күзетеміз. Бір күзетші еңбек демалысына кеткенде оның орнына қалған екеуміз ауысып жұмыс істейміз. Алайда сол қосымша атқарылған жұмыс үшін бізге ақы төлемей отыр. Есепшінің осы әрекеті заңды ма? Серікбай СЕЙСЕНБАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметін ше, Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар дың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар дың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсан дағы 1400 қаулысымен реттеледі. Қаулының 3-тармағына сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Рес пу б- ликасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады. «Күзетші (вахтер)» (1-разряд. Ауысым бойын ша аға міндеттерін орындау кезінде 2-ра з- ряд) кәсібі бойынша тарифтік-біліктілік сипаттама Бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығының 1-шығарылымында көрсетілген. Жұмысшылардың лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеуге арналған коэффициенттер Қаулыға 3-қосымшада берілген. Бүгінгі күнге БЛЖ мөлшері 17 697 теңгені құрайды. Қаулыға 19-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, кешкі сағат 22-ден таңғы сағат 6-ға дейін әр сағат үшін сағаттық ставканың 50% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. Ауысымдық жұмыс кезiнде қызметкерге барлық нақты жұмыс атқарған сағаттарына төлем жүргізіледі. Жол ережесін бұзсаңыз, жүргізуші куәлігінен айырыласыз Бұрын жол ережесін бұзған кейбір жағдайларда жол полициясы жүргізушіге хаттама толтыратын да, бірақ жүргізуші куәлігін алмайтын. Енді жол жүру ережесін бұзған барлық жағдайда жүргізуші куәлігі алып қойылатын болыпты деп естідім. Бұл заң күшіне енді ме? ҚР ІІМ-нің 2010 жылдың 10 шілдесіндегі нұсқауы бойынша, жол ережесін өрескел бұзған, көлікті мас күйінде басқар ған жағдайларда жүргізуші куәлігі алы на тын. Алайда министрліктің бұл нұс қауын ҚР Жоғарғы соты 2011 жылғы 29 маусымындағы жарлығымен бұзды. Осыған орай, 1 қазаннан бастап жол жүру ережесін бұзған кез келген жағдайда Бекнұр ЕРМҰРАТОВ, Алматы облысы көлік басқарушы жүргізуші куәлігінен айырылатын болады. Жол ережесін бұзған жүргізуші 30 күн ішінде айыппұлды төлеуі тиіс. Егер белгіленген мерзімде айыппұлды төлемесе, айыппұлды мәжбүр леп төлету үшін іс сотқа жіберіледі. Сот шешімін уақытында орындамаған жүргізуші 10 күндік әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

e-mail: info@alashainasy.kz ӨРКЕНИЕТ 5 ҰЛАҒАТ ШАРА ҚазҰУ ықпалдылар қатарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Біріккен Ұлттар Ұйымының «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны болып отыр. «Академиялық ықпал» бұл әлемдік деңгейде мойындалған міндеттерді белсенді қолдауда, адам құқығы, біліктілік, тұрақ ты даму, бейбітшілікті сақтау және қақтығыстарды шешу, мәдениетаралық диалогта әлемнің 90 еліндегі 500-ден астам университетті біріктіретін БҰҰ-ның жаһандық бастамасы. ҚазҰУ-дың БҰҰ бағ дарламасына енуіндегі алғашқы қадамда рының бірі ғылыми-тәжірибелік конфере н- цияның өтуі болмақ. Қазақстанның БҰҰ құра мына кіргеніне 20 жыл толуына орай университет жанынан БҰҰ орталығы ашылып, ол Орталық Азиядағы халықаралық құқық пен халықаралық қатынастар факуль теттерінде аймақтық алаң ретінде жұмыс істейтін болады. Университет «Академиялық ықпал» бастамасына ене отырып, Орталық Азиядағы жоғары білім алу мәселелеріне, эконо микалық және әлеуметтік даму, бейбіт өмір сүру негіздеріне қарасты білім орталығы болуға жауапты болады. Бұл бағыттағы жұмыстар ҚазҰУ-дың әлемдік жоғары оқу орындарымен халықаралық әріптес тігін нығайта түсуге ықпал етеді. Аталған бағдарлама 2010 жылдың қарашасында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның бастамасымен қолға алынды. Оған Кембридж университеті (Ұлыбритания), Нью-Йорк университеті (АҚШ), Калифорния мемлекеттік политехни калық университеті (АҚШ), Иллиной мем ле кеттік университет (АҚШ), Монреаль университе ті (Канада), Веналық медицина лық университет (Австрия), Бейжің университеті (Қытай), Женева университеті (Швейца рия) сияқты әлемнің жетекші оқу орындары кіреді. Бұл бағдарламаның басты қағидаты қатысушыларға білім беру орта сын жаһандық мәселелерді шешу жолы ретінде қарастыруды міндеттеу. Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ «Ұлым» дейтін ел болмаса, «елім» дейтін ұл қайдан болсын» деп қазақтың өзі айтқандай, елін сүйер ұлдары қашанда ілге ріде өткен қазақтың біртуар тұлғаларының даналық қасиетін бойына сіңіріп, сөзінен тәлім алары хақ. Абайша сүйіп, күйінген, Жамбылша толғап, жырлаған, Тәукенің есімін ұран еткен, кен кеуделі Кененнің қа с и- етін алған, Мұстафаның қайраткерлігін, Баукеңнің күрескерлігін, Мұхтар Әуезовтің кесек тұлғалығын бойына сіңірген ұлт ұрпағы саусақпен санарлықтай ғана. «Қайраткер «Асылдарымды» неге жазды, неге атын дәл осылай атады» деген сұрақ туады. Оған Мырзатай ағаның өзі: «Өзімді керуені қара үзіп, елі көшкен жұртта қалғандай сезінемін. Баз бірде жан әлемімді айтып болмас мұң кеулей ді. Ойласам-ақ, ішін өрт шалған ор мандай боламын. Ағыл-тегіл сағыныш сазынан сарғаямын, жүрегім талады. «Қайдасыңдар, асыл ағаларым!» деп шарқ ұрып іздеу салғым келеді», ТҰСАУКЕСЕР «Тұран» тағы да таңғалдырды Алмат ИСӘДІЛ Сахна төрінен «Ер-Тұран», «Мұқағали толғауы», «Жарапазан», «Қайыстың зары», «Ортеке», «Аққу», «Аңшылық», «Елім-ай», «Шилі өзен», «Қаражорға», «Іңір» деп ата ла тын халық туындылары мен авторлық шығармалардың әрқайсысы да тек «тұран дық тарға» ғана тән мәнермен шебер орын далды. Осылайша, «Тұранды» түр лен діріп жүрген Мақсат Медеубек, Бауыр жан Бекмұханбетов, Серік Нұрмолдаев, Абзал Арықбаев, Хорлан Кәртенбаева сынды жас таланттар қандай да бір сый-қошемет пен атақ-абыройға лайық екен діктерін қайыра бір дәлелдей түсті. Тұсаукесер концерт барысында орындалған «Жарапазан» композициясы театр ландырылған көріністермен толықтыры лып, концерттік зал ішінде шын мәнінде той басталып кеткендей әсер туғызды. Бір жарым сағатқа созылған әсерлі кештен соң көрермендерге сыйлық ретінде «Ер-Тұран» атты жаңа күйтабақ үлестірілді. Еуропа мен АҚШ-тың беделді сахналарында өнер көрсетіп, талғампаз көрерменнің таңдайын қақтырып жүрген топ өз мүмкіндіктерін осымен шектеп қалмақ емес. Ұлттық кон серватория ректоры, әйгілі музыкант Жә ния Әубәкірованың қамқорлығымен үлкен өнерге жаңа қадам басып келе жатқан топ тың осы уақытқа дейін жеткен жетістік тері мен қол жеткізген марапаттары өз алдына бір төбе. Жақында ансамбль ҚР Тұңғыш Президенті қорының арнайы грантын жеңіп алған болатын. Уақыт өткен сайын жас таланттар өз репертуарларын байытып, тынымсыз шығармашылық ізденіске ден қойып келеді. Осы қалыптан танбаса, «Тұранның» әлі талай шыңды бағындырып, ұлттық өнер дің мерейін үстем етері сөзсіз. Леонард ХИЛЛ, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының мәдениет, баспасөз және ақпарат жөніндегі кеңесшісі: «Тұран» тобының туындылары кісіге рух береді және өткен тарихтан терең сыр шертеді. Өнер ұжымы Қазақстанның көне тарихын музыка құдіреті арқылы баяндауды шебер меңгерген екен. Бұл жерде дүниеге келмесем де, «Тұранның» туындыларын тыңдау арқылы өзім нің Қазақстанға жақындай түскенім ді сезіндім. Ансамбльдегі бес өнерпаз бірін-бірі толықтырып тұр. Олардың репертуарындағы музыкалық композициялар синкретті өнерге құрылғанын байқадым. Ол поэзия, қарасөз, көмей мен қайлау, дәстүрлі ән мен бидің және табиғи дыбыстардың бір арнада тоғысуы сынды бірнеше жанрдың жиынтығы. «Тұрандықтардың» аспаптарының жиынтығы сазсырнай, шаңқодегеніндей, қазақтың маңдайына біткен асыл дарын, ардақтыларын сағынудан туған жазушы, замандас, іні, қазақтың қамын жеген бір ұлының жан тебіренісі екенін анық байқайсыз. Ел тарихы мен Тәуелсіздіктің тағылымды жолы, ұлт азаматтарының тәлімді қасиеттері туралы кейінгі буынға ой салар бір еңбек тің керек екендігін авторға айтып, «Ас ы л- дарымның» шығуына мұрындық бол ған Иманғали Тасмағамбетов «Ұлы сағыныш кітабы» деп атаған кітапта: «Бұл Тәуелсіз елдің Туын ұстап, бүгінгідей өркениет көшіне бет түзеп, шынды ғы мызға қиял-ғажайып ертегілер де іле се алмаған дәуірдің тұлғалары, дей келе, Осы күннің өкініші шығар. Бірақ осын дай елдің сөзін ұстайтын, ертеңіне елеңдеп, Асанәлі ӘШІМОВ, Халық әртісі: Қазіргідей ұлтымыздың тарихи жа дын жаңғыртатын, рухани, этног рафиялық дүниелердің жарыққа шығуы сиреп кеткен тұста «Тұран» сынды тамаша топтың үлкен сахналардан көрінуі көңілімізді өсіріп отыр. Бүгінгі концерт баршамызға халқымыздың өткенін елестетіп, ұмытыла бастаған әуендер мен халық әндерін ойымызға оралтты. Қазақтың музыкалық мұрасы өте терең. Тек соны түсініп, жеткізе білу керек. Топтағы бес жігітті нағыз қазақы өнер дарыған дарын иелері дер едім. Аралабүгінін таразылайтын, кішіге аға, үлкенге тілекші болатын азаматтарымыз санаулы», деп, арқалы да арда туған тұлғалардың аздығын тілге тиек етіпті. Шындығында, ұлтымыздың ұранын қалыптастырған тұлғалардың ұлағатты өмір жолынан тәлім алмайынша, ұлт болып тік тұруымыз да екіталай екені айдан анық. Кітапты оқып отырып, қазақтың әр азаматы ұлтын осылай сүйсеші, ұлт мақтаныш тарының жүріп өткен жолы мен кеудесін кернеген сөздерінен осылай өнеге алсашы деп ойланбай қоймайсың. Себебі «...жер ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалық тық, қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік» деген адамзат Абайы ның өзі не қыларын білмей дал болуын кітап авторы да: «Абайдың басынан кешкен азабын, көрген мехнатын, қорлығын мен бертінде, есейе келе ғана түсіндім, өз жүрегімнен өткізіп сезіндім», дейді. Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, түркітанушы, әдебиеттанушы ғалым: Негізгі мақсатым ұлылықты дәріп теу, байтақ тарихымыздан ерекше орын алатын қазақтың кемеңгерлерін, даналарын, рухани көсемдерінің кісілік қасиетін халыққа кеңінен жеткізу. Импе риялық саясат кесірінен өз жақсылары мызды түгендей, атай алмадық. Зама ны туғаннан кейін көкейде жүрген ойларды айтуға талпындық. Мәселен, «Шипагерлік баянын» жазған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы тарихтың құбылысы. Тәуке «Жеті жарғыны» жасатқан кезде атақты үш би, қарақалпақ биі, Өтейбойдақ секілді ұлыларды жинап алып, ақылдасқан. Бала кезімізде сөзге шебер, шешен аталарымыз «Сақ ата заманынан...» деп әңгімесін бастайтын. «Сақ ата» дегені қазақты айтқаны, шынтуайтына келгенде, «қас сақ» (қас быз, домбыра, қылқобыз, күнтаяқ, жеті ген секілді қазақтың көне аспаптарынан тұрады. Олардың арасында заманауи аспаптар мүлде жоқ. Мұның өзі топтың өзіндік ерекшелігін айқын аңғартады. ҚазҰУ баспасөз қызметі Ұлт ұлыларын ұлықтаған «Асылдарым» Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Аманат» журналының 200 том кітап шығарудағы ұлағатты ойы оқырманға жол тартып жатыр. Солардың бірегейі түркітанушы, әдебиет танушы ғалым Мырзатай Жолдас беков тің «Асылдарым» атты кітабы жуырда жарық көрді. Алаш азаматын толған дырған ойлар қаламынан ұлттың арда туған тұлға ла рының бейнесін суреттеу мен сағынудан тұратын портрет тік очерктер болып төгіліпті. Басы 1-бетте Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, композитор, Қазақ ұлттық консерваториясының проректоры: «Тұран» өзінің негізін ұлттық консер ватория жанынан қалағандықтан, біздің оқу орнымыз осы топқа үнемі қам қор лық жасап келеді. Аз уақыттың ішін де топ мүшелері бірқатар шет мем лекет те өткен байқауларға қаты сып, олжа лы оралды. Сырттан әлі де ұсынысбатыр, қас сұлу) дегендегі «қазақ» нағыз батыр деген сөз. Осы кітаптағы Абай туралы жазғаныма ұзақ жылдар ойланып, толғанып келдім. Абайды оқу аз, түсіну, ұғыну оңай емес. Абайдың өзі алдыртпайтын құдіреті бар. Екі ауыз өлеңін жаттап алып, қайталау Абайды түсінгендік емес. Кейінгі бес жылда Абайды қазып, терең қарадым. Соның өзінде қашаған секілді ұстатпай қойды. Абай әр жыл мезгілінде әрқалай, басқа, түрленіп отырады. Абай туралы жазайын десем, көкірегім сайрап тұрғанымен, қаламым жүрмей қойды. Жұма күні «Нұр-Астана» мешітіне барып, найб-имамға Ибрагим Құнанбайұлына, бабаларына, аналары на, балаларына, әйелдеріне құран оқуын сұрап, ниет еттім. Құран бағыштаған жігіт: «Аға, мынау бір айтып жүре тін оқиға болды ғой», деп таңғалды. Ертеңінде жазуға отырдым, қаламым заулап жүріп кетті. Еңбектер көптеген тебіреністен туады. Бұл бір менің ғана емес, қазақ халқының асылдары. Әр заманда қазақ тарихына ажар берген, тұтқа болғандар. Халықаралық «Абай» клубының AMANAT журналы мен 200 том кітап шыға рудағы игі бастамасына ақ жол тілеген Н.Әбішұлы: «Кітап ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның аражігін айнытпай танып-білуге үйре теді. Кітап ты аялайық, құрметтейік, кітап қа адал болайық!» деп ізгі ниетін білдіргенді. Елдің сырғып өткен әр парағының ертеңгі күні тарих болып қалары анық. Ендеше, қазақ тарихының ақ парақтары ақиқат пен адамдықтан аттамаған, адалдық пен ар ісін ғана арқалаған нардай болса, қазақтың атына әлем де қанық болып, қазақтың өзі де мақтаныш етпек. рында бір қыз бар екен, меніңше, ол да жігіт. «Жігіт» деген сөз қайсарлықтың, батырлықтың, жауапкершіліктің синони мі емес пе?! Қазақта әрі сұлу, әрі батыр қыздарымыз аз емес. Сондықтан да елге ерге лайық қызмет етіп жүрген ансамбль өздерінің бұл жолғы жинағын «Ер-Тұран» деп тегін атамаса керек. Жас таланттарға шығармашылық шабыт пен талмас жігер тілеймін. Алла ал ды ларынан жарылқасын! ТҮРТКІ Бұл шараның мақсаты кезінде азап лагерьлерінде қорлық көрген Алаш арыстарына жар болған аналарымыздың рухына мінәжат етіп, құран бағыштап, жатқан жерлерін таза ұстап, жас ұрпақтың жадына ізгіліктің дәнін себу. Шара барысында төмендегідей ұсыныстар ортаға салынды: Болашақта мұражай мен ескерткіш маңы көгалдандырылуы тиіс. Мұражайымыз қазіргі таңда бүкіл әлемге танылып отыр. Осыған орай шетелден келіп жатқан туристер қаншама! Келген қонақтар мұражай экспозициясымен танысып болысымен, бәрі де ауыл сыртындағы аналарымыздың жерленген жеріне барып, құран бағыштап, тарихтағы Жалаңаш көлді өз көздерімен көргісі келетіндерін жасырмайды. Келген қонақтардың сөздерін жерге қалдырмай, зират басына апаруын апарамыз, бірақ іштей «әттеген-ай» дейтін тұстарымыз да жоқ емес. Мұсылмандар мен христиандарға ортақ ескерткіш-белгі орнатқан жер алыс тан ат терлетіп келген қонақтарды қарсы алуға әлі дайын емес сияқты. Жанжағына жабайы шөп қаптап өсіп, темір қор шауларын тот басып, майысып, сынып жатыр. Бұл зират жас өмірінің ең қымбат жылдарын тікенекті сым қоршаудың құрсауын да өткіз ген жазықсыз аналарымыз жерленген қаралы орын емес пе?! Ендеше, бұл жер неге қараусыз қалмақ?! Осындайда ар-намысы үшін жанын садаға ететін тар, арнайы шақыртулар түсіп жатыр. «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі бүгінгі рухани-мәдени өмірі міздегі этномузыка саласын игеріп ке ле жатқан ең жас топтардың бірі де, біре гейі. Ішкі рухани дүниелері бай, талантты жастардан құралған бұл топ біреудің тапсырысымен немесе белгілі бір ресми қағаздарға сүйеніп жасақталған болса, онда оның келешегіне күмәнмен қарауға болар еді. Алайда «Тұранның» тірегі саналатын бес бірдей өнерпаз үлкен өнерге өз жүрек қалауымен келген. Әрқайсысы бірнеше аспапта ойнайды. Олардың жаны поэзияға жақын, бидің неше түрін меңгерген, ән де айта алады. Жалпы, талантты еңбекпен ұштастырып жүрген топтың шығармашылық қуаты мол. Енді осы бағытты одан әрі дамыта түсу керек. АЛЖИР аналарының зираты қараусыз қалып барады Жуырда Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының АЛЖИР мемориалды мұражайының ғылыми қызметкері патриоттық тәрбиені жаңғырту мақсатында арнайы жиын мен сенбілік өткізді. қазақтай қасиетті халықтың атқамінер азаматтары қайда деп қапала насың. «Өлі разы болмай, тірі байымас» деген даналықты естен шығарып бара жатқандай мыз. Өз жеріміздің тарихын терең түсініп, ұлттық күресте жанын пида еткен құрбандарды әрдайым еске алып, ел жадында жаңғыртып жүрсек, ұрпақ алдындағы үлкен парыздарымыздың бірін орындаған болар едік. Әзірге мұражай қызметкерлері қуғын-сүргін құрбандары жерленген зират басын шама-шарқынша өз қамқорлығына алып келеді. ДЕРЕК Саяси қуғын-сүргін құрбандарының АЛЖИР мемориалды мұражай кешені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен 2007 жылдың 31 мамырында бұрынғы «Отанын сатқандар» әйелдерінің Ақмола лагері орналасқан Ақмол ауылында ашылды. Эльмира АЙАҒАНОВА, Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының АЛЖИР мемориалды мұражайының ғылыми қызметкері Әнші-композитор Әсеттің мұражайы бар ма? Арқаның дүлдүл әншісі, Абайдың ақын шәкірті Әсет Найманбаевтың мұра жайы бар ма? Ермұрат ТҰРҒАНБАЙ, Астана қаласы Әсет Найманбайұлы (1867-1922) ақын, әнші, сазгер. Абайдың тәлім-тәрбиесін көр ген дарынды шәкірттерінің бірі. Әсет мұра жа йы ақынның туғанына 125 жыл толу мере кесі нің қарсаңында 1990 жылы ұйым дас тыры лып, 1992 жылы 26 сәуірде ШҚО Үр жар ау данының Мақаншы ауылында ашыл ды. 2004 жылы Әсет мұражайы бір қабатты кірпіштен салынған ғимаратқа кө шірілді. Шамамен 50- жылдарда салынған. Бастапқыда бұл үйде балалар бақшасы, кейіннен Мақаншы аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі болған. 1998-2004 жылдар аралығында аудан әкімшілігінің қолдауымен мұражай қызметкерлері ғи маратты күрделі жөндеуден өткізді. Мұражай экспозициясының тақырыптық бөлімдері: Әсет өмірі, Абай және Әсет, Әсеттің заман дастары, Әсет мұрасын зерттеушілер, Әсет ұрпағы, олар тұтынған бұйымдар және Әсет заманына тән жәдігерлер. Мұражай көрме залы, мәжіліс залы, екі экспозициялық зал, кітапхана, мұрағат, қор бөлмесі, қызметкер лер бөлмесі, шеберхана бөлмелерінен тұрады. «Орыс қорасында» орыстар тұрған ба? М.Әуезовтің «Абай жолы» романында айтылған «Орыс қорасында» шынымен орыстар тұрған ба? Ол қораның орны қай жерде? Еңлік, Семей қаласы «Орыс қорасы» қазақ даласына қоныс аударған орыс шаруаларының жатақтары орналасқан жер. «Орыс қорасы» Жидебайдағы қорық алқабында ғы ескерткіштердің қатарына жататын тарихи орын. Ресейдегі крепостнойлық құқық жойылғаннан кейін Ресей би лігінің ұйымдастыруымен жерсіз шаруалар стихиялы түрде Қазақстан территория сына көптеп ағыла бастады. Қазақстан ның көптеген аумағында қоныс ауда ру шылардың мәселесін шешумен айна лысатын қоныс басқармалары жұмыс істей бастады. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында сол қоныс аударып келген орыс шаруала рының қазақ жеріне көшіп келуі және олардың қазақ кедейлеріне көмегі аса тартымды суреттелген. Қоныс аудару шы лар қоныс танған жер аумағы жеміс-жидек өсіруге аса қолайлы, көк майса лы жер болған. Қазіргі уақытта ол жер де тек үйінділер, тұрғын жайлардың орын дары ғана сақталған.

ЖОБА 6 e-mail: Жамбылда жел стансылары салынады Жамбыл облысында кіші гидроэлектрстансылар салу қолға алынғалы қашан. Еліміз үшін тың жаңалық болып есептелінетін жоба алғаш болып Әулиеата өңірінде қолға алынғаны да тегін емес. Қуаттылығы 1,5 мегаваттық гидроэлектрстансы жыл басында Меркі ауданында іске қосылған болатын. Бүгінде ресейлік GPMI фирмасымен келісімшартқа қол жеткізілді. Шу, Меркі, Талас өзендеріне жеті кіші гид ро желэлектростансыларын салу туралы келіссөздер жүргізілуде. Алда ғы уақытта өңірде тағы да 12 гидроэлектрстансы салу жоспарлануда. Олардың қуаттылығы 90 МВТ болмақ. Ол об лыс аумағындағы электр қуатын тұ тынудың 25 пайызын жабуға септігін тигізбек. Тек қана Жамбыл облысында ғана емес, бүкіл елімізде ең ірі жобаның бірі саналатын Сарысу ауданындағы Жаңатас және Шу ауданындағы Шоқпарсай екі жел электр стансыларын салу да алдағы күннің еншісінде тұр. Оның инвесторлары Central Asia Green Power фирмасы мен Visor Holding компаниялары болмақ. Осы салада мол тәжірибесі бар компаниялар мұның алдында Америкада, Түркияда ірі жетістіктерге жеткен. Екі жобаның жалпы құны 1 миллиард АҚШ доллары болмақ. Екі жел стансысы тәулігіне 600 МВТ электр қуатын береді деп жоспарлануда. ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ Гүлжан КӨШЕРОВА Автокөлік ұрлағандар құрыққа түсті Ақтөбе облысының ІІД Жол полиция басқармасының қызметкерлері бұ рын ұрланған Toyota Land Cruiser автокөлік ұрлығының бетін ашты. Осыдан бір ай бұрын ішкі істер органына атал мыш автокөліктің 37 жастағы иесі шағым данып, Ақтөбе қаласындағы Асау-Барақ көшесінің бойында «Акватория» дүке нінің жанынан көлігін заңсыз айдап кет кендігі туралы арыз жазған болатын. Жол полициясының іздестіру бөлімінің қызметкерлері қыл мыстың бетін ашу үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп, жалдамалы пә тер ден ресейлік 38 жастағы азаматты құ рықтады. Тергеу барысында ұсталған азамат тың Ақтөбе облысы аумағынан шет елдік қымбат автокөліктерді ұрлаумен шұ ғылданғаны дәлелденді. Қазіргі таңда ақтөбелік полицейлердің құрығына іліккен күдіктінің Орск қаласында осындай қылмыстары үшін бұрын екі рет сот талғаны анықталып отыр. Ресей азаматы қым бат көліктерді заңсыз айдап әкетіп, арзан бағаға сатуды әдетке айналдырыпты. Сондай-ақ ресейлік және шетелдік авто көлікті заңсыз айдап кету ісіне қатысты 9 дерек бойынша Ақтөбе облысының ІІД Саз ды полиция бөлімі тергеу жұмыстарын жүр гізіп жатыр. Автокөлік иелеріне келтіріл ген жалпы шығын көлемі 4 миллион теңгеге жуық. Алдын ала тергеу барысында 22-24 жастағы екі жігіттің маусым мен тамыз айы аралығында Ақтөбе қаласында көпқабатты үйлердің ауласында тұрған дабыл қаққыш қондырғысы жоқ темір тұлпарларды заңсыз айдап әкеткені расталды. Мәселен, күдіктілер ұрланған көліктің ішіндегі алдымен барлық бағалы заттарды ұрлап, кейін қылмыстың ізін жасыру үшін мәшинені өртеп жіберетін болған. Өрт-техникалық сараптама нәтижесінің қорытындысы осындай тұжырымға иек артып отыр. Жоғарыда аталған деректер бо йынша күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 185- інші «Автокөлікті заңсыз айдап кету», 187-інші «Өртеу арқылы өзгенің мүлкін жою» және 175-інші «Ұрлық» баптарына сәйкес үш қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мәди ҚУАНЫШҰЛЫ, Ақтөбе облысы ДАТ! АЛАШ АЗАМАТЫ «Алаш айнасы» газетi мен Қазақ радиосының бiрлескен жобасы «Айтөбел» хабарының жазбаша нұсқасы Авторы: Едiл АНЫҚБАЙ Хабардың тiкелей толқындағы уақыты: 101 ҒМ, сәрсенбі күні сағат 14:05-15:00 Өмірзақ Айтбайұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик: Мемлекет тарапынан Тіл туралы бағдарлама алғаш 1990 жылдары жасалыпты. Одан кейін 2001-2010 жылдармен түзілгені белгілі. Енді 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы 1989 жылы құрылған ек ен. Осы қабылданған бағдарлама лар дың іске асуына «Қазақ тілі» қоғамы ның ықпалы қаншалықты болды? Сұхбатымыздың бастауын қоғамның құрылу мақсаты мен 20 жыл уақыт аралығын ұштастыра бастасаңыз... Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен мемлекеттік бағдарламаны тікелей ұштастыру керек. Өйткені бұлар бірімен-бірі тығыз байланысты. «Қазақ тілі» қоғамы 1989 жылы 22 қазанда құрылды. Бұл қазақ тарихында ең бірінші құрылған бұ қара лық ұйым. Сол себепті оның жарғысы, жос пары, бағдарламасы болған жоқ. Барлығын басынан қолдан жазуға тура келді. Ол Орталық партия комитеті қа һарынан қайтпай, тағынан түспей, жұмыс істеп тұрған кез болатын. Сондықтан Ор талық комитетпен ақылдасып, кеңесіп, соларға өтінішталап ете отырып құрылған ұйым еді. Ол кезде, бір ашып айтатын нәрсе, қазақтың мықты азаматтары өкі мет басына келе бастады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев министр лер кабинетінің төрағасы, кейіннен бірінші хатшы болды. Г.Колбиннің кезінде идеология жөніндегі хатшылыққа Өзбекәлі Жәнібеков келді. Міне, осы екі азаматтың үлкен басшылық қызметке келуі еліміздің еңсесін көтеруге рухани жан дүниесін кеңейтуге әсер етті деп айтуымызға болады. Әсіресе «Қазақ тілі» қоғамын құрушы, соның негізін қалау шы, біздің бәрімізді тіл майданына салушы сол кездегі Тіл білімі институтының директоры, академик Әбдуәли Қайдаров. Әбекеңнің бастамасын қолдап, әлі күнге дейін сол майданда келе жатырмын. Соны мен қоғам құрылғаннан кейін бағыт-бағ дарымызды сілтеп отыратын, қолда натын, тұтынатын тірек құжат керек болды. Әрине, жарғымыздың жөні бір бөлек, төмендеп кеткен тіліміздің еңсесін көтеру үшін мемлекет тарапынан бағдарлама қабылдату қажет болды. Ақылдаса, кеңесе отырып, 1990 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықты қамтитын бағдарлама қабылданды. Осы жерде шегініс жасап өткен тарихқа қайта оралғым келіп отыр. Ор талық партия комитеті идеология жөніндегі хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті есебінде мені және бір заңгерді, содан кейін ол кезде Жоспарлау комитеті деген болатын, соның бастығының орынбасары Жарасбай деген жігітті (фамилиясы есімнен шығып тұр) үшеуімізді бір кабинетке отырғызып, жаңағы бағдарламаның алғашқы нұсқа лары түсірілген екен, соны бізге таныстырып, бір апта уақыт осы бойынша жұмыс істеуді тапсырды. Сөйтіп, әрбір облысқа шақтал ған, өңірлердің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана, ескере отырып, қай кезде мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізе алатын халін анықтап, 2000 жылға дейін бағдар ламаны түзіп біттік. Бұл бағдарламаның қар қыны өте күшті болды. Облыстық, аудандық атқару комитеттері өздерінің сес сиясында, республикалық бағдар ла маны негізге ала отырып, әр облыс өз бағ дарламаларын қабылдап отырды. Ол кезді мен еліміздің рухы көтерілген, өрлеу, дәуірлеу кезеңі деп ойлаймын. Алғашқы бағдарламада 2000 жылға дейін іс-қағаздарды түгелдей мемлекеттік тілге көшіру көзделген екен. Бі рақ көзделген үдеден шыға алмай келеміз. Себеп пен салдар, кедергілер мен кемшіліктер бар, айтып та жүрсіз. Ме нің сұрамағым: мемлекеттік бағдарламалардың іске асуына механизм бола алатын, Халықаралық «Қазақ ті лі» қоғамының мемлекетке ұсын ған же ке бағдарламасы бар ма? Болған ба? Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мем лекеттік ұйым емес. Қабылдаған қау лықарарларының мемлекетке қауқары жетпейді. Оны тек түсініп, ұғып, адамгершілік тұрғысынан қарап, «мыналардың көтеріп жатқан мәселесін біз неге қолдамаймыз?» дейтін азаматтар болса ғана біз айтқан әңгімелерден нәтиже шығады. Көбіне мемлекеттік мекемелерді сынап келдік. Қолы мыз дан келетіні сол. Осындай мәселелер көп теп кездесіп, сұрақ-сауалдар туа бергеннен кейін «Қазақ тілі» қоғамының V құ рыл та йын өткіздік. Құрыл тайды Көкше тауда өт кізудің мәні бар. Ел басының тікелей көре гендік саясатының біреуі ғой деп есептеймін. Бірді айтып, бірге кеткендей болмай, ұғынықтылық үшін айтайын. Мен Елбасы Н.Әбішұлына: «Біз осы уақытқа дейін құ рылтайларымызды Астана, Алматыда өткіздік. Енді V құрылтайды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының сан мыңдаған мүшелерінің сұранысы, өтініші, ұйғарымы бойынша қазақ халқының рухани астанасы Түркістанда өткізсек, қалай қарай сыз? Өзіңіз сол құрылтайға қатыс саңыз», деп хат жаздым. Президентіміз хат қа мән беріп, А.Мусин мен М.Әшім баевқа бұрыштама жазыпты: «Қазақ тілі» қоғамының құрыл тайының өтуіне көмек тесіңдер, өткізілетін жері Түркістан емес, Солтүстік Қазақстан об лыстары, оның ішінде Көкшетау» деп көр сетіпті. Неге бұлай болғанын түсіндік. Ол кісі іргелі қазақ жиындарының солтүстік өңірде өтуін қалады. Шынында да, оның әсерін кешегі жиында бай қадық. Келешекте «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын дамыту тұжырым дамасы мен стратегиясы жөнінде үлкен құжат жасап ұсынбақшымыз. Кешегі құрылтайдағы баяндамамда бұл әңгіме қамтылды. Дұрыс екен. Өмірзақ аға, сәл шегініс жасап, осының алдында өткен төрт құрылтайдың нәтижелерін атай аласыз ба? Төрт құрылтайдан шыққан нәтижелерді түзу үшін шежірені қолыма алып отырып, сағаттап айтып берер едім. Оған уақыт керек. «Қазақ тілі» қоғамын құрғанда академик Әбдуәли Қайдаров бастаған топтың ең бірінші мүддесі, басты мақсаты қалжырап, ұйқыға кеткен халықтың санасын көтеру болатын. Сана, жігер, қайрат дегеннің барлығы аяққа тапталғандай еді. Халықтың рухы жасып кеткен. Біздің ең үлкен табысымыз, ірі жеңісіміз ұйықтап кеткен халықтың санасын ояттық деп ойлаймын. Қазір кез келген салада, қандай да мамандықтың ішінде Алаш айнасы Кеңестік дәуірдің ықпалынан арылудың бір жолы латын әліпбиіне көшу халық мүддесін, ұлт қамын ойлайтын азаматтар өсіп-жетілді. Жастардың арасында қаншама белсенділер бар. Тілдің мүддесін, мәдениеттің қамын ойлайтын, рухы биік жастар көбей ді. Міне, осының бәрі Халықаралық «Қа зақ тілі» қоғамының және басқа да ұлт мүд десіне ұйысқан ұйымдардың ісәре ке тінің жемісі, нәтижесі деп білемін. Осы қарқынымызбен 2020 жылға дейін жаппай мемлекеттік тілге көшіп кетуіміз мүмкін бе? Алладан үмітіміз зор. Құдайға шүкір дейік. Қазіргі қарқын, бүгінгі қозғалыс, елдің ынта-ықыласы жақсы. Бұдан бұ рынғы 20 жылмен салыстырғанда жұрттың сауаты көтерілді, білімі жоғарылады. Оның бер жағында ел қалаған Елбасымыз бар. Президе нтіміз әр мәжіліс пен ірі-ірі бас қосуларда, әсіресе Ассамблеяның жиналы сында тіл туралы елдің есіне салып, маңа йындағы қызметтес орынбасарларына ой тастап отырады. 15 жылда аюға да намаз үйретуге болатынынан бастап: «Уа, қазақ, алдымен, өзіңмен-өзің қазақша сөйлес! Сенің аузыңды жауып отырған кім бар? Өзің кіріспесең, саған керек болмаған тіл кімге керек?» Осындай сөзден намысы оян баған, жігерленбегендерді қалай түсі нуге болады? Мемлекетіміздің, қоғамымыздың даму қар қынын Елбасы біліп отыр. Ғылымның жан-жақты дамуы мен қазақ тілінің заманауи техниканың тілі болуы мақсатында әр саланың терминологиялық лексикасын қалып тастыру қажет. Тіл мәселесіне келгенде Тіл білімі институтына қарай ысыра салатынымыз рас. Тіл білімі институты бар лық саладағы сөздіктерді шығаруы мүм кін емес қой. Демек, түрлі сала өз сөздіктерін өздері жасап, жаппай кірісуі керек секілді. «Қазақ тілі» қоғамы ос ындай дүниелердің өмірге келуіне мұ рындық болған үлгілерді айт саңыз. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өзі Тіл білімі институтының қабырғасында пайда болған. Тіл білімі институтының директоры академик Әбдуәли Қайдаров еді және мен де сонда қызмет жасадым. Институт қабырғасында «Терминология және аударма» атты үлкен бөлімді 10 жылдай бас қардым. Тіл білімі институтының, жалпы, қазақ мәдениеті, қазақ ғылымы үшін сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Бұл шаңырақтың басында Ахмет Байтұрсынов тұрады. Қазақ тілі жөніндегі ой-пікірлердің қозғалуы да сол кезден бастау алады. Құдайберген Жұбанов, Сәрсен Аманжолов, Ісмет Кеңес баев, Мәулен Балақаев сынды ғалымда рымыз өз заманының сұранысына сай қызмет ете отырып, тіл білімінің кеңейіп, дамуына зор үлесін қосқан тұлғалар. Бұл институт ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Зерттеу жұмысы дегеніміз тіліміздегі түрлі заңдылықтарды, болып жатқан, еніп жатқан жаңалық, саладағы үрдістердің ғылыми негізделуі. Оның ішінде термино логияның орны бөлек. Мәсе лен, мемлекеттік тілді ғылым тілі жасай алдық па, жоқ па? Бұл сауал соңғы кезеңге дейін пікірталас тудырып жүрді. Терминология сөзі бізге шеттен келді. Қазақ тілінің сөздік қоры бай. Күні кеше ғана Мұхаң ның 50 томдық шығармалар жинағы жұрт шылықтың қо лына тиді. Тілі міздің байлығы М.Әуезовтің 50 томдық жинағынан айқын көрініс тапқан. Зерттеушілер қазақ тілінің болашағының бары мен зор мүмкіндігін осы арқылы да дәлел деп отыр. Терминологияда үлкен проб ле малардың бірі ғылым тілін зерттеу. Ал ғылым тілі болмай, мемлекеттік тіл өр кендемейді. Ал ғылым тілінің негізгі жон арқасы осы терминология болып саналады. Бұл академик Әбдуәли Қайдаровтың ұста нымы. Мен сол ұстанымды қолдаймын, қуаттаймын. Сол бойынша зерттеулер бердік. Әсіресе кеңестік дәуірде бізге сан алуан өзге тілдің сөздері еніп кеткен. Бұл мәсе лені тексере келе қарасақ, әлгі шетелдің форма киген, кәдімгі, әскерлері бар емес пе, тілімізге енген сөздер дәл сол әскер тәріздес екен. Ахмет Байтұрсынов осыны ескерген. Зерделей келе, тіліміздің зор мүмкіндігі барлығына көз жеткізіп отырмыз. Іске жаратылмай, қор жында жатқан көптеген сөздерді зерттеу шілеріміз біртіндеп шығара бастады. Тіл білімі институты «Түсіндірме сөздіктің» 10 томдығын шы ғарды. Енді түсіндірме сөз діктің 15 том дығын дайындап бітірді. Қазақтың байыр ғы, ғылым тілі болатын сөздерінің барлығы біртіндеп қатарға қосыла бастады. Термин атаулыға өте сақтықпен зер салмаса болмайды. Мен терминология бөлімін басқарғанмен қатар, іргелес құрылған терминдерге қатысты мемлекеттік комиссия бөлімінде жауапты қызметтерді де атқардым. Осы жұмыстар барысында бірнеше секция құрдық. Ол ғылым атаулының кез келген саласына байланысты. Барлығы бес ар на. Сол ғылым салалаларына байланысты жасалған сөздік терді біз институттың ғылыми кеңесінде талқылап отырдық. Терминдерді лингвистер, Тіл білімі институты емес, түрлі саланың мамандары өздері жасауы керек. Тіл білімі институтының, тіл мамандарының атқаратын міндеті жа сал ған терминдер тілдің заң дылықтарына сай жасалды ма, жоқ па деген мәселені қарап, анықтап беру. Ал сіздерге біз осындай терминдер түздік деген тәрізді ұсыныстарымен келушілер болды ма? Жаңа айтқан бес саланың бесеуінен де сөздіктер шығардық. Оның бәрі уақы тымен елдің қолына таратылды. Мәселен, кеше ғана қоғамдық ғылымдар термин дері сөздігінің қазақша-орысша, орыс ша-қазақша сөздігін шығарып, жұртшы лықтың қолына ұсындық. Ертерек шыға руға болар еді, бірақ қаражаттың жоқтығы кешіктірді. Бұл үлкен еңбек. Қазақтың мейлінше шұрайлы, мағыналы бай тілін қолданатын ауылдағы қарапайым халық. Сөзге түсінетін, сөз ұғатын, астарлы сөзге үңіле алатын да солар. Өкінішке қа рай, дала қазағы, қала қазағы болып екіге жарылды. Оның бірден-бір көр сеткіші тіл. Мәселен, ұлттық тілдің интонациясы, қазақша айтқанда, сөйлеу мақамы өзгеріп бара жатқан секілді. Оны қазіргі таңдағы қазақ тіліндегі кино-мультфильмдерден байқауға болады. Өстіп шұбарлана берсе, тілдің ұлттық негізінен, табиғи қалпынан ажырап қалмаймыз ба? Бұл баршамызды толғандыратын, ойландыратын, күнделікті санада жүрген мәселе. Кешегі кеңестік дәуірді жаппай жамандай беруге де болмас. Ол дәуірде де біздің жеткен жетістіктеріміз аз емес. Білім алдық, ғылыми дәрежелердің сатыларынан өтіп, баспалдақтарға көтерілдік. Алайда тілге қатысты, білім-ғылым саласына жасалған, сол кездегі жымысқы саясаттың салдарын әлі күнге бастан өткеріп, зардабын татып келеміз. Жастар түгіл, кексе тартқан біздердің бойымыздан кеңестік дәуір тәрбиесінің ұшқыны байқалады. Бұл кешегі кеңес заманында жүргізілген сая саттың бүгінгі нәтижесі. Тіл білімінде орфоэпия, орфография дейтін заңды лықтар бар. Осының бәріне ұлттық мүдде тұрғы сы нан қадаға лаудың орнына біздің кейінгі интел лигенция өкілдері орфоэпия мен орфо графия заңдылықтарын алмастырып алады. Жазылған дүниені оқығанда ауызекі сөйлеу ережесін сақтауды ескере бермейді. Кейде телеарналар мен радиодан сөйлеп жатқан жастарды тыңдағанда осындай қателіктерін байқасам, қарным ашады. Мәселен, «шекара» сөзі жазыл ғанда «к» әрпімен жазылады, ал осыны кәсі би комментатор лары мыз дың өзі сол күйінде қолдана тынына таңғаламын. Айтыл ғанда «шегара» ғой. «Көзқарас» дейді. Дұ рысы «көз ғарас». Өнер емес өнөр. Үндестік заңын дағы ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал дар ықпалын ескермейтіндер бар. Осындай лардан сөйлеу тілімізге орасан нұқсан, тіпті зиян келеді. Латын әліпбиіне көшуге байланысты көзқарасыңыз... Латын алфавитінің сөйлеу мақамымызға пайдасы болмаса, еш зиянын байқамадым. Оқып кете береміз. Кешегі V құрылтайда менің баяндамамда латын әліп- info@alashainasy.kz биіне көшуге қатысты мәселелер де қоз ғалды. Бұл мәселеге Елбасының өзі көптен бері мән беріп келеді. Ол мәселе бойынша біздің ғалым дарымызға нұсқау, тапсырмалар берілген. Латын әліпбиіне қатысты он шақты нұсқа да жасалды. Оның бәрі бірнеше мәрте комиссияға түсті, тексерілді. Әне-мі не деп, әлі күнге сөзбұйдаға салынып келе ді. Меніңше, кешегі кеңестік дәуірдің ық палынан арылудың бір жолы латын әліп биіне көшу және түркілік тұтас тыққа қа рай бейімделу. Ең бастысы, латын әліпбиі де геніміз ағылшын әліпбиінің негізі. Біз бұ ған қанша жерден бармаймыз десек те, қа зіргі жастарымыз ұялы телефон мен компью терді қолданғанда латын алфавитімен жазуға машықтанып барады. Яғни бұл үдеріс халық арасында басталып та кетті. Тек үкімет тарапынан ғана қолдау керек тәрізді. Демек, сіздің ойыңызша, бізге латын әліпбиіне көшу тиімді ғой? Иә, тиімді. Енді ономастикаға ойыссақ, Қазақстан ның қазіргі жер-суларының, елді мекендерінің тарихи атауларын қайта қалпына келтіруге, қалалар мен елді мекендердегі көшелерді қазақы атауларға көшіру барысына көңіліңіз тола ма? Әрине, жиырма жылдың ішінде талай маңызды істер атқарылды. Көптеген жер-су, көше атаулары өзінің байырғы қазақы атауларына ие болып жатыр. Бірақ әлі де тұнып жатқан «тундра» бар. Осы жайында Халықаралық «Қазақ тілі» қоға мы оқтыноқтын жер-жерлерге хабарласып, басшыларына ескертіп, мұндай мәсе лелердің түйінін шешіп, басын ашып келеді. Бұл өзге ұлттарға жасап жатқан қас тандық сияқты көріп, үрке қарайтындар да бар. Бұл өте қате пікір. Тәуелсіз елміз, тәуелсіз мемлекеттік тіліміз бар, енді неге өзіндік мәселелерді реттеп алмасқа?! Оған біздің хақымыз бар ғой. Петропавл мен Павлодар сынды солтүстіктегі қос қала мыздың атауларын қазақшаландырамыз деп, әлсін-әлсін мәселе қозғап қоямыз. Мен осы қалалардың біріне Абылай дың, біріне Кенесарының атын берсек деген ұсынысымды да айтқанмын. О бастанақ еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғаларымыздың Петрден қай жері кем?! Бұл орайда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қызметкерлеріне үлкен ризашылығымызды білдіру абзал. Өз басым әріптестерімнің еңбегіне ризамын. «Тіл отбасынан бастау алады, Отан аясында дамиды» дегеніңіз бар. Осы тұрғыда қандай тың ұсыныстар айтар едіңіз. Шынын айтқанда, біздің айтып жүр ген мәселеміздің барлығы кенеттен пайда болған ойлар емес. Қоғамымыздың даму заңдылығының өзі алдымызға ұсы нып тұрған мәселелер. Бұл мәселелер дің бар лығы да Байтұрсынов, Дулатов, Бөкей ха нов заманында-ақ көтерілген болатын. Ахаң бастап көтерген мәселелерді біз қайтара көтеріп жа тырмыз. Қайта «оятуға» тырыстық. Қайтадан «маса» боп ызыңдап, ой салуды көзде дік. Сол кездегі тұлғалар дың дұрыс бастамаларын біз әлі күнге дейін толық іске асы ра алмай жатырмыз. Біреудің қолымен от көсеуге құмар адамдар ортамызда көбейіп барады. Бар мәселе өзімізден басталады. «Отан отбасынан» дегенді әрбір азамат ескеруіміз керек. Өз баламызға ұлт тық мұраларымызды түсіндіріп жеткізе алмасақ, қазақтығымыздан не пайда?! Отбасынан бастап, ары қарай балабақша, мектебімізге қарай бұл мәселе шешімін таба беруі тиіс. Ұлттық негізде тіршілік жасасақ, біздің тілімізді ешкім де сырттан келіп тартып кете алмайды. Бәрі өзімізге байланысты. Дұрыс айтасыз, аға. Елге тілегіңіз... Тіл деп қалған шашымды ағартып келе жатқан көп қазақтың бірімін. Әрбір қазақ өзіне-өзі және ана тілі мен ұрпағына ие болып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға өз үлестерін қосса деп тілеймін. Сұхбатыңызға рақмет! Жаппай сырғанау маусымы қашан басталады? «Медеу» мұзайдыны ашылады деп жатыр. Биыл билеттердің құны қандай болады екен? Мұзайдын нешеге дейін жұмыс істейді? «Медеу» биік таулы спорт кешені мамандарының хабарлауынша, мұзайдын 1 қазаннан бастап жұ мыс іс тей тін болады. Сырғанау мау сы мының ашылуы сағат 10.00-да. Осы салтанатты шара үшін анима тор лар түрлі мәдениқы зықты бағ дарламалар дайындап қойған. Көңілді бағдарлама түске дейін ғана ұйымдастырылады, әрі қа рай жаппай сырғанау жалғасады. Мұзайдынның бейсенбі жексенбі күндері аралығында ғана жұмыс істей тінін естеріңізге сала- Гүлназ ЕРІМБЕТОВА, Алматы қаласы мыз. Бей сенбі, жұма, сенбі, жексенбі күн дері жаппай сырғанау екі кезеңге бөлінген: сағат 10:00 16:00 және 18:00 23:00 аралығында. Бір сеанста сырғанау мен конькиді жалға алу дың жалпы құны ересектер үшін 1600, студенттер мен зей неткерлер үшін 800, 7-12 жас аралы ғындағы бала лар үшін 500 теңге, 7 жасқа дейінгілер үшін тегін. «Медеуге» дейін Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің бұрышынан 6 автобус қатынайды. Тәні күйген адамға қандай жәрдем көрсету керек? Өрттен денесін күйік шалған адамға қандай алғашқы жәрдем көрсету керек екенін білмеймін. Адамның күйіп қалған терісін қозғауға, жарақатын дәкемен орауға бола ма? Ұлан РҮСТЕМОВ, Ақтөбе қаласы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апат медицинасы орталығы маман дарының мәліметінше, өртте қалып қойған адамды ең алдымен ыстанған киімінен арылту қажет. Есте мықтап ұстайтын бірнеше жайт бар: тәнін күйік шалған адамның терісіндегі көпіршік ісіктерді жаруға немесе теріге вазелин, басқа да май-кремдер жағуға болмайды. Күйген денені дәкемен қатты таңуға да болмайды. Бірақ дененің күйік шалған тұсын құрғақ стерильді сейсеппен жауып, оның сыртынан қарға, мұзға немесе суық суға толтырылған целлофан қапшықты не бөтелкені басу қажет. Тәні күйген адамға анальгин дәрісінің 2-3 түйірін берген жөн. Жарақат алған адам көп мазасызданбауы үшін оны сұрақтың астына алмау керек және көп қозғалуға мәжбүрлемеген абзал. Ол адам дәрігерлер келгенше таза ауамен тыныстауы қажет.

e-mail: info@alashainasy.kz ДОДА 7 ФУТБОЛ Жігіттер, қыздарға қараңдар... Футболдан «СШВСМ-Қайрат» клубының қыздары Алматыда Австрияның «Нойленгбах» деп аталатын командасын 2:1 есебімен тізерлетті. Бұл әйелдер арасындағы УЕФА чемпиондары лигасының 1/16 саты сындағы алғашқы кездесу. Еліміздің чемпионы Австрияның үздік клубын қабылдап, Алатау бөктерінде жеңіске жетті. Қарымта матч 5 қазан күні Австрияда өтеді. Ал 11 қазан күні ерлер арасындағы ұлттық құрамамыз Астанада Австрия футболшыларын қабылдап, 2012 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы соңғы ойынын өткізеді. Жігіттеріміз де қыздарымыз секілді австриялықтардан басым түссе екен деп тілеудеміз. Қыздардың бұл жеңісі жігіттерге қайрат бергей... Ал қыздарымыздың жолын ашып, жігерлендірген әйелдер арасындағы ойын Қа зақ стан ұлттық құрамасының жеңісі сияқ ты. Жақында ғана біздің қыздар 2013 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Түркия қыздарын 2:0 есебімен тізе бүктірген болатын. Яғни қыздарымыз жеңістерін жеңіспен сабақтап жатыр. Жалпы, «СШВСМ-Қайрат» және «Нойленгбах» клубтары арасындағы сондай тартымды болмағанымен, біздің қыздар соңғы минуттарға дейін үміттерін үзбей, жігерлілік таныта білді. Бәлкім, бұл ойында қыздарымыздың ойын өрнегі кейбіреулердің көңілінен шықпаған да шығар. Өйткені әйелдер арасындағы теңбіл доп додасының деңгейі ерлер арасындағыдай аса жоғары емес. Қарқындары мен жылдамдықтары да баяулау. Жиі-жиі қателесіп те жатады. Алайда ойын аяғына дейін тырысып, тыраштана беру жағынан қыздарымыз ешкімнен кем түспеді. Бірінші тайм тең аяқталғанымен, екінші таймда соңғы минуттарға дейін көмескі үміттерін сөндіріп алмай, ентелей беру жемісін берді. Екатерина Ялова екі рет ескерту алып, алаңнан аластатылса да, қалған он қызымыз оған да жасымай, жанталаса берді. Екі голды да белоруссиялық легионеріміз Ольга Анисковцева соққанымен, бұл жеңіске бәрі де өз үлесін қасықтап қосты. Енді 5 қазан күні бір гол айырмасына тең осы басымдықты уыстан шығармау керек. Түзде тең түссек, жарар еді. Егер УЕФА чемпиондары лигасының 1/16 саты сында «Нойленгбахты» тақырға отырғызып кетсек, 1/8 финалында не Италияның «Таваньякко» деген клубымен, не Швецияның «Мальме» атты командасымен кездеседі екенбіз (бұл екеуі бірінші ойындарын кеше түнде Апеннин түбегінде өткізді). Тсс, армандамай, әліптің артын тосайық... «СШВСМ-Қайрат» «Нойленгбах» 2:1 Голдар: Анисковцева, 42. Анисковцева 90+2 Бургер, 45+1. 75-минутта Е.Ялова (Қ) алаңнан қуылды. «СШВСМ-Қайрат»: Железняк, Красюкова, Е.Ялова, Столповская, Волкова, Иванова, Анисковцева, Бирваген, Қырғызбаева, Әлімқұлова (Әлімбозова, 52), Максименко. Нұрғазы САСАЕВ ЕЛ КУБОГЫ Жеребе тартылды Кеше футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалдық ойындарының жеребесі тартылды. Елордадағы «Астана-Арена» стадионының баспасөз орталығында тартылған жеребеден соң ел кубогының жартылай финалындағы командалар жұбы анық талды. Сөйтіп, екі жұп төмендегідей болды: «Тараз» (Тараз) «Ордабасы» (Шымкент), «Ертіс» (Павлодар) «Тобыл» (Қостанай). Бірінші ойындар 3 қараша күні жоғарыдағы жұптарда бірінші жазылған командалардың алаңында, яғни Тараз бен Керекуде өтеді. Қарымта кездесулер 8 қараша күні Шымкент пен Қостанайда өтетін болады. Осы екі матчтық додада басым түскен екі команда финалға шыға ды. Ақтық ойын 13 қарашаға белгілен ген. Әлихан ЖАППАР БОКС СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ Ата-баба рухын қастерлейтін иманды жігіт Қазақ жанкүйерлеріне ережесіз жекпе-жек туралы түсінік қалыптастырған Ардақ Назаров бастаған білекті жігіттер екеніне дау жоқ. Бір кездері шетелдік кинофильмдердегі актерлердің қимыл-әрекеттерін теледидардан қарап, қайталайтын жас буынның енді өз баты рына қарап бой түзеуге құқы бар. Ережесіз жекпе-жекте ешкімге есе жібермейтін америкалықтардың да тізесін дірілдеткен қазақ батыры Ардақ Назаровпен арнайы жолығып, тілдескен едік. Бокстан Бакуда өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші күні Қазақстан құрамасы сапынан Әділбек Ниязымбетов шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті. 81 келі салмақ дәрежесіндегі Әділбек молдовалық Игорь Шелестпен қолғап түйістірген болатын. Бұл жекпе-жек осы кештегі бағдарламаның ең соңғы кездесуі болғандықтан, залда Қазақстан делегациясынан басқа ешбір жан болмады. Бірен-саран молдовандар болмаса, жергілікті халықтың бәрі тарап кетті. Жалпы, әзірбайжандар боксты онша жақсы көрмейтін сияқты. Өйткені үш күн бойы 50-ден асқан жанкүйер ғана жиналды. Лық толы халықты көрмедік. Жергілікті боксшы шаршы алаңға шықса да, жапырыла келіп қолдап жатқан ешкім жоқ. Сонымен, Әділбектің жекпе-жегіне тоқталайық. Әділбек осыдан екі-үш жыл бұрын жасындай жарқырап, ел чемпионаты мен құрлықтық біріншіліктерде көзге түсіп, артынан көрінбей кеткен-ді. Биылғы ел чемпионатында да айтарлықтай табысқа қол жеткізе алған жоқ. Бірақ бас бапкер Мырзағали Айтжанов Әділбекке сенім артуды жөн санапты. Бұл оған берілген тамаша мүмкіндік. Енді тек өз шеберлігін Баку шаршы алаңында паш етуі тиіс. Әлем чемпионы Ердос Жаңабергеновті баптап шығарған білікті бапкер Марат Жакиевтің Ардақ аға, әңгімемізді бүгін қайда жүргеніңізден бастағанды жөн көріп отырмын. Соңғы кездері жанкүйер көзіне көп түспейсіз... Бұл күндері «Бейбарыс» кәсіби клубын дағы барлық жігіт қызу дайындық үстінде. Қасиетті Рамазан айында ораза тұтып, Алла тағала алдындағы парызда рымыздың бірін өтегендіктен, біраз жарыстан бас тартқан едік. Енді қайтадан күш жинап, жаттығу жұмыстарын бастап кеттік. Ережесіз жекпе-жектің отаны деуге болатын АҚШ-қа барып, тәжірибе арт тырып жатқанымыздан жанкүйер хабар дар. Бокста кубалықтар қалай қарқынды болса, ережесіз жекпе-жекте АҚШ спорт шыларының шоқтығы сондай биік. Біз азғантай уақыт аралығында әлем мықты ларын тізерлететіндей дәрежеге жетіп қалдық. Бірақ бұл да бізде бәрі жақсы дегенді білдірмейді. Ережесіз жекпе-жекте өзгелерден оқ бойы озық тұратын америкалықтар Қазақстаннан келген қонақтарды қалай қарсы алды? АҚШ спорттан ғана емес, барлық фактор бойынша әлемде көш бастап тұрған держава. Сондықтан олардың ережесіз жекпе-жекте бастапқы орындарда тұруы да орынды. Ол жақтағы жағдаймен біздікін салыстыруға мүлде келмейді. Арасы жер мен көктей. Америкалықтардың дайындық жүйесінде ұсақ-түйекке дейін ескерілген. Спортшының материалдықфизикалық жағдайы, жаттығу базасы, оның спорттық киімдері, бәрі-бәрі басшылық тарапынан шешімін тауып қойған мәселе. Жағдайын жасап, білгенін үйретіп отырған соң, спортшының жеңіске жетуден басқа амалы жоқ. Америка, Бразилия, Мексика спортшыларымен бірлесе отырып, біраз жаттығу жиындары мен кездесулер өткіздік. Тәжірибе алмастық. Олардан үйренеріміз көп. Қуанышымызға орай, біздің құрама барлық командалық кездесуде жанкүйерлерді жерге қаратқан жоқ. Маями және Лас-Вегас қалаларында өткен жекпе-жекте Америка мен Мексика мықты ларының мысын басып, қазақ баласының да тұғырда тұруға қақысы барын дәлелдедік. Республика сарайына жанкүйер жинап, ережесіз жекпе-жектен команда лық кездесулер өткізуді дәстүрге айналдырып едіңіз. Бұл үрдіс бүгінгі күні тоқтап қалды. Неге? Иә, елімізде кенжелеп қалған ережесіз жекпе-жектің насихатын арттыру мақсатында бірнеше кездесу өткіздік. Бұл белдесулер қазақ жанкүйеріне ерекше рух сыйласа, жігіттерге жаңа серпін берді. Қазір шамалы уақытқа тоқтап тұрмыз. АҚШ-қа барып, ережесіз жекпе-жектің жілігін шағып, майын ішкен мамандармен қоян-қолтық жұмыс жасауға біраз уақыт бөлген едік. Бұйырса, жергілікті жанкүйерді қуантатын күн де туады әлі. Ардақ аға, ережесіз жекпе-жек Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбейді. Көптеген спортшының Олимп шыңынан көрінгісі келетіні анық. Оның үстіне, темір торда жанталаса айқасып жатқан спорт шыларға қарап, кейде жаның түршігеді. Спорттың бұл түрін таңдауға не себеп болды? Рас, ережесіз жекпе-жекпен айналысу оңай шаруа емес. Бұл салада биіктен көрінемін десең, кем дегенде спорттың бес Екінші жеңіс бәрімізге дем берді төл шәкірті. Әлем чемпионатындағы алғаш қы айқасы болғандықтан, Әділбектің толқығаны байқалды. Ол бірінші раундта қозғалмай тұрып қалып, сасқалақтап, бәрімізді біраз қобалжытты. Бірақ қарсыласынан бұрын соққы жасап, екі ұпай айырмашылығымен алға шықты. Бұл оның толғанысын таратып, психологиялық түрінен хабардар болуың керек. Мені төртінші сынып оқып жүрген кезімде грек-рим күресі үйірмесіне жаздырған анам еді. Кейін анамнан: «Мені неге домбыраға немесе өнердің басқа бір түріне баулыма дыңыз? Спортқа әкелген себебіңіз не?» деп сұрағанымда, анам: «Менде ұлым қазақ тың Туын аспандатып, рухын көтерсе, спорттық додада оза шауып, бәйге алса деген ана лық арман болды. Сол арманым орындалса деген тілекпен сені күреске жетелеп апардым», деп жауап берді. Ана тілегін жерде қалдырмау үшін осыдан соң өте көп еңбектендім. Шыны керек, ережесіз жекпежекке кетуіме спорттың бұл түрінен жүлде сал ған қазақтың жоқтығы түрткі бол ды. Мәселен, грек-рим кү ресін де Жақ сылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов сынды атақты аға ларымыз бар. Бокстан да құра лақан емеспіз. Ал ережесіз жекпе-жекке келген де аузымызға құм құйылғандай болады. Осыдан соң тәуекел етіп, ережесіз жекпе-жекке ден қойдым. Ресейлік Олег Тохтаров та жоқтан бар жасап, ел намысын биік ұстаған ғой. Олег тің бұл ісі маған да үлгі болды. Бапкерім Сағат аға күн демей, түн демей дайындады. Нәтижесі, Аллаға шүкір, жаман емес. Әлемнің үш дүркін чемпионы атағын жеңіп алғаныма кейде сенбей, өзөзіме сұрақ қоятын кездерім болады. Ендігі басты мақсатым ережесіз жекпе-жектен бес мәрте әлем чемпионы атану. Осы ойым орындалып жатса, спорт пен қош айтысамын. Атауы ережесіз жекпе-жек болғанымен, қандай да бір ережелері бар шығар? Әрине, бар. Қоян-қолтық ұрысқа кіріскенде, көп жағдайда абай болу қажет. Мәселен, көзден шұқуға, қарақұстан ұруға, жанды жерден тебуге рұқсат етілмейді. Шетелге көп шығатын спортшылардың бірісіз. Қазақстандықтарға жат жерде кездесетін келеңсіздіктердің бірі сайқымазақ Борат. Бұл мәселе сізді де айналып өтпеді деп естідім... Иә, шетелдік жанкүйерлер аузынан Борат дегенді жиі естиміз. Қатты намыстандық. Бірақ мен олардың әрқайсысына: «Біздің ел, Борат айтқандай, оңбаған емес, біз Тәуелсіз, зайырлы, талай ұлттар ұйысқан еңселі мемлекетпіз», деп түсін діріп жатпай мын ғой. АҚШ жұртшылығын біз тамаша жеңістерімізбен тамсандырдық деген пікірдемін. Ақыл-түсінігі дұрыс адам осыдан соң көп нәрсе ұғуы керек. барьер ден өтуіне септігін тигізді. Үзіліс кезінде бас бапкер Мырзағали Құланұлы қандай тактикаға көшу керектігін Әділбектің құлағына құйды. Бірінші өзі соққы жасауы керек. Әйтпесе қарсыласы қорғанып жүре береді. Осы ақылды қаперінде ұстаған Ниязымбетов Молдова боксшысын аямай бір-екі рет түйіп қалды. Жақтан да Әлемдік кинематографияда көп таспаланған спорт түрі бокс. Алайда ережесіз жекпе-жек те одан қалысар емес. Ережесіз жекпе-жек туралы кино ға түсуге шақырса, барар ма едіңіз? Киноға түсу туралы ұсыныс көп. Бірақ біразынан бас тарттым. Ресейден түскен бір ұсыныста қылмыстық топтың мүшесі болып ойнауымды өтінген. Киноға түспек ойым бар, бірақ жағымсыз рөлдерді сомдап, жұртшылықты бұрыс жолға үндегім келмейді. Мәселен, мен Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек бабалардың бейнесін сомдағым келеді. Батыр бабаларды насихаттау онсыз да көңілден шығарлықтай емес, сондықтан соларды қайта тірілтуге болады ғой. Тарихи тұлғаларды қайта сөйлету арқылы жас ұрпақ санасына ұлттық идеяларды сіңіргеннің еш сөкеттігі жоқ. Ал кино дегеніңіз тұнып тұрған идеология. «Рэкетир» сияқты жойқын күшті оңай жол мен ақша табуға жұмсайтын фильмдерден алар тәрбие аз деп ойлаймын. Қандай іс бастасам да, халық ғибрат алса деген ой бірінші орында тұрады. «Рэкетир» демекші, сіздің жастық шағыңыз Кеңес Одағы ыдырап, рэкеттердің бой көтерген шағына тура келді. Тепсе, темір үзетін қарулы жігіттеріміз бен болашағынан үміт күтіп жүрген біраз спортшымыз бірден бұзақы болып шыға келді. Ал сіз мұндай жолдан қалай аман қалдыңыз? Ең бірінші кезекте иманымның мықтылығынан. Содан соң өскен орта мен тәрбиенің әсері, жолдастар мен бапкерлерімнің нұсқауы. Қасықтап жиған абыройдан айырылып қалу оп-оңай. Мұндай қиын кезеңнен мені қайратым, ақыл, иманым алып шықты. Спортшылық карьераңыз аяқталған соң не істемек ойыңыз бар? Спорттан бөлек заң, құрылыс, экономика және теміржол салаларын игер дім. Бұл менің болашаққа салған инвестициям десе де болады. Отызда орда бұзбасаң, қырықта қамал алмайсың. Мәңгі бақи спортшы болып жүре бермесің хақ. Бапкерлік туралы ойлаған жоқпын, бірақ келешекте қазақ спортшыларының демеушісі болатын шығармын. Мүмкін, Туризм және спорт министрлігіне қызметке тұрармын. Мұның бәрі алдағы уақыт еншісінде. Алматы мен Астана қалаларында ережесіз жекпе-жекке арналған залдарды көбейтуді көздеп жүрмін. Бәріміздің түп тамырымыз ауылда болғасын, ауылдағы қаракөздердің де қамын ойлаймын. Мақсат көп, енді соларды біртіндеп орындау қалды. Сұхбаттасқан Ақырыс СЕЙІТҚАЗЫ жақсылап соқты. Қарсыласы есеңгіреп қалып еді, ортадағы төреші есеп ашқан жоқ. Дегенмен Шелестің бір сау сағын бүгіп жүргені байқалды. Тек тәжіри бесі аз екен, әйтпесе оңай берілетін түрі жоқ. Десек те, өзінің дұрыс қолданған так ти касының арқасында біздің жерлесіміз екінші раундта есепті 13:6-ға жеткізді. Бірақ соңғы раундта қателіктерге бой ал дыра бастады. Әділбектің шаршаңқырап қалғаны байқалды. Мұны жақсы түсінген Шелест шабуылға көшіп, енді өзі соққы жасауға кірісті. Соққылары да діттеген жеріне тиіп жатты. Әділбек қозғалудан қа лып барады. Қорғанбаса, қарсыласы есепті теңестіріп кететін секілді. Абырой болғанда, жылжымастай болып көрінген үш минут біттіау, әйтеуір. Есеп 16:11. Үшінші раундта Әділбектің үш соққысы дәл тисе, молдован бес соққысын дары тыпты. Егер Әділбек екінші раундта шабуы лын үдетіп, есепті ұлғайтып алмағанында, не болары белгісіз еді. Қалай десек те, Әділбек жеңді, әйтеуір. Енді 2 қазан күні биыл Инчонда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, оңтүстіккореялық Ким Хионькюмен кездеседі. Әділбек НИЯЗЫМБЕТОВ: Бірінші және екінші раундта өзімді жеңіл сезініп, бірнеше соққымды дәл тигізе алдым. Ал үшінші раундта шаршап қалдым. Сол себептен өзім де бірнеше соққы жіберіп алдым. Бірақ қарсыласымның жұды- БАСКЕТБОЛ Команда болып қалыптасуға екі-ақ минут қалыпты «Астана» баскетбол клубы Краснодарда өткен «Ресей теміржолдары» кубогы халықаралық турнирінде соңғы төртінші орынмен шектелді. Осымен алтыншы рет жалауын желбіреткен дәстүрлі додада биыл ғана құрылған «Астана» клубы үшінші орын үшін додаға түскен-ді. Кубань орталығында Польшаның «Ассеко Проком» деген командасымен кездесіп, 68:75 есебімен ұтылып қалды. Әу баста ойынды тәп-тәуір бастап, поляктарға дес бермеген. Ойынның бірінші жартысы тең аяқталып, екі команда біраз арпалысты. Матчтың бітуіне екі минут уақыт қалғанда есеп 66:66 болып, таразы басы теңеліп тұрды. Алайда соңғы минуттарда Қазақстан клубы ойыншыларының жүйкесі сыр беріп, ойын ережесін жиі бұзумен болды. Мұны Гдыня қаласының баскетболшылары ұтымды пайдаланып, соңғы минуттарда табандылық таныта білді. Осылай төзімділігі соңғы минуттарға жетпей қалған біздің баскетболшылар 68:75 есебімен жеңіліп қалды. Бұдан біз елордалық клубтың азулы команда болып қалыптасуына екі минут қана жетпей тұр деп айта аламыз. Бұл сөзімізге Кубань төріндегі ойынның төрт кезеңінің нәтижесіне қарап көз жеткізуге де болады: 20:21, 21:20, 15:15, 12:19. Осы екі ұжымды жартылай финалда тізе бүктірген Ресейдің екі клубы, яғни ЦСКА мен «Локомотив-Кубань» финалда бас бәйгені сарапқа салды. Бұл кездесуде мәскеуліктер 81:66 есебімен жеңіске жетіп, «Ресей теміржолдары» кубогының жеңімпаздары атанды. Жергілікті «Локомотив-Кубань» екінші орынға ие болса, Польша клубы үшінші орынды жеңіп алды. Өкінішке қарай, қазақтың «Астанасы» соңғы орыннан сая тапты. Бұл турнирден аяғына жаңа тұрған «Астана» сабақ алып, тәжірибе жинақтап, «ВТБ бірегей лигасында» өрнекті де нәтижелі ойын үлгісін көрсетеді деп сенеміз. «Ресей теміржолдары» кубогы халықаралық турнирінің үздік ойыншылары: Ең үздік қорғаушы Алексей Швед (ЦСКА), Ең үздік шабуылшы Алонцо Джи («Ассеко Проком»), Ең үздік орталық ойыншы Горан Чакич («Астана»), Турнирдің ең бағалы ойыншысы Кей Си Риверс («Локомотив-Кубань»). Айқын ЖАППАР рығы қатты емес екен. Бұл бірінші жекпежек болғандықтан, қиындау соқты. Ендігі кездесулерде өзіме келемін ғой. Мақсатым биік, Баку шаршы алаңының ең биік тұғырына көтерілгім келеді. Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали АЙТЖАНОВ: Әділбек бұрын 75 келіде бақ сынаған. Жаңа салмаққа ауысқаннан кейін оған қиын болады енді. Қарсыластары 90 келіден салмақ қуып келеді. Бұл жерде оның артықшылығы мен басымдығы: ол жанын қинап, салмақ қумайды. Сондықтан бұл да өз септігін тигізуі тиіс. Шаршап қалғаны: бірінші кездесу ғой. Ары қарай жақсы болады. Ендігі кездесуде де жеңіске жетуі керек. АИБА атқару комитетінің мүшесі Серік ҚОНАҚБАЕВ: Маған Әділбектің өнері ұнады. Соққы лары жақсы көрінді. Тактикасы да дұрыс. Бірінші айналымнан өтті. Ең қиыны осы. Ары қарай ашылып, өзін-өзі жігерлендіре білсе, жүлдеге ілініп қалар. Біздің жігіттердің бірінші айналымнан өткендері жақсы. Өйткені бұл командадағы қалған боксшыларымызға дем береді. Кеше кешкісін Серік Сапиев Эквадор боксшысын айқын басымдықпен жеңді. Телжан КҮДЕРОВ, Баку Пенальтиді ойлап тапқан кім? Футболда 11 метрлік айып добынан келетін қауіп көп. Кейде матч соңындағы пенальти сериясын лотерея билетімен салыстырып жатамыз. Мені осы «пенальти» ұғымының қалай пайда болғаны қызықтырады. Соны білуге бола ма? 11 метрлік айып добын ойлап тапқан ирландиялық Уильям Маккрам. Оның пенальти турасындағы идеясын футболдағы «өлім жазасына» теңегендер де бар. Бір қарағанда, футболшы 11 метр қашықтықтан тебе салғандай көрінетін айып добын орындаудың өзінің қатаң ережелері бар. Мысалы, айып добы орындалғанда, қақпашы ойыншы допты тепкенге дейін қақпа алдын дағы сызықтан шықпауы тиіс. Ал өзге команда мүшелері пенальти орындайтын ойыншыдан 9,15 метр алшақ тұруға міндетті. Әсет ОСПАНОВ, Қызылжар қаласы Жалпы, «пенальти» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «айып» деген ұғымды білдіреді. 11 метрлік айып добын орындауда да талай қызық болған. Мысалы, 1999 жылы Аргентина құрамасының ойыншысы Мартин Палермо Латын Америкасы кубогы жолындағы бір ойында Колумбия қақпасына үш мәрте он метрлік айып добын соға алмаған. Сол пенальтилердің бәрін тойтарған Парагвай құрамасының даңқты қақпашысы Хосе Луис Чилаверт. Жүгіру әдісін кенгурудан үйренгенбіз Жеңіл атлетикадағы жүйріктер жарыс басталар алдында неге иіліп, қолымен жер тіреп тұрады? 1887 жылға дейін жарысқа қатысушы желаяқтар қазіргідей қолымен жер тіремей, жүгіруді тікесінен тұрып бастап кететін. Сөреден төмен иіліп тұрып, атылып шығуды америкалық желаяқ Чарльз Шерилл салтқа енгізді. Ол жүгірер алдында кенгурудың еңкейетіндігіне назар аударыпты. Жүгіруді осылай бастағанда өзі де жақсы нәтиже көрсеткен сыңайлы. Содан төрешілердің қарсы- Асан НҰРҒАЛИЕВ, Семей қаласы лығына және жанкүйерлердің келеке етіп күлгеніне қарамастан, жүгіруді қолымен жер тіреп тұрып бастайды. Осыдан соң ол барлық қарсыласына шаң қаптырып, чемпион атанған екен. Шериллдің бұл әрекеті кейіннен жеңіл атлетикадағы бұлжымас шарт тардың біріне айналды. Ал барлық желаяққа мұндай ақылды үйреткен жануар кенгуру екенін ұмытпайық.

8 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 8 172 (624) 30.09.2011 172 (624) жыл, 30.09.2011 жұма жыл, жұма e-mail: СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ? Дәретханаға қыруар ақша тастап кеткен Жапонияның Сакадо қаласы әкімшілігінің дәретханасынан хатқа салынған 10 млн иен табылды. Белгісіз біреу қолхат қалдырып, ақшаны елдің жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарына жылу ретінде беруді сұрапты. Mainichi Daily News-тің хабарлауынша, шенеуніктер анонимді хат иесін қарт кісі деп долбарлап отыр. Ол: «Мен жалғыз басты адаммын. Мына ақшаны алып, Тохокудың тұрғындарына беріңіздерші», деп жазыпты. Қазір хат иесі іздестіріліп жатыр. Ал оның өтініші міндетті түрде орын далатын болды. 10 млн иен АҚШ-тың 135 мың долларына тең. Соған қара ғанда, қарияның ауқатты адам екені сөзсіз. Естеріңізде шығар, биыл наурыз айында Жапонияның Тохоку аймағында жер сілкінісі мен цунами болып, оның арты атом электр стансысының апатына ұласты. Ресми мәлімет бойынша, 23 мың адам опат болып, тағы мыңдаған адам үй-күйінен айырылды. СКАНВОРД Мұсылманша жыл бастауы Сүт өнімі Теріс іс Цирк жанры... Өмірзақова Киберқылмыскер «Құйыршық» мульт- матема- Америка фильмі тиктер режиссерінің қоғамының есімі сыйлығы Еуропалық ерлер сырткиімі Индекс 64259 1 айға 3 айға 6 айға 12 айға Алматы 506,89 1520,67 3041,34 6082,68 Қала 565,69 1697,07 3394,14 6788,28 Аудан (ауыл) 619,24 1857,72 3715,44 7430,88 Сібір Аласа үстел Мүгедек Қияли әңгіме Р.Нұғманов фильмі Аспан Шырын Алмұрт сорты Бекініс ішіндегі ең қауіпсіз жер Қаржы Мезгілден бұрын Шын Тарыдан жасалатын тағам Дерматологтың зерттейтін заты Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ «Утопия» авторы Батыл Көкезу Сөздерді дұрыс жазу ережесі Автомат Кең тараған би түрі Дромедар Газетіміздің 171 (623) санында жарияланған сканвордтың жауабы КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Орта. Атос. Сүре. Ромб. «Асса». Омметр. Фетр. Абсент. Бруно. Ротор. Шажа. Кісе. Идо. Ар. Есек. Поло. ТІГІНЕН: Ареометр. Асс. Уәж. Тасборан. АИК. Бор. Тарамыс. Окоп. Тесе. Елті. «Стен». Осал. Асқар. Тореро. ДУМАН «Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259 Редакцияның мекенжайы: Алматы қаласы,050051, Бегалин көшесі, 148/1 А e-mail: info@alashainasy.kz ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ e-mail: info@alashainasy.kz info@alashainasy.kz «Алаш айнасына» жазылу басталды Жеке және заңды тұлғалар үшін: индекс 64259. «Қазпошта» АҚ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады Ашытқы Арабтар автомобиль айдаған әйелді жазаламайтын болды Сауд Арабиясында 10 қамшы соғу жазасына кесілген әйел Шема Гассания жазадан құтылды. Король Абдалла ибн Әбдел Әзиз әл-сауд елде әйелдердің көлік жүргізуіне қатысты күлкілі тыйымынан бір жолға бас тартты. Бұл туралы BBC News хабарлады. Шема Гассания шілде айында көлік айдап, Джедд қаласының көшелерімен жүріп өткен. Сауд Арабиясында әйелдердің автокөлік жүргізуіне қатаң тыйым салынған болатын. Сол себепті Гассания сотталып, оған 10 рет дүре соғу жазасы кесілді. Алайда жуырда король Абдалла бұл үкімнің күшін жойды. Өткен аптаның соңында ол 2015 жылдан бастап араб елінде қыз-келіншектердің көлік жүргізуіне құқық берілеті нін айтты. Консервативті елде алдағы төрт жылдан соң әйелдер сайлау ға кандидатурасын ұсына алатын да болды. Алматтың әзілдері Атасы немересіне: Балам, мектептерің жақсы ма? Иә, ата, тамақтары дәмді... *** Кеңседе. Бастық қызметкеріне: Сен де мені ақымақ деп ойлайтын шығарсың? Білмеймін, мен жаңадан келдім ғой... *** Әріптестер әңгімесінен: Көңілсізсің ғой. Ақша жоқ. Айлық алғанда бір бөлігін қиын жерге тығып қоймайсың ба?! Олай істеп көргенмін, бірақ ерте тауып алып қоя бере мін. *** Сұрақ-жауап: Пойыздар үнемі кешіге береді. Онда олардың жүру кестесін жасап не қажеті бар?! Кесте болмаса, олардың кешігіп келетінін қайдан білер едік?.. *** Сот залында: Айыпталушы, сіз өзіңіздің досыңызға оқ атқа ныңызды мойындайсыз ба? Мен оны алғашында аю екен деп қалдым. Досым екенін өлгеннен кейін білдім. «Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259 Редакцияның мекенжайы: e-mail: info@alashainasy.kz Бегалин көшесі «АЛАШ АЙНАСЫ» Бегалин көшесі, 148/ 1а Бегалин көшесі Коккинаки көшесі Байтасов көшесі Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А Телефон: 8(727)388-80-60, Факс: 8(727)388-80-61 Луганский көшесі Республика сарайы Сәтбаев көшесі Достық даңғылы Абай даңғылы Құрманғазы көшесі Қабанбай батыр көшесі БҮГІН: ҚЫРКҮЙЕК Сн Жк Дс Сс Ср Сн Жк Дс Сс Ср Сн Жк Дс Сс Ср Сн Жк Дс Сс Ср 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 Қыркүйектің 30-ы Алаштың атаулы күні: Бүкіләлемдік теңіз күні. БҰҰ шеңберінде 1978 жылдан бері аталып өтеді. Қазақстан жағдайында мейлінше маңызды екі міндет бар, олар: Каспийдегі қауіпсіздікті арттыру және теңіз аумағын мұнаймен ластаудың алдын алу. Аударма саласы мамандарының халықаралық күні. 1941 жылы Мәскеу үшін шайқас басталған күн. Бұл шайқаста генерал-майор И.В.Панфилов қолбасшылығымен Алматыда құрылған 316-атқыштар дивизиясы айрықша рөл атқарды. 1954 жылы Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының Құмыл аймағы құрамында Баркөл Қазақ автономиялық ауданы құрылды. 1996 жылы Қазақстан Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт мәтініне қол қойды. Туған күн иелері: Сарбас Ақтаев (1934) ақын, аудармашы, журналист, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері; Майдан Сүлейменов (1941) заң ғылымының докторы, профессор, академик; Анатолий Диденко (1944) заң ғылымының докторы, профессор; Бақытжан Исенғалиев (1950) «ПетроҚазақстан» компаниясының стратегиялық коммуникациялар жөніндегі вице-президенті; Амангелді Дәулетжанов (1958) Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекшісі; Сабыр Адай (1960) ақын, журналист; Серік Алдашев (1963) ҚР Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі; Тимур Раханов (1975) «ҚазМұнайГаз» ҰК мұнай тасымалдау бойынша жобаларды басқару департаментінің директоры; Әсемгүл Хамзина (1982) ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы; Гауһар Бөрібаева (1983) «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ «Ұлттық көлік логистикасын дамыту орталығы» АҚ атқарушы директоры. Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін! «Алаш айнасы» Белгілі есімнің белгісіз сыры САРБАС: бұл есімді қазақтың ақсарбас айту дәстүрімен байланыстырған дұрыс болар. Халқымыз үшін бұл ең киелі ырымдардың бірі. О бастан өзін жаратылыстың бір бөлшегі ретінде сезіне білген данышпан халқымыз қуаныш пен қайғыны тәңірінің ісі деп қабылдап, одан не болса да жақсылық күткен. Бір адамға ғана емес, күллі қауымға әсері бар хабар естігенде, қандай жағдайда да бас аман болсын деген ниетпен «Ақсарбас!» деп, малды құрбандыққа шалған. Не болмаса «жас бала қауіпқатерден аман өссін» деген ырыммен оған төрт түлік төлінің бірін тарту еткен. Шығуы Ұзақтығы Батуы 06:48 11.49 18:36 ТОҚТЫ Бұл күні өзіңізге ғана се ніңіз. Ең дұрысы, күрделі жоспарларды кейінге қалдырып, өміріңіздегі өзгерістерге көңіл бөлмеу керек. Егер тыныштық сақтасаңыз, көп жетістікке же тесіз. Қаржылық жағдайы ңыз ға көңіл бөліңіз. Жақын да рыңызға да жәрдемдесуді естен шығарма ған абзал. ТОРПАҚ Күніңіз өте сәтті болмақ. Бизнесіңіздің қарқынды дамуына үлкен мүмкіндік туып тұр. Сондай-ақ материалдық жә не әлеуметтік жағдайыңыз жақсарады. Жұмыстарыңызға бай ланысты көптеген мәселе талпынысыңызға әсер ет пей ді. Себебі бүгін көп жетістік ке жақын тұрсыз. ЕГІЗДЕР Осы күн шытырман оқиғаларға толы болуы мүмкін. Қиыншылығы да аз емес. Әріптестеріңізбен тіл табыса алмауы ңыз мүмкін. Сонымен қатар ұсақ-түйек заттарға көп қаржы жұмсайсыз. Жеке өміріңізге байла нысты жағымды жаңалық осы күннің еншісінде болмақ. ШАЯН Бүгін сізге жұмыс пен демалысты үйлестірген дұрыс болады. Ал бос уақытты жақын туыстарыңызға бөлгеніңіз жөн, себебі жақын арада сізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Осы күні сіз оларға ізгі ықылас пен мейі ріміңізді сыйлай аласыз. Өйткені ең жақын туыстарыңыз қиын деген сәттерде сізді қолдап оты рады. АРЫСТАН Көптен армандаған мақсатыңызға жетудің аз-ақ алдында тұрсыз. Сіз үшін бәрі біткендей көрінсе де, мойынсын бауға тырысыңыз. Жұмы сыңызға байланысты істеріңіз сәтті аяқталады. Болашақта үлкен белестерден өтіп, қаржылық және рухани жағынан қомақты табыстарға қол жеткізуіңіз мүмкін. БИКЕШ Шет тілін үйренуге немесе басқа мемлекеттердің тарихы мен мәдениетін зерттеуге қолайлы күн. Сондай-ақ шетел дік серіктестермен қарым-қаты нас орнатып, іс бастауға болады. Себебі сезімталдығыңыз қаржы жұмыстарына пайдасын тигізуі әбден мүмкін. Іссапарға шығуды жоспарласаңыз, сәтті өтеді. +14+16 о +6+8 о +18+20 о +18+20 о +13+15 о +22+24 о +10+12 о ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ +7+9 о Ауа райы +15+17 о +6+9 о +17+19 о +4+6 о +15+17 о +2+4 о ТАРАЗЫ Осы күні сіздің абыройыңыз бен адал еңбегіңізге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Керісінше, әрі қарай дамытуға тырысыңыз. Алдағы уақытта сізді көптеген жетістік кү туде. Дегенмен, «сақтансаң, Құ дай сақтайды» демекші, тәуе кел ге бел бумай, жағымсыз іс тер ден аулақ болуға тыры сы ңыз. САРЫШАЯН Бұл күн сіз үшін сәтсіз болуы мүмкін. Қаржыңыздың көп жұмсалуы, істің сәтсіз жүруі сіздің жүйке жүйеңізге әсер етуі мүмкін. Бірақ бұған бола уайымдап, қиындыққа мойынсынбай, батыл іске көшке ніңіз жөн болар еді. Ең болма ған да, бұ рын бастаған істеріңізді аяқтағаны ңыз дұрыс. МЕРГЕН Қаржылық жағдайыңызды жақсартып, кәсіби істе ріңізді дамытқыңыз келсе, ішкі жан дүниеңізге сеніп, шы ғармашылық жұмысыңызды іске қосыңыз. Отбасыңызды да ұмы т- паңыз, осы күн сіз үшін өте кө ңі лді өтпек. Сонымен қатар жұмысыңыз да сәтті жүретін болады. ТАУЕШКІ Бұл күні ішкі түйсігіңізге сен беңіз. Одан да өмірлік тәжірибеңізге сүйенсеңіз, бұл өте дұрыс шешім. Себебі сізді көп қолайсыз жағдайдан алып шығады. Пікіріңізді білдіру ге, шешім қабылдауға асықпа ңыз. Қаржылық операциядан аулақ болған дұрыс, келеңсіз жағдай орын алуы мүмкін. СУҚҰЙҒЫШ Сіздің мақсаттарыңыз көп болса, онда оларды ретке келтіріңіз. Осы күні өміріңізге жағымды өзгерістер еніп, арман дарыңыз орындалуы мүмкін. Ең дұрысы, бастаған істеріңізді аяқтаған жөн. Міндетті түр де ойланып барып сөйлеңіз, достары ңыз бен отбасыңызға көбірек көңіл бөліңіз. БАЛЫҚТАР Күніңіз қарбаласпен басталғалы тұр. Солай бола тұ ра, көңіл күйіңіз сіз ойлаған нан да керемет болады. Жалқаулыққа жол бермей, еңбекке қарай ұмтылыңыз. Денсаулығыңызға көңіл бөліп, дәрігерлерге қаралу да дұрыс шешім болады. Егер сізді алда бітпеген шаруалар күтіп тұрса, соны аяқтаңыз. +23+25 о +2+4 о +23+25 о +5+7 о +22+24 о +5+7 о +14+16 о +2+4 о +14+16 о +4+6 о +18+20 о +2+4 о +20+25 О +4+9 О +15+16 о +6+8 о +17+19 о +6+8 о +13+14 о 0+2 о +20+22 О +3+5 О Алматы қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС Қалдаяқов көшесi, 17-үй. Тел.: 8 (727) 273-12-04, 273-12-54 Тапсырыс 1031 Құрылтайшысы және меншiк иесi «ТОЛҒАУ» ЖШС Директор Александр Филимонович АН Газет 2008 жылдың 17 қарашасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде тiркелiп, бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы 9650-Г куәлiгi берiлген. Редакция авторлар мақаласы мен жарнама мазмұнына жауап бермейдi. Авторлар қолжазбасы өңделмейдi және керi қайтарылмайды. Көлемi екi компьютерлiк беттен (14 кегль) асатын материалдар қабылданбайды. «Алаш айнасында» жарияланған материалдар мен суреттердi көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi. Айдын ҚАБА жауапты хатшы Бас редактор Серiк ЖАНБОЛАТ Астана қаласы «Астана-Полиграфия», Брусиловский көшесi, 87-үй. Тел.: 8 (7172) 37-05-59 Тапсырыс 2047 Талғат КIРШIБАЕВ жауапты хатшының орынбасары Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ Бас редактордың бiрiншi орынбасары Таралымы 10 000 дана Тарату қызметi тел.: 8 (727) 388-80-88 Нұрлыбай ИТЕКБАЕВ тех.редактор Бағасы келiсiмдi Мақсат ӘДIЛХАН Бас редактордың орынбасары Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Газет сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады. Күләш НАҚЫПОВА аға корректор, тел.: 388-80-76 Кезекшi редактор Роза ҚАРАЕВА Жарнама бөлімі тел.: 8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78 e-mail: alikulova.a@orangepoint.kz Аймақтағы тiлшiлер: Атырау Бақытгүл БАБАШ, тел.: 87015533653 Қарағанды Серiк САҒЫНТАЙ, тел.: 8777 3909779 Жамбыл Гүлжан КӨШЕРОВА, тел.: 8701 7711648 Қызылжар Ербақыт АМАНТАЙ, тел.: 8 705 4418255 Қызылорда Әділжан ҮМБЕТ, тел.: 8777 7054466 Өскемен Азамат ҚАСЫМ, тел.: 8777 3554114 Шымкент Шадияр МОЛДАБЕК, тел.: 8705 9877799 Астана бюросы: Мекенжайы: Сейфуллин көшесi, 31, офис 215 Тел.: 8 (7172) 54-27-31 E-mail: aa_astana@mail.ru Айбын ШАҒАЛАҚОВ Астана бюросының жетекшiсi Салтан СӘКЕН тiлшi Қанат ТОҚАБАЕВ тілші Арман АСҚАРОВ тілші Бөлiм редакторлары: Құбаш МЕҢДIҒАЛИЕВ саяси бюро, тел.: 388-80-72 Берiк ӘШIМОВ нарық, тел.: 388-80-69 Қалдар КӨМЕКБАЕВ қоғам, тел.: 388-80-65 Алмат ИСӘДIЛ өркениет, тел.: 388-80-64 Нұрғазы САСАЕВ дода (спорт), тел.: 388-80-74 Болатбек МҰХТАРОВ жаңалықтар, тел.: 388-80-68 Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ меншiктi тiлшiлер қосыны, тел.: 388-80-62 Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61