Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті. Ветеринариялық санитария кафедрасы

Størrelse: px
Begynne med side:

Download "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті. Ветеринариялық санитария кафедрасы"

Transkript

1 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Ветеринария және мал шаруашылығы өнімдер технологиясы факультеті Ветеринариялық санитария кафедрасы М. Айсин Г.Алиева Жануарлар морфологиясы Оқу -әдістемелік құрал Қостанай,

2 ӘОЖ (0.75.8) КБЖ я 73 А 31 Рецензенттер: Туякова Рауза Какенқызы Қостанай облысының филиалы «Республикалық ветеринариялық зертхана» Азықтық қауіпсіздік бөлімі,мал дәрігері бактериолог,ветеринария ғылымының кандидаты, доцент Шайкамал Гульшат Иманжанқызы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты, МӨӨТ кафедрасының меңгерушісі Кауменов Нурлан Сарсенбайүлы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ветеринария ғылымының кандидаты, ветеринарлық санитария кафедрасының меңгерушісі Авторлар: Айсин Марат Жаппасұлы, ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, доцент Алиева Гүлнұр Козықызы, ветеринария ғылымдарының магистрі А 31Айсин М. Ж., Алиева Г.К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, бет. ISBN Оқу-әдістемелік құралда 10 бөлім қарастырылған (остеология, синдесмология, миология, дерматология, спланхнология, тыныс алу, зер бөлу, көбею мүшелері, ангиология, жүйке жүйесі). Әр бөлімдері бойынша арнайы тақырыптары бар. Ветеринария мамандығы бойынша күндізгі және сырттай бөлімдерінде оқитын студенттерге арналған. ӘОЖ (0.75.8) КБЖ я 73 А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Оқуәдістемелік Кеңесімен бекітілген, хаттама ISBN Айсин М.Ж., Алиева Г.К.,2016 2

3 Мазмұны Кіріспе Қаңқа, оның бөлімдерге бөлінуі, анатомиялық терминдер Үй жануарларының біліктік қаңқасын игеру Қаңқаның мойын омыртқалары Бел, құймышақ, құйрық бөлімдері Бас қаңқасы мен бас сүйек Бас қаңқасы мен шүйде сүйегі Сынаша сүйек құрылысы Самай, тастық сүйектерінің құрылысы Жұпты мандай суйегі, торлы сүйек, төбе сүйегі Бас қаңқасының бет бөлімінің сүйектері Алдыңғы аяқ қаңқасы Шеткі қаңқа, жауырын, тоқпан жілік Білек қаңқасы, кәрі жілік, шынтақ сүйегі, алдынғы жіліншік Жамбас белдеуі Артқы аяқ қаңқасы Ортан жілік, сирақ сүйектері, бақай сүйектері Біліктік қаңқа сүйектерінің байланысы Алдыңғы аяқ сүйектерінің байланысы Артқы аяқ сүйектерінің байланысы Бас қаңқасының бұлшықеттері Ымдау бұлшықеттері Шайнау бұлшықеттері Біліктік қаңқа бұлшықеттері Омыртқа бағанының бұлшықеттері Омыртқа бағанының вентральды бұлшықеттері мен жауырынды тұлғаға бекітетін бұлшықеттер Тыныс алу бұлшықеттері мен дем шығару бұлшықеттері Құрсақ бұлшықеттері Алдыңғы аяқ бұлшықеттері Иық буынына әсерін тигізетін бұлшықеттер Шынтақ буынына әсерін тигізетін бұлшықеттер Тізе буынына әсерін тигізетін бұлшықеттер Бақай сүйектерінің буынына әсерін тигізетін бұлшықеттер Артқы аяқ бұлшықеттері Жамбас- ортан жілік буынына әсерін тигізетін бұлшықеттер

4 9.2 Жамбас- ортан жілік буындары мен тобық буынына әсерін тигізетін бұлшықеттер Тілерсек буынына әсер ететін бұлшықеттер Бақай буынына әсер ететін бұлшықеттер Дерматология Терінің құрылысы мен оның кейбір туындылары түк Терінің туындылары: тері бездері, сүт безі Майтабан, тұяқша, тұяқ, тырнақ пен мүйіз Спланхнология (Ішкі мүшелерді зерттейтін ілім) Азық қорыту аппараты Ауыз қуысы, ерін, ұрт, қызыл иек Тістер Қатты және жұмсақ таңдай, ауыз қуысының түбі, тіл Құлақтүбі безі, төменгі жақ безі, тіласты безі мен жұтқыншақ Өңеш, қарын Көп бөлімді қарын Ащы ішек Бауыр мен ұйқы безі Жуан ішек Тыныс алу аппараты Мұрын мен мұрын қуысы Көмекей мен кеңірдек Өкпе мен көкірек перде (плевра) Зәр бөлу мүшесі Бүйрек Несепағар, қуық пен несепшығар өзек Аталықтың көбею мүшелері Ен, ен қосымшасы, енбау, шәуетжол және енқап Несеп-жыныс өзегі, қосымша жыныс бездері Жыныстық қатынас мүшесі мен күпек Аналықтың көбею мүшелері Жұмыртқалық, жатыр түтігі мен жатыр Сыртқы жыныс мүшелері Ангиология Жүрекқап, жүректің құрылысы Өткізгіш жүйе, жүректің тамырлары мен жүйке-жүйесі Қан тамырлары Кіші қан айналым шеңберінің тамырлары, аорта мен жалпы иық-бас 4

5 бағаны Бас артериясы Алдыңғы аяқ артериясы Көкірек және құрсаққолқасының артериясы Жамбас қуысы қабырғасы мен артқы аяқ артериялары Үлкен қан айналым шеңберінің веналары Бас, мойын аумағының және алдыңғы аяқ веналары Жамбас, құрсақ қуысы мен артқы аяқ веналары Лимфа айналым жүйесі Бастың, мойынның, алдыңғы және артқы аяқтың лимфа түйіндері Көкірек қабырғасы мен қуысы мүшелерінің және құрсақ пен жамбас қабырғаларының лимфа түйіндері Құрсақ және жамбас қуыстары мүшелерінің лимфа түйіндері Лимфа тамырлары Қан жасау мүшелері Көкбауыр, айырша без бен сүйектің қызыл кемігі майы Жүйке жүйесі Жұлын, жұлынның қабығы Ми, мидың қабығы Соңғы ми Аралық пен ортаңғы ми Ромб тәрізді ми Жүйке жүйенің перифириялық бөлімі Мойын, көкірек жүйкелері мен иық торабы Бел, құйымшақ және құйрық жүйкелері Қолданылған әдебиеттер тізімі

6 Кіріспе Осы аталған әдістемелік нұсқау жануарлар морфологиясы остеология, дерматология, спланхнология, ангиология және миология бөлімдері бойынша құрастырылған және оның негізгі мақсаты тәжірибелік білімін бекіту мақсатында студенттерге көмек көрсету үшін және ветеринариялық пен санитариялық дәрігерлердің тәжірибелік жұмысы барысында ғылыми негізде дұрыс бағытта жұмыс істеу үшін көмек ретінде құрастырылған. Жануарлар морфологиясынтек кітап арқылы игеру мүмкін емес, сондықтан осы аталған нұсқауда нақты кеңес пен материалдар берілген, яғни: қаңқалар, бөлек-бөлек сүйектер, басқа жануарлар сүйектерінің түрлік ерекшеліктері, өлекселерді немесе бөлек-бөлек мүшелерді бөлу әдістері, сонымен қатар бұлшық, буын, аяқ буындары, дене облыстары мен бөлімшелерінің шекарасын анықтау бойынша қысқаша сипаттамалар көрсетілген. Жануарлар морфологиясы құрамында көптеген деректік материалдар бар және келесі: физиология, патологиялық анатомия, хирургия, ветеринарлық санитарлық сараптау және т.б пәндерді меңгеруде негізгі пәндердің бірі болып табылады, яғни осы пәнді меңгеру ветеринарлық мамандарды дайындауда оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жануарлар морфологиясын оқуда тәжірибелік сабақтар маңызды орын алады, бұнда студенттер жануарлар мүшелерінің құрлысын, түрін,орналасу жағдайымен танысады жалпы анатомиялық шеберлікті меңгереді.бұл оқу - әдістемелік құралдың негізгі мақсаты студенттерге тәжірибелік шеберлікті қалыптастыруға және ветеринарлық,санитарлық дәрігерлерді дайындауда тәжірибелік жұмыстың ғылыми негізде дұрыс бағыттауға көмектеседі.әр бөлім бойынша арнайы тақырыптар бар. Белгілі бір мүшелерді сипаттағанда қазақ тілімен қатар халықаралық номенклатураға сәйкес латын тілінде де атаулар кездеседі Әдістемелік нұсқау қысқа және нақты түрде көрсетілген, сонымен қоса омыртқа, қаңқа, аяқтың бөлек буындары сурет түрінде көрсетілген және сүйектің элементтері орыс және латын тілінде белгіленген. 6

7 1 Қаңқа, оның бөлімдерге бөлінуі, анатомиялық терминдер Сабақтың мақсаты: 1. Ағза үшін қаңқаның маңызын және оның бөлімдерге бөлінуін оқып-зерттеу. 2. Дененің жазықтығы мен бағытын оқып-зерттеу. 3 Негізгі анатомиялық терминдерді игеру. Қаңқа (грек тілінен алынған сөз «skeletos» кеуіп, қатып деген мағынаны білдіреді). Белгілі бір заңдылықпен байланысқан қатты заттар - сүйек, шеміршек және сонымен қатар сіңірді айтады. Денеде ол қатты зат болып, дене бітіміне белгілі бір пішін береді. Сүтқоректілер үшін, ол олардың барлық жұмсақ заттарын таситын сауыт болып келеді. Сонымен қатар, қаңқа ағзаның тіршілігі үшін ми және жұлын, кейбір сезім мүшелері, жүрек, өкпе мен сүйек майы үшін қорғайтын қатты қабырғалар түзеді. Қаңқа мен бұлшық ет сүтқоректілердің дене бітімін қалыптастырады. Қаңқа мен бұлшық еттер арқылы сүтқоректілер кеңістікте қозғалады.қаңқа минералды зат алмасуда өте негізгі орын алады. Қаңқа өзінің беріктілігімен және жеңілдігімен ерекшеленеді. Қаңқаның салмағы салыстырмалы алғанда ауыр емес, мысалы: тірі салмағынан алғанда ірі қара малда 10%-ға дейін, жылқыларда 13%-ға дейін қаңқаның үлесіне тиеді.. Ауыл шаруашылық үй жануарларының денесінде сүйектер саны келесідей: жылқыларды , ірі қара малда , қойларда , шошқаларда , ал адамда 212 сүйек санауға болады, оған 32 тісті қосуға болады. Қаңқа сүйектері пішіні бойынша келесі үш типке бөлінеді: жазық немесе пластиналық сүйектер, ұзын, қуысты сүйектер және қысқа сүйектер болып бөлінеді. Жазық немесе пластиналы сүйектерден денеде бас сүйегі, кеуде қуысы, жамбас сүйегі мен жауырын құрылады. Ұзын, қуыс сүйектер малдың алдыңғы аяқ пен артқы аяқтарында: ортан жіліктік, үлкен ортан жілік, тоқпақ жілік пен тағы басқа сүйектерде орналасқан. Қысқа сүйектер, олардың биіктігі енінен де аспайды, оларға: бақай сүйектері мен тізе, тілерсек, тиек сүйектері жатады. Сүтқоректілердің қаңқасы біліктік және шеткі болып екіге бөлінеді. Біліктік қаңқа осындай бөлімдермен ерекшеленеді: бас сүйек, мойын, көкірек, бел, құйымшақ және құйрық. Шеткі қаңқа алдыңғы және артқы аяқ сүйектерінен құралған. 7

8 Жануардың денесі симметриялы. Ол оң және сол жақ бөліміне бөлінеді. Симметрия жануардың дене пішінің оқып-зерттеуге жеңілдетеді және үш жазықтық өткізуге мүмкіндік береді.(сурет 1) 1. Жазықтық, жануардың денесінен тік жоғарыдан төменге қарай өткізілген және денені екі тең бөлікке бөлгенді орталық немесе сагиттальды деп атайды. 2 Жазықтық, көлденең төмен өткізілген, жануардың денесін жоғары және төмен бөлікке бөлгенді - сегментальды деп атайды.. 3. Жазықтық, жануардың денесінен көлбеу өткізілген жазықтық, яғни бірінші екі жазықтыққа перпендикулярлы және маңдайға параллельді болып келетінді көлбеу немесе фронтальды деп аталады. 1- сурет. Жануарлар денесінен жүргізілген жазықтықтар мен бағыттар Жазықтықтар :а а-сагиттальды; б-б-сегментальды;в-в-фронтальды. Бағыттары: г- краниальды (басқа қарай);д-каудальды ; е-дорсальды (арқаға қарай); ж- вентральды (құрсаққа қарай); з- проксимальды; и-дистальды; н- ауызға қарай (мұрынға қарай); о- аборальді, ауызға қарама-қарсы; п- медиальды;р-латеральды. Жануарлардың қаңқасы мен денесін оқыған кезде, анатомиялық тәжірибеде келесі латын терминдері қолданылады: 1. Краниальды бағыт бұл бассүйекке бағытталған, бассүйек - cranium 2. Каудальды бағыт бұл құйрыққа қарай, құйрық cauda. 8

9 3. Дорсальды бағыт бұл арқаға, омыртқаға қарай бағытталған, омыртқа dorsum. 4. Вентральды бағыт қарынға қарай бағытталған, қарын venter. Бассүйекте келесі бағыттарды қарастырады: 5. Ауызға қарай немесе мұрынға қарай бағытталған бағыт (ог-ауыз, nasusмұрын). 6. Аборальды бағыт (ауызға қарама-қарсы) шүйдеге қарай бағытталған бағыт. Бағыттармен қатар, екі жақты да қарастырады. 1. Латеральды жақ яғни сыртқы. 2. Медиальды жақ - ішкі. Қаңқаның қуысты сүйектерінде (алдыңғы және артқы сүйектері) екі шеті мен ортасын ажыратады. Проксимальды немесе үстіңгі ұшы, тұлғаға жақын орналасқан жақты айтады (proximus -жақынырақ). 3. Дистальды немесе төменгі ұшы, тұлғадан алысырақ жатқан төменгі бөлігі (distalis- алысырақ) деп аталады. 4. Диафиз (diaphis сүйектің ортасы), проксимальды және дистальды ұштардың ортасында орналасқан. Алдыңғы және артқы аяқтарын осы терминдер қолданылады: 1. Волярлы, яғнибетінде немесе алақан, алдыңғы аяқтың басында орналасқан (vola- алақан). 2. Плантарлы, яғни табан артқы аяқтың басында орналасқан (planta-табан). Бақылау сұрақтары: 1 Қаңқа деген не және оның ағзадағы рөлі? 2 Адам мен әртүрлі жануарлар денесінде сүйектер саны? 3 Сагиттальды, сегментальды және фронтальды жазықтықтар деген не? 4 Қандай анатомиялық терминдерді білесіздер? 1.1 Үй жануарларының біліктік қаңқасын игеру Сабақтың мақсаты: 1. Қаңқада кеуде қуысы мен омыртқа жотасын, қабырға, төсқұрылысың және анатомиялық терминдерді оқып зерттеу. 2. Ең маңыздысы әртүрлі жануарларда кеуде қуысы құрылыстарының ерекшеліктерін оқып-зерттеу. 9

10 Қаңқаның кеуде бөлімі. Кеуде омыртқаларынан, қабырғалардан және төс сүйектен құралып, барлығы көкірек куысының негізін түзеді. Кеуде (көкірек) қуысы - thorax. Үй жануарларында: омыртқа, екі жақтың қабырғалары, төс (алдыңғы қуыс жағында орналасқан) кіреді. Әртүрлі үй жануарларының омыртқа саны да әртүрлі болып келеді: ірі қара малда -13, жылқыларда және 19, шошқаларда 14,15,16,17, итте 13. Кеуде (көкірек) омыртқасы- vertebrae thorаcales-. Қабырғалар және төс сүйекпен байланысып, көкірек омыртқасын түзеді (сурет 2). Омыртқада төрт жақты ажыратады: 1. Краниальды немесе алдыңғы, омыртқаның басы орналасқан жері. 2. Каудальды немесе артқы, омыртқаның ойысы бар жер. 3. Дорсальды немесе жоғары, қылтықты өсінді орналасқан жер. 4. Вентральды немесе төмен, вентральды жота орналасқан жер. Көкірек омыртқасы денеден corpus және омыртқа имектен arcusdorsales тұрады. Олар бірге қосылып омыртқа ойысын - foramen vertebrales түзеді, мұнда жұлын орналасады. Омыртқа имектің үстінен қылтықты өсінді - processus spinosus өтеді. Омыртқа денесінің астында вентральды жотаны - cristo ventralis ажыратады. Омыртқаның екі жағында көлденең өсінділер - processus transversus орналасқан. Оларда қабырға ойысын - fovea costales ажыратады. Краниальды жағынан омыртқаның басы - caput vertebrae орналасқан. Краниальды буын өсінділері- processus articularis cranialis, краниальды қабырға ойысы - fovea costalis cranialis, краниальды омыртқа ойығы - incisura vertebralis cranialis. Омыртқаның каудальды жағында: омыртқа тесігі-fossa vertebralis, каудальды буын өсінділері - processus articularis caudalis, каудальды қабырға ойысы-fovea costalis caudalis, каудальды омыртқа ойығы - incisura vertebralis caudalis. Краниальды және каудальды омыртқа ойықтары көршілес жатқан омыртқамен бірге қосылып омыртқа арасындағы ортақ шұңқыр түзеді. Осы шұңқыр арқылы жұлын жүйкелері мен қан тамырлары өтеді. Омыртқаның барлық өсінділері, буынды өсіндіден басқасы, барлығы да тұтқаның рөлін атқарады. 10

11 2- сурет. Көкірек омыртқасы. А жылқылардың, Б ірі қара малдың, В шошқа; Г ит. 1 караниальды қабырға ойысы; 2 каудальды қабырға ойысы; 3 білікті өсінді; 4 краниальды буынды өсінді; 5 каудальды буынды өсінді; 6 емізікше өсіндісі; 7 омыртқаралық тесігі. Ерекшеліктері: Ірі қара малда көкірек омыртқасы (денесі) ұзын, өзіндік омыртқа аралық шұңқыры бар. Шошқаларда көкірек омыртқасы (денесі) қысқа келген, жылқыларда пішіні үшбұрышты, иттерде көкірек омыртқасында (денесінде) вентральды жотасы мүлдем жоқ. Қылтықты өсіндісі жуан, бірінші омыртқада иілген. Қабырға - costa. Қабырғаның екі ұшын айырады, үстіңгі, оны вертебральды дейді, яғни омыртқамен байланысқан, екінші ұшы стернальды, кеудемен қосылған. Сиырларда қабырға саны 13 жұп, жылқыларда 17,18,19, шошқаларда 14-17, иттерде 13 жұп айырады (сурет 3). Нағыз және жалған қабырға деп ажыратады. Нағыз қабырғалар төс сүйектің шеміршегімен жалғасады. Жалған қабырғалар төс сүйекке дейін жетпейді, олар алдыңда орналасқан қабырға шеміршектерімен қосылады да, соңында ақтық қабырғамен қабырға доғасын түзеді - arcus costarum. Сиырларда нағыз қабырғалар 8, жалған 5 болып келеді. Омыртқа соңында қабырғаның басы орналасқан - capitulum costae, бастан әрі қарай қабырғаның төмпешегі - tuberculum costae орналасқан. Бастан төмен 11

12 қабырға мойыны -collum costae. Төмпешектің артына қарай қабырғаның бұрышы -angulus costae шығып тұр. Қабырғаның денесі corpuлы сай s costales. Қабырғаның алдыңғы шетінде, сыртында - бұлшықты сай sulcus muscularis орналасқан. Артқы шеті бойынша, яғни қабырғаның ішкі жағында тамырлы сай - sulcus vascularis орналасқан. Бұл тамыр мен жүйке-жүйенің өтуіне қарай орналасқан. Қабырға шеміршектері - cartilagines costarum қабырғамен жанасу үшін үсті буынды болып келеді. 3-сурет. Қабырғалар. І сиырда; ІІ жылқыда; ІІІ қабырғаның омыртқа ұшы; 1 қабырғаның басы, 2 қабырғаның төмпешігі, 3 қабырғаның мойыны, 4 қабырғаның бұрышы, 5 қабырғаның денесі, 6 буынды емізік, 7 бұлшықетті емізік. Төс сүйек немесе төс - sternum. Сиырларда төс сүйек 7 сүйек сегментінен тұрады, онда тұтқа, денесі мен семсерше өсіндісін ажыратады(сурет 4). Төс сүйек тұтқасы -manubrium sterni қабырға шеміршектерінің бірінші жұбы үшін екі шұңқыры бар. Төс сүйек денесі - corpus sterni. Төс сүйектің екі шетінде 7 жұпты буынды шұңқыр - foveae articularis costales орналасқан. Семсерше өсіндісі - processus xiphoidea семсерше шеміршекпен аяқталады. 12

13 4- сурет. Төс сүйегі.і сиырда; ІІ шошқада; ІІІ жылқыда;iv итте; 1 төс сүйегінің тұтқасы, 2 төс сүйегінің денесі; 3 қылыш тәріздес өсінді; 4 қылыш тәріздес сіңір. Бақылау сұрақтары: 1 Кеуде қуысы дегеніміз не және ол қандай сүйектерден құралады? 2 Әртүрлі үй жануарларының көкірек омыртқалары мен қабырғаларының саны неше? 3 Көкірек омыртқасының элементтерін көрсету мен атау? 4 Төс сүйектің құрылысы? 1.2 Қаңқаның мойын омыртқалары Сабақтың мақсаты: 1.Қаңқаның мойын омыртқаларын оқып зерттеу. 2.Ең маңыздысы әртүрлі жануарларда мойын омыртқасының құрылыстарының ерекшеліктерін оқып-зерттеу. Барлық жануарлардың мойын омыртқалары 7. Өзінің құрылысы бойынша мойын омыртқалары - vertebrae cervicaies бірдей емес(сурет 5). 3,4,5 мойын омыртқалары бір-бірімен өзара ұқсас. Қалған мойын омыртқалары, яғни бірінші мен екінші көптеген ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Ортаңғы мойын омыртқалары өздерінің құрылыстары бойынша әбден кәдімгі. Олардың денелері қысқа және омыртқа мойыны жақсы дамыған. Краниальды және каудальды буын өсінділері жақсы дамыған. Жылқылардың мойын омыртқалары ерекшеленеді: денелері ұзын келген, басы ірілеу және 13

14 шұңқыры терең, ал қылтықты өсіндісі нашар дамыған; шошқаларда оның денесі қысқа және қылтықты өсіндісі ұзын келеді, қабырға өсіндісі көлденең келген, ал вентральді жотасы мүлдем жоқ; иттерде каудальды буынды өсіндісінде қосымша өсінділері жақсы дамыған. Алтыншы және жетінші мойын омыртқалары типтік мойын омыртқаларынан ерекшеленеді. Алтыншы мойын омыртқасының вентральды пластинасы шомбал, көлденең - қабырғалы ойысы үлкен, ал вентральды жотасы жоқ және басқа мойын омыртқаларға қарағанда мұндағы қылтықты өсіндісі өте жақсы дамыған. Жетінші мойын омыртқасы біркелкі көлденең өсіндісімен ерекшеленеді және көлденең арасындағы шұңқыры жоқ. Шұңқырдың екі шетінен бірінші қабырға үшін каудальды қабырғалы ойысы орналасқан. Қылтықты өсіндісі үлкен және басқа мойын омыртқалармен салыстырғанда мұндағы омыртқаның ойығы кең келеді. Әртүрлі үй жануарларында алтыншы және жетінші мойын омыртқаларының арасындағы ерекшелік мәнсіз. Бірінші мойын омыртқасы - атлант atlas, бастың қимылдауына үлкен мән береді, басқа мойын омыртқаларынан өте ерекшеленеді. Атлантта дорсальды - arcus dorsalis және вентральды - arcus ventralis доғалар орналасқан.. Дорсальды доғада дорсальды төмпешік - tuberculum dorsales, ал вентральды доғада - вентральды төмпешік tuberculum ventrales орналасқан.олардың мақсаты бұлшық етті бекітіп, ұстау. Атлантта көлденең өсінділері шомбал келген, түзу қанаттарды - alae atlantis құрады. Атланттың қанаттарында екі жұп тесік - foramen alares бар, ол қанатты шұңқырға ашылады, осы омыртқа аралық шұңқыр - foramen intervertebrales омыртқаның шұңқырының бастамасы болып келеді. Атлант қанатының краниальды шетінде краниальды буын ойыстары - fossa articularis cranialis орналасқан, ол шүйде сүйегінің бұлшық етімен жалғасу үшін өз қызметін атқарады. Екінші мойын омыртқасымен жалғасу мақсатында, қанаттың каудальды ұшында шығып тұрған каудальды буын беті -facies articulares caudales орналасқан. 14

15 5- сурет. Мойын омыртқасының құрылыс (И.П.Осипов бойынша). А ірі қара мал; Б жылқы; В шошқа. 1 атлант қаңаты, 2 вентральды төмпешік; 3 көлденең аралық тесігі, 4 омыртқа аралық тісігі, 5 қанатша тесігі, 6 дорсальды төмпешік, 7 эпистрофейдің тісше өсіндісі, 8 эпистрофейдің жотасы, 9 краниальды буынды өсінді, 10 каудальды буынды өсінді, 11 білікті өсінді, 12 каудальды омыртқа аралық ойындысы, 13 қабырға аралық өсінді, 14 каудальды қабырға ойысы, 15 омыртқаның шұңқыры, 16 омыртқаның басы, 17 омыртқаның денесі. Ерекшеліктері: Жылқыларда қанаттары жалпақ, жұқа, ал шеттері жуан және төменге қарай иілген. Қанатта омыртқа аралық, қанат тәріздес, көлденең 15

16 аралық шұңқыр орналасқан. Шошқалардың атлантында үш шұңқыр бар, олар: қанат тәріздес, омыртқа аралық және көлденең аралық. Иттерде атлант қанаттары горизонтальды, жұқа, түзу, қанатты ойыстары жаман дамыған, қанатты шұңқыры алдыңғы қанатының шетінде ойыс құрайды, ал көлденең аралық шұңқыры жақсы көрінген. Екінші мойын омыртқасы білікті (остік) немесе эпистрофей - ахis (epistropheus). Омыртқа басының орнына, ол тісше тәріздес өсінділерімен - dens ерекшеленеді, қылтықты өсінділердің орнында жота crista орналасқан, сонымен қатар негіздемеде әлсіз көлденең - қабырғалы өсінділерінде көлденең тесіктерін -foramen transversarium көруге болады.көлденең өсіндінің алдында омыртқа аралық шұңқыр ашылады, краниальды буын өсінділері өте мықты және олар тісше өсінділерінің шетінде мен артында орналасады. Бақылау сұрақтары: 1 Үй жануарларында қанша мойын омыртқалары бар және мойын ұзындығына байланысты ма? 2 Басқа омыртқа бөлімдерінен мойын омыртқалары немен ерекшеленеді? 3 Бірінші мойын омыртқасы басқа мойын омыртқаларынан немен ерекшеленеді? 4 Екінші мойын омыртқасы басқа қалған мойын омыртқаларынан немен ерекшеленеді? 1.3 Бел, құймышақ, құйрық бөлімдері Сабақтың мақсаты: 1.Қаңқа бетінде бел, құйымшақ және құйрық бөлімдерінің омыртқаларын көрсетіп, оқып-үйрену. 2. Ірі қара мал мен әртүрлі үй жануарларының бел, құйымшақ және құйрық омыртқа құрылыстарының ең маңызды ерекшеліктерін оқып-зерттеу. Бел омыртқалары - vertebrae lumbalis. Өте жақсы жетілген көлденең, буын, біркелкі дамыған жоталық өсінділері және денесінде тегіс келген басы мен шұңқыры болады(сурет 6). Бұл құрылыс белінің беріктігі мен қозғалмалылығын қамтамасыз етеді. Ірі қара малда -6, жылқыларда 5-6, шошқаларда 5-7 және иттерде -7 бел омыртқасы бар. Бел бөлімінде қабырғалар қысқартылған және олардың дорсальды ұштары көлденең өсіндісімен тұтас болып келеді. 16

17 6-сурет. Бел омыртқасы. А жылқы, Б ірі қара мал; В шошқа, Г ит. 1 білікті өсінді, 2 көлденең қабырға өсіндісі, 3 краниальды және 4 каудальды буын өсіндісі, 5 емізікше өсіндісі, 6 қосымша өсіндік. Ерекшеліктері: жылқыларда бірінші омыртқаның денесі үш қырлы және онда вентральды жотасы орналасқан, қылтықты өсіндісінің биіктігі енінен гөрі аса түседі. Шошқалардың қраниальды буынды өсіндісіндегі өсінділер емізікше, ал каудальдыда олар цилиндр тәріздес. Мұнда ветральды жоталар да бар. Көлденең өсінділер доға тәріздес, негіздемесінде дорсо-вентральды тесіктері бар. Иттерде буынды өсінділердегі өсінділер тегіс. Каудальды буын өсіндінің қасында қосымша өсінді -processus accessorius орналасқан. Омыртқа денесіндегі вентральды жотасы жоқ. Қылтықты өсінділері ұзын. Құйымшақ омыртқалары. Құйымшақ омыртқасы - vertebrae sacralis - бір-бірімен бірігіп құйымшақ сүйекті - os sacrum түзеді(сурет 7). Сиыр мен жылқыда құйымшақ сүйегі 5 омыртқаны түзеді, шошқаларда 4, иттерде 3. Құйымшақ сүйегіндегі қылтықты өсінділері -processus spinosus құйымшақ жотасымен - crista sacralis бірге бірігеді, ал доға аралық шұңқыр - foramen interacularis тек жылқыларда ғана болады. Көлденең қабырғалы өсінділер шетпен бірге тұтасып, құйымшақ сүйегінің қанатын - ala ossis sacri құрайды. Қанатта құлақша тәріздес буын беттері -facies auricularis орналасқан, ол жамбаспен мүшелену үшін қызметін 17

18 атқарады. Құйымшақ сүйегінің вентральды беті ішке қарай иілген. Ал омыртқа аралық шұңқыры дорсальды және вентральды тесіктер - foramen dorsalis, foramen ventralis қатарына айналды. Құйымшақ сүйегіндегі жота негізінің краниальды ұшында құйымшақ сүйегінің басы- caput vertebrae және сол бастың шеттерінен краниальды буын өсінділері -processus articularis cranialis мен каудальды ұшында каудальды буын өсінділері - processusarticularis caudalis орналасқан. 7- сурет. Құйымшақ омыртқасы. А жылқы; Б ит; В ірі қара мал; Г шошқа. 1 омыртқа басы, 2 буын өсінділері, 3 орталық жота, 4 шеткі бөлімі, қаңаттары, 5 құлақша беті, 6 дорсальды құйымшақ тесіктері, 7 бүйірлік құйымшақ жотасы, 8 краниальды буынды өсінді. Ерекшеліктері:жылқыларда үстіндегі қылтықты өсінділер бірге оңашаланып орналасқан, бос ұштары жуан, кейбір кезде екіге бөлінген. Құйымшақ сүйегінің қанаттары үш қырлы пирамида тәріздес болып келеді. Краниальды буын өсінділері жақсы дамыған. Шошқаларда қылтықты өсінділері жоқ, доға аралық тесігі үлкен. Құйымшақ омыртқасы жарты жыл жасында бірге тұтасып өсіп кетеді. Иттерде қылтықты өсінділері сүйектің негізінде бірге қосылып тұтастанады. 6 ай жасында омыртқалары бірге тұтасып өсіп кетеді. 18

19 Құйрық омыртқалары Құйрық омыртқасы - vertebrae caudalis. Әртүрлі үй жануарларында бірдей емес дәрежеде қысқартылған, сондықтан ол құйрықтың сипаттамасы мен қызметіне байланысты болады. Қылтықты және доғалы өсінділер тек алдыңғы 5 омыртқада сақталды. Қалған омыртқадан тек денесі мен төмпешіктер қалды. Кейбір жануарлардың (күйіс қайыратын және иттер) бірінші 3-5 омыртқасында гемальды өсінділер - arcus haemalis кездеседі, осы каналдан ортаңғы құйрық артериясы өтеді. Әртүрлі жануарларда құйрық омыртқа саны: сиырларда 18-20, жылқыларда 18-20, шошқаларда және иттерде болып келеді. Ерекшеліктері: Жылқыларда құйрықтары қысқа, омыртқалары өте қысқа, шомбал, цилиндр тәріздес, дененің ені оның ұзындығына тең. Ірі қара малда құйрығы ұзын, омыртқалары сәл ұзындау. Шошқаларда алдыңғы 5-6 омыртқалары ұзын, денелері дорсо-ветральды түрде қысылған, ал қалғандары цилиндр тәріздес болып келеді. Иттерде құйрығы салыстырмалы түрде жақсы дамыған омыртқалардан тұрады. Бірінші 5-6 омыртқаларда жоталық өсінді біз тәрізденіп, каудальды бағытта майысқан. Каудальды және краниальды буын өсінділері сақталады. Көлденен - қабырға өсінділері үлкен. Бақылау сұрақтары. 1 Әртүрлі үй жануарларында бел омыртқасының саны мен олардың түрлік ерекшеліктері? 2 Әртүрлі үй жануарларында құйымшақ омыртқасының саны мен олардың түрлік ерекшеліктері? 3 Ірі қара малдың құйымшақ омыртқасының негізгі элементтеріне сипаттама беріңіз? 4 Әртүрлі үй жануарларда құйырық омыртқасының саны? 2 Бас қаңқасы немесе бас сүйек 2.1 Бас қаңқасы мен шүйде сүйегі Сабақтың мақсаты: 1. Бас қаңқасында ми сауытының сүйектерін көрсету және оны оқып-зерттеу. 2.Бас қаңқасында шүйде сүйегінің құрылысын көрсету және оны оқып-зерттеу. Бас қаңқасы- cranium бір-бірімен тұтаса байланысқан жалпақ сүйектерден құралған (сурет 8). Бұл сүйектер баста орналасқан ағзаның тіршілігі үшін өте қажет (ми, көру, есту, иіс және дәм сезу) мүшелерді қоршап, қорғап тұрады. Сонымен қатар, олар азық қорыту, тыныс алу жүйелерінің бас 19

20 аумағындағы мүшелері орналасқан ауыз және мұрын қуыстарының сүйектік негізін түзеді. Осыған жұп пластиналық және тақ сүйектерден құралған құрылыс мүмкіндік береді. Олардың барлығы да мықты және қозғалмалы. Ал ересек жануарларда жыл сайын осы сүйектер бірге өсіп, қатайтады, осыдан синостозды құрайды. Бас қаңқаның кейбір сүйектері, әсіресе ірі қара малдақуыс пен үңгірлер бар, яғни осы қуыстар ауамен толтырылады. Осындай қысымға толтырылған сүйектер көлемі, мықтылығы осыған байланысты үлкейеді, сонымен қатар оның салмағын азайтады. Бас қаңқасы6 тақ және 13 жұп сүйектерден құрылған. Сүйектің атауы, көбінесе оның орналасқан орнына байланысты аталады. Бас қаңқаның ми сауыты осы сүйектерден құралған: шүйде, сынаша, самай, торлы, төбе, төбе аралық және маңдай сүйектер. Осы аталған сүйектер бастың миын орналастыруға арналған бас қаңқасының қуысын қалыптастырады. Шүйде сүйегі- os occipitale - тақ, бас қаңқасының шүйде облысында орналасқан. Сипаттамасы үлкен шүйде қуысының - foramen occipitale magnum бар болуымен және ол арқылы бас қаңқасының қуысы омыртқа каналымен жалғасады. Шүйде сүйегін дене, екі (жұп) бүйірлі бөлік және қабыршағы болып айырады. Шүйде сүйегінің денесі - pars basilaris үлкен шүйде қуысынан вентральды және сынаша сүйектің денесімен мұрынға қарай бірге тұтасады. Бірге тұтасқан жеріндегі вентральды жағынан бұлшықты төмпешік орналасқан - tuberculum musculares. Дорсальды немесе мидың сыртында ұзартылған ми - fossa medullae oblongatae үшін тегіс шұңқыр көрінеді, ал оның алдында ми көпірі - fossa pontis үшін арналған тегіс шұңқыр орналасқан. Шүйде сүйегінің денесі жыртылған тесіктің медиальды шеттерін - foramen lacerum құрайды. Бүйірлік бөліктері -pars lateralis шүйде айдаршығы мен мойындырықтық өсіндіден тұрады. Шүйде айдаршығы- condulus occipitalis үлкен шүйде қуысының екі шетінде орналасады. Олар атлантпен жалғасу үшін қызметін атқарады. Мойындырық өсінділері - processus jungularis айдаршықтан латеральды орналасқан. Оларға мойынға келетін бұлшық еттер қосылады. Мойындырық өсіндісі мен шүйде айдаршығы арасында тіл асты тесігі -foramen hypoglossi орналасқан. Тамырлар мен жүйке жүйесі үшін. Шүйде сүйегінің қабығы - sguama occipitalis үлкен шүйде қуысының үстінен дорсальды және екі бүйірінен орналасқан. Қабырғаның дорсальды шеті шүйде жотасын crista occipitalis құрайды. Ірі қара малда ол болмайды. 20

21 8- сурет. Бас қаңқасы. А-сиыр; Б-қой; В-шошқа; Г-жылқы; 1-күрек сүйек;2- жақ үсті сүйегі;3-көз асты тесігі; 4- бет қыры (сиырдың сыртқы төмпегі); 5-мұрын сүйегі; 7-жақ сүйегі; 8- көз шарасы; 8а-көз асты тесігі, 9-жақ сүйегінің самай өсіндісі;10-маңдай сүйегі;11-маңдай сүйегінің жақ өсіндісі;12-төменгі жақ сүйегінің бұлшық ет өсіндісі;13-буынды өсінді;14-иек тесігі;15-төменгі жақ сүйегі;16-буын ойындысы;17-мүйіз; 18-төбе сүйегі;19-самай сүйегінің жақ өсіндісі;20-самай шұңқыры;21-самай сүйегінің қабығы;22-жақ доғасы;23-шүйде сүйегі;24-шүйде сүйегінің бұлшық еттер;25-шүйде сүйегінің өсіндісі;26-тас сүйегінің дабыл жарғағы;27-сыртқы есту жолы;, 28-төменгі жақ сүйектің өсіндісі;29-шайнау бұлшық етінің үлкен шұңқыры;30-төменгі жақ сүйектің бұрышы;31-тас сүйегінің айдаршық өсіндісі. 21

22 . Ерекшеліктері: иттерде мойындырық өсінділері қысқа және түзу, қабығы мықты, тек төбе бөлімі нашар дамыған, оның үстінде сыртқы сагитальды жота - crista sagittalis externa шығып тұрады. Шошқаларда мойындырық өсіндісі өте ұзын, түзу және вентральды бағытталған. Шүйде сүйегінің қабығы дорсальды ұзартылған. Кәрі малдардың қабығы қуысты болып келеді, ол төбе қуысымен жалғасып қосылады. Шүйде бұлшық еті үшін қабық ұзын және мықты тұтқа түрінде болып келеді. Жылқыларда шүйде сүйегінің денесі цилиндр тәріздес, мойындырық өсінділері түзу. Шүйде жотасы жақсы дамыған және ол төбе бөлімін жақсы бөліп көрсетеді. Сыртқы сагитальды жота төбе бөлімін оң және сол жақтарға бөледі. Бақылау сұрақтар. 1 Бас қаңқада орналасқан ең маңызды мүшені атаңыз? 2 Бас қаңқасының ми саутының сүйектерін атаңыз? 3 Бас қаңқаның ми сауыты қандай сүйектердің латын терминологиясымен қалыптасады? 4 Бас қаңқаның сыртқы беті қандай сүйектердің латын терминологиясымен қалыптасады? 2.2 Сынаша сүйек құрылысы Сабақтың мақсаты: Бас қаңқасында сынаша сүйектің құрылысын көрсету және оқып-зерттеу. Сынаша сүйек-os sphenoidale тақ, бас қаңқасының негізінде және шүйде сүйегінің денесінен мұрынға қарай (назальды) орналасқан(сурет 9). Дорсальды және сынаша сүйек шеттерімен самай және маңдай сүйектерімен жанасады, торлы, таңдай, қанат тәріздес сүйек пен кеңсірек желбезегімен мұрынға қарай (назальды) шектеседі. Сынаша сүйекте денені, екі қанат (көздік пен самай) пен екі қанат тәріздес өсінділерді ажыратады. Сынаша сүйектің денесі -corpus sphenoidale. Дененің алдыңғы бөлімінен дорсо-латеральды бағытта көздік қанаттары alaе orbitalеs орналасады. Олар көздік (орбиталар) және сынаша-таңдай шұңқырының құрылуына көмектеседі. Дененің төменгі жағынан, яғни дорсо-латеральды бағытта самай қанаттары alae temporalis кетеді, олар самай сүйектерімен қосылады. Самай және сынаша сүйектің назальды-вентральды бағытта жұп қанатша тәріздес өсінділер кетеді, олар таңдаймен латеральды және сынаша сүйекпен медиальды жалғасады. 22

23 9- сурет. Ірі қара малдың бас сүйегі. А ұзынан тілінген; Б вентральды жағы. 1 маңдай сүйегінің артқы қуысы; 2 мүйізді өсінді; 3 маңдай сүйегі; 4 ми қуысы; 5 көру қиылысының өзегі, 6 торлы сүйектің лабиринті, 7 дорсальды кеңсірігі, 8 мұрын сүйегі, 9 вентральды кеңсірігі, 10 тұмсық сүйегі, 11 самай қаналы, 12 айдаршықты канал, 13 тіласты тесігі, 14 - үлкен шүйде тесігі, 15 мойындырықты өсінді, 16 ішкі есту жолы, 17 сопақша тесік, 18 көз шарасы тесігі, 19 тас сүйегінің бұлшықет өсіндісі, 20 сынаша сүйектің куысы, 21 кеңсірек желбезегіне қарама-қарсы бөлімі, 22 таңдай сүйегі, 23 таңдай сүйегі, 24 таңдай үсті тесігі, 25 таңдай қуысы, 26 алдыңғы жақ сүйегінің таңдай өсіндісі, 27 кеңсірік желбезегі, 28 таңдай тесігі, 29 таңдай каналының үлкен тесігі, 30 таңдай ойындысы, 31 самай сүйегі, 32 дабыл жарғағының сүйегі. 23

24 . Қанатша тәріздес өсіндінің орбиталы немесе назальды шеттері қанатша жотасын -crista pterygoidea құрайды, ол сынаша-таңдай шұңқырын -fossa sphenopalatina каудальды қоршап тұрады. Торлы және маңдай сүйектерімен қосу үшін дененің ішкі жағынан тұмсық ауызға қарай (оральды) -rostrum sphenoidale орналасады. Көз жүйкесі үшін тұмсықтан ауызға қарама-қарсы (аборальды) көру қиылысының көлденең емізікшесі - silcus chiasmatis орналасқан. Жүйке мен тамырлар үшін одан орбитаға көзше тесігі -foramen opticum өтеді. Көру қиылысына ауызға қарама-қарсы (аборальды) түрік ершігі - sella turcica мен ершіктің арқасыdorcum sellae орналасқан, әрі-қарай оның орта тұсында гипофиз шұңқыры - fossa hypophysiali орналасады. Екі шетінде үлкен емізікше орналасқан, ол үлкен көздік тесігіне - foramen rotundo orbitale апарады. Самай қанатының негізінде тамырлар мен жүйкелер үшін сопақша тесік - foramen ovale - бар. Ерекшеліктері: Иттерде самай қанатшалары көздіктен қарағанда мықтырақ. Түрік ершігінің арқасы жақсы дамыған, бүйрлік өсінділері бар. Қөздік арасындағы емізікше мүлдем жоқ. Сынаша-таңдай шұңқырына көздік тесігі ашылады. Шошқаларда қанатша тәріздес өсінділер айқын көрінеді, олардың жалпақ каудальды бетінде қанатша ойыстарын көруге болады. Қанатша жотасы өте айқын көрінеді. Ірі қара малдың самай қанатының негізінде сопақша тесік орналасқан. Жылқылардың қанатша тәріздес өсіндінің негізінде қанатша каналы - canalis alaris орналасқан. Ол каудальды тесікпен басталып, дөңгелек тесікке назальды болып ашылады. Қанатша канал арқылы ішкі жақ артериясы өтеді. Дорсальды бағытта қанатша канал кішкентай қанатша тесігім аяқталады. Сынаша сүйектің денесі жуан, түрік ершігінің арқасы нашар көрінеді, гипофиз шұңқыры кішкентай. Бақылау сұрақтары: 1 Ми сауытының ішкі сагитальды тілімінде және бас сүйектің вентральды бетінде сынаша сүйекті табу? 2 Ми сауытының ішкі сагитальды тілімінде және бас сүйектің вентральды бетінде сынаша сүйектің элементтерің көрсету мен оқып-зерттеу? 3 Әртүрлі үй жануарлардың сынаша сүйектің ерекшеліктерін атау? 4 Дабыл жарғағының сүйегі қайда орналасқан? 2.3 Самай, тастық сүйектерінің құрылысы Сабақтың мақсаты: Бас қаңқасында самай, тастық сүйектерінің құрылысын көрсету мен оқып-зерттеу. 24

25 Самай сүйегі - os temporale. Жүп самай сүйегі самай облысында орналасқан. Ол қабыршақтық пен тасьық сүйектен құралады. Самай сүйегінің қабыршағы - sguama temporalis сыртынан немесе латериальды бағытта бет өсіндісін - processus zygomaticus құрайды. Ол самай астынан самай шұңқырын - fossa temporalis ажыратады, сонымен қатар бет доғасын - arcus zygomaticus түзеді. Бет өсіндісінде буын төмпешегінен -trochlea articularis, буын шұңқырынан - fossa articularis және буын арты өсіндіден құрылған буын аппараты орналасқан. Самай жолы -meatus temporalis қабыршақ пен тастық сүйектің арасында орналасқан және құрамында самай тамырлары бар, ол буын арты өсіндіден самай шұңқырына дейін созылады. Тастық сүйек- os petrosum. Ол дабылдық, емізікше бөлімінен тұрады. Дабылдық бөлімі - pars tympanica вентральды бағытта бағытталған, өте жақсы дамыған, сүйек көпіршігі тығыздалған -bulla ossea, есту түтігінің -tuba auditiva көмегімен хабарлайтын дабылдық қуысы -cavut tуmpani жақсы орналасқан. Құлақ ұлуы үшін сыртқы есту жолы meatus acusticus externus латеральды орналасқан. Олардың арасында, яғни тастық көбікше арасында тіл асты өсінді - processus hyoideus орналасады. Тіл асты өсіндіден ауызға қарама-қарсы қарай бет жүйкесі үшін бет каналының тесігі - canalis facialis орналасады. Бұлшық ет өсіндісі - processus muscularis тастық көбікшеде орналасады, ал есту түтігінің тесігі -foramen tubae auditivae тастық көбікшенің алдыңда жатыр. Емізікше бөлімі - pars mastoidea нашар дамыған,өмірінің алғашқы кезінде сыртқы есту жолымен және самай сүйегінің қабыршағымен бірге тұтасып өседі. Тастық бөлімінің - pars petrosa іші құлақтың ішкі қуысындай. Тастық жота - crista petrosa әлсіз дамыған. Ішкі есту жолы -meatus acusticus internus есту жүйкесі үшін бет каналына өтетін түбінде бір-неше ұсақ тесіктері бар. Ұлу өзекшесінің су құбырының тесігі - apertura aguaeductus cochleae және ұлу өзекшесінің су құбырының кіреберіс тесігі - apertura аguaductus vestibuli нашар дамыған. Ерекшеліктері: шошқаларда бет өсіндісі қомақты және қысқа келген, сыртқы есту жолы ұзын. Дабылдық жарғағы назальды-вентральды бағытта ұзартылған. Емізікше өсіндісі үлкен емес, буынды төмпешегі ершік тәрізді, тар. Самай каналы жоқ. Иттерде сыртқы ету жолы өте қысқа, дабыл жарғағы дөңгеленген, кең. Сыртқы есту жолынан емізікше өсіндісі дорсо-каудальды орналасқан. Ірі қара малда сыртқы жолы ұзын латеральды бағытта бағытталған. Онда тастық қынабымен қоршалғантіл асты өсіндісі бөлінеді. Жылқыларда тастық сүйек қабықшамен жасы келген кезінде бірге тұтасады, ал сыртқы есту жолы қысқа болып келеді, одан емізікше өсіндісі каудальды бағытта орналасқан. Жыртылған тесігі кең. Шошқаларда қабығы мен тастық сүйегі бірге тұтасып 25

26 өскен, ал оның тастық бөлімі оңашаланған, самай жолы мен бұлшық ет өсіндісі жоқ. Бақылау сұрақтары: 1 Самай сүйегінің орналасқан жері және ол қандай сүйектермен жанасады? 2 Қандай екі бөлікке самай сүйегі бөлінеді? 3 Тастық сүйек қандай үш бөлікке бөлінеді? 4 Орыс және латын тілінде самай сүйегінің құрылысын нақты нақты оқыпзерттеу? 2.4 Жұпты маңдай сүйегі, торлы сүйек, төбе сүйегі Сабақтың мақсаты: Бас қаңқасында маңдай, торлы, төбе және төбе аралық сүйектерді көрсету мен оқып-зерттеу. Жұпты маңдай сүйегі - os frontale сиырларда мұрын, көз жасы, торлы және төбе аралық, төбе, самай, таңдай және жоғарғы жақ сүйектерімен жанасады. Маңдай сүйегінің сыртқы беті 3 бөлімнен тұрады: маңдай бөлімі - pars frontales, көздік -pars orbitales және самай -pars temporales. Маңдай сүйегінен латеральды бағытта, яғни бет сүйегіне бағытталған көздік өсінді - processus orbitalis орналасады. Көздік өсіндінің орбиталы бетінде екі ойыс бар: көз жасының - fossa lacrimalis (көз безі үшін) және блоктық -fossa trochlearis (блоктық бұлшық ет шеміршегі үшін). Көздік өсіндінің негізінде, яғни емізік-шенің ортасында екі көздік үсті тесіктер орналасқан -foramen supraorbitalis. Тамырлар мен жүйке үшін. Көздіктің төменгі шетінде торлы тесік -foramen eth moidale көруге болады. Маңдай сүйегінің шеттері көлденең білікшені құрайды, кейін олардың шетінен мүйізді өсінділер -processus cornus өсе бастайды. Бас қаңқаның краниальды жағынан, мұрын сүйектерге маңдай сүйектерінің ішінен мұрын сүйектері - processus nasalis жақсы жарасады. Бас қаңқасының оң және сол жақтарында маңдай сүйегінің кең жатқан маңдай қуыстары-sinus frontales орналасады Ерекшеліктері: Иттерде бет өсіндісі жаман дамыған, бет доғасымен тек орбитальды байламмен ғана қосылады. Көздік үсті тесігі жоқ. Тұқымына байланысты кейбір шошқаларда маңдай-мұрын үсті кейде тегіс, кейде майысқан болып келеді. Бет өсіндісі қысқа және бет доғасымен тек орбитальды байламмен ғана қосылады. Маңдай қуыстары кең, төбе және шүйде сүйектерінің қуыстарымен қосылады. Жылқыларда маңдай сүйегінің бет өсіндісі шүйде сүйегінің бет өсіндісімен қосылады, өсіндінің негізінде көздік 26

27 үсті тесікті көруге болады, ал орбиталды бетте оның блоктық шұңқырын. Маңдай қуыстары жақсы дамыған. Торлы сүйек - os ethmoidale ми бөлімін беттен ажырататын көлденең бөлгіш болып келеді. Ми сауытының алдыңғы қабырғасы болып саналады. Торлы сүйекті сонымен қатар тесілген пластина деп атайды. Өйткені мұндағы тесіктер саны өте көп, мынадан кейін қан тамырлар мен жүйке жүйелер өтеді. Торлы сүйектен мұрынға қарай оң және сол жақтарда лабиринттер орналасады. Торлы сүйекте екі иістік шұңқырлары бар - fossae olfactoria, олар бас миының иіс баданасы үшін. Тік пластиналар - lamina perpendicularis тесікті пластинканың орта тұсына тік бұрыш жасай орналасады. Ол алдыңғы жағымен мұрын-перделігіне, ал каудальды бағытта әтеш айдарына жалғасады. Лабиринт торлы сүйегі labyrinthus өте көптеген жұқа, иірімді сүйек пластинкалардан тұрады. Ерекшеліктері: Жылқыларда, шошқаларда, иттерде торлы сүйекті құрылысы ірі қара малдың құрылысымен ұқсас. Тақ төбе аралық сүйек - os interparietale бас қаңқасының ми саутының артқы қабырғасында, шүйде сүйегінің қабыршағының үстінде орналасқан. Пішіні үш бұрышты. Ұшы маңдай жотасына бағытталған, ал екі шетінде жұп төбе сүйегі орналасқан.төбе аралық сүйектерде төбе аралық қуыстар бар. Төбе аралық сүйегі өте ерте кезінен шүйде, төбе және маңдай сүйектерімен тұтасып өседі. Ерекшеліктері: Жылқыларда төбе аралық сүйегінің сырты төрт бұрышты. Шошқаларда жоқ. Иттерде жүрек тәріздес болып келеді. Төбе сүйегі (жұп)-os parietale- шүйде сүйегінің қабыршағымен вентральды, маңдай және самай сүйектерімен дорсальды жанасады. Төбе арасында мүйізбен қатарлас орналасқан артқы жағында төбе аралық сүйек орналасады. Төбе сүйектерінде қуыстар бар. Әртүрлі жануарларда сыртқы беті әртүрлі болып келеді, бірақ олардың барлығы да самай шұңқырының қалыптасуына қатысады. Ерекшеліктері: Жылқыларда төбе сүйегінің сыртқы бетінде сыртқы сагитальды жота көрінеді, ол бірте-бірте назальды түрде маңдай жотасына өтеді. Шошқаларда ол қомақты, сыртқы беті самай жотасымен бөлінеді. Сүйек қуыстары бар. Иттерде төбе сүйектері бір-бірінен жотамен бөлінген. Бақылау сұрақтары: 1 Маңдай, торлы, төбе және төбе аралық сүйектердің ерекшеліктерін нақты - нақты оқып-зерттеу? 2 Суретте бас қаңқасында осы сүйектердің орналасқан орындарын қарастыру? 3 Әртүрлі үй жануарлар сүйектерінің айрықша ерекшеліктері? 27

28 2.5 Бас қаңқасының бет бөлімінің сүйектері Сабақтың мақсаты: Ірі қара малдың бас қаңқасында жоғары жақсүйегі, төменгі жақсүйегі және тұмсық сүйектің құрылысын көрсету мен оқып-зерттеу. Бет сүйегі- cranium viscerale- - бастың бет бөлімін құрайды. Онда ас қорыту, тыныс алу жүйелерінің басталар бөліктері мен иіс сезу, көру мүшелері орналасады. Оның құрылуына: жоғары жақ сүйегі, төменгі жақ сүйегі, тұмсық сүйегі, мұрын сүйегі, бет сүйегі, көз жасы сүйегі, таңдай сүйегі, қанат тәріздес сүйегі, соқаша сүйегі, дорсальды және вентральды мұрын кеуілжірлері және тіласты сүйегікіреді Төменгі жақсүйегі - os mandibulare,сиырларда самай сүйегінің бет өсіндісімен жалғасады(сурет 10). Онда тіс ұялары орналасқан денені - corpus mandibulare және жақты - rami mandibulare ажыратады. Денеде тұмсық бөлімі pars incisive мен ұрт бөлімін - pars molaris ажыратады. Тұмсық бөлімінде екі бет орналасқан: сыртқы иек тесігі -facies mentalis мен ішкі ойыс тілдік беті - fades lingualis. Альвеоларлық шеті - margo alveolaris тіссіз шетке -margo interalveolaris өтеді. Сүйектің латеральды бетінде үлкен шайнау бұлшықетінің ойысы - fossa masseterica, ал медиальды бетінде қанатша бұлшық ет ойысы - fossa pretygoiea орналасады. Төменгі жақ сүйегі екі өсіндімен аяқталады: бұлшық ет өсіндімен - processus muscularis,буынды өсінді алға шығады - processus articularis.қанатша тәріздес шұңқырда төменгі жақ тесігі -foramen mandibulares төменгі жақ сүйегінің каналына canalis mandibularis өткізеді. Осы канал иек асты тесігімен foramen mentalis аяқталады. Жақсүйек бұтағының төменгі бөлімінде дөңгеленген жақсүйек бұрышы angulus mandibularae деп аталады. Ерекшеліктері: жылқыларда төменгі жақ сүйектері өте ерте жасында бір сүйекке тұтасып өседі. Буынды ойығы терең. Бұлшық ет өсіндісі үлкен, жақ сүйек бұрышы жуандалған және дөңгеленген. Шошқаларда бұлшық ет өсіндісі биіктігі буынды өсіндісімен бірдей, буынды өсінді ұш бұрышты, пішіні дөңестенген, сүйектің денесінде бірнеше иекті тесіктер бар. Иттерде шайнау бұлшық ет шұңқыры терең, бұлшық ет өсіндісі ұзын, жақ сүйегінің бұрышында бұрышты өсінді шығып тұрады. Жоғары жақсүйегі- os maxillare жұп, мұрын, көз жасы, бет, мойын сүйектерімен шектеседі. Сүйекте көзше асты тесігі орналасқан беткі бетті - facies facialis айырады. Денеде альвеолярлы шетті - margo alveolaris және тіссіз шетті -margo interalveolaris айрады. Альвеолярлы шеті бұдырлы жоғарғы жақ сүйегінің төмпегіне - tuber maxillare өтеді. Оның қасында беткі төмпек tuber faciale орналасады. Жоғарғы жақ сүйегінің дорсальды бетінде мұрынды өсінді processus nasalis шығып тұрады. 28

29 Ерекшеліктері: жылқыларда жоғарғы жақ сүйегінде бет жотасы, жақ төмпешегі үлкен, жоғарғы жақ сүйегінің қуысы үлкен болып келеді. Шошқаларда жоғарғы жақ сүйегінің беткі беті майысқан, жоғарғы жақ сүйегінің қуысы кішкентай. Иттерде мұрынды өсіндісі маңдай сүйегіне дейін жетеді, жоғарғы жақ сүйегінің қуысы жоқ. Көз жасы мұрын каналы жақсы дамыған. Тұмсық сүйегі- os incisivum- жұп, сиырларда жоғарғы жақ сүйегі мұрын сүйегімен және соқаша сүйегімен шектеседі. Тұмсық сүйек денесі - corpus incisivum жуандалған пластина түріне ие. Алдыңғы шеті тіссіз, сондықтан оны тіссіз - margo interalveolaris деп атайды. Тұмсық сүйектің денесінен екі өсінді кетеді: мұрын - processus nasalis және таңдай өсінділері -processus palatinum. Мұрын өсінділері мұрын қуысының екі шеткі қабырғасының құрамына кіреді, ал таңдай өсіндісі мұрын қуысының алдыңғы бөліміне кіреді. Мұрын сүйегі-os nasale - жұп, сиырда маңдай, көз жасы, жоғарғы жақ және тұмсық сүйегімен жанасады. Мұрын сүйектері сыртынан тігіспен қосылған, ал ішінде дорсальды мұрын кеңсірігі және мұрын пердесімен. Дорсальды мұрын кеңсірігі concha nasalis dorsalis, сиырларда вентральды мұрын кеңсірігі аз келеді. Мұрын қуысының ішінде орналасқан өте жұқа пластинка тәріздес иірімді сүйектер. Вентральды мұрын кеңсірігі -concha nasalis ventralis, сиырда жоғарғы жақ сүйегінің жотасына тіркуелген. Оральды (ауызға қарай) бөлімі жарты айналымға шиыршықты бұралады. Вентральды кеңсіріктің аборальды (ауызға қарама-қарсы) бөлімі бір қуыс болып келеді және ол маңдай және жоғарғы жақ сүйегінің қуысымен жанасады. Бет сүйегі- os zygomaticum. Ол беттік доғаның -arcus zygomaticum, көздік және жақ қуысыныңқалыптасуына көмектеседі. Бет сүйегінде самай өсіндісі - processus temporalis мен маңдай өсіндісі - processus frontalis болып бөлінеді. Көз жасы сүйегі - os lacrimale - жұп. Көз жасы сүйегінің сыртқы бетінде екі пластинаны айырады: беткі пластина - lamina facialis, көздік пластина - lamina orbitale. Беткі пластинада артқы көз жас өсіндісі -processus lacrimalis aboralis болады. Көздік бөлімінде көз жас қапшығының шұңқыры -fossa sacci lacrimalis, ал оның ішінде көз жасы - мұрын каналы - foramen nasolacrimales орналасады. Мұнда екі жұқа қабырғалы көпіршігі - bullae lacrmales, көпіршік қуыстары sinus lacrimales. Таңдай сүйегі- os palatinum- сиырларда хоан түзеді. Таңдай сүйегінде көлденең және перпендикулярлы пластиналарды айырады. Көлденең пластина -lamina horisontalis қатты таңдайдың үштен бір бөлігін алады. Ол ауа қуысын - sinus palantinus түзеді. Перпендикулярлы пластина - lamina perpendiculars медиальды және латеральды беттен тұрады. Қанат тәрізді сүйек - os pterygoideum - жұп, сиырларда таңдай, қанат тәріздес және соқаша сүйегімен жанасады. Оральды ұшы ілгекке hamulus айналады. 29

30 Жылқыларда осы сүйектер жұқа, таспа тәріздес, үлкен ілгегімен. Иттерде қанат тәріздес сүйектері төрт бұрышты және ілмешегі ұшбұрышты болып келеді. Соқаша сүйек- vomer- тақ сүйек, кеңейген аборальды ұшымен, сиырларда ол сынаша сүйекпен, қанатша тәріздес, жоғарғы жақ сүйегімен және тұмсық сүйегімен шектеседі. Соқаша сүйектің бүйірінде қанаттар орналасқан -alae vomeris, олардың ортасында мұрын пердесінің емізікше көрінеді. Ерекшеліктері: Жылқыларда соқаша сүйек аборальды және кесілген үлкен қанаттары бар. Сонымен қатар таңдай және тағы басқа сүйектермен қосылған. Иттерде соқаша кішкентай кесіндісімен. Тіл асты сүйегі- os hyoideum тақ емес, сиырларда тас сүйегімен қосылады және тіл түбірі мен кеңсірік үшін негіздеме болып саналады(сурет 11). Тіл асты сүйегінде дене, үлкен және кішкентай мүйіздер және бұталардан тұрады. Дене - basi hyoideum үлкен емес көлденең пластина, одан дөңгеленген тіл өсіндісі - processus lingualis алға шығып тұрады. Дененің ұшынан кеңірдекпен жалғасу үшін каудальды бағытта үлкен мүйіздер thyreo hyoideum өтеді. Денеден дорсальды бағытта кішкентай мүйіздер - cerato hyoideum өтеді. Тіл асты сүйектің астында дене мен мүйіздің арасында тамырлар орналасқан. Ерекшеліктері: Жылқыларда тіл асты сүйектің денесі ұзын, өткір тілше өсіндісімен. Шошқаларда тіл асты сүйегінің денесі жақсы дамыған. Денесі мен мүйізі шеміршекпен тұтастай қосылған. Иттерде тіл асты сүйегі тас сүйегімен жалғасып қосылған. Тілше өсіндісі жоқ. Кішкентай мүйіздері жақсы дамыған. 30

31 10- сурет. Төменгі жақ сүйегі (А.И. Акаевский бойынша). А сиырларда; Б шошқаларда; В жылқыларда; Г иттерде. 1 дененің тұмсық бөлімі, 2 төменгі иек тесігі, 3 дененің түбірлі бөлімі, 4 буынды ойынды, 5 жақ бұтағы мен шайнау бұлшық етінің шұңқыры, 6 төменгі жақ сүйегінің бұрышы, 7 бұрышты өсінді, 8 бұлшық ет өсіндісі, 9 буынды өсіндісі, 10 жақ ойындысы 11 төменгі жақ тесігі, 12 тіссіз қыры. 31

32 11-сурет. Тіласты сүйегі (А.И.Акаевский бойынша): А сиыр, Б шошқа, В жылқы, Г ит. 1 денесі, 2 тіл (кішкентай) мүйіздіктен,,3 дистальды бунақ (шошқаларда өсінді), 4 ортаңғы бунақ, 5 проксимальды бунақ, 6 кеңірдік (үлкен) мүйіздік, 7 тілдік өсінді, а бұлшық етті өсінді, жіңішке сызықты шеміршекті қырын көрсетеді, ал қара түспен байланыстырғаш бұлшық етін белгілейді. 32

33 Бақылау сұрақтары: 1 Қаңдай сүйектерден бас қаңқаның беткі беті тұрады? 2 Беткі беттің барлық сүйектерін атап шығыңыз? 3 Бас қаңқада орыс және латын тілінде мұрын сүйегінің элементтерін көрсетіп атаңыз. Сонымен қатар оның түрлік ерекшеліктерін? 4 Таңдай, қанат тәріздес, соқаша және тіл асты сүйектеріне қысқаша сипаттама беріңіз? 3 Алдыңғы аяқ қаңқасы 3.1 Шеткі қаңқа, жауырын, тоқпан жілік Сабақтың мақсаты: Алдыңғы аяқ қаңқасында иық белдеуі мен жауырынның құрылысын оқып-зерттеу. Шеткі қаңқа. Алдыңғы аяқ қаңқасына иық белдеуі (жауырын), тоқпан жілік, білек қаңқасы (кәрі жілік пен шынтақ сүйегі), алдыңғы аяқ басының қаңқасы (тізе, алдыңғы жіліншік және бақай сүйектері мен тұяқ сүйектері) кіреді. Жауырын -scapula, жалпақ келген үшбұрышты сүйек(сурет 12). Жауырында мойын бұрышы - angulus cervicales, арқа бұрышы - angulus dorsalis боп ажыратылады және жауырынның негізі қосымша жауырын үсті шеміршекпен - cartilago scapulae толықтырылады. Жауырынның тарылған жерін жауырын мойыны -collum scapulae, төмпешігі - tuber scapulae деп ажыратылады. Буынды ойыс - cavitas glenoidalis, латеральды бетінде жауырынның қырын - spinae scapulae көрсетеді, ол акромионмен - acromion аяқталады. Мойынға қарай жауырынның білік алды шұңқыры -fossa supraspinata, арқаға қарай жауырынның біліктен кейінгі шұңқыры - fossa infraspinata, ал медиальды бетінде жауырынның біліктен асты шұңқыры - fossa subscapularis орналасқан. Ерекшеліктері: жылқыларда жауырын қыры орта бөлігінде төмпешікті, акромионы жоқ, жауырын шеміршегі мықты. Шошқаларда жауырын қысқа, жалпақ, қырда маңызды төмпешік орналасқан, қыры артқа қарай қайырылған, жауырынның қырдан кейінгі шұңқыры терең. Иттерде акромион жақсы дамыған. Жауырынның білік алды шұңқыры жауырынның біліктен кейінгі шұңқырымен тең, жауырын шеміршегі үлкен емес, буынды ойысы сопақша келген. 33

34 12- сурет. Жауырын.А ірі қара мал, Б жылқы (латеральды бетінен) және В медиальды бетінен, Г шошқа. 1 жауырын үсті шеміршек, 2 мойын бұрышы, 3 білік алды шұңқыры, 4 жауырынның білігі, 5 жауырынның мойыны, 6 акромион (акромион өсіндісі), 7 жауырынның төмпешігі, 8 арқа бұрышы, 9 білік арты шұңқыры, 10 буынды ойыс, 11 жауырын білігінің төмпешігі, 12 тісті бұдыр, 13 жауырын асты шұңқыр, 14 коракоидты өсінді. Тоқпан жілік -osbrachi - s.oshumeri. Іші қуыс ұзын жіліктердің қатарына жатады(сурет 13). Проксимальды ұшында тоқпан жіліктің басы -caput brachii және мойыны - collum brachii орналасқан. Тоқпан жіліктің басынан латеральды және медиальды жақта бұлшық ет төмпешіктері, яғни латеральды (үлкен) немесе медиальды (кішкентай) - tuberculum majus, tuberculum minus орналасқан. Үлкен төмпешіктен үлкен төмпешіктің жотасы - crista tuberculi majoris түседі, онда дельташа бұдыр -tuberositas deltoideas болады. Ал оған қарама-қарсы үлкен жұмыр бұдыр - tuberositas teres жақсы көрінеді. Тоқпанжіліктің дистальды ұшы көлденең қисық блок - trochlea түзеді. Блокта емізік - sulcus. пен жота - crista орналасқан. Білікшенің (блоктың) алдыңда топай шұңқыр - fossa cornoideus, ал басқа жағында шынтақ шұңқыры - fossa alecrani болады. Екі шетінде латеральды айдаршықүстін бүккіш - epicondylus extensorius және медиальды айдаршықүстін жазғыш -eрicondylus flexorius орналасқан. 34

35 13- сурет. Тоқпан жілік (сол жағы). А ірі қара мал, Б жылқы, В шошқа, Г ит. 1 кіші төмпешік, 2 төмпешік аралық сай, 3 үлкен төмпешік, 4 қырарты бұлшықет бекитін алаң; 5 дельташа бұдыр, 6 жота, 7 - жазғыш айдаршықүстінің жотасы, 8 медиальды айдаршықүсті, 9 блок, 10 үлкен төмпешіктің жотасы, 11 синовиальды шұңқыр, 12 буынды тесігі, 13 дөңгеленген бұдыр, 14 тоқпан жіліктің басы, 15 шынтақ сызығы, 16 латеральды айдаршықүсті, 17 ортаңғы блокты төмпешік. Бақылау сұрақтары. 1 Қандай сүйектерден алдыңғы аяқ қаңқасы құрылған. Оны латын терминологиясын қолдану көмегімен атап беріңіз? 2 Иық белдеуіне қаңдай сүйектер кіреді? 3 Жауырынның құрылу элементтерін атаңыз, басқа үй жануарлардың жауырын немен ерекшеленеді? 4 Тоқпан жіліктің қай жерінде проксимальды эпифиз, дистальды эпифиз және диафиз орналасқан? 3.2 Білек қаңқасы, кәрі жілік, шынтақ сүйегі, алдынғы жіліншік Сабақтың мақсаты: Алдыңғы аяқ қаңқасында білек қаңқасы (кәрі жілік пен шынтақ сүйегі) пен алдыңғы аяқ басының қаңқасының (тізе, алдыңғы жіліншік және бақай сүйектері мен тұяқ сүйектері) құрылысын оқып-зерттеу. Білек қаңқасы - ossa antibrachii - әртүрлі дәрежеде дамыған екі сүйек: кәрі жілік пен шынтақ сүйек құрайды(сурет 14). 35

36 Кәрі жілік - os radii медиальды орналасқан (сурет 16). Проксимальды ұшында оның басы - caput radii. Білек қаңқасын блоктау үшін баста буынды шұңқыр - fossa articularis бар. Бастың қасында кәрі жілік бұдыры tuberositus radii. Дистальды ұшында буынды блок- trochlea radii, ал онда емізікше - sulcus мен жота - crista орналасқан., Шынтақ сүйегі- os ulnae ірі қара малда өте жақсы дамыған. Оның проксимальды бөлігінде жақсы жетілген шынтақ сүйегінің өсіндісі processus olecrani, ал оның үстінде шынтақ төмпешігі olecranon болады. Осында, алдыңа қарай тұмсық тәріздес өсінді -processus anconeus, ал одан төмен қарай жартылай айлы кескін -incisura semilunaris орналасқан. Шынтақ сүйегінің денесі үшбұрышты, ол қозғалмастан кәрі жілік сүйекпен тұтасып өседі. Олардың арасында сүйек аралық тесік spatium interosseum бар. Шынтақ сүйегінің дистальды ұшында латеральды грифельды өсіндісі - processus styloideus lateralis бар. Ерекшеліктері: жылқыларда кәрі жілік бұдыры кең, сүйек аралық тесігі үлкен. Шошқаларда шынтақ сүйегі жақсы дамыған. Иттерде екі сүйектері де жақсы дамыған, шынтақ өсіндісі үш төмпешіктен тұрады сурет. Білек сүйектері.а ірі қара мал, Б жылқы, В шошқа, Г ит. 1 шынтақ төмпегі, 2 шынтақ сүйегі, 3 сүйек аралық кеңістік, 4 буынды өзегі, 5 шынтақ сүйегінің грифельді өсінді, 6 кәрі жілік, 7 кәрі жілік бұдыры, 8 кәрі жілік басының шұңқыры, 9 жарты ай ойығы, 10 ілгек тәрізді өсінді, 11 кәрі жіліктің грифельді өсіндісі. 36

37 Алдыңғы аяқ басының қаңқасы. Тізе сүйектері- ossa carpi сиырларда екі қатарда орналасқан(сурет 15). Проксимальды қатарда төрт сүйек бар: кәрі жіліктің тізе сүйегі - os carpi radiale, ортаңғы тізе сүйек - os carpi intermedium, шынтақтық сүйек тізе сүйегі - os carpi ulnare және қосымша тізе сүйегі - os carpi accessorium. Дистальды қатарда 3 сүйек: бірінші тізе - os carpi primum, екінші тізе - os carpi secundum, үшінші тізе - os carpi tertium. 15- сурет. Алдыңғы аяқ басының қаңқа сүйектері.а ит, Б шошқа, В ірі қара мал, Г жылқы. а тізе сүйегі, б алдыңғы жіліншік, в бақай сүйектері. І бірінші саусақ, ІІ екінші саусақ ІІІ үшінші саусақ, IV төртінші саусақ, V бесінші саусақ. 1 шынтақ сүйек, 2 шынтақты, 3- қосымша, 4 төртінші және 5 бесінші тізе сүйектері. 6 алдыңғы жілік және 7 төртінші алдыңғы жілік, 8 бақай сүйегінің проксимальды сүйегі (тұсамыс сүйек), 9 бақай сүйегінің ортаңғы сүйегі (топай сүйек), 10 бақай сүйегінің дистальды сүйегі (тұяқ сүйек), 11 кәрі жілік сүйегі, 12 кәрі жіліктік, 13 аралық, 14 бірінші, 15 екінші және 16 үшінші тізе сүйегі, 17 бірінші, 18 екінші және 19 үшінші алдыңғы жіліншік сүйегі. 37

38 16- сурет. Ірі қара малдың алдыңғы аяқ басының қаңқасы дорсолатеральды жағынан. 1 - radius - кәрі жілік; 2 - ulna - шынтақ сүйек; 3.- os carpi radiale - кәрі жіліктің тізе сүйегі; 4 - os carpi intermedium - ортаңғы тізе сүйек; 5 - оs carpi ulnareшынтақтық сүйек тізе сүйегі; 6 - оs carpi accessorium - қосымша тізе сүйегі; 7 - os carpale 2 et 3-2 және 3 тізе сүйегі; 8 - os carpale 4-4 тізе сүйегі; 9 - os metacarpale 5-5 алдыңғы жіліншік; 10 - os metacarpale 3-3 алдыңғы жіліншік; 11 - os metacarpale 4-4 алдыңғы жіліншік; 12 - os sesamoidea proxiimalis - проксимальды тиек сүйегі; 13- phalanx proximalis digiti 3 проксимальды 3-ші тұсамыс бақай сүйегі; 14 - phalanx proximalis digiti 4 - проксимальды 4-ші тұсамыс бақай сүйегі; 15 - phalanx media digiti 3 ортаңғы 3-ші топай бақай сүйегі; 16 - phalanx media digiti 4 - ортаңғы 4-ші топай бақай сүйегі; 17 - phalanx distalis digiti 3 дистальды 3-ші тұяқ сүйегінің бақай сүйегі; 18 - phalanx distalis digiti 4 - дистальды 4-ші тұяқ сүйегінің бақай сүйегі; 19 - os sesamoideum distalis дистальды тиек сүйегі; 20 - spatium interosseum antebrachii distale иық алды дистальды сүйек аралық қуысы; 21 - canalis metacarpi proximalis - алдыңғы жіліншіктің проксимальды каналы; 22 - canalis metacarpi distalis - алдыңғы 38

39 жіліншіктің дистальды каналы; 23 - sulcus longitudinalis dorsalis алдыңғы жіліншіктің дорсальды ұзынша сайы; Алдыңғы жіліншік - ossa metacarpi.сиырда үш сүйек бар: екі жақын орналасқан, ал үшіншісі қосымша болып келеді. Тізе сүйектері үшін жіліншіктің проксимальды ұшында тегіс буынды беті орналасқан fades articularis. Дистальды соңы кеңейтілген және екі буында блокқа - trochleae articularis ие. Бақай сүйектері - ossa digitorum үш бөліктен тұрады: 1 бөлік немесе прксимальды- phalanx prima - тұсамыс сүйек, 2 бөлік немесе ортаңғы (медиалды) -phalanx secunda - топай сүйек және 3 бөлік немесе -phalanx tertia тұяқ сүйек деп аталады. Барлық осы үш сүйек жіліншікпен қосылып буынның үш саусақ сүйегін құрайды. Ерекшеліктері: Жылқыларда тізе сүйегі негізгі сүйек болып келеді, және 2 мен 4-шіні рудемент түрінде грифельді деп атайды. Шошқаларда төрт жіліншік, екі артқы жіліншіктері қысқа және бақай сүйектерімен салыстырып алғанда дамуы нашар. Жылқыларда тек үшінші саусағы дамыған, екіншісі түтікше сүйек түрінде және ені биіктігінен гөрі үлкен. Үшінші саусақ немесе бөлімі қысқа сүйек түрінде болып келеді. Шошқаларда төрт саусақтары жақсы дамыған, олардың екі саусағы жерге батып, ал екеуі салбырап тұрады. Барлық саусақтар үш бөлімнен тұрады, сыртынан қарағанда сиырдың тұяғына ұқсас. Иттерде II, III, IV және V саусақтары жақсы дамыған және олар ұш бөлімнен тұрады. Бақылау сұрақтары: 1 Алдыңғы аяқ қаңқасындағы білек қаңқасының орналасуы? 2 Қаңдай сүйектерден білек қаңқасы тұрады? 3 Білек қаңқасының проксимальды соңында қандай буын және қандай сүйек қалыптасады? 4 Дистальды эпифизде орналасқан шынтақ өсіндісін латын терминің қолданып атаңыз? 3.3 Жамбас белдеуі Сабақтың мақсаты: Артқы аяқ қаңқасының құрылысын оқып-зерттеу. Артқы аяқ қаңқасы жамбас белдеуі мен еркін қозғалатын сүйектердің заңдылықпен байланысқан жиынтығы(сурет 17). Өз кезегінде жамбас белдеуі жамбастан, ал еркін қозғалатын бөлім ортан жілік, тобық, сирақ және аяқ басы сүйектерінен (тілерсек, артқы жіліншік және бақай сүйектері) құралған. 39

40 Жамбас белдеуі - pelvis қос жамбас сүйектен тұрады. Бұл сүйектер құйымшақпен байланысып жамбас қуысын түзеді. Жамбас сүйегі- ossa coxae - мықын, шат және шонданай сүйектерінен тұрады. Мықын сүйегі - os ilium- денеден құралған - corpus ossis ilii. Қанаттың бетінде бөксе беті -facies glutaea орналасқан. Мықын сүйектің латеральды бағытта сербекке - tuder coxae. Оның үстінде құлақша тәріздес беті - facies auricularis, ал медиальды бағытта құйымшақ төмпегіне -tuber sacraleбарып жалғасады. Сербекпен құйымшақ төмпегі арасында мықын сүйегінің жотасы - crista ossis ilii орналасқан. Құйымшақ төмпегінің астында құйымшақ - жамбас бетінің мүшеленуін көруге болады. Шонданай сүйегі-os ischii- каудальды орналасқан. Ол денеден - corpus ischii, білік spina ischii, кішкентай шонданай ойындысынан - incisura ishiadica minor, шонданай төмпешіктерінен (үшеу)- tuber ischiadica isсhii және соңғы екі төмпешіктің ортасында орналасқан шонданай жотасынан - crista ischiadica ischii тұрады. Шонданай доғасы - arcus ischiadica. Жабқыш тесік - foramen obturatorium. Осы тесіктің айналасы тігін бұтағымен - ramus symphyseus қоршалған, ұршық бұтағы - ramus acetabularis, буын ойығы - articulatio acetabulum. Шат сүйегі- os pubis шат сүйегі шонданай сүйегімен бірге тұтасын тұтасқан жамбас түзеді -sumphysis. Шат сүйегі екі бұтақтан тұрады: Ұршық бұтағы - ramus acetabularis, тігін бұтағы - ramus symphyseus. Шат төмпешігі - tuberpubis мен шат жотасын - cristapubis. 40

41 17- сурет. Жамбас сүйегі. А-Б ірі қара мал, В қой, Г шошқа, Д жылқы, Е ит (Б сол жағынан көрініс, ал қалғандары дорсальды жағынан). 1 мықын сүйегінің денесі, 2 шат сүйегі, 3 - шондаанй сүйегінің деенсі, 4 мықын сүйегінің қанаты, 5 сербек, 6 құйымшақ төмпешігі, 7 бөксе сызығы, 8 шонданай білігі, 9 үлкен шонданай ойығы, 10 буынды ұршық ойысы, 11 кіші шонданай ойығы, 12 жабық тесік, 13 шонданай төмпешігі, 14 - шонданай пластинасы, 15 шонданай доғасы, 16 шонданай сүйегінің бұтағы, 17 шат сүйегінің бұтағы, 18 шат жотасы, 19 мықын-шат дөңесі, 20 шат төмпешігі, одан каудальды бетінде бөксе тігіні орналасқан. 41

42 Бақылау сұрақтары: 1 Қаңдай екі сүйектен жамбас белдеуі тұрады. Орыс және латын атауын атаңыз? 2 Қандай жұп сүйегінен, немесе оң не сол сүйегінен жамбас белдеуі тұрады? 3 Жамбастың буын ойығы қандай сүйектердің арқасында түзіледі? 4 Жамбастың каудальды не краниальды жағын қандай әдіспен анықтауға болады? 4 Артқы аяқ қаңқасы 4.1 Ортан жілік, сирақ сүйектері, бақай сүйектері Сабақтың мақсаты: Артқы аяқ қаңқасында ортан жілік, сирақ және артқы аяқ басының қаңқасын оқып-зерттеу. Ортан жілік- os femoris сиырларда ең үлкен іші қуыс түтікті сүйек болып келеді(сурет 18). Проксимальды ұшында ортан жіліктің басы -caput femoris, ал оның үстінде жақсы байлам үшін кішкентай шұңқыр -fovea capitis орналасқан. Бастан латеральды бағытта үлкен ұршық -trochanter major, орташа ұршық - trochanter media, үшінші ұршық -trochanter tertius (көбінесе жылқыларда кездеседі). Кішкентай ұршықтың -trochanter tertius ішінде ұршықты шұңқыр орналасқан. Ортан жілік денесінің дистальды бағытында тегіс плантарлы шұңқыр - fossa plantaris көрінеді. Дистальды эпифизде: блок trochlea, оның ішінде сай sulcus мен жота crista ажыратады. Осы арқылы тобық сырғанйды. Екінші жағында, латеральды айдаршық -condylus lateralis, медиальды айдаршық - condylus medialis, латеральды айдаршық үсті -epicondylus lateralis, медиальды айдаршық үсті- epicongylus medialis.айдаршық аралық шұңқыр - fossa intercondyloidea. Төменгі жағында блок пен айдаршық арасында екі шұңқыр орналасқан: тобықасты бұлшығы - fossa musculus poplitei және жазғыш шұңқыры - fossa extensoria. Байлау шұңқыры - fosse ligarnentum. Ерекшеліктері: Жылқылардың ортан жіліктің басында кішкентай шұңқырдың орнынан үлкен үшбұрышты ойық орналасқан. Үлкен ұршықта ойық орташа ұршықты ерекшелейді. Шошқаларда ортан жілігі қысқа, мойыны шомбал, басы жақсы көрінген. Ірі қара малда ортан жілігі салыстырмалы алғанда қысқа. Үлкен ұршығы мен мойыны жақсы көрінген. Плантарлы шұңқыры ұсақ келген. Иттерде ортан жілік ұзын, жұқа және майысқан. Ұзын ұршық бастан асып түспейді. Денеде плантарлы төмпешік бар. 42

43 18- сурет. Ортан жілік. А - ит, Б шошқа, В сиыр, Г жылқы (плантарлы жағынан үстіңгі қатар, дорсо-латеральды жағынан төменгі қатар). 1 басы, бастың шұңқыры, 2 мойын, 3 үлкен ұршық, 3 1 орташа шұңқыр (жылқыларда), 4 бөкселі төмпешік (жылқыларда үшінші ұршық), 5 кішкентай ұршық, 6 ұршықты шұңқыр, 7 бұдырлы беті, 8 табан төмпешігі (жылқыларда табан ойысы), 9 тобық асты беті, 10 медиальды және 11 латеральды айдаршық, 12 айдаршықаралық шұңқыр, 13 айдаршықүстілер, 14 табан асты бұлшық еттің шұңқыры. Сирақ сүйектері -ossa cruris асықты жілік пен шыбық сүйектен құралған. Асықты жілік-tibia қуысты ұзын сүйек(сурет 19). Проксимальды ұшында екі айдаршық: латеральды -condylus lateralis және медиальды - condylus medialis. Айдаршық арасында айдаршық арасындағы төмпешік - eminentia intercondyloidea бар. Айдаршықтың алдыңда бұдырлы жуандау мен көлемді жота -crista tibiae орналасқан. Жота арасы мен латеральды айдаршық арасында айдаршық сайы -sulcus muscularis болады. Латеральды айдаршықта кішкентай емес шыбық сүйегінің өсіндісін - processus fibularis көруге болады. Асықты жіліктің денесі corpus tibiae үшбұрышты. Дистальды эпифизде блок trochlea, 43

44 онда медиальды жіліншік -malleolus medialis және латеральды жіліншік - malleolus lateralis айырады. Латеральды жіліншікте жіліншік сүйегі орналасқан. Шыбық сүйек-fibula нақты бір сүйек ретінде ірі қара малда болмайды. Ерекшеліктері: Жылқыларда шыбық сүйегінің басын, ал денесі жұқарып, сирақтың ортасына қарай жоғалады. Шошқаларда шыбық сүйек жақсы дамыған, сүйек аралық кеңістігі сүйектің барлық ұзыныдығы бойынш орналасқан. Иттерде шыбық сүйек дистальды эпифизге дейін жетеді. Сүйек аралық кеңістік тек үстінде жақсы дамыған. 19- сурет. Асықты жілік пен шыбық сүйек. (сол жағынан) А ірі қара мал, Б жылқылар; 1 - асықты жілік, 2 асықты жіліктің жотасы, 3 айдаршық аралық қырат, 4 латеральды айдаршық, 5 шыбық сүйектің басы, 6 латеральды қайықша, 7 блок, 8 - медиальды қайықша, 9 шыбық сүйек. 44

45 20- сурет. Тілерсек сүйегі. (оң жақ аяғы) А ірі қара мал, Б жылқылар. 1 асықты жілік, 2 асық, 3 орталық сүйек, 4 үшінші тілерсек сүйегі, 5 ірі қара малда табан сүйектің үшінші және төртінші сүйегі, ал жылқыларда үшінші, 6 төртінші тілерсек сүйегі, 7 буынды канал, 8 жіңішке сирақ сүйегі, 9 - өкше сүйегі. Артқы аяқ басының қаңқасы. Бақай сүйектері -ossa pedis.артқы жіліншік, тілерсек және бақай саусағынан тұрады. Тілерсек сүйегі - ossa tarsi сиырларда 6 сүйектен тұрады және 3 қатарда орналасқан. Проксимальды қатарда асық және өкше сүйектері. Асық сүйек -os tarsi tibiale. Медиальды орналасқан және үш блоктан тұрады: проксимальды, дистальды және плантарлы. Проксимальды блок асықты жілік үшін арналған, дистальды орталық сүйегі үшін, ал плантарлы өкше сүйегі үшін. Өкше сүйегі -os tarsi fibulare. Латеральды орналасқан, асық, орталық және жіліншік сүйегімен қосылады. Өкше сүйегінде шомбал денесі бар, ахилді сіңірі үшін өкше өсіндісі -processus calcaneus орналасқан. Өкше сүйегінің медиальды бетінде асық сүйекті ұстайтын - sustentaculum tali сүйек шығып тұр. Оталық бетінде орталық сүйек os. tarsi centrale. Орталық сүйек тек орташа қатарды ғана емес, сонымен қатар дистальды қатарда орналасады. Дистальды қатарда үш тілерсек сүйектері жатыр: бірінші тілерсек - os tarsi primum, екінші тілерсек - os tarsi secundum, 45

46 үшінші тілерсек - os tarsi tertium. Табан сүйектеріүш бөліктен тұрады (тұсамыс сүйек,топай сүйек және тұяқ сүйек). Ерекшеліктері: Жылқыларда асық сүйегі бұранда блок түрінде, өкше өсіндісі ұзын, төмпешігі жалпақ. Шошқаларда және сиырларда асық және өкше сүйектерінің құрылыстары ұқсас. Бақылау сұрақтары: 1 Әртүрлі үй жануарларының ортан жілік құрылысының ерекшеліктерін атап өтіңіз? 2 Асықты жіліктегі дистальды эпифиз блогынан басқа, қандай сүйектер орналасады? 3 Сиырларда асықты жілік қандай пішінде болады? 4 Тілерсек сүйегінде қанша қатар бар екенін және қандай сүйектер орналасқанын орыс және латын тілінде атаңыз? 5 Біліктік қаңқа сүйектерінің байланысы Сабақтың мақсаты: Ірі қара малдың біліктік қаңқасында бас қаңқасы мен омыртқалар байланысын оқып-зерттеу. Омыртқалар денесі бір-бірімен талшықты шеміршекпен және көлденең дорсальды және вентральды байламмен байланысады(сурет 21). Омыртқа аралық талшықты шеміршектер - fibrocartilagenes intervertebralis көршілес жатқан омыртқалардың бас пен шұңқырларында орналасады, үстінен талшықты сақина - anulus fibrosus, ал ортасында пульпозды ядро - nucleus pulposus құрайды. 1. Дорсальды көлденең байламы - ligamentum longitudinale dorsale арқа жұлының астында, омыртқа каналында орналасқан, омыртқаның денесіне қосылады да, екінші мойын омыртқасынан бастап құйымшақ сүйегінің денесінде аяқталады. 2. Вентральды көлденең байланыс-ligamentum longitudinal бел омыртқасының астында орналасқан, соңғы төрт көкірек омыртқаларының вентральды жотасынан бастап құйымшақ сүйегінің денесінде аяқталады. 3. Омыртқа доғасы доға аралық байланысы - ligamenta interarcualia арқылы қосылады. 4. Омыртқаның көлденең өсінділері омыртқа аралық байланыс - ligamenta intertransversarii арқылы қосылады. 5. Омыртқаның буынды өсінділері буын қапшығысаpsula articularis арқылы қосылады. 46

47 6. Қылтықты өсінділер бір-бірімен қылтық аралық байланыспен- ligamenta interspinosus қосылады. 21- сурет. Ірі қара малдың омыртқа байланысы. 1 желке тарамысының қанатша бөлігі, 2 оның пластинкалық бөлігі, 3 білік аралық байламы, 4 білік үсті байлам, 5 көлденең вентральды байламы, 6 омыртқа аралық талшықты шеміршек 7. Желке байламы ligamentum nuchae- ең ірі, эластикалық тканінен түзілген, арқаншада және пластинкадан тұрады. Бұлар жануарлардың бас мен мойының көтерілу кезіндегі қозғалысын қамтамасыз ететін бұлшықеттерге жәрдем береді. 8. Желкенің арқанша бөлігі жота үстілік байламның мойындағы жалғасы болып табылады. Ол шүйде сүйегіне барып бекиді. 9. Желке пластинкасы мойын омыртқалардың жоталық өсінділерінен басталып, желкенің арқанша бөлігіне жалғасады Арқа облысында бірінші көкіректен қылтықты үсті байлам басталады және ол мықын сүйегінің құйымшақ төмпешігінде аяқталады. Бірінші және екінші мойын омыртқалары атлант-шүйде және атлант-білік буындарымен байланысады. 11. Атлант-шүйде буыны articulatio atlantooccipitalis. Шүйде сүйегінің айдаршығымен құрылған және атланттың краниальды-буынды бетімен. Буыны кәдімгі, екі білікті. Бүгу мен жазғыш қозғалыстары білікке қарай тік, ал оң мен солға бұрылысы білікке қарай көлденең орындалады. Буында қапшық бар, дорсальды және вентральды атлант-шүйде мембрана мен бүйір байламдары. 47

48 Сонымен қатар бүйірлі латеральды және медиальды байламдары бар, олар атланттың краниальды шетін шүйде сүйегінің мойындырық өсінділерімен байланысады. 12. Атлант-білік буыны - articulatio atlantoaxialis. Екінші мойын омыртқасының тісше тәріздес өсінді мен атланттың байланысы арқылы пайда болады. Бір білікті, қарапайым буын. Буында, қапшықтан басқа, басқа байламдар да бар. Қапшық -capsula articularis, доға аралық байланыс -ligamentum interarcuale атлант доғасынан білік доғасына қарай өтеді. Доға арналық байланыс - ligamentum interspinale атланттың төмпешігінен бастап біліктің жотасына дейін жетеді. Ішкі тісше тәріздес байланыс - ligamentum dentis internum тісше өсіндісінен басталып атланттың доғасына қарай аяқталады. Сыртқы тісше байланысы - ligamentum dentis externum атланттың вентральды төмпешігінен бастап тісше тәріздес өсіндіге дейін бағытталады. Қабырға омыртқамен екі буынмен: қабырға басының буыны - articulatio capituli costae, екіншісі қабырға төмпешігінің буыны -articulatio tuberculi costae. Буында буын қапшығы мен төрт арнайы байланыс орналасқан. Қабырға басының радиальды буыны - ligamentum capituli costae radiatum қабырға басынан басталып омыртқаның денесіне дейін созылады(сурет 22). Қабырға басын байланыстыратын байлам - ligamentum coniugale costarum деп аталады. Ол қабырға басының шұңқырынан бастап басқа жақтан қабырға басының шұңқырына дейін созылады.қабырға төмпешігінің байламы - ligamentum tuberculi costae деп аталады. Ол қабырға төмпешігінен бастап көлденең өсіндіге дейін созылады. Қабырға мойының байламы - ligamentum collum costae деп аталады. Ол қабырға мойынынан алдыңғы омыртқаның доғасына дейін жетеді. Қабырғалар қабырға шеміршектерімен бір-бірімен әртүрлі байланысқан: қабырғаның кеуде ұшы қабырға шеміршегімен синхондрозды қосылады: 2- шіден 9-ші қабырға тығыз буынның көмегімен байланысады. Буын қапшығы бар кабырға шеміршектері кеудемен кеуде-қабырға буының - artictilatio sternocostalis құрайды Кеуде сүйегінің тұтқасы буын кеудесінің денесімен жалғасады. Бас сүйектің сүйегі тігінмен байланысады. Төменгі жақ сүйегі самай сүйегінің қабығымен байланысады да, самай-төменгі жақ сүйегінің буынын -articulatio temporomandibularis түзеді. Буынды беттері арасында буынды мениск discus орналастырылған, сондықтан ол сондай күрделі. Бүгу мен жазу қозғалыстарын, оң мен солға бұрылу. Байланыс аппараты қапшық, бүйірлі және артқы байланыстан тұрады. 48

49 22- сурет. Қабырғаның омыртқамен байланысы. А алдынан көрініс. Б артынан көрініс. 1 білікті өсінді, 2 қабырғалар (кесілген), 3 омыртқаның денесі, 4 буынды өсінді, 5 қабырға басының бөлігі, 6 көлденң өсінді, а омыртқа аралық шеміршек, б қабырға төмпешігінің байламы, қабырға мойынының байламы, г қабырға басының байламы (радиальды), д - қабырға басын қосатын байлам. Ерекшеліктері: Иттер мен шошқаларда төменгі жақ сүйегінің буынында артқы байланыстары жоқ. Жылқы мен сиырларда байланыс құрылысы бірдей. Бақылау сұрақтары: 1 Омыртқа арқасының ұзын байланысын орыс және латын тілінде атап беріңіз? 2 Екі көршілес омыртқаның қысқа байланысын орыс және латын тілінде атап беріңіз? 3 Бірінші мойын омыртқасы мен шүйде сүйегінің пайда болу буынын сипаттап беріңіз? 4 Бірінші мойын омыртқасы мен екінші мойын омыртқасының пайда болуын сипаттап беріңіз? 49

50 5.1 Алдыңғы аяқ сүйектерінің байланысы Сабақтың мақсаты: Ірі қара малдың алдыңғы аяқ қаңқасында буынды байланыстарын сипаттау. Алдыңғы аяқ сүйектері бір-бірімен буындар арқылы байланысады. Сиырдың алдыңғы аяғына келесі буын байланыстарын ажыратады: иық, шынтақ және тізе буынын (тұсамыс, топай және тұяқ). Иық буыны-articulatio brachialis жауырынның буын ойысы мен тоқпан жіліктің басының қосылысынан түзілген. Бұл қарапайым көп білікті буынға жатады. Буынды сыртынан буын қапшығы қаптайды. Шынтақ буыны - articulatio cubitalis құрылысы жағынан күрделі, қозғалысы жағынан бір білікті буын(сурет 23). Ол тоқпан жілік пен шынтақытң, тоқпан жілік пен кәрі жіліктің және кәрі жілік пен шынтақтың проксималды ұштарының байланыстарынан пайда болған. Латеральды байланыс - - ligamentum collaterale laterale және медиальды байланыстар -ligamenta transversa radii et ulnae кәрі жілік пен шынтақ жіліктен көлденең орналасқан. Сүйек аралық байланыс ligamentuminterosseum сүйек аралық кеңістікте жатыр. 50

51 23- сурет.. Ірі қара малдың шынтақ буыны. Латеральды беті. 1-corpus humeri иық сүйегінің денесі; 2-epicondylus lateralis humeri латеральды иық сүйегінің айдаршық үсті, 3-trochlea humeri иық сүйегінің блогы, 4-corpus radii кәрі жіліктің денесі, 5 olecranon шынтақ өсіндісі, 6- corpus ulnae шынтақ сүйегінің денесі, 7-origo mi.extensoris digitorum communis - жалпы саусақтарды бүккіш сіңірі, 8- origo mi.extensoris carpi ulnaris тобық білезігінің шынтақты бүккіштің сіңірі, 9- origo mi.extensoris digitalis lateralis латеральды саусақтарды бүккіш-жазғыш сіңірі, 10-lig.collaterale laterale латеральды бүйірлі байланыс, 11-m.brachialis иық бұлшық еті, 12-caput ulnare mi.extensoris digitorum communis саусақтарды жалпы бүккіш-жазғыш шынтақ басы, 13-lig.radioulnare proximale laterale латеральды кәрі жіліктік-шынтақты проксималды байланыс; 14-bursa olecrani шынтақ тарамыс қынабы; 15- m.triceps brachii иықтың үш басты бұлшық еті. Тізе буыны -articulatio carpi күрделі, бір білікті буын(сурет 24). Бұл буынды құрауға кәрі жілік, шынтақ, тізе және алдыңғы жіліншік сүйектер қатысады. Буынның латеральды, медиальды ұзын және қысқа бүйір байламдары болады. Бұдан басқа бұл буында проксималды және дисталды қатарлардағы сүйектерді байланыстыратын қатараралық және бір қатардағы тізе сүйектерін өзара байланыстыратын сүйек аралық байламдар - ligamentum accessorium болады. 24- сурет. Тізе буыны мен бақай сүйектерінің буынды байланысы. 51

52 А ірі қара мал, Б жылқы, В ірі қара малдың волярлы жағынан бақай сүйектерінің байламы, 1 үш бөлімнен тұратын буынды қапшықтар: проксимальды, сүйек аралық және дистальды, 2 - тізе буынының ұзын латеральды бүйір байламдары, 3 қысқа проксимальды бүйір байламдары, 4 сүйек аралық дорсальды байламы, 5 тізе сүйек аралық байламы, 6 қиғаш сүйек аралық дорсальды байламы, 7 - қосымша сүйектің проксимальды байламы, 8 қосымша сүйектің ортаңғы байламы, 9 қосымша сүйектің дистальды байламы, 10 орталық сүйекаралық бұлшық еті (жылқыларда ілінген байлам), 11 сезам тәрізді аралық байлам, 12 латеральды сезам тәрізді байлам, 13 тұсамыс сүйегінің бүйірлі медиальды байламы, 14 бүйірлі латеральды байлам, 15 тұяқ сүйегінің бүйірлі медиальды байламы, 16 бақай сүйегінің проксимальды (бірінші) бөлігінен жұмсақ шеміршегіне дейінгі байлам, 17 - бақай сүйегінің ортаңғы (екінші) және дистальды (үшінші) бөлігінен жұмсақ шеміршегіне дейінгі байлам,18 бүйірлі топай-тұяқты байлам, 20 тұсамыс-сезам тәрізді байлам, 21 крест тәрізді байлам, 22 ішкі топай-тұяқты байлам, 23 волярлы байлам. Бақай сүйектерінің буындары.тұсамыс буыны - articulatio phalangis primae қарапайым, бірбілікті буын. Ол алдыңғы жіліншіктің дистальды бөлігі мен тұсамыс сүйектің проксимальды ұшын байланыстырып тұрады. Буында буын қапшығы мен буын байламдары да болады. Буын қапшығы - capsula articularis: латеральды бүйірлі байланыстары - ligamentum collaterale laterale, медиальды бүйірлі байланыстары - ligamentum collaterale midiale. Саусақ аралық бүйірлі байламдары ligamenta collateralia interdigitalе.тиек сүйектердің байламдары - ligamenta sesamoidea. Топай буыны -articulatio phalangis secundae тұсамыс және топай сүйектерінің байланысуы нәтижесінде түзілген, қарапайым, бірбілікті буын. Буын қапшығы мен бүйір байламдарынан басқа төрт пальмарлық байламадры болады. Тұяқ буыны - articulatio phalangis tertiae қарапайым бір білікті буын. Буындасушы топай мен тұяқ сүйектері. Бұл буында буын қапшығы мен бүйір байламдары болады. Ерекшеліктері:Жылқы мен сиырлардың кеуде ұшының буыны бір-бірімен ұқсас. Шошқаларда иық, шынтақ және тізе буындары сиырдың құрылысымен ұқсас, ал тұсамыс буыны төртеу. Төртеуі де төрт қапшығымен және сегіз бүйірлі байламымен. Бақылау сұрақтары: 1 Орыс және латын тілінде кеуде қуысының қарапайым, бір білікті буынға сипаттама беру. 52

53 2 Орыс және латын тілінде кеуде қуысының қарапайым, көп білікті буынға сипаттама беру. 3 Орыс және латын тілінде кеуде қуысының күрделі, бір білікті буынға сипаттама беру. 4 Тұяқ буынының ерекшеліктері 5.2 Артқы аяқ сүйектерінің байланысы Сабақтың мақсаты: Ірі қара малдың артқы аяқ қаңқасында буынды байланыстарын сипаттау. Артқы аяқ қаңқасындағы байланыс: құйымшақ-мықын буыны, жамбас-ортан жілік буыны, тобық буыны және тілерсек буыны (тұсамыс, топай және тұяқ буындары) (сурет 25). Құйымшақ-мықын буыны -articulatio iliosacralis құйымшақ пен мықын сүйектеріндегі құлақша беттердің жанасуы нәтижесінде түзілген қимылсыз буын. Осы буын арқылы жамбас белдеуі омыртқа бағанына бекиді. Буында буын қапшығы болмайды. Байланыс дорсальды, вентральды және сүйекаралық байламдардың ligamentum sacroiliacum ventrale, dorsale dorsal, longum көмегімен жүзеге асады. Құйымшақ-мықын буыны-ligamentum sacrospinosum et tuberosum құйымшақ сүйегінен бүйірінен бастап мықын ойысы мен мықын сүйегіне дейін өтеді. Жамбас-ортан жілік буыны -articulatio coxofemoralis, қарапайым, көпбілікті буын. Ол жамбастың ұршық ойығы мен ортан жіліктің ұршық басының байланысуынан пайда болған. Буында буын қапшығы, ұршық ойысының көлденең байламы мен ортан жіліктің ұршық басын жамбастың ұршық ойысымен байланыстыратын буынішілік байламдар болады. 53

54 25- сурет.. Жамбас сүйегінің байланысы. А ірі қара мал, Б жылқы, В іш жаңынан көрініс. 1 мықын сүйегі, 2 құйымшақ сүйегінің білікті өсіндісі, 3 шонданай сүйегінің төмпешігі, 4 құйымшақ-мықын дорсальды қысқа байламы, 5 - құйымшақ-мықын дорсальды ұзын байламы, 6 - құйымшақ-шонданай байламы, 7 үлкен шонданай сүйегінің тесігі, 8 - кішкентай шонданай сүйегінің тесігі, 9 - жамбас-ортан жілік буынының дөңгелек байламы, 10 қосымша байлам, 11 ойыстың көлденең байламы. Тобық буыны- articulatio genus күрделі, бірбілікті буын. Бұл буын өз кезегінде ортан жілік-сирақ, ортан жілік-тобық және проксимальды сирақ сүйектері аралық буындарынан құралады(сурет 26). Ортан жілік-сирақ буыныarticulatio femorotibiaiis ортан жілік пен асықты жілік айдаршықтарының буындасуы нәтижесінде түзіледі. Бұл сүйектердің айдаршықтарының буын беттері бір-біріне сәйкес келмегендіктен, олардың араларында латеральды және медиальды менискалар бар Буын қапышқ, бүйірлік және крест тәріздес байламдардан тұрады. Латеральды бүйірлік байлам - ligamentum collateralе laterale, медиальды бүйірлік байлам - ligamentum collаterale mediale және крест тәріздес байлам - ligamentum cruciatum.ортан жілік-тобық буыны - articulatio femoropatellaris - тобық пен ортан жіліктің дистальды эпифизіндегі тобық шығырының буын бетінің жанасуынан түзілген. Тобық сүйегінен асық сүйегіне дейінлатеральды бүйірлік байлам - ligamentum femorоpatellare laterale, медиальды бүйірлік байлам ligamentum femoropatellare mediale және түзу байлам - ligamеnta recta өтеді. 54

55 26- сурет.. Ірі қара малдың тобық сүйегінің буыны. Медиальды беті. 1 corpus ossis femoris ортан жілік сүйегінің денсі; 2-crista medialis trochleae тобық сүйегі үшін блоктың медиальды жотасы; 3-epicondylus medialis ossis femoris ортан жіліктің медиальды айдаршықүсті;4-сondylus medialis ossis femoris- ортан жіліктің медиальды айдаршығы;5-condylus lateralis ossis femorisортан жіліктің латеральды айдаршығы;6- condylus mtdialis tibiae асық жілік сүйегінің медиальды айдаршығы;7-corpus tibiae- асық жілік сүйегінің денесі;8 patella тобық сүйегі; 9-meniscus medialis медиальды айдаршық; 10-lig. femoropatellare mediale тобық сүйегінің көлденең медиальды байламы;11- lig.рatellae intermedium тобықтың ортанғы байламы; 12-lig.patellae mediale тобықтың медиальды байламы;13-lig.collaterale mediale бүйірлі медиальды байлам;14-lig.cruciatum caudale каудальды крест тәріздес байлам. Тілерсек буыны-articulatio tarsi. Сирақ сүйегі, тілерсек және артқы аяқ жіліншігінің проксимальды басының жанасуы нәтижесінде түзіледі. Буын күрделі, бірбілікті(сурет 28). Құрамында қапшық, бүйірлікқатар аралық және сүйекаралық байламдары бар. Буын қапшығы -capsula articulatio латеральды бүйірлік ұзын және қысқа байламдары ligamenta collateralia medialis longa et breve, олар медиальды жіліншік сирағынан асық және артқы аяқ жіліншігіне 55

56 дейін өтеді. Тілерсек плантарлы байламы - ligamenta tarsi plantaris өкше сүйегінен басталады да, артқы жіліншік сүйектерінің плантарлы бетінде аяқталады. Тілерсек дорсальды байламы - ligamtnta tarsi dorsale асық сүйегінен басталып, блоктан дистальды тұрып орталық және III тілерсек сүйегі мен III артқы жіліншіктің алдыңда аяқталды. Тілерсек сүйек арасындағы байлам - ligg. tarsi interosseae әр қатарда орналасқан сүйектерді бір-бірімен қосады. Тілерсек қатар арасындағы байлам дистальды қатарда орналасқан сүйектерді артқы жіліншік сүйектерімен қосады. 27- сурет.. Күрделі білікті буынның байламы.а Тізе буыны (латеральды беті), 1 кәрі жілік сүйегі, 2 сүйек аралық байламы, 3 бүйірлі латеральды қысқа байлам, 4 қатар аралық байлам 5 тізе сүйегі, 6 үшінші алдыңғы 56

57 жіліншік, 7 тізе қосымша сүйектің арнайы байламы, 8 тізе қосымша байламы, 9 - бүйірлі латеральды ұзын байлам, 10 төртінші алдыңғы жіліншік сүйегі. Б Тілерсек буыны (медиальды беті). 1 асықты жілік, 2 асық, 3 бүйірлі медильды ұзын байлам, 4 тілерсекті дорсальды байлам, 5 тілерсектің үшінші сүйегі, 6 өкше сүйегі, 7 бүйірлі медиальды қысқа байлам, 8 тілерсекті плантарлы байлам, 9 тілерсектің екінші сүйегі. В Тобық буыны. Г тобық сүйегі (медиальды жағынан). 1 тобық, 2 ортан жілік тобықтың латеральды байламы: тобықтың тізу байламы, 3 медиальды, 4 - ортаңғы, 5 латеральды, 6 крест тәріздес, 7 латеральды мениск (буын арасындағы шеміршек), 8 ортан жілік-асықты жіліктің латеральды байламы, 9 шыбық сүйек, 10 асықты жілік сүйегі, 11 ортан жілік сүйегі, 12 - ортан жілік тобықтың медиальды байламы, 13 тобық буынының ортан жілік-асықты жіліктің медтальды байламы, 14 медиальды мениск (буын арасындағы шеміршек), 57

58 28- сурет.. Ірі қара малдың тілерсек буыны. Латеральды беті. 1 tibia асықтық жілік; 2 talus асық сүйегі; 3 calcaneus өкше сүйегі; 4-os centroquartale орталық және IV тілерсек сүйегі; 5-os tarsale II. et III - II және III тілерсек сүйегі; 6-os metatarsale III. et IV.-III және IV артқы жіліншік сүйегі;7.,8.,9. - lig. Interossea intraordinaria сүйек аралық байламдар;10- lig.collaterale laterale longum қысқа, ұзын латеральды байлам; 11-lig. сollaterale laterale breve бүйірлі қысқа латеральды байлам; 12-pars calcaneometatarsalis ligamenti collateralis lateralis бүйірлі өкше-артқы жіліншіктің латеральды байламы;13-lig.talocentrotarsale асық және орталық тілерсек сүйектерінің байламы; 14-lig.tarsometatarseum interosseum тілерсек-артыңғы жіліншік байламы; 15-m. Interosseus орташа сүйек аралық бұлшық еті; 16-os.malleolare жіліншік сирағының сүйегі. Тұсамыс, топай және тұяқ буындары алдыңғы аяқ сүйектерінің байланысы сияқты. (Алдыңғы аяқ сүйектерінің байланысын қараңыз). Ерекшеліктері: Жылқылар мен сиырлардың жамбас буынының байланысы бірдей. Шошқаларда жамбас-ортан жілік буынында қосымша байланыс жоқ. Тобық буынында тізу байланысы тек екеу. Бақылау сұрақтары: 1 Қарапайым, бір білікті буындарға сипаттама беру. 2 Қарапайым, көп білікті буындарға сипаттама беру. 3 Күрделі, бір білікті буындарға сипаттама беру. 4 Тобық буынына сипаттама беру. 6 Бас қаңқасының бұлшық еті. 6.1 Ымдау бұлшықеттері Сабақтың мақсаты: Орыс және латын тілінде бас қаңқасында бастың бұлшық еттерін көрсету және алған білімді бекіту. Бас бұлшық еттері.олар ымдау және шайнау топтарына бөлінеді(сурет 29). Ымдау бұлшық еттері. 1. Ауыздың дөңгелек бұлшық еті- m.orbicularis oris - жоғарғы және төменгі еріндердің негізін құрап, тері мен кілегейлі қабықтың аралығында орналасады. Оның ет талшықтары ауыз тесігінің айналасына шеңберлене орналасып, езу аумағында ұрт етіне жалғасып кетеді. Ерекшеліктері.Бұлшық ет жылқы мен ұсақмалдарда жақсы, ал сиырда, шошқада және итте нашар жетілген.қызметі. 58

59 Ауыздың дөңгелек бұлшық еті еріндерді бір-біріне тартып қысып, ауыз саңылауының қысқыш бұлшықетінің қызметін аткарады. 2. Жоғарғы еріннің арнайы көтергіш бұлшық еті - m. levator labii superioris proprius сойдақ тісті бұлшық еттің үстінде, мұрын мен ерінді көтергіш бұлшық еттің медиальды жағында орналасады. 3. Төменгі ерінді түсіргіш бұлшық еті- m. subcutaneous labiorium- төменгі жақ сүйегінің тісті жиегін бойлай орналасады. Оның басталар ұшы ұрт бұлшық етімен бірігіп кетеді. Бұлшық еттің екінші ұшы төменгі ерінде аяқталады. 29- сурет. Бастың бұлшық еті. А іқм, В жылқы (латеральды жағынан), В медиальды жағынан. 1 мұрын мен ерінді көтергіш бұлшық еті, 2 төменгі қабақты түсіргіш, 3 - көздің дөңгелек бұлшық еті, 4 мандай бұлшық еті, 5 құлақ бұлшық еті, 6 - ауыздың дөңгелек бұлшық еті, 7 төменгі ерінді түсіргіш, 8 азу тістің бұлшық еті, 9 жоғарғы ерінді арнайы көтергіш, 10 ұрт, 11 жақ аралық, 12 бет, 13 үлкен шайнау, 14 тіл асты және 15 жақ бұлшық еті, 16 мұрынның көлденең бұлшық еті, 17 мұрыңды кеңейткіш бұлшық еті, 18 еріннің тері асты бұлшық еті, 19 бас пен мойынның тері асты бұлшық еті, 59

60 20 жоғарғы ерінді түсіргіш, 21 қанатша, 22 мойындырықты-тіл асты бұлшық еті,23 мойындырықты-жақ бұлшық еті, 24 тіл асты, 25 қосқұрсақты: а құлақтың қасындағы және б - жақ асты безі 4.Бет бұлшық еті-m. zigomaticus- таспа пішіндес жұқа ет. Ол бет доғасынан басталып, езуде аяқталады. 5. Мұрын және ерінді көтергіш бұлшық еті- m. levator nasolabialis мұрынның бүйір беті терісінің астында орналасады. Оның басталатын және бекитін ұштары әртүрлі жануарларда бірдей болмайды. Ерекшеліктері: Жылқыда бұл бұлшық ет жалпақ сіңірмен маңдай және мұрын сүйектерінен басталып, жоғарғы ерін мен мұрын қанатында аяқталады. Қызметі: Жоғарғы ерінді көтеріп, танау тесігін кенейтеді. 6. Сойдақ тісті бұлшық еті- m. caninus- жоғарғы жақ сүйегінің бүйір бетіндегі көздікасты тесіктің маңайынан басталып, мұрын қанаты мен жоғарғы ерінде аяқталады. Қызмет: таңдауды кеңейтеді. 7. Ұрт бұлшық еті-m. buccinator ұрттың кілегейлі қабығымен жанасып жатып, беткейлік және терең қабаттардан тұрады. Ұрт бұлшық етінің беткейлік қабаты үлкен шайнау бұлшық етінің алдында орналасады. Қызметі: Шайнау кезінде азықты жылжытып, азу тістерге салуға көмектеседі. Бақылау сұрақтары: 1 Орыс және латын тілінде бастың бұлшық еттерін атаңыз. 2 Бас қаңқасында бас бұлшық еттерінің орналасуын көрсетіңіз. 3 Ұрт бұлшықеті. 4 Сойдақ тісті бұлшықет. 6.2 Шайнау бұлшық еті. Сабақтың мақсаты: Орыс және латын тілінде бас қаңқасында бастың бұлшық еттерін көрсету және алған білімді бекіту. 1.Үлкен шайнау бұлшық еті - m.massеterius төменгі жақ сүйегін қозғалысқа келтіріп, шайнауды қамтамасыз етеді. Үлкен шайнау, самай және қанатша бұлшық еттер жиырылғанда төменгі жақ сүйегі жоғары көтеріліп, жоғарғы жақ сүйегіне жанасады. Ал қосқұрсақты және мойындырықты жақ бұлшықеттері төменгі жақсы түсіреді. 2.Қанатша бұлшық еті - m. pterygoideus төменгі жақ сүйегінің медиальды бетінде орналасқан. Ол екі бөліктен тұрады. Қанатша медиальды бұлшық ет таңдай және қанатша сүйектерден басталып, төменгі жақ сүйегінің қанатша 60

61 ойысында аяқталады. Қанатша латеральды бұлшық ет медиальды бұлшық етпен бірге басталып, төменгі жақ сүйегі бұтағының артық жиегінде бекиді. 3.Самай бұлшық еті-m. temporalis начинается самай шұңқыры мен қырынан бастау алып, төменгі жақ сүйегінің етті өсіндісіне барып бекиді. 4.Қосқұрсақты бұлшық еті-m. digastricus мойындырықты өсінді мен төменгі жақ сүйегі денесінің вентральды жиегінде жатады. Ерекшеліктері: Қосқұрсақты бұлшық ет ит пен шошқада бір ғана құрсақтан тұрады. Бақылау сұрақтары: 1 Орыс және латын тілінде бастың бұлшық еттерін атаңыз. 2 Бас қаңқасында бас бұлшық еттерінің орналасуын көрсетіңіз. 3 Үлкен шайнау бұлшық еті. 4 Самай бұлшық еті. 7 Біліктік қаңқа бұлшық еті 7.1 Омыртқа бағанының бұлшық еті. Сабақтың мақсаты: Омыртқа бағанының дорсальды бұлшық етін оқыпзерттеу және орыс пен латын тілінде ірі қара мал қаңқасының бұлшық еттерін көрсету және алған білімді бекіту. Омыртқа бағанының бұлшық еті. Дорсальды бұлшық ет(сурет 30). 1.Бұласыр тәрізді бұлшық ет- m. splenius мойында жатқан жалпақ ет. Оны латеральды бетінен трапеция, ромб тәрізді және иық-бас бұлшықеттер жауып жатады. Бұласыр тәрізді бұлшық ет алғашқы төрт көкірек омыртқаларының жоталық өсінділерінен басталып, бас және мойын бөліктеріне бөлінеді. 2.Омыртқа бағанының тым ұзын бұлшық еті - m. longissimus бассүйек пен құйымшақ аралығында жатқан ұзын ет. Олар арқа, мойын, бас және атлант бөліктерінен тұрады. а) арқаның тым ұзын бұлшық еті- m. longissimus dorsi омыртқалардың жоталық және көлденең қабырға өсінділері аралығындағы кеңістікте жатады. Ол өзінің күшті сіңірлі ұштарымен мықын сүйегінің қырынан, құйымшақ, бел және соңғы 4-5-ші көкірек омыртқаларының жоталық өсінділерінен басталып, соңғы мойын омыртқасының көлденең өсіндісіне барып бекиді. б) мойынның тым ұзын бұлшық еті- m. longissimus cervicis көкірек бөлігінде арқаның тым ұзын, ал мойын бөлігінде сыртынан вентральды тісті бұлшық еттерімен жабылып жатады. Ол 5,8-ші көкірек омыртқаларының емізікше өсінділерінен басталады да, өзінің тісті ұштары арқылы соңғы 4,5-ші мойын омыртқаларының көлденең қабырға өсінділеріне бекиді. 61

62 в) бастың тым ұзын бұлшық еті-m. longissimus capittis бірінші көкірек пен соңғы мойын омыртқаларының емізікше өсінділерінен басталып, самай сүйегінің емізікше өсіндісінде аяқталады. г) атланттың тым ұзын бұлшық еті- m. longissimus atlantis бастың ұзын бұлшық етімен бірге басталады да, ауыз омыртқаның қанатына келіп бекиді. 3.Арқа мен мойынның жоталық бұлшықеті- m.spinalis et semispinalis dorsi et сervicis бел және көкірек омыртқаларының жоталық өсіндісінен басталады. Оның жекеленген тістері 7,1-ші көкірек омыртқасының жоталық өсінділерінің каудальды жиегіне және соңғы 4,5-ші мойын омыртқаларының жоталық өсінділеріне бекиді. 4.Бастың жартылай жоталық бұлшық еті- m. semispinalis capitis латеральды бетін бұласыр тәрізді және бастың тым ұзын бұлшық еттері жауып жатады. Ол алғашқы 6,7-ші көкірек және соңғы мойын омыртқаларынан басталып, шүйде сүйегінің қырына барып бітеді. 5. Мықын-қабырғалықбұлшық ет -m. iliocostalis тым ұзын бұлшық еттің латеральды жағында орналасқан. Оны дорсальды тісті бұлшық еттер жауып жатады. Бұл бұлшық ет бел, арқа және мойын бөліктеріне бөлінеді. 6. Көпбөлікті бұлшық ет m.multifidus-относится арқаның тым ұзын бұлшық етінің астында, құйымшақ пен екінші мойын омыртқаның аралығында, омыртқаларға жабысып жатқан бұлшық ет. Оның жекеленген будалары омыртқаның емізікше өсінділерінен басталып, алдында жатқан омыртқалардың жоталық өсінділеріне бекиді. 7. Көлденең өсінді аралық бұлшықеттер -mm. Intertransversarii омыртқалардың көлденең өсінділерінің аралығында орналасады. 8. Жота өсінді аралық бұлшық еттер -mm.interspinales омыртқалардың жоталық өсінділердің аралығында жатады. Ол омыртқа бағанының мойын бөлігінде жақсы дамыған. 62

63 63

64 30- сурет. Тұлғаның беткей бұлшық еті. А ит; Б шошқа; В іқм, Г жылқы. 1 иық-бас бұлшық еті, 2 трапеция тәрізді бұлшық ет (мойын бөлігі), 3 арқаның тым жалпақ бұлшық еті, 4 дорсальды тісті экспиратор, 5 құрсақтың ішкі қиғаш бұлшық еті, 6 тігінші бұлшық еті, 7 санның жалпақ шандырын кергіш бұлшық еті, 8 ортаңғы бөксе бұлшық еті, 9 беткей бөксе бұлшық еті, 10 санның екі басты бұлшық еті, 11 төс-бас бұлшық еті, 12 атлант-акромион бұлшық еті, 13 дельта тәрізді бұлшық ет, 14 иықтың ұшбасты бұлшық еті, 15 көкіректің терең бұлшық еті, 16 кеуденің вентральды тісті бұлшық еті, 16 1 мойынның вентральды тісті бұлшық еті, 17 құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық еті, 17 1 құрсақтың жалпақ сіңірі, 18 мықын-қабырғалық бұлшық ет, 19 көкіректің беткей бұлшық еті, 20 бұласыр тәрізді бұлшық еті, 21 кеуде-қалқанша және кеуде-тіл асты бұлшық еті 64

65 Бақылау сұрақтары: 1 Омыртқа бағанының дорсальды бұлшық етін орыс және латын тілінде атап көрсетіңіз. 2 Ірі қара малдың қаңқасында омыртқа бағанының бұлшық еттері қайда орналасқаның көрсету. 3 Арқаның тым жалпақ бұлшық еті 4 Құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшық еті 7.2 Омыртқа бағанының вентральды бұлшықеттері. Сабақтың мақсаты: Орыс және латын тілінде омыртқа бағанының вентральды бұлшық етін оқып-зерттеу. Омыртқа бағанының вентральды бұлшықеттері. 1. Бастың ұзын бұлшықеті-m. longus colli мойын омыртқалары денелерінің вентральды бетінде жатады. Ол осы омыртқалардың қабырға өсінділерінен басталып, шүйде сүйегі денесінің ет төмпегіне бекиді. 2. Мойынның ұзын бұлшықеті-m. longus capitis мойын мен көкірек омыртқалары денелерінің вентральды бетінде қиғаш орналасып, екі бөлікке бөлінеді. 3. Белдің шаршы бұлшықеті -m. guadratus lumborum бел омыртқаларының көлденең қабырға өсінділерінің вентральды бетінде орналасады. Оны белдің үлкен бұлшықеті жауып жатады. Ол соңғы екі қабырғаның омыртқаларға жақын тұсының медиальды бетінен және бел омыртқалардың көлденең қабырға өсінділерінен басталады. 4. Белдің кіші бұлшықеті - m.psoas minor белдің үлкен бұлшықетінің медиальды жағында, аттас еттер бір-бірімен жанаса орналасады. Ол соңғы 3-ші көкірек пен 4,5-ші бел омыртқаларының денелерінен басталып, мықын сүйегінің кіші бел бұлшықеті төмпегіне бекиді. Жауырынды тұлғаға бекітетін бұлшықетер: 1. Трапеция тәрізді бұлшық ет - m. trapezius жалпақ келген пішіні трапеция тәрізді ет. Ол бірінші мойын мен шы көкірек омыртқалардың аралығында жатады. 3-ші көкірек омыртқасының тұсында ет мойын және көкірек бөліктеріне бөлінеді. Мойын бөлігі желкенің арқанша бөлігінен басталып, оның ет талшықтары кауда-вентральды бағытпен жауырын қырының алдыңғы жиегіне бекиді. 2. Атлантакромион бұлшықеті-m.atlantoacromialis мойынның бүйір қапталында орналасып, ауыз омыртқасы қанаты мен акромион өсіндісінің аралығында жатқан таспа пішіндес жұқа бұлшықет. 65

66 3. Ромб тәрізді бұлшық ет - m. romboideus трапеция тәріздес бұлшықеттің астында орналасқан ұзынша келген жалпақ ет. Бұл бұлшық ет тек екі бөліктен құралған. Оның мойын бөлігі 2-ші мойын омыртқасынан 2-ші көкірек омыртқасына дейінгі, ал көкірек бөлігі3-ші мен 7-8-ші көкірек омыртқалар аралықтарында жатқан желке мен жота үсті байламынан басталып, екі бөлік те жауырын шеміршегінің медиальды бетіне келіп бекиді. 4. Вентральды тісті бұлшық ет- m. serratus ventralis мойын мен көкірек керегесінің бүйір бетінде орналасқан, желпеуіш тәрізді күшті ет. Ол мойын және кеуде бөліктерінен тұрады. Осы бөліктердің басталатын ұштары тіс тәрізді болып келгендіктен, бұлшықеттің тісті аталуы да осыған байланысты. Бұлшықеттің мойын бөлігі 4-7-шы мойын омыртқалардың көлденең өсіндісінен, ал кеуде бөлігі алғашқы 8 не 9-шы қабырғалардың орта тұсынан басталып, жауырынның тісті бетіне келіп бекиді. 5. Арқаның тым жалпақ бұлшықеті- m.latissimus dorsi көкірек керегесінің бүйір бетінде, жауырынның артында орналасқан. Өте жалпақ, үшбұрышты бұлшықет. Ол 3-ші көкірек пен соңғы бел омыртқаларының аралығынан беларқа шандыры арқылы басталады. Ет талшықтары кранио-вентральды бағытпен тоқпан жіліктің дөңгелек бұдырына келіп бекиді. Бақылау сұрақтары : 1 Орыс және латын тілінде омыртқа бағанының вентральды бұлшықетін атау және сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсетіңіз. 2Орыс және латын тілінде алдыңғы аяқ қаңқасын тұлғаға бекітетін бұлшықеттерін атау және сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсетіңіз. 3Вентральды тісті бұлшық ет 4Арқаның тым жалпақ бұлшықеті 7.3 Тыныс алу бұлшықеттері мен дем шығару бұлшықеттері Сабақтың мақсаты: 1. Тыныс алу бұлшықеттерін немесе инспираторларды оқып-зерттеу және орыс және латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсетіңіз. 2.Дем шығару бұлшықеттерін немесе экспираторларды оқып-зерттеу және орыс және латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсетіңіз. 66

67 Көкірек бұлшық еті. Көкірек бұлшық еттері көкірек керегесін құрайтын сүйектермен бірге көкірек қуысын түзуге қатысады. Атқаратын қызметіне қарай олар тыныс алу немесе инспираторлар және дем шығару немесе экспираторлар болып екіге бөлінеді. Тыныс алу бұлшықеті инспираторлар 1. Дорсальды тісті инспираторлар- m. serratus dorsalis inspiratorius көкірек керегесінің жоғары краниальды бүйір бөлігінде жатқан жұқа жалпақ ет. Оны ромб тәрізді, вентральды тісті және арқаның тым жалпақ бұлшықеттері жауып тұрады. Ол өзінің етті тістерімен қабырғалардың омыртқалық ұштарынан басталады. Ет талшықтары кранио-дорсальды бағытпен келіп, көкірек омыртқаларының жоталық өсінділеріне бекиді. 2. Баспалдақты бұлшықеттер-m. scalenius ірі қара малда екеу. Қабырғалар мен мойын омыртқалардың аралығында орналасып, дорсальды, ортаңғы және вентральды баспалдақты бұлшықеттерге бөлінеді. 3.Көкіректің тік бұлшықеті-m. rectum thoracis таспа пішіндес кішкентай ет. Ол алғашқы төрт қабырғаның бетінде, вентральды тісті бұлшықеттен төмен орналасқан. 4. Қабырға көтеруші бұлшықеттер-m. levatorеs costarum - қабырғалардың омыртқалық ұштары мен көкірек омыртқаларының көлденең өсінділерінің аралығында жатады. 5. Сыртқы қабырға аралық бұлшықеттер -rn intercostales externi қабырға аралықтарында жатқан қысқа еттер. Ол қабырғалардың краниальды жиегінен басталып (2-ден соңғы қабырғаларға дейін) алдында жатқан қабырғалардың каудальды жиегіне бекиді. 6. Диафрагма немесе көкет-diaphragma.s.m.phrenicus көкірек қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұрған жалпақ жұқа ет. Ол шеткі етті және ортаңғы сіңірлі бөліктерден тұрады. Диафрагманың етті бөлігі бекитін орындарына байланысты бел, қабырға және төс бөлімдеріне бөлінеді. Диафрагманың ет талшықтары тарамдалып орналасқан. Дем шығару бұлшықеті - экспираторлар. 1. Дорсальды тісті экспираторлар-m. serratus dorsalis expiratorius көкірек керегесінің жоғарғы каудальды бөлігінде жатқан жұқа жалпақ ет. Ол етті тістер арқылы қабырғалардың каудальды жиегінен басталады. 2. Ішкі қабырғаралық бұлшықеттер-mm. intercostales interni сыртқы қабырғаралық бұлшықеттің астында орналасады. Қабырғалардың каудальды жиегінен басталған ет талшықтары каудо-дорсальды бағытта өзінен кейінгі қабырғалардың краниальды жиегіне келіп бекиді. 67

68 3 Бел-қабырғалық бұлшықет - m. lumbocostalis соңғы қабырға мен алғашқы бел омыртқалардың көлденең өсінділерінің аралығындағы үшбұрышты кеңістікте орналасқан жалпақ ет. 4 Көкіректің көлденең бұлшықеті -m. transversus thoracis төс сүйегінің дорсальды беті мен қабырға шеміршектерінде жатқан үшбұрышты жалпақ ет. Ет талшықтары көлденең бағытта орналасады. Бақылау сұрақтары: 1 Сиырдың қаңқасында инспираторлар бұлшықетін тауыпжәне бөлек-бөлек қандай қызметті атқаратының айтыңыз 2 Сиырдың қаңқасында экспираторлар бұлшықетін тауыпжәне бөлек-бөлек ола қандай қызметті атқаратының айтыңыз 3 Диафрагма немесе көкет 4 Ішкі қабырғаралық бұлшықеттер 7.4 Құрсақ бұлшық еті Сабақтың мақсаты: Құрсақ бұлшықеттерін оқып-зерттеу және оны орыс және латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсетіңіз. Құрсақ бұлшық еті Құрсақ қабырғасы негізінен бір-біріне тік бұрыш жасай орналасқан 3 (төменгі бөлігінде 4) қабат құрсақ бұлшықеттерінен құралған. Олар құрсақ қуысындағы ішкі мүшелерді бірқалыпты жағдайда ұстап тұрады. Оларға жатады: 1. Құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшықеті- m. obliguus abdominis externus құрсақтың сыртқы қабатын құрайды. Ол өзінің жекеленген тістері арқылы қабырғалардың төс сүйегіне жақын тұсынан басталады. Ет талшықтары каудовентральды бағытта қиғашталып жалпақ сіңірге айналады да, құрсақғ жамбас, сан пластинкаларына бөлінеді. 2.Құрсақтың ішкі қиғаш бұлшықеті - m. obliguus abdominis intеrnus құрсақтың ортаңғы қабатын түзеді. Ол сербектен басталып, желпеуіш тәрізді болып, қабырға доғасының медиальды бетіне және соңғы қабырғаның төс сүйегіне жақын тұсына бекиді. Бұл еттің каудальды жиегінде шап өзегінің ішкі құрсақ сақинасы жатады. 3. Құрсақтың тік бұлшықеті- m. rectus abdominis құрсақтың вентральды қабырғасына жатады. Оны сыртынан сыртқы және ішкі қиғаш еттердің сіңірлері екі жағынан жауып тұрады. 4. Құрсақтың көлденең бұлшықеті- m. transversus abdominis құрсақтың ішкі қабатын құрайды. Ол бел омыртқаларының көлденең өсінділерінен және қабырға доғасының медиальды бетінен басталады. 5. Шап каналы мен оның маңызы. 68

69 Құрсақтың сыртқы және ішкі қиғаш еттерінің арасында шап өзегі жатады. Ол сыртқа теріасты және ішкі құрсақ сақиналарын жалғастырады. Бақылау сұрақтары: 1 Сиырдың қаңқасында құрсақ бұлшық еті бекітілген орның тауып, көрсетіңіз. 2 Қандай бұлшық еттердің көмегімен шап өзегі құрылады және ол не үшін қажет? 3 Құрсақтың ішкі қиғаш бұлшықеті 4 Шап каналы мен оның маңызы. 8 Алдыңғы аяқ бұлшықеттері 8.1 Иық буынына әсерін тигізетін бұлшықеттер Сабақтың мақсаты: Иық буынының бұлшықеттерін оқып-зерттеу және оны орыс, латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсету және алған білімді бекіту(сурет 31). Иық буынына әсерін тигізетін бұлшық еттер Бұлшықеттің атауы Жаурын аумағында орналасқан жері 1 Қыралды бұлшықеті - Қыралды ойысы m.supraspinatus 2 Қырарты бұлшықеті - m.infraspinatus Қырарты ойысы Дельта тәріздес бұлшықет - m.deltoideus Кіші жұмыр бұлшық ет -m.teresminor Құстұмсықты-тоқпан жілік бұлшықетті - m.coracobrachialis Жауырынасты бұлшықеті - m.subscapularis Үлкен жұмыр бұлшықет - m.teresmajor Акромион, жауырынның каудальды шеті Жауырынның каудальды шеті төменгі жағында Құстұмсықты-тоқпан жілік бұлшықетті өсіндісі Жауырынасты ойысы Жауырынның каудальды бұрышы Тоқпан жілігінде. Латеральды төмпешік Латеральды төмпешік Дельталы бұдыр Шынтақ сызығы Кішкентай төмпешіктің жотасы Медиальды- -бұлшықет төмпешігі Кішкентай төмпешіктің жотасы 69

70 31- сурет. Сол жақ жауырынның бұлшықеттері. Шошқалар - А; латеральды беті; Б медиальды беті; В дорсальды беті; Ірі қара мал; Г-латеральды беті; Д- медиальды беті;1 білік алды; 2 - екібасты; 3 ішкі тоқпан жілік бұлшықеті; 4 тізені жазғыш кәрі жілік бұлшықеті; 5 үшінші (ІІІ) бақайдың арнаулы жазғыш бұлшықеті; 6 -бақайдың жалпы жазғыш бұлшықеті; 7 жауырын үсті бұлшықеті; 8 - қырарты бұлшықеті; 9 - дельта тәрізді бұлшықеті; 10 ұзын басы және 11 латеральды иықтың ұшбасты бұлшықеті; 12 - тізені жазғыш шынтақ бұлшықеті; 13 үлкен жұмыр бұлшықеті; 14 білек шандырын кергіш бұлшықеті ; 15 - медиальды иықтың ұшбасты бұлшықеті; 16 - тізені бүккіш 70

71 шынтақ бұлшықеті; 17 - тізені бүккіш кәрі жілік бұлшықеті; 18 жауырын асты бұлшықеті; 19 - құстұмсықты-тоқпан жілік бұлшықетті; 20 дөңгелек айналдырғыш; 21 - үлкен саусақты алыстатқыш бұлшықеті; 22 бесінші бақайдың арнаулы жазғыш бұлшықеті; 23 бақайдың беткейлік бүккіш бұлшықеті; 24 бақайдың бүйірлік жазғыш бұлшықеті; 25 бақайдың терең бүккіш шынтақ басының бұлшықеті; 26 бақайдың терең бүккіш бұлшықеті; 27 сүйекаралық бұлшықет. Бақылау сұрақтары: 1 Иық буынына әсер ететін бұлшықеттерді орыс және латын тілінде жаттау, сонымен қатар иық пен жауырын сүйегінде оның орналасқан орнын белгілеу. 2 Тізені бүккіш шынтақ бұлшықеті 3 Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшықеті 4 Сүйекаралық бұлшықет 8. 2 Шынтақ буынына әсерін тигізетін бұлшықеттер Сабақтың мақсаты: Шынтақ буынының бұлшықеттерін оқып-зерттеу және оны орыс, латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсету және алған білімді бекіту. Шынтақ буынына әсерін тигізетін бұлшық еттер Бекітілген орны Бұлшық ет атауы Жауырын,тоқпан жілік Иықтың екібасты Жауырынның 1 бұлшықеті - төмпешігінен m.bicepsbrachii 2 Тоқпан жілік бұлшықеті -m.brachialis 3 Иықтың үшбасты бұлшықеті - m.tricepsbrachii Ұзын басы а - m.caputlongurn Латеральдық бас б m.caputlaterale Артында, тоқпан жіліктің мойынының астында Жауырынның каудальды шеті Тоқпан жіліктің шынтақ сызығы Білек қаңқасы Кәрі жіліктің бұдырында Кәрі жіліктің бұдырында Шынтақ төмпешігінде Шынтақ төмпешігінде в Медиальдық бас Тоқпан жіліктің Шынтақ 71

72 m'. caputmediale медиальды беті төмпешігінде 4 Шынтақ бұлшықеті - rn.anconeus Білек шандырын кергіш 5 бұлшықеті - m.tensor faciaeantibrachii Шынтақ сүйегінің шеттерінде Жауырынның каудальды шеті Шынтақ төмпешігінде Шынтақ төмпешігінде Бақылау сұрақтары: 1 Шынтақ буынына әсер ететін бұлшықеттерді орыс және латын тілінде жаттау 2 Жауырын, тоқпан жілік пен білек қаңқасы сүйегінде оның орналасқан орнын белгілеу. 8.3 Тізе буынына әсерін тигізетін бұлшықеттер Сабақтың мақсаты: Тізе буынының бұлшықеттерін оқып-зерттеу және оны орыс, латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында оның орналасқан жерін көрсету және алған білімді бекіту. Тізе буынына әсерін тигізетін бұлшық еттер Бұлшықет атауы Тізені жазғыш кәрі жілік бұлшықеті -m. extensorcarpiradialis Тізені жазғыш шынтақ бұлшықеті -m. extensorcarpiulnaris Тізені бүккіш кәрі жілік бұлшықеті -m. flexorcarpiradialis Тізені бүккіш шынтақ бұлшықеті -m. flexorcarpiulnaris Бекітілген орны Кәрі жілік пен тоқпан жілікте Латеральды беті Тоқпан жіліктің жазғыш айдаршықүсті Тоқпан жіліктің жазғыш айдаршықүсті Медиальды беті Тоқпан жіліктің бүккіш айдаршықүсті Алдыңғы жіліншікте Алдыңғы жіліктің бұдырында Алдыңғы жілік пен қосымша сүйекте Медиальды беті Бүккіш айдаршықүсті Тізенің қосымша 4 мен шынтақ өсіндісі сүйегі 5 Үлкен саусақты Кәрі жіліктің Алдыңғы 72

73 алыстатқыш бұлшықеті - m. abductorpollicislongus латеральды шеті жіліншік Бақылау сұрақтары: 1 Тізе буынына әсер ететін бұлшықеттерді орыс және латын тілінде жаттау 2 Тізе сүйегінің буыны қалай орналасқанын көрсету. 8.4 Бақай сүйектерінің буынына әсерін тигізетін бұлшық еттер Сабақтың мақсаты: Бақай буындарының бұлшықеттерін оқып-зерттеу және оны орыс, латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында оның орналасқан жерін көрсету және алған білімді бекіту. Бақай сүйектерінің буынына әсерін тигізетін бұлшық еттер Бекітілген орны Бұлшықеттің атауы Проксимальды ұшы Дистальды ұшы ІІІ бақайдың арнаулы жазғыш бұлшықеті -m. extensordigititertiiproprius Бақайдың жалпы жазғыш бұлшықеті - m. extensordigitaliscommunis Бақайдың бүйірлік жазғыш бұлшықеті - m. extensordigitalislateralis Бақайдың беткейлік бүккіш бұлшықеті m. flexordigitalissublimis Латеральды беті Тоқпан жіліктің жазғыш айдаршықтан Тоқпан жіліктің жазғыш айдаршықустінен Шынтақ буынында Медиальды беті Тоқпан жіліктің бүккіш айдаршықүстінде 73 Тұяқ сүйегінде Тұяқ сүйегінде Екінші және төртінші саусақ Ортаңғы бөліктің III,IVбақай саусақтарында Тоқпан, кәрі жілік және III,IV бақай Бақайдың терең бүккіш шынтақ сүйегінің саусақтары тұяқ бұлшықеті -m. үшбасты бүккіш сүйегінің flexordigitalisprofundus айдаршыұүстінен пальмерлы бетінде 5 басталады 6 Сүйекаралық орташа-m. Алдыңғы жіліншіктің Бақайдың арнаулы

74 interoseusmedius пальмарлы бетінде жазғыш сіңірі мен қосымша сүйектерде Бақылау сұрақтары: 1 Бақай сүйектерінің буынынаәсер ететін бұлшықеттерді орыс және латын тілінде жаттау 2 Бақай сүйектерінің буыны қалай орналасқанын көрсету. 9 Артқы аяқ бұлшық еті 9.1 Жамбас-ортан жілік буынына әсерін тигізетін бұлшық еттер Сабақтың мақсаты: Жамбас-ортан жілік буындарының бұлшықеттерін оқыпзерттеу және оны орыс, латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында оның орналасқан жерін көрсету және алған білімді бекіту. Жамбас-ортан жілік буынына әсерін тигізетін бұлшық еттер(сурет 32). Бекітілген орны Бұлшықеттің атауы Проксимальды ұшы Дистальды ұшы Беткей бөксе бұлшықеті m.glutаeussuperficialis Ортаңғы бөксе бұлшықеті - m.glutaeusmedius Терең бөксе бұлшықеті - m.glutaeusprofundus Санның екібасты бұлшықеті m. bicepsfemoris Жартылай сіңірлі бұлшықет - m.semitendinosus Жартылай жарғақты - m.semimenbranosus Жалпақ бұлшықет тері астында орналасады және сол сүйекке жабыспайды, тек қасындағы бұлшықеттермен бұрымдалып өседі Бөксе беті, сербек және құйымшақ Үлкен ұршық сүйегі Шонданай сүйегі Құйымшақ және шонданай сүйегі Шонданай сүйегі Шонданай сүйегі Үлкен ұршық Тобықтың латеральды бетінде, жота асықты жілікте, өкше төмпешігінде. Асықты жілік жотасы мен табан сүйегінің медиальды бетінде Асықты жілік пен ортан жіліктің 74

75 айдаршығында 7 Санның шаршы бұлшықеті - m.guadratusfemoris Шонданай сүйегі Ортан жілік 32- сурет. Жамбас бұлшықеті.жоғарыда ірі қара мал (I артынан, II латеральды жағынан; III - алдынан). Астында шошқа (IV-латеральды және V медиальды жағы); 1 - Ортаңғы бөксе бұлшықеті;2- Санның екібасты бұлшықеті; 75

76 3- Жартылай сіңірлі бұлшықет; 4- Жартылай жарғақты;5- Бақайдың беткей бүккіш бұлшық етінің сіңірі;6- Білек шандырын кергіш бұлшықеті; 7- Санның төрт басты бұлшықеті;8- алдыңғы асықты жілік бұлшықеті; 9 шыбық сүйек ұзын; 10- Бақайдың ұзын жазғыш бұлшықеті және үшінші шыбық бұлшық еті;11- бұлшықеттердің қөлденең байламдары;12 - құйрықты;13- балтыр бұлшықеті;14 - ахил сіңірі;15- Бақайдың терең бүккіш бұлшықеті;16- ІV - бақайдың арнаулы жазғыш бұлшықеті; 17- Ортаңғы бөксе бұлшықеті;18- Терең бөксе бұлшықеті;19- Санның екібасты бұлшықеті; 20- Санның шаршы бұлшықеті; 21- Санды жақындатқыш бұлшықет; 22- сымбат бұлшықет; 25- Ішкі жапқыш бұлшықеті; 26-үлкен бөксе бұлшықеті; 27-кішкентай бөксе бұлшықеті; 28-мықын бұлшық еті; 29- Тігінші бұлшықет; 30-Қырлы бұлшықет. Бақылау сұрақтары: 1 Жамбас-ортан жілік буынынаәсер ететін бұлшықеттерді орыс және латын тілінде жаттау 2 Бөксе тобының бұлшықеттері қалай орналасқанын көрсету. 9.2 Жамбас-ортан жілік буындары мен тобық буынына әсерін тигізетін бұлшық еттер Сабақтың мақсаты: 1Жамбас-ортан жілік буындары мен тобық буынының бұлшықеттерін оқыпзерттеу және оны орыс, латын тілінде атау. 2Сиыр қаңқасында оның орналасқан жерін көрсету және алған білімді бекіту. Жамбас-ортан жілік буындары мен тобық буынына әсерін тигізетін бұлшық еттер 1 2 Бұлшық еттер бекітілген орны Бұлшықеттің атауы Проксимальды ұшы Дистальды ұшы Тігінші бұлшықет - m.sartorius Мықын сүйегі Тобық буыны Мықын-шат Қырлы бұлшықет - сүйегінің төмпешігі m.pectineus Ортан жілік 3 4 Сымбат бұлшықет - m.gracilis Санды жақындатқыш бұлшықет -m. adductor Бөксенің бірге тұтасып өсуі Шонданай сүйегі Асықты жілік Ортан жілік 76

77 5 Сыртқы жапқыш бұлшықеті - m.obturatorexternus Ішкі жапқыш бұлшықеті 6 - m. obturatorinternus Санның төрт басты бұлшықеті - 7 quadricepsfemoris а б в г Тік басы m.rectusfemoris Латеральды басы - m.vastuslateralis Медиальды басы m.vastusmedialis Аралық басы vastus internus Жабық тесік Мықын сүйегі Мықын сүйегінің арнаулы төмпегінен басталады. Ортан жіліктің латеральды бетінен басталады Ортан жіліктің медиальды бетінен басталады Ортан жіліктің дорсальды бетінен басталады Ұршықаралық шұңқыр Ұршықаралық шұңқыр Тобық буыны Тобық буыны Тобық буыны Тобық буыны Бақылау сұрақтары: 1 Жамбас-ортан жілік буындары мен тобық буынынаәсер ететін бұлшықеттерді орыс және латын тілінде жаттау 2 Сиыр қаңқасында бұлшықеттердің қалай орналасқанын көрсету. 9.3 Тілерсекбуынына әсерін тигізетін бұлшық еттер Сабақтың мақсаты: 1. Тілерсек буынының бұлшықеттерін оқып-зерттеу және оны орыс, латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында оның орналасқан жерін көрсету және алған білімді бекіту. Тілерсекбуынына әсерін тигізетін бұлшық еттер Бұлшықеттің атауы Бұлшық еттер бекітілген орны Проксимальды ұшы Дистальды ұшы 1 Балтыр бұлшықеті - Ортан жіліктің Өкше төмпешігі 77

78 m.gastrocnemius плантарлы шұңқыры Өкше бұлшықеті - m.soleus Алдыңғы асықты жілік бұлшықеті - m.tibialisanterior Үшінші шыбық бұлшық еті - m.peronaeustertius Шыбықты ұзын бұлшықеті - m.peronaeuslongus Асықты жіліктің латеральды айдаршығынан басталады Асықты жілік Ортан жіліктің жазғыш шұңқыры Асықты жіліктің латеральды айдаршығынан басталады Өкше төмпешігі Тілерсек Тілерсек Тілерсек Бақылау сұрақтары: 1 Тілерсек буындарына әсер ететінбұлшықеттерді орыс және латын тілінде жаттау 2 Бұлшықеттер қалай орналасқанын көрсету. 9.4 Бақай буындарына әсер ететін бұлшықеттер. Сабақтың мақсаты: Бақай буынының бұлшықеттерін оқып-зерттеу және оны орыс, латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында оның орналасқан жерін көрсету және алған білімді бекіту. Бақай буындарына әсер ететін бұлшықеттер. Бұлшықетті бекіту орны Бұлшықеттің атауы Проксимальды ұшы Дистальды ұшы 1 Бақайдың ұзын жазғыш Ортан жілік пен сирақ Тұяқты бұлшықеті - m. сүйектерінің жазғыш extensordigitalislongus шұңқырлары 2 Бақайдың бүйір жазғыш Сирақ буынның Ортаңғы бөліктің IV бұлшықеті - m. байламы бақай саусақтары extensordigitalis lateralis 78

79 3 Үлкен бақайдың ұзын жазғыш бұлшықеті - m. extensordigitaliilongusшошқаларда 4 Бақайдың беткей бүккіш бұлшықеті -m. flexordigitalispedissublimis 5 Бақайдың терең бүккіш бұлшықеті - m. flexordigitalispedisprofundus 6 Сүйекаралық бұлшықет - m.interossei Шыбық сүйек Ортан жіліктің плантарлы шұңқыры Асықты жілік сүйегі Тілерсектің маңында Екінші бақай саусағында Ортаңғы бөліктің III жәнеiv бақай саусақтары Дистальды бөліктің III жәнеiv бақай саусақтары Дистальды бөліктің III және IV бақай саусақтары Бақылау сұрақтары: 1 Бақай буындарына әсер ететінбұлшықеттерді орыс және латын тілінде жаттау 2 Бұлшықеттер қалай орналасқанын көрсету. 10 Дерматология Тері жабыны integumentum commune немесе жалпы жабын жануарлар организмінің сыртқы ортамен тікелей жанасатын сыртқы қабығы. Жалпы жабын теріден және одан дамитын мүшелер тері туындыларынан тұрады. Тері жабыны денені механикылық, физикалық және химиялық зақымданудан сақтайдысезім мүшесі ретінде ол қорғаныс қызметіне де тікелей қатысады.тері микроорганизмдер мен әр түрлі бөгде заттардың денеге енуіне жол бермейді. Демек, тері жабыны денедегі зат алмасу процестеріне үлкен белсенділікпен ат салысады Терінің құрылысы мен оның кейбір туындылары түк Сабақтың мақсаты: Шаш пен терінің құрылысын игеру. Тері - cutis үш қабаттан: теріүсті қабаттан (эпидермистен), дермадан (нағыз теріден) және теріасты қабаттан (шел қабатынан) тұрады(сурет 33). Эпидермис epidermis терінің сыртқы ең жұқа теріүсті қабаты. Ол жануарлар терісі қалындығының 1-2% -ын құрайды. Эпидермис көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителийден тұрады. Эпидеристің қалыңдығы, құрылыс ерекшеліктері жануарлардың түрлеріне, тұқымдарына, жыл мерзімдеріне, терідегі түктің болу-болмауына тікелей байланысты. Эпидермисте қан 79

80 тамырлары болмайды. Ол астындағы дерманың емізікше қабатындағы қан капиллярлары арқылы қоректенеді. Эпидермис сезімтал жүйке ұштарына бай. Түксіз тері эпидермисінде, мысалы, мұрын, ерін қаңсарларының теріүсті қабатында бір-бірінен анық ажырайтын бес қабат болады. Оларға: төменнен жоғарыға қарай негіздік (базальды) - membrana basilaris, қылтанақты, дәншелі, жылтырауық және мүйізді қабаттар жатады. Нағыз тері - derma қабаты терінің ең қалың қабаты (98-99%). Ол өз кезегінде сыртқы емізікше және ішкі торлы қабаттардан кұралған. Емізікше қабатэпидермистің астындағы көптеген емізікше тәрізді құрылымдар түзетін борпылдақ дәнекер ұлпалық қабат. Оны эпидермистің базальды қабатынан негіздік жарғақ бөліп тұрады. Бұл қабатты борпылдақ дәнекер ұлпасы коллаген талшықтарының жіңішке шоғырлары, теріге серпімділік қасиет беретін эластин талшықтарының торы, ретикулин талшықтары және борпылдақ дәнекер ұлпасының торшалары: фиброциттер, гистиоциттер, ретикулоциттер, ұлпа базофилі құрайды. Ол эпидермистің ішіне еніп, пішіні әр түрлі емізікшелер түзеді. Демек, емізікше қабат терінің құрылымдық процесіне белсенді қатысады. Емізікше қабат шекарасыз торлы қабатпен жалғасып кетеді. Торлы қабатбір-бірімен торлана тоқылған коллаген талшықтарының шоғырлары будаларынан және олардың арасындағы серпімділік қасиет беретін эластин талшықтарынан құралған, тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасынан тұрады. Бұл қабаттың 98-99% -ы әр түрлі бағытта орналасып, бір-бірімен ілмектеніп торланып, берік тор түзетін коллаген талшықтарының шоғырлары қүрайды. Теріасты қабаты немесе шел қабаты тері дермасының торлы қабатын жануарлар денесінің беткей шандырымен байланыстырып тұртын терінің төменгі қабаты. Шел қабаты борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол терінің қозғалмалылығын қамтамасыз етумен катар, дене қызуын реттеуге қатысады. Қонды жануарларда шел қабатында қор ретінде май ұлпасы жиналады. Жануарлардың түрлеріне байланысты шелдегі май қабаты дененің әр түрлі аумақтарында қорланады (өркеш, құйрық т.б.). Бұл қабатпен ірі кан және лимфа тамырларының тораптары өтеді. Терінің қан тамырларының өрімдері мен тораптарында организмдегі қанның 10 пайызы қор ретінде сақталады. Түк pilus эпидермис торшалары мүйізделген ағза, тығыз келген, иілгіш және жиырмалы жіп. Шаштың сыртқы қабаты кутикуладан тұрады - cuticula тегіс торшадан. Кутикуланың астында қалың қыртысты қабат орналасқан stratum corticales. Түктің ортасында stratum centrale дөңгелек, көпқабатты және кубикті торшадан тұрады. 80

81 Түктің тері бетіндегі көрінетін бөлігін түк сабағы (scapus pili), тері ішіндегі бөлігін түк түбірі (radix pili) депатайды. Түк түбірінің терідегі пияз түбіріне ұқсас жуандап сияқталатын бөлігін түк баданасы (bulbus pili) дейді. Түк баданасы түктің өсетін бөлігі. Бұл жерде түкті құрайтын эпидермоциттер бөліну арқылы көбейіп, мүйізделіп түктерді құрап, олардың өсу процесін қамтамасыз етеді. Түк баданасының төменгі жағында, оның ішіне үңгілей еніп, керекті қоректі заттармен қамтамасыз ететін түк емізікшесі (papilla pili) болады. Ол қан, лимфа тамырлары мен жүйке ұштарына бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Түк түбірін сыртынан түк қабы немесе түк фолликулы (folliculus pili) қаптап жатады. Ол екі қабаттан тұрады. Сыртқы түк қапшығы (сарsulа pili) тамырлар мен жүйке ұштарына бай борпылдақ дәнекер ұлпасынан құралған. Ал ішкі қабаты түк түбірінің қынабы (vagina radicis) эпидермистің тері ішіне үңгілене енген жалғасы. Ол көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийден тұрады. Аталған қабаттар бір-бірінен негіздік жарғақпен бөлінген. Теріде түктер қиғаш орналасып, тері бетіне көлбей шығады. Түктің тік немесе бұйра, қылшық немесе түбіт болып өсуі түк фолликулының құрылысы мен пішіне байланысты. Бірыңғай салалы ет ұлпасынан құралған түк көтергіш ет терінің емізікше қабатынан басталып, түк түбіріне жалғасады. Түк көтергіш ет жиырылып, тері түктері түбірлерін тартып көтеріп, тері бетіндегі түк сабақтарын тікірейтеді. Тері түктері, терінің сыртқы бетінде пішіні әр түрлі түк ағындарын (flumen pilorum) жасайды. Олардың пішіндері дәңгелекше не сызықша болып келеді. Ағындардың түктері не сыртқа қарай (дивергентті) немесе ішкі бағытта (конвергентті) орналасады. Жануарлардың тері түктері белгілі бір мерзімге дейін өсіп жетіліп, сезім түктерден басқалары түлеп отырады. Түлеу кезінде түк баданасының негіздік қабатындағы түзгіш эпителиоциттерге түк емізікшесінен тиісті мөлшерде қоректік заттар келмейді. Нәтижесінде түзгіш эпителиоциттердің көбею процесі тоқтап, олардың түк сабағына жақын жатқан бөлігі мүйізденеді де, түк баданасының тірі эпителиоциттерінен бөлінеді. Осыдан соң, түбірдегі сабақ түк фолликулы өзегімен сыртқа қарай жылжып, түсіп қалады. Бұл процесті түлеу деп атайды. Түлеу кезеңі біткеннен кейін, түк баданасы торшаларына қоректік зат керекті мөлшерде жеткізіледі де, түк баданасы эпителиоциттерінен жаңадан түк өсіп жетіледі. Жыл маусымына байланысты түлеу, әсіресе, жабайы андарда айқын көрінеді. Үй жануарларында да, мысалы, ит пен сиырда, маусымдық түлеу байқалады. Ал басқа жануарларда түлеудің аралас түрі кездеседі. Төлдердің туғаннан кейінгі белгілі мерзім ішінде тері түктерінің топтап түлеуін ұландық немесе ювенальды түлеу дейді. 81

82 Ерекшеліктері: сиырлардың түк жабыны қаты және қысқа келген. Құйрығының ұшында шашаққа ұқсас ұзын түкті буда орналасқан. Шошқаларда түгі сирек, ұзын және қатты келген. Олар топ-топпен өседі 3 шаш бір топ құрайды. Ұзын және қатты түктің арасында жіңішке және жұмсақ түктерді кездесуге болады. Арқасы мен мойынында қатты, ұзын түктер өседі. Оларды қыл деп атайды. Түктің ағыны басынан бастап мойынға, артқа, құйымшағына және құйрығына қарай созылады. Жылқылардың түк жабыны қысқа; синуозды қабақта, ерінде, жағы мен иегінде өседі және жақсы дамыған. Ұзын түк қалыптасты: жалда - juba; құйрық шаш cirrus caudae; қылда cirrus pedis артқы буындары артында; кекілде cirrus capitis маңдайында орналасқан. Әртүрлі тұқымды иттердің түгі құрылымы жағынан ерекшеленеді. Бір түк банасынан 3 8 түк шығып, өседі. Олар көбінесе ұзыг болып келеді. Синуозды түктер көздерінің астында, жақ ортасында және күйіс қатару жағында кездеседі. 33- сурет. Терінің құрылысы Бақылау сұрақтары: 1 Терінің құрылысы мен қабаттарының қызметтері қандай? 2 Түксіз теріден түкпен қапталған тері бөлігі немен ерекшеленеді? 3 Терінің құрылысы мен қабаттарының қызметі жайында айтып беріңіз. 4 Тері ерекшеліктері. 82

83 10.2 Терінің туындылары: тері бездері, сүт безі Сабақтың мақсаты: Тері бездері, май, тер және сүт бездерінің құрылысын игеру Үй жануарларының тері бездеріне glandulae cutis май, тер және сүт бездері жатады(сурет 34). Май бездері - glandulae sebaceae терінің емізікше қабатында орналасады. Ол құрылысы қарапайым көпіршікше (альвеолалы) бездерге жатады. Бездің секрет бөлетін соңғы бөлімін көпқабатты безді эпителий құрайды. Без өзегі түк қынабы қуысына ашылады. Май бездері қоршаған борпылдақ дәнекер ұлпасынан негіздік жарғақ арқылы бөлінген. Май безінің секреттері майы (sebum) эпидермис пен тері түктерін майлайды. Май бездері емшектің терісінде, жануарлар қаңсарының терілерінде, майтабанда, тұяқ пен мүйізде болмайды. Тер бездері - glandulae sudoriferae - құрылысы қарапайым түтікше бездерге жатады. Бездің қабырғасын бірқабатты текше (куб) тәрізді безді эпителий құрайды. Без көпіршігінің (альвеоласының) куысы терге толған кезде, миоэпителиоциттер рефлекторлы түрде жиырылып сығып, жиналған тердің тер безінің өзегі арқылы сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Тер безінің секреті тер sudor - арқылы денеден артық су, тұздар, дәрі-дәрмектер, ақуыздық алмасудың ыдырау өнімдері несепнәр (мочевина), несеп қышқылдары т.б. организмге керексіз заттар шығарылады. Ерекшеліктері: сиырларды май бездері әлсіз ықшамдалған. Шошқа мен жылқыларда ұзын және домалаққа ықшамдалған. Жылқылардың май бездерінде ақуыз бар, сондықтан олар ақ көбікке айналады. Теріде бездің пайда болуы жануарлардың анықталған тері жабында бездердің жиналуы. Осындай пайда болулар жануарлардың есту аппаратында glandulae ceruminosae; қабағында тарсальды безі glandulae tarsales. Сірі бездер glandulae plani nasolabialis - сиырдың жалтыр таңауында орналасады. Шошқалардың тұмсығында тұмсық безі - glandulae plani rostralis; алдыңғы тізенің медиальды және пальмарлы терісінде тізе безі - glandulae carpales; иек терісінде иекті бездер glandulae mentales; күпектің диверткуланың алдыңда диверткула безі glandulae diverticuli praeputii орналасқан. Жылқыларда майтабан безі - glandulae pulvinares және емізікте сүт безі glandulae papillares. Итте бездердің жиналуы артқы қапшықта glandulae anales, майтабанда glandulae pulvinares. Сүт безі glandulae lactiferae сүт қоректі жауарларға жататын тән тері туындысы. Желін әр түрлі жануарларда түрлі деңгейде дамиды. Ол іш төлінде 83

84 төс пен құрсақтың төменгі бетіндегі теріде, алдыңғы және артқы аяқтар аралығында бірнеше жұп төбешік ретінде эпидермистен қалыптасады. Бездің стромасы мезенхимадан дамиды. Жануарлардың түрлеріне байланысты төбешіктер әр түрлі дәрежеде дамып жетіледі. Сиырда төрт бөлімді, төрт емшекті; биеде төрт бөлімді, екі емшекті; қой мен ешкіде екі бөлімді, екі емшекті; шошқа мен итте көп бөлімді желін болып тері қабаттарынан қалыптасады. Сүт безі құрылысы жағынан күрделі көпіршікше үтікше бездерге жатады. Ол паренхималы мүше ретінде екі бөлімнен: паренхимадан және стромадан құралады. Паренхиманы сүт безінің безді белігі, ал строманы паренхима болікшелері аралықтарындағықан, лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Сүт безі денеден corpus uberis және емізікшеден papillae uberis - тұрады. Сүт безі құрылысы жағынан күрделі тарамдалған түтікше-көпіршікше бездерге жатады. Сүт тамшыларын бөлетін сүт альвеолаларының alveolae lactifeгае - қабырғасы бірқабат текше (куб) тәрізді безді эпителиоциттерден (лактоциттер) тұрады. Сүттену кезінде альвеола қабырғасындағы лактоциттердің биіктігі өсіп, призма тәрізді безді торшаларға айналады. Сүт тамшылары tubulae lactiferaeбезді эпителиоциттердің альвеола қуысына қараған апикальды ұшында жиналып, торша цитоплазмасынан плазмолеммамен бірге үзілу арқылы түзіледі, яғни сүт тамшылары безді торшалар бүтіндігінің жартылай бұзылуы нәтижесінде апокринді жолмен бөлінеді. Сүттің құрамына кіретін заттардың барлығы (козеин ақуызы, лактоза, май тамшылары, иммунды глобулиндер, витаминдер, тұздар т.б.) сүт тамшысымен бірге бөлінеді. Сүт альвеолалары сыртынан жиырылу қызметін атқаратын себет тәрізді миоэпителиоциттермен шырмала қапталған. Альвеола куысы сүтке толған кезде, миоэпителиоциттер рефлекторлы жиырылып, сүтті сүт түтікшелеріне айдайды. Сүт түтікшелері canales lactiferes - бір-бірімен қосылып, сүт өзекшелерін - ductus lactiferes - кұрайды. Сүт түтікшелері мен сүт өзекшелерінің қабырғалары да, бірқабатты текше тәрізді эпителийден түрады. Олар альвеолалармен бірге бірігіп, бөлікшелерді қүрайды. Аталған түтікшелер мен өзекшелер сыртынан миоэпителиоциттермен қапталған. Сүт өзекшелері бір-бірімен қосылып, сүт өзектерін - ductus lactiferes - түзеді. Сүт өзектері бөлікшелер аралық дәнекер ұлпалық аралықта орналасады. Сүт өзектері сүт цистернасына- sinus lactiferus - ашылады. Сүт цистернасының кілегейлі қабығын екі қабаттыпризма тәрізді эпителий астарлайды. Сүт безі паренхимасы құрылымдарының (альвеолалар, сүт түтікшелері, сүт өзекшелері, сүтөзектері) эпителий қабаттарының астындағы өзіндік тақташа борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Сүт өзегінің кілегейлі қабығы үшқабаттан: ішкі эпителий және миоэпителий қабаттарынан, олардыңсыртындағы өзіндік тақташадан 84

85 құралған. Кілегейлі қабықтың сыртынан жиырылу қызметін атқаратын бірыңғай салалы ет қабаты қоршап, қаптап жатады. Сүт - сүт цистернасында жиналып, емшек өзегі - canalis papillaris және оның үрпі арқылы сыртқа шығарылады. Емшек өзегінің ішкі беті көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Оның астындаборпылдақ дәнекер үлпалық озіндік тақгаша жатады. Емшек қабырғасының ортаңғы бірыңғай салалы ет ұлпалық қабығы төрт қабаттан тұрады. Олар: ішкі ұзынша қабат, оның сыртындағы сақинашақабат, одан кейінгі үшінші аралас қабат және сыртқы радиальды қабат. Етті қабықтың сакинаша қабаты емшек үрпінің қысқыш етінің - m. sphincter papillae - (сфинктерінің) қызметін атқарады. Ол жиырылып емшек үрпін қысып, сүтті ұстап тұрады. Емшектің сыртқы қабығы тері. 34- сурет. Сүт безінің құрылысы Ерекшеліктері: сиырларда сүт безі немесе желін, uber жақсы дамыған және тостағанша тәріздес. Емізіктері papillae цилиндр тәріздес, ұзындығы 7-10 см-ге дейін. Желін сирек түкті, жұқа қабықпен қапталған, тұқымсыз, аз сүт беретін сиырлардың желіні түкпен қапталған. Артқы бетіндегі тері жабынында екі қатпар пайда болды, олар емізіктің шеткі бетіне қарай жылжиды. Олардың арсында сүт айнасы planum lactiferum - пайда болады. Тері астында желін фасциясы- fascia uberis superficialis, ал оның астында желіннің терең фасциясы орналасқан fascia uberis profunda. 85

86 Шошқалардың желінінде көптегне емізіктер бар, олар дененің ветральды бетінде кеудеден құйымшаққа қарай, 5-8 жұпты, қысқа емізікшеден тұрады. Әр емізікте 2-3 емізік канал ашылады. Сүт цистернасы емізіктің негізінде орналасқан. Жылқылардың желіні екі бөлек бөлімнен тұрады. Әр бөлімдегі бір емізікте орналасқан екі бөлшек бойынша екі емізікше каналы бар. Емізік каналдардың сфинктері жақсы дамыған. Желіннің әр бөліміндегі алдыңғы және артқы бөлшегі тұтастанып қалды. Желіннің әр бөлшегіндегі сүт цистерансы жақсы дамыған. Жақсы дамыған бекіткіш байламмен желін бекітіледі. Желіннің терісі нәзік, жұқа түкпен қапталған. Иттердің желініндегі емізікшелері көп, олар құрсақтың вентральды бетінде орналасқан. 4-6 жұпты сүт төбесінен тұрады. Емізіктің терісі нәзік түктен құралған. Емізікте 6-дан бастап 20-ға дейін сүт жолдары ашылады. Сүт цистернасы жоқ. Бақылау сұрақтары: 1 Қандай бездер мен тері туындыларын білесіздер? 2 Шошқа мен жылқы бездерінің ерекшелігі? 3 Сиырлар желінінің бөлімі мен негізі формасы қандай? 4 Сүт бездерінің негізгі қызметі 10.3 Майтабан, тұяқша, тұяқ, тырнақ пен мүйіз Сабақтың мақсаты: Майтабан, тұяқ, тұяқша, тырнақ пен мүйіздің құрылысын игеру. Майтабан - pulvini - тұяқтың артқы жағында орналасқан тығыз,серпімді тері туындысы. Ол тері сияқты үш қабаттан: эпидермистен, дермадан және шелқабатынан тұрады. Теріден айырмашылығы: I) эпидермистен қалың мүйіз қабат түзіліп, майтабанды сыртынан қаптайды; 2) шел қабатының борпылдақ дәнекер ұлпасында май ұлпасы көп мөлшерде жиналып, борпылдақ дәнекер ұлпасы талшықтарымен бірге қосылып, былқылдақ та, серпімді майтабан жастығын құрайды. Жылқыда теріасты жастығында майтабан шеміршектері болады. Олар тұсамыс, топай және тиекше сүйектермен байламдар арқылы берік байланысқан. Шеміршектер майтабан жастығын екі бүйірінен қоршап, екеуі біртұтас кереметтей серпімділік (амортизация) мүшесі қызметін атқарады; 3) майтабан сезімтал жүйке ұштарына бай болғандыктан, ол аяқтың сезім мүшесінің қызметін атқарады. Орналасу орындарына байланысты алдыңғы аяқта тізе майтабаны, алдыңғы жіліншік майтабаны және тұяқ майтабаны, артқы аяқта тілерсек 86

87 майтабаны, артқы жіліншік майтабаны және тұяқ (саусақ) майтабаны болып бөлінеді. Итте аталған майтабандардың барлығы жақсы жетілген. Олар башпай майтабандары деп аталады. Жылқыда тұяқ майтабаны өте жақсы жетілген, ал қалғандары мүйізді қалдық ретінде калған. Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада тұяқ майтабаны ғана болады. Тұяқ майтабаны. pulvinus digitalis барлық жануарларда жақсы дамыған. Ол үшінші бақай сүйегі буынның артында орналасқан. Ерекшелігі: сиырлар мен шошқада тұяқша табанына тұяқ майтабаны артында тұтастай орналасқан. Жылқылардың бақай табаны мүйізді өкшенің ішіне кіріп, тұяқтың секіру қызметтерін жақсы атқарады. Ол жұмсақ табаннан, көрсеткіш пен табанды сіңірден тұрады. Жұмсақ табан артқы жуандалған бөлігі болып саналады. Жұмсақ табанның көрсекіші оның алдыңғы бөлігі және сына тәріздес келген. Осыдан, ол алға шығады да, тұяқтың табаның екіге айырады. Көрсеткіштің эпидермисі табанның мүйізді көрсеткішін құрайды. Алдыңғы ұшталған бөлігін көрсеткіштің беті, артқы, білікше түрде келген екіге айырылған бөлігін көрсеткіштің аяғы деп атайды, ал оның арасында орналасқан шұнқырды тұяқ аралық жыртық дейді. Тұяқтың шеттерінде шеткі жыртық көрсеткіштер жатыр, олар тұяқтың мүйізді бетінен табанның мүйізді көрсеткішін бөледі. Көрсеткіштің тері асты қабығы жұмсақ табанның тері асты қабығымен тұтас болып қосылады және серпінді көрсеткіш деп аталатын тері асты жұмсақ табан пен жұмсақ табан көрсеткіші пайда болады. Жұмсақ сіңір жұмсақ табанның тері асты қабығының түр өзгеруін айтады. Түрі дұрыс емес ромб тәріздес. Сіңірдің сыртқы беті төмпекше тәріздес, ал ішкі ойыс келген. Алдыңғы жіліншік майтабаны pulvinus metacarpalis және тілерсек майтабаны pulvinus metatarsalis бірінші бақай сүйек буындарының артында орналасқан. Ерекшеліктері: сиырда, қойда және шошқада ол жоқ, ал жылқыларда тұсау буынының артындағы қылдың түбінде орналасқан және өкше calcares тәріздес. Алдыңғы тізе майтабаны pulvinus carpalis ит пен жылқыларда жиі кездеседі. Жылқыларда каштан callum түрінде иықтың дистальды соңындағы медиальды жағынан орналасқан. Итте тізедегі қосымша сүйегінің аймағында орналасқан. Тілерсек алды майтабаны pulvinus tarsalis жылқылардың медиоплантарлы бетінде (каштан) ғана дамыған. Тұяқ ungula сиыр мен шошқада теріден дамыған аяқтардың мүйізделген мүшесі. Ол аяқ ұшындағы тері эпидермисінен жетіледі. Тұяқ төрт бөліктен: тұяқ көбесінен, тұяқ жұлығынан, тұяқ қабырғасынан және тұяқ ұлтанынан тұрады. 87

88 Тұяқ көбесі limbus ungulae терінің мүйіз тұяққа бітетін жеріндегі ені 0,5 см аралық. Ол тері сияқты эпидермистен, дермадан және шел қабатынан тұрады. Тұяқ көбесінің эпидермисінен мүйіз тұяқтың сыртқы жылтырауық қабаты жұқа жылтыр мүйіз глазурь бөлінеді. Тұяқ жұлығы corona ungulae тұяқ көбесінен төмен орналасқан, ені 1,5 см тері бөлігі. Ол мүйіз тұяқтың ішкі бетінің жоғарғы жағындағы ойысқа жарты сақинаша түрінде жанасып жатады. Тұяқ жұлығы да эпидермистен, дермадаң және шел қабатынан қүралған. Оныңэпидермисінен мүйіз тұяқ қабырғасының негізін түзетін түтікше мүйіз бөлінеді. Тұяқ қабырғасы - paries ungulae тек екі қабаттан: эпидермистен және дермадан тұрады. Шел қабаты болмағандықтан, дерма тұяқ сүйектің сүйек қабымен қосылып бірігіп кетеді. Тұяқ қабырғасы эпидермисінен мүйіз тұяқтың ішкі жұмсақ ақ жапырақша мүйізі болінеді. Бұл мүйіз тұяқтың ұлтаны жағынан тұяқтың ақ сызығы түрінде көрінеді. Тұяқ ұлтаны solea ungulae да эпидермистен және дермадан тұрады. Тұяқ ұлтанының дерма қабаты тұяқ сүйектің сүйек қабымен бірігіп кеткен. Шел қабаты болмайды. Тұяқ ұлтанының эпидермисінен мүйіз тұяқтың ұлтанының негізін құрайтын түтікше мүйіз бөлінеді. Аяқтың мүйіз тұяғы тұяқ көбесінің, тұяқ жұлығының, тұяқ кабырғасының, тұяқ ұлтанының және тұяқтың артқы жағындағы тұяқ майтабанының эпидермистерінен бөлінген мүйізді қабаттардан құралған. Тұяқша ungula жылқының тұяқшаның мүйізді капсуласынан, терінің негізінен және тері асты қабатынан тұрады (сурет 35). Тұяқшаның мүйізді капсуласы немесе мүйізді табан capsula cornea ungulae эпидермистің туындысы болйып саналады. Ол тік, қысқа, төменге қарай кеңейтілген және қабырғаға табанмен тік тұрады. Тұяқтың мүйізді капсуласы келесі төрт бөлімнен тұрады: тұяқша көбесі, тұяқша жұлығы, тұяқша қабырғасы және тұяқша ұлтанынан тұрады. Бірақ өзіндік бөлігі ретінде мүйізді қабырғасы мен мүйізді ұлтанын көріге болады. Мүйізді қабырғасы ілгіш, латеральды және медиальды бөлімнен тұрады. Түйілу және бақай бұрышынан, латеральды түйілу бөлімінің қабырғасы, немесе латеральды тұяқты жамбас және медиальды түйілу бөлімінің қабығы немесе медиальды тұяқты жамбастан тұрады. Мүйізді қабырғаның (тұяқ жұлығы) үстіңгі шетінде жұлық науа орналасқан. Төменгі жағы (өкше) топырақпен жанасады. Тұяқшаның мүйізді қабырғасында глазурь, жұлық пен жапырақты қабаттар тұтастанып өсті. Глазурь мүйізді қабырғаның ең үстіңгі қабаты болып келеді және суда жақсы ісінетін түтікше, жұмсақ, серпімді мүйізден тұрады. Ол мүйізді қабығының жұлық ортаңғы қабатын жабады, яғни беткі қабатты ені 0,5 см және 88

89 қалыңдығы 1-1,5 мм келетін жолақпен жабады. Тұяқ көбесі эпидермисінің туынды қабаты алға қарай итермелейді. Глазурь тез бұзылады. Жұлық немесе ортаңғы қабат түтікше құрылысынан тұрады. Жұлықты науада көптеген тесік пен қабырға бетінің ұзын бойына елеулі келген. Құрамында дақ (пигмент) бар, осыдан олар тұяқты жұлығының эпидермис тің туынды қабатынан пайда болады да және айына 8-9 мм-ге дейін үстінен астыңа дейін өседі. Осындай мөлшерде олар өшіріледі. Жапырақшалы, немесе ішкі қабат ашық түсті, пигментті емес мүйіз, тұяқты қабығының эпидермистің туынды қабатынан туындайды. Тұяқ қабырғасының бойындаүстінен астына қарай мүйізді жапырақшалар орналасқан және түтікшелі жұлық қабатымен тұтастанып өседі. Сондықтан мүйізді қабығының өкшелі шетінде тұяқтың ақ сызығы көрінеді. Тұяқтың мүйіздіқабығы тік бұрыш жасап, жердің үстіне қарай орналасқан. Ең өткір бұрыш ілгіш бөлігінде жақсы байқалады. Алдыңғы аяқ тұяғының бұрышы тең болды, ал артқы аяқ тұяғының бұрышы құрады. Мүйізді қабырғаның медиальды бөлігі тік және жалпақ, ал латеральды бөлігі қисық және дөңес. Мүйізді табан түтікшелі пигменттенген мүйізден жасалған. Тұяқтың ақ сызығы бойынша мүйізді қабығы жұмсақ табанның мүйізді сызығымен тұтастана өседі. Тұяқты табан эпидермисінің туынды қабығымен мүйізді табан жасалады. Мүйізді табанның алдыңғы, тақ келген бөлігі дене, ал ал артқы жұп бөлігі латеральды және медиальды тармақтар деп аталады. Мүйізді табанның үсті күмбез тәріздес әлсіз дамыған. Тұяқтың негізгі терісі көптеген экстерорецептерлерден тұрады, сондықтан дене сезім мүшесінің рөлін атқарады. Мүйізді капсуламен тұяқтың тері негізінің жанасу бетінің көлемі (площадь до 1 м 2 ) жылқы тез қозғалған уақытта ауыртпай, соққысыз жақсы амортизациямен қамтамасыз етеді. Терінің негізі тұяқты көбесінің тері негізі, тұяқты жұлығы, тұяқты қабығы және тұяқты ұлтаны боп бөлінеді. Тұяқ көбесінің тері негізі глазурь астында орналасқан және тамыр мен жүйке жүйесіне бай келеді. Тұяқ жұлығының тері негізі білікше сақинаша иілген, жуан және қызыл боп келген (1 1,5 см дейін). Тұяқ жұлығының тері негізінің беті ұзын (4 6 мм дейін) және жіңішке емізікшелері бар. Тұяқ қабырғасының тері негізі тұяқты сүйек бетінің сүйек үсті қабырғасымен бірігеді. Оның беті биік көлденен келген жапырақшадан тұрады. Жапырақшаның шеткі беттерінде қосымша, оларда көлденен келген айдардан тұрады, яғни олар мүйізді қабырғаның тері негізінің беткі жанасуын ұлғайтады. Тұяқты ұлтанның тері негізі тұяқты сүйектің сүйек үсті ұлтанды бетімен бірігіп, өседі және ұзын, жіңішке емізікшелері бар. 89

90 Тұяқтың тері асты қабаты тұяқты көбес пен тұяқты жұлығы аймағында жақсы дамыған. 35- сурет. Жылқының тұяғы Тырнақ unguiculus ұш бөліктен тұрады: тырнақты білік, тырнақты қабырға мен тырнақты ұлтаннан. Тырнақты білік бақай теріснен тырнаққа өтетін орын. Ол терінің негізін қамтып, артынан бақай жұмсағына ауысады. Тырнақты біліктің эпидермисі пен тері негізі бақайдың үштен бөлігінің сүйекті науаның түпкіріне кіреді де, онда тырнақтың мүйізді капсуласының тамыры орналасатындай тырнақты науа қалыптасады. Тырнақты қабырға тырнақтың шеткі және артқы бетінде жұлықпен орналасады. Жұлық деп тырнақты қабырғаның осы бөлігін айтады, яғни тырнақты науаның түбінен пайда болып, тырнақты бақайдың арқа бетінде орналасады. Тырнақты ұлтан тырнақтың ұлтанның бетіндегі жыңышке келген жолақта орналасқан. Осы аталған тырнақтың үш бөлігі тырнақтың мүйізді капсуласы мен тырнақтың тері негізін құрайды. Тырнақтың мүйізді капсуласы мүйізді тырнақты қабырға мен мүйізді тырнақты ұлтанға бөлінеді. 90

91 Мүйізді тырнақты қабырға тырнақтың үлкен тақ қабырға мен жұп келген шеткі латеральды және медиальды қабырғадан тұрады. Мүйізді қабырғада бос ұшы тырнақтың ұшталған үстін қалыптастырады. Мүйізді тырнақты қабырға түтікшелі мүйізден құралған, ол тырнақ жұлығы мен науаның эпидермистің туынды қабатымен іске асады. Сонымен қатар, мүйізді тырнақты қабырғаның құрамына жапырақты мүйіз кіреді, ол тырнақты қабырғаның шеткі бөлігіндегі эпидермистің туынды қабатымен пайда болады. Мүйізді тырнақты ұлтан тырнақтың иілген бетінде орналасады. Ол борпылдақ, түтікшелі мүйізден құралады, ол өз кезегінде тырнақты ұлтан эпидермисінің туынды қабатымен жасалады. Ұлтанның мүйізі тез өшіріледі, содан тырнақтың ұшы өзімен-өзі ұшталады. Тырнақтың тері негізі жұлықтың тері негізіне, шеткі қабырға мен ұлтанға бөлінеді. Жұлықтың тері негізі тырнақы науаның түбін кеңейтілген жолақты бастама ретінде алады, содан кейін тырнақты сүйектің дөңес артқы беті бойынша дистальды бағыта біртіндеп тарылады. Тырнақты науадағы жұлықтың тері негізі емізікше, ал қабырғада тегіс болып келеді. Шеткі қабырғаның тері негізі (латеральды және медиальды) маңызды емес көлемді алады және сүйек үстінде терең қабатпен өсіп келе жатқан беті жапырақша тәріздес. Тырнақ ұлтанын тері негізі сүйек үстімен тұтастанып өседі, ал бетінде емізікше болады. Тырнақтың тері асты қабаты тырнақты біліктің астында ғана жақсы көрінеді. Мүйіз cornua эпидермисс пен терінің негізінен тұрады. Эпидермис мүйізді капсула түзеді. Мүйіз терісінің негізі маңдай сүйегінің мүйізді қосалқысымен тұтастанып, өседі. Ол қан тамырларына өте бай. Мұйізде түбірін, денесі мен ұшын айырады. Мүйіздің түбірі radix cornus маңдай терісінде орналасқан мүйіздің өте нәзік бөлігі. Мүйіздің денесі corpus cornus түбірінен ұшына дейін жалғасқан, жалпақ бөлім. Мүйіздің ұшы apex cornus ұшталған мүйіздің ұшы. Мүйізде көлденең орналсқан сақиналарды көруге болады, олар мүйіз капсуласының өсу жылдамдығына сай ерекшелінеді. Сиырлардың мүйізінің көлденең кескіні форма бойынша дөңгелекке ұқсайды. Бақылау сұрақтары: 1 Тері жабынының қандай ағзалары мен рудиментті мүшелері (маңызы жоқ) ірі қара мал, шошқа, жылқы мен иттердің ұштарында орналасқан? 2 Тұяқ, тұяқша, тырнақ пен табынның құрылысы қандай? 91

92 3 Ірі қара мал төлдерінде жаңа шығып жатқан мүйіздерінің құрылысын сипаттап беріңіз? 11 Спланхнология (ішкі мүшелерді зерттейтін ілім) 11.1 Азық қорыту аппараты Азық қорыту мүшелеріне: ауыз қуысы, ерін, ұрт, қызыл иек, тіс, қатты және жұмсақ таңдай, ауық қуысының түбі, тіл, құлақ түбі безі, төменгі жақ безі, тіл асты безі, бір өзекті тіласты сілекей безі, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ащы ішек (он екі елі ішек пен аш ішек), бауыр, ұйқы безі,жуан ішек (бүйен, тоқ ішек пен тік ішек). Азық қорытуаппаратын фило-онтогенездік тұрғыдан төрт бөлімге бөледі. Олар: бас, алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдер. Осының бәрін төменде ашып қарастырамыз Ауыз қуысы, ерін, ұрт, қызыл иек Сабақтың мақсаты: Ауыз қуысы, ерін, ұрт, қызыл иектің құрылысын игеру. Ауыз қуысы - cavumoris жұтқыншақпен жалғасып, бас бөлімді кұрайды. Оның кіреберіс тесігі ауыз саңылауы rima oris, ал ауыздан жұтқыншаққа шығаберіс тесігі есік isthmus faucium деп аталады. Ол тіл түбірі мен жұмсақ тандай арасында болады. Ауыз қуысы екі бөлімнен: ауыздың кіреберіс бөлімінен vestibulum oris және өзіндік ауыз қуысынан cavum oris proprium тұрады. Ауыздың кіреберіс бөлімінің сыртқы қабырғасын еріңдер менұрт, ішкі қабырғасын қызыл иек пен тістер құрайды. Ал өзіндік ауыз қуысы қызыл иек пен тістен жұтқыншаққа дейінгі кеңістік. Ауыз қуысы мүшелерінің ішкі бетін тері типтес кілегейлі қабық қаптап жатады. Ол екі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ эпителийденжәне оның астындағыөзіндік тақташадан(борпылдақ дәнекер ұлпасы) тұрады. Ерін. labia - ауыз саңылауын шектейтін терілі-етті мүше. Ол үш қабықтан: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті (ауыздың дөңгелек бұлшық еті) қабықтардан және сыртқы теріден тұрады. Кілегейлі қабық екі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ эпителийден және оның астындағы өзіндік тақташадан тұрады. Жоғарғы және төмен ерін кілегейлі қабықтарында еріннің майда қабырғалық сілекей бездері орналасады. Олардың өзектері ауыз қуысына 92

93 ашылады. Жоғарғы және төменгі еріннің ауыздың екі бүйіріндегі түйіскен бұрышын езу angulus oris деп атайды. Ерін терісінде жекеленген сезім түтіктері орналасады. Ерін бездері glandulae labiales ерін бұрышының сілекей асты қабатында орналасқан және ұртты ашу уақытында көптеген тесіктермен ашылады. Төменгі ерін иекке mentum ауысады. Үстіңгі еріннің сілекей қабатында конус тәріздес емізік papillae conicae бар. Ерекшеліктері. Жылқыныңеріндері қалың, ұзын және қозғалмалыкеледі. Төменгі ерін жақсы жетіліп, иекпен жалғасады. Еріннің езуі азу тістің алдыңғы жағында болады. Сиыр еріндері де қалың, бірақ қысқалау келеді және нашар қозғалады. Жоғарғы еріннен мұрын тесігіне дейінгі аумақта түксіз пигменттелгентерімен қапталған қаңсар -planum nasolabiale созылып жатады. Қаңсарда сір сұйығын бөлетін сірлі бездерорналасады.әдетте, сұйықтың булануы нәтижесінде қаңсардын сыртқыбеті тұрақты ылғалды да, салқын болып тұрады. Ерін езуі азу тістерінің алдында болады. Қоймен ешкінің еріндері ұзын және қозғалмалы келеді. Жоғарғы ерінді су ағар сайы - рһіltrum - бөліп тұрады. Шошқаныңжоғарғы ерні түксіз талпақ танаумен planum rostrale -жалғасқан. Төменгі ерін үшкілдеу болып келеді. Ерін езулері 3-4 азу тістердің тұсына дейін созылады. Иттіңеріндері жұқа және нашар қозғалады. Ауыз саңылауы ұзынынан созылып,оның езулері 3-4 азу тістерінің қатарына дейін жетеді. Жоғарғы ерін ортасынан су ағар сайымен екіге бөлініп тұрады. Төменгі ерін көлемі жағынан жоғарғы ерінге қарағанда, сәл көлемділеу келеді. Ұрт bucca құрылысы ерінге ұқсас терілі-етті мүше. Ол сыртынан терімен, ал ішкі беті ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Ұрттың негізін ұрт бұлшық еті түзеді. Ұрт ауызқуысының екі бүйір қабырғаларын құрайды. Ұрттың ұзындығы ауыз саңылауының ұзындығына байланысты. Ауыз саңылауы ұзын болған сайын,ұрттың ұзындығы қысқа болады. Мысалы, иттің езуіұзын да, ұрты қысқа. Бұған, керісінше, шөппен қоректенетін жануарлардың ұрты ұзын, ал ауыз саңылауы қысқа келеді. Ұрттың ішкі кілегейлі қабығы бетінде, жоғарғы азу тістердің түсында шықшыт (құлақтүбі) сілекей безі өзегінің бүртігі - papilla parotidea -ашылады. Ұрттың кілегейлі қабығында ұрт сілекей бездері - glandulae buccales орналасады. Әсіресе, олар шөппен қоректенетін жануарларда жақсы дамыған. Ұрт бездері дорсальды және вентральды болып екі топқа бөлінеді. Олар жоғарғы және төменгітіс доғалары деңгейлерінде, езу мен үлкен шайнау бұлшық еті аралығында орын тебеді.дорсальды ұрт бездері glandulae buccales dorsales альвеоляр шетінен еріннің бұрышына дейін үстіңгі түбір түстері созылады. Ортаңғы ұрт бездері glandulae buccales intermediae еріннің бұрышында жақсы дамыған. Вентральды ұрт бездері - glandulae buccales ventrales алдыңғы шеттің үлкен 93

94 шайнау бұлшық етінен еріннің бұрышына дейін созылады. Олардың барлығы да сілекей қабығында көптеген өзектермен ашылады. Ұрттың сілекей қабығы көптеген ұрт емізігінен papillae buccales (1 см дейін) тұрады. Ерекшеліктері.Жылқы ұрты ұзын болып келеді. Шықшыт безінің өзегі ұрттың ішкі бетіне, 3-інші жоғарғы азу тіс тұсында ашылады. Сиырұртының кілегейлі қабығында ұшы ауыз саңылауына кері бағытталған, пішіні конус тәрізді емізікше бүртіктер орналасады. Олар ауыз қуысындағы азықтың кері түсіп қалмауын қамтамасыз етеді. Шықшыт безінің өзегі 5-інші азу тіс деңгейінде ашылады. Қойменешкіұртында да конус тәрізді емізікше бүртіктер болады. Шықшыт безінің өзегі 4-інші азу тіс қатарында, ұрттың ішкі бетіне ашылады. Күйіс қайтаратын малдардадорсальды және вентральды ұрт бездерінен басқа аралық ұрт бездеріде кездеседі. Шошқадашықшыт безінің өзегі 4-5-інші азу тістің деңгейі тұсында ашылады. Итұртының кілегейлі қабығы пигменттелген. Шықшыт безінің өзегі 3-інші азу тіс қатарында ашылады. Дорсальды ұрт бездері орналасу орнына қарай бет бездері деп аталады. Вентральды ұрт бездері болмайды. Қызыл иек gingiva жақ сүйектердің тіс жиектерін қаптап, тістерді тіс ұяларына бекітіп тұратын ауыз қуысы кілегейлі қабығының қатпары. Артқы тістерінің артында қызы иек қанатша тәріздес-жқаты қабатқа ауысады plica pterygomandibularis. Кескіш сүйегінің дене облысындағы үстіңгі қызыл иегінде тіс пластинасы lamina dentalis орналасқан. Ол тығыз байланыстырғыш ұлпа мен мүйізделген эпителийден тұрады. Шошқа, жылқы мен иттерде тіс пластинасы жоқ. Бақылау сұрақтары: 1 Ауыз қуысының мүшелері мен құрылысын сипаттап беріңіз 2 Ерін, ұрт және қызыл иек. 3 Шошқа мен жылқылардың ерін мен ұрт ерекшеліктерін атап беріңіз Тістер Сабақтың мақсаты: Тістің құрылысын игеру. Тістер dentes ауыз қуысының қатты туынды мүшесі (cурет 36). Ол қызметіне байланысты: күрек тістер (dentes incisivi I деп белгіленеді), сойдақ тістер (dentes canini - С деп белгіленеді), алдыңғы азу тістер (премолярлар - dentes praemolares Р деп белгіленеді) және нағыз азутістер (молярлар dentes molares - М) болып бөлінеді. Жануарлардың жасына қарай: сүт тістерге (dentes decidui - Dd) және тұрақты тістерге (dentes permanents - Dp) 94

95 ч бөлінеді. Оларды: сүтті күрек тіс dentes incisivi decidui Id, сүтті сойдақ тісі dentes canini decidui Cd және сүтті алдыңғы азы тісі dentes praemolares decidui Pd. Құрылысына байланысты: қысқа сауытты және ұзын сауытты тістер болып бөлінеді. Тістер бассүйектің жоғарғы жақ, тұмсық және төменгі жақ сүйектерінің тіс ұяларында орналасып, жоғарғы және төменгі тіс доғаларын (аркадаларын) құрайды. Қысқасауытты тістер (brachiodontes) бір-бірінен анық ажырайтын үш бөліктен: тіс сауытынан(тістің ауыз қуысындағы бөлігі) carona dentis, тіс түбірінен(тістің жақ және тұмсық сүйектер ұяларындағы бөлігі) radix dentis және тіс мойнынан(тіс сауыты мен тіс түбірі шекарасындағы қызыл иек қаптап тұрған жіңішкелеу бөлігі) collum dentis тұрады. Тіс сауыты үш қабаттан құралған. Оның сыртқы қабаты ақ түсті тіс кіреукесі (эмаль) ауыз қуысы кілегейлі қабығы эпителий қабатының туындысы, яғни ол даму барысында эпителийден жетіледі. Кіреукенің астындағы дентин тістің негізін құрайтын құрылысы ерекше сүйек ұлпасынан тұрады. Дентиннің ішкі жағында кан, лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай жұмсақ дәнекер ұлпасы пульпаға толған тіс қуысы болады. Тіс түбірі де үш қабаттан құралған. Ол сыртынан сары түсті цементпен қапталған. Қалған төменгі екі қабаты тіс сауытына ұқсас, яғни дентиннен және тіс қуысындағы пульпадан тұрады. Қысқа сауытты тістің тіс сауыты шайнаған сайын, үйкеліп қажалып, қартайған жануарларда толығымен желініп көрінбей кетеді. Қажалған тіс тіс түбірі жағынан өсіп шыкпайды. Ұзынсауытты тіс(hypselodontes) тек тіс сауытынан тұүрады. Оның мойны мен түбірі болмайды. Бірақ, тіс сауытының кішкене бөлігі ғана ауыз қуысында көрініп тұрады. Ал қалған бөлігі тіс ұясында орналасып, тіс түбірінің қызметін атқарады. Тіс үйкеліп қажалған сайын, тіс тіс ұясынан ауыз куысына қарай өсіп шыға береді. Жасы ұлғайып, сақайып қартайған жануарлардың тіс сауыты қысқа болыпаздап тіс түбірі пайда бола бастайды. Ұзын сауытты тіс сыртынан ішінеқарай төрт қабаттан: цементтен, кіреукеден, дентиннен және пульпаға толған тіс қуысынан тұрады. Даму барысында цемент, дентин және пульпа мезенхимадан жетіледі, яғни олар кілегейлі қабықтың өзіндік тақташасының туындылары болып саналады. Тіс кіреукесі - бір қатарда орналасқан ұсақ алты қырлы тым қатты эмаль призмаларынан түзілген. Тіс кіреукесі құрамының 98% минералды тұздар құрайды. Сондықтан, кіреуке жаңуалар организіміндегі ең берік зат. Оның тығыздығын кварцпен, ал омырылғыштығын фарформен салыстыруға болады. Дентин тістің негізін құрайтын құрылысы ерекше сүйек ұлпасы. Дентин жасаушы торшалар одонтобластар сүйек ұлпасынан тыс, тіс қуысындағы 95

96 пульпаның дентин жағындағы сыртқы бетінде бір қатарда орналасып, дентинді кіреуке кабатына жапсарлай түзеді. Дентин құрамының 70-80% -ы минералды тұздардан тұрады. Цемент құрылысы сүйек ұлпасына ұқсас. Оның 60-70%-ы минералды тұзадрдан тұрады. Тіс жұмсағы (тіс пульпасы) қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай жіңішке талшықты дәнекер ұлпасынан тұрады. Барлық жануарлардың сүт тістері, ит пен шошқаның тұрақты тістері және күйісті қайтаратын жануарлардың күрек тістері қысқа сауытты тістерге, ал ұзын сауытты тітстерге жылқының барлық тұрақты тістері және күйіс қайтаратын жануарлардың тұрақты азу тістері жатады. Жануарлар тістерінің жалпы санын тіс формуласымен бөлшек түрінде көрсетеді. Бөлшек сызығының үстінде жоғарғы жақ тіс доғасындағы тістердің бір жақ жартысының саны, ал сызықтың астында төменгі жақ тіс доғасындағы тістердің жарты саны көрсетіледі. Жануарлар сүт тістерінің формуласы: Ал тұрақты тіс формуласы I күрек тіс; C сойдақ тіс; P премоляр; M моляр. C C P P M M Сүтті сиырлардың тіс формуласы осындай I I I I ; C C P P ID 4 0, CD 0 0, PD 3 3 =20 тіс; ; тұрақты I 4 0, C 0 0, P 3 3, M 3 3 = 32 тіс Ерекшелігі:шошқада 28 сүтті тістерін санауға болады, олардың 12күрек тіс, 4-сойдақ тістер және 12азу тістері болады. Оның формуласы осындай: Id 3 3, Cd 1 1, Pd 3 3 Шошқалардың тұрақты тістер формуласы осындай: I 3 3, C 1 1, P 4 4, M

97 Жылқылардың тұрақты тістер формуласы осындай:: I 3 3, C 1 1, P 3 3, M 3 3. Иттерде, формулаға сай 32 сүтті тісі бар: Id 3 3, Cd 1 1, Pd 4 4. Тұрақты тісі 42, осыдан тіс формуласы: I 3 3, C 1 1, P 4 4, M 3 2 Ерекшеліктері: Биеде сойдақ тістер болмайды немесе олар нашар жетілген. Жылқының тұрақты тістері ұзын сауытты, қатпарлы тістерге жатады. Тұрақты күрек тістердің пішіні иілген сына тәрізді болып келеді. Жас төлдер тістердің жанасу беттері көлденең орналасқан сопақ пішінді болады. Мал жасына байланысты тістің қажалуы, оның пішінінің дөңгеленуіне, одан соң үшбұрыштанып өзгеруіне әкеліп соғады. Ал жанасу беттерінің желініп, тістердің ауыз қуысына қарай өсуі нәтижесінде, қартайған жануарларда, олардың пішіні кері бағытта орналасқан сопақша түрге ауысады. Тіс пішіндерінің осылай кезегімен өзгеріп отыруы алты жылдың ішінде толығымен жүзеге асады. Күрек тістің қажалу пішініне қарап, жылқының жасын анықтауға болады. 97

98 36- сурет. Тістер Күйіс қайтаратын жануарлардакүрек тістер тек төменгі жақтың әр жарты бөлігінде төрт-төрттен орналасады. Құрылысы жағынан олар қысқа сауытты тістерге жатады. Тістердің пішіні күрекке ұқсас. Азу тістері ұзын сауытты айшықты тістерге жатады. Бірінші премолярдан молярларға қарай тістер көлемі үлкейе береді. Жоғарғы азу тістер төменгі тістерге қарағанда екі еседей жалпақ та жуан келеді. Жоғарғы премолярларда айшықты бір тіс мөрі, ал молярларда екі тіс мөрі болады. Шошқаның барлық тұрақты тістері қысқа сауытты тістерге жатады. Күрек тістерінің пішіні конус тәрізді. Жоғарғы жақта күрек тістер аралығында тіссіз жиектер болады. Ұрғашы шошқаның (мегежіннің) сойдақ тістері онша жетілмеген, ал қабандардың тістері тыс жақсыжетілген, олар өте өткір, үшбұрышты болып келеді. Азу тістеріжанасу беттерінің пішініне қарай бұдырлы тістерге жатады. Иттің тұрақты тістерінің жанасу беттерінде үш-үштен өткір тісшелер болады. Олардың ортаңғысы биіктеу келеді. Сойдақ тістері конус тәрізді, төменгі бірінші премолярдың бір ғана тісшесі болады. Ол кішілеукеледі. Оны қасқыр тіс" деп атайды. Азу тістерінің мөлшері артқа қарай үлкейеді. Жоғарғы және төменгі тіс аркадаларындағықарама-қарсы орналасқан ең биік тістері кескіш тістер - деп аталады. Иттің барлық тұрақты тістері қысқа сауытты тістерге жатады. 98

99 Бақылау сұрақтары: 1 Ірі қара малдың, шошқаның, жылқы мен иттің тістеріне сипаттама беріңіз? 2 Аркададағы тұрақты және сүтті тістердің өсу мерзімі мен формуласы қандай? 11.4 Қатты және жұмсақ таңдай, ауыз қуысының түбі, тіл Сабақ мақсаты: Қатты және жұмсақ таңдай, ауыз қуысының түбі мен тілдің құрылысын игеру. Қатты таңдай palatum durum сүйек таңдаймен жанасып, ауыз қуысының төбесін құрайтын кілегейлі қабық қатпары. Қатты таңдайдың ортасында ұзынынан таңдай жігіт raphe palatine өтеді. Таңдай жігінен оңға және солға таңдай білеуліктері rugae palatinae орналасады. Күрек тістің артқы жағында таңдай жігінің бойында күректіс бүртігі papilla incisiva байқалады. Оның екі жақ бүйіріне ауыз және мұрын қуыстарын өзара жалғастырып тұратын жұп күректіс өзегі ductusincisivas ашылады. Ерекшеліктері: Жылқыда күрек тіс бүртігі тек жас құлындарда ғана жақсы байқалады. Таңдай білеуліктерінің пішіні жоға тәріздес болып келді. Саны Сиыр таңдайында шақты таңдай білеуліктері көрінеді. Олардың алғашқы он екісінде жиектері артқа қарай бағыталған өткір тісті қырлары болады. Негізгі білеуліктер аралығында ұсақ білеуліктер де кездеседі. Қойдың қатты таңдайында 14 білеуліктер орналасқан. Жұмсақ таңдай palatum molle қатты таңдайдың артқа қарай жалғасы. Оның негізін таңдай сүйектен басталатын таңдай бұлшық ет т.palatinus құрайды. Жұмсақ таңдай ауыз қуысын жұтқыншақтан бөліп тұрады, оның ауыз және жұтқыншақ беттері болады. Жұмсақ таңдайдың жоғарғы беті мұрын қуысына тән кілегейлі қабықпен, ал төменгі беті ауыз қуысына тән кілегейлі қабықпен қапталған. Жұмсақ таңдайдың артқы жағындағы бос иілген жиегін оң және сол таңдай жұтқыншақ жоғаларын түзеді. Таңдай доғасы мен тіл түбірінің аралығында, ауыз қуысын жұтқыншақпен жалғастыратын ауыздың шығаберіс тесігі (есін) жатады. Таңдай шымылдығының кілегейлі қабығы, тіл түбіріне қарай өтіп, тіл денесінің тұсында таңдай тіл-доғасын arcus glossopalatinus түзеді. Осы доғаның артқы жағында және тіл түбірінің екі бүйірінде таңдай бадамшалары (миндалины) tonsillae palatinae орналасады. Жұмсақ таңдайдың ауыз қуысына қараған бетінің кілегейл қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен қапталған. Онда кілегей бөлетін таңдайбездері glandulae palatinae болады. Ал жұмсақ таңдайдың мұрын-жұтқыншақ (аңқа) 99

100 бетіндегі кілегейлі қабық бірқабатты көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Таңдай шымылдығының бұлшық еттері. Таңдай бұлшық еті m. palatinus жұмсақ таңдайдың негізін құрайды. Ол тандай сүйегінің артқы жиегінен басталып, таңдай доғасына бағытталады. Бұл бұлшық ет жұтынғаннан кейін жұмсақ тандайды қысқартады. Таңдай шымылдығын көтергіш бұлшық ет m. levator veli palatini самай сүйектің ет өсіндісінен басталып, таңдай шымылдығының орта тұсына келіп аяқталады. Аталмыш бұлшық ет жұтыну кезінде тандай шымылдығын көтеріп, есінді кеңейтеді. Таңдай шымылдығын қатайтқыш бұлшық ет m. tensor veli раlatini таңдай шымылдығын көтергіш бұлшық етпен бірге басталып, қанатша сүйектің ілмегіне қарай бағытталады да, одан асып өтіп тандай шымылдығының екі бүйіріне бекиді. Бұл бұлшық ет жұту кезінде таңдай шымылдығын көтеріп, азықтың ауыз қуысынан жұтқыншаққа өтуіне көмектеседі. Ерекшеліктері.Жылқыдатандай шымылдығы ете ұзын. Оның тандай доғасы тіл түбіріне дейін жетеді. Осыған байланысты жылқы басқа малдармен салыстырғаңда аузымен дем ала алмайды. Таңдай шымылдығында тақ таңдай бадамшасы, ал тіл түбірінің екі бүйірінде жұп тандай бадамшалары орналасады. Күйіс қайтаратын малдардыңжұмсақ таңдайы сәл қысқалау келіп, көмекей бөбешігінің ұшына дейін созылады. Таңдай шымылдығының екі бүйірінде таңдай бадамшалары болады. Шошкадатаңдай шымылдығы қысқа және қалың болып келіп, бөбешікке көлденен бағытталады. Тандай шымылдығында тақ тандай бадамшасы орналасады.иттетандай шымылдығы тіл түбіріне қарай бағытталып, бірақ оған сәл жетпей аяқталады. Тандай бадамшалары ерекше бадамша қуыстарда sinus tonsillares - орналаскан. Ауыз қуысының түбінде fundus cavi oris негізінен тіл жатады. Тіл мен қызыл иек аралығындағы саңылау тәрізді қалтарыста тіласты катпарлары- plica sublingualis болады. Аталған қатпарларға көп өзекті тіласты сілікей бездерінің өзектері ашылады. Тіл ұшының төменгі жағында, ауыз қуысы кілегейліқабығының тілге қарай өтетін қатпары тіл жүгеншігі frenulum linguae - болады. Оның екі бүйіріңде тіласты сүйелшелері- caruncula sublingualis - көрінеді. Бұлардың төбесіне төменгі жақ және бір өзекті тіласты сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ерекшеліктер: Шошқаларда қатты таңдайдың төбе тігісі айналмалы, тегісті таңдай біліктері бар, бірінші және екінші біліктің арасында мұрынтөбе каналына тесігі бар үш бұрышты кескіш емізікшесі орналасқан. Жұмсақ таңдай қысқа, жуан және көлденен орналасқан. Төбе-тілді доғасы жақсы дамыған. Шырышты бездері бар. 100

101 Жылқылардың қатты таңдайында жұп біліктері бар. Оң және сол білік бірге қосылып, доға құрайды. Кескіш емізікшесі мұрын-төбелі каналға деген тесігі жоқ. Жылқыда тіласты сүйелшелер жақсы дамыған. Күйіс қайтаратын жануарлардың тіласты қатпарлары бүртікшелі, тіласты сүйелшелері ірі де тығыз болып келеді. Шошқада тіласты сүйелшелері болмайды. Бірақ олардың орнындағы без өзектерінің тесіктері жақсы көріеді. Итте аталған сүйелшелер майда болып келеді. Тіл lingua қимылы жақсы жетілген бұлшық етті мүше (сурет 37). Ол бұлшық еттердің көмегімен тіласты жөне төменгі жақ сүйектермен байланысқан. Барлық жануарларда тіл ауыздағы азықты араластырып, шайнау мен жұту процестерін іс жүзіне асырумен қатар, азықтың татымын анықтайды. Тіл тіл түбірінен radix linguae, тіл денесінен corpus linguae, тіл ұшынан apex linguae, тіл арқасы dorsum linguae мен екі бүйір бетінен facies lateralis тұрады. Оның негізін ұзынынан, көлденеңінен және тігінен өтетін бұлшық ет талшықтарының шоғырлары құрайды. Тіл сыртынан ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Тіл денесі corpus linguae салыстырмалы жуан, күрек тістерінің арасында орналасады, көлденен кескенде үш бұрышты форма алады. Тіл денесінің төменгі шеті ауыз қуысының түбімен тікелей байланысты. Оң және сол шеттері дөңгелектенген және олар тіл бетін facies lateralis, оның арқасынан dorsum linguae бөледі. Вентральды беттің сілекей қабығы тілдің жігенін frenulum linguae қалыптастырады. Оның арқасынан тілдің көпшігін torus lingualis бөлуге болады.. Тілдің ұшы apex linguae азу тстерімен жанасады. Ол оң және сол бүйірлі шеттерінен тұрады, сонымен қатар екі бетін (дорсальды және вентральды бетін). Дорсальды беті facies dorsalis бұдырлы, ал вентральды facies ventralis тегіс. Тілдің арқасы dorsum linguae әртүрлі шама мен формалы емізікшелеріне қапталған. Тіл ұшының сілекей қабатында көптеген тілдің лимфа фолликулары folliculi tonsillares linguales бар, олар тіл бадамын tonsilla lingualis қалыптастырады. Тіл түбірі мен көмекей үсті негізінің арасында тілді-көмекей үсті қатпар - plica glossoepiglottica және тіласты-көмекей үсті бұлшық еті m. hyoepigloticus орналасқан. Тілдің негізін тіл бұлшық еттері m. lingualis құрайды. Олар: көлденен, тік және перпендикулярлы бұлшық ет будадан тұрады. Тіл қалқасының вентралды жағындағы тіл шеміршегі lyssa әлсіз дамыған. Тілдің қозғалуы тіл бұлшық еті мен тіласты сүйектің бұлшық еттерімен іске асады. 101

102 37- сурет. Әртүрлі жануарлардың тіл құрылысы Тілдің бетінде екі түрлі: механикалық және татым емізікшелері болады. Механикалық емізікшелерге: жіпше емізікшелер papillae filiformes және конусша емізікшелер papillae conicae, ал татым емізікшелерге: саңырауқұлақша емізікшелер papillae fungiformes, қорғанша емізікшелер papillae vallatae және жапырақша емізікшелер papillae foliatae жатады. Татым емізікшелерде азықтың дәмін анықтайтын татым баданалары орналасады. Тілдің қатысуымен жануарлар организімінде дәм сезімі, сипап сезу сезімі, су мен азықты қабылдау кызметтері атқарылады. Итте тіл дене қызуын реттеуге де қатысады. Тілдің бұлшық еттері. 1. Тілдің негізгі бұлшық еті m. Lingualis proprius ұзынынан, көлденеңінен, тігінен орналасқан бұлшық ет талшықтары шоғырларынан түзілген. Тілдің еттің негізін құрайды. 2. Біз-тіл (бүйірлік) бұлшық ет m. stiloglossus тіласты сүйегі үлкен бұтағының бүйірінен басталып, тілдің екі қапталын бойлай, оның ұшына дейін жетеді. Бұлшық еттің оң және сол жағы бірдей жиырылғанда, тілді артқа тартып қысқартады. Ал олардың әрқайсысы жеке жиырылғанда, тілді өз жағына қарай бұрады. 102

103 3. Тіласты тіл бұлшық еті m. hyoglossus тіласты сүйектің денесі мен көмекей мүйіздіктерінен басталып, тіл бұлшық етінде аяқталды. Бұлшық ет тілді артқа тартып қысқартады және оған жалпақ пішін береді. 4. Иек тіл бұлшық ет m. genioglossus - төменгі жақ сүйектің иек бұрышынан басталады да, тілдің ұшы мен денесінде аяқталады. Аталған бұлшық ет тілді алға тартып, оған жалпақ пішін береді және оны қатты таңдайдан ажыратады. 5. Иек тіласты бұлшық ет - т. geniohyoideus - пішіні ұршық тәріздес ет. Ол төменгі жақ сүйектің иек бұрышынан басталып, иекіл бұлшық етінің төменгі бетімен артқа қарай бағытталады да, тіласты сүйек денесінде немесе оның тіл өсіндісінде аяқталады. Ерекшеліктері:Жылқы тілінің сілекей бездері сірлі-кілегейлі сілекей бөледі. Тілде бір жұп қорғанша емізікше, кейде үшінші тақ емізікше де кездеседі. Конусша емізікше болмайды. Күйіс қайтаратын жануарлартілінің жоғарғы арқа бетіңде тіл жастығы torus linguae - болады. Олардың тілдерінің ұштары үшкірлеу болып келеді Тілдің кілегейлі қабығында пигментті аймақтар көрінеді. Бұларда конусша емізікшелер жақсы жетілген, қорғанша емізікшелердің саны тілдің бір жақ жартысында: сиырда 8-7 (21), қойда , ешкіде ден болады. Жапырақша емізікшелер болмайды. Шошканың тілі жіңішке, ұзын, үшкір болып келеді. Оның дорсальды бетінде біржұп қорғанша емізікше орналасады. Тілдің вентральды бетіндегі кілегейлі қабық астында тіл шеміршегі болады. Иттілінің пішіні жалпақ, жіңішке және ұзын болып келеді. Оның дорсальды бетімен тілдің орталық сайы sulcus medianus linguae - өтеді. Қорғанша емізікшелердің саны 2-3 жұп. Тіл ұшының төменгі бетіндегі кілегейлі қабық астында ұршық пішіндес тіл шеміршегі болады. Ол ыстық күндері ауыздан салаңдаған тілді ұстап тұрады. Тілдің сілекей безі кілегейлі сөл бөледі. Тілдің гистологиялық құрылысы.тіл арқалығын көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий, ал төменгі жағы мен екі бүйірін көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий қаптайды. Тілдің кілегейлі қабығы мен бұлшық еттер аралығында қабырғалық сілекей бездері болады. Кілегейлі қабығының сытқы бетінде пішіні әр түрлі емізікшелер бар. Жіпшежәне конусшаемізікшелер сыртынан ауыз куысына тән кілегейлі қабықпен қапталған. Тілдің кілегейлі қабығын ауыз қуысы жағынан көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий астарлайды, Эпителий қабатының астындағы өзіндік тақташа борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Кілегейлі қабықтың астында тілдің негізін құрайтын тілдің негізгі бұлшық еті орналасады. Ол әр түрлі бағытта жатқан көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы талшықтарынан құралған. 103

104 Саңырауқұлақша емізікше тілдің ұшы мен арқалығында, жіпше емізікшелер аралығында орналасады. Оны сыртынан көпқабатты мүйізделмейтін эпителий қаптайды. Емізікшенің бүйір қабырғасындағы эпителий қабатында татым баданалары орналасады. Татым баданасы бір-біріне тығыз жатқан ұзынша эпителий торшаларынан тұрады. Олар дәм сезгіш және тіректік эпителиоциттерге бөлінеді. Дәм сезгіш эпителиоциттердің сопақша келген ядролары, апикальды ұшында микробүрлер болады. Ірі ядролары тіректік эпителиоциттер сезгіш эпителиоциттердің және жүйке талшықтарының арасында орналасады. Олар тіректік қызметтен басқа кілегей бөледі. Сондықтан, бұлардың цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Татым баданасы ауыз қуысымен татым тесігі арқылы қатысады. Қорғанша емізікше тілдің кілегейлі қабығында тереңірек орналасып, сыртынан қорғанға ұқсаған кілегейлі қабық буылтығымен қоршалып жатады. Татым баданалары емізікшелердің бүйір бетінде орналасады. Қорғанша емізікшелер ірі болып келеді, тіл түбірінің арқалығында болады. Жапырақша емізікшенің пішні жапыраққа ұқсас. Ол тіл түбірінің екі бүйірінде бір-бірден орналасады. Күйісті жануарларда жапырақша емізікшелер болмайды. Татым баданалары емізікшенің бүйірінде болады. Бақылау сұрақтары: 1 Қатты және жұмсақ таңдай мен ауыз қуыс түбінің құрылысын сипаттап беріңіз? 2 Тіл құрылысын сипаттап беріңіз? 3 Қандай емізікшелер тілде орналасқан. Оны атап беріңіз? 11.5 Құлақтүбі безі, төменгі жақ безі, тіласты безі мен жұтқыншақ Сабақтың мақсаты: Құлақтүбі безі, төменгі жақ безі, тіласты безі мен жұтқыншақтың құрылысын игеру Құлақтүбі безі glandula parotis немесе шықшыт сілекей безі сыртқы есту жолының төменгі жағына ала, жақ пен атлант аралығында орналасқан көлемді без(cурет 38). Құрылысы жағынан күрделі көпіршікше түтікше бездерге жатады. Ол сірлі сілекей бөледі. Шықшыт безі көптеген бөліктерден тұрады. Бұл бөліктерден басталатын өзектер өзара бірігіп, шықшыт безінің жалпы өзегін ductus parotideus түзеді. Ол жақаралық кеңістіктегі қанатша бұлшық еттің медиальды бетімен алға қарай ұрт аумағына бағытталып, төменгі жақтың вентральды бетіндегі тамырлы ойық арқылы төменгі жақ сүйектің 104

105 латеральды бетіне шығады. Бұдан соң, ол үлкен шайнау бұлшық етінің алдыңғы жиегімен жоғары қарай көтеріліп, 3-4-інші жоғарғы азу тістердің деңгейінде ұрттың кілегейлі қабығындағы бүртікке papilla salivalis ашылады. Ерекшеліктері: Жылқы құлақтүбі (шықшыт) сілекей безінің пішіні сопақша келіп, төртбұрышты да көлемді болып келеді. Оның түсі сұрғылт қызыл немесе сарғыш-қызыл болып келеді. Күйіс қайтаратын жануарлардың шықшыт бездері көлемді, едәуір үлкен келеді. Олардың пішіндері ұзынша, түсі қоңыр-қызыл. Бездің дорсальды бөлігі қалыңдау болады. Шошқа шықшыт безінің пішіні үшбұрышты және сәл дөңгелекше болып келеді. Сілекей бездерінің ішінде көлемі жағынан екінші орын алады. Төменгі жақ безі glandula sub-maxillaris төменгі жақ аралық кеңістікте орналасады. Оның артқы бөлігін шықшыт безі сыртынан жартылай жауып жатады. Без өзегі ductus submaxillaris оның жоғарғы жиегімен алға қарай бағытталып, тіласты жақ бұлшық еттің алдыңғы және артқы бөліктерінің аралығынан өтеді де, тіласты безінің медиальды бетімен өтіп, тіласты сүйелшеге келіп ашылады. Төменгі жақ безі сілті-кілегейлі (аралас) сілекей бөледі. Ерекшеліктері: Жылқы төменгі жақ сілекей бізінің пішіні ұзынша келеді. Оның жоғарғы жиегі атлантқа дейін жетеді, ал төменгі бөлігі жақаралық кеңістікте жатады. Көлемі жағынан шықшыт сілекей безінен сәл кішілеу келеді. Күйіс қайтаратын жануарларда төменгі жақ безі шықшыт безіне қарағанда көлемділеу, пішіні ұзынша, сарғыш түсті болды. Ол атлант пен төменгі жақ сүйегінің тамырлы ойығы аралығында орналасқан. Оң және сол жақ сілекей бездерін аталған аумақта теріастынан басып байқауға болады. Шошқаның төменгі жақ безі көлемі жағынан кішілеу, пішіні дөңгелектеу, қызғылт түсті келеді. Итте бұл без сілекей бездерінің ішіндегі ең көлемдісі, пішіні дөңгелекше, ақшыл-сары түсті. Ол шықшыт безінен төмен орналасады. Тіласты безі glandula sublingualis ауыз түбіндегі тіласты қатпардың кілегейлі қабығында, тілдің екі бүйірінде орналасқан. Ол екі бөлімге бөлінеді. Оның алдыңғы бөлімі көп өзекті тіласты сілекей безі, ал артқы бөлімі бір өзекті тіласты сілекей безі деп аталады. Көп өзекті тіласты безі - glandula sublingualis grandicanalaris жануарлардың барлық түрлерінде болады. Ол тілдің бүйірлік бұлшық етінің медиальды бетінде жатады. Ерекшеліктері:Жылқыда көп өзекті тіласты сілекей безі сұрғылт-қызыл түсті болады. Ол 3-азу тіс тұсынан төменгі жақтың иектік бұрышына дейін созылады. Оның 30-ға жуық шығару өзектері тілдің төменгі жағына ашылып, сірлі-кілегейлі сілекей бөледі. Күйіс қайтаратын жануарлардың көп өзекті тіласты сілекей безі сарғыш түсті болып, артқы жағы таңдай тіл доғасына 105

106 дейін созылады. Без өзегі екі қатар болып ашалып, кілегейлі сөл бөледі. Шошқада бұл без қызғылт түсті, сірлі-кілегейлі сілекей бөледі. Итте көп өзекті тіласты сілекей безі жеке бөліктерден тұрады. Ол кілегей сілекей бөледі. Бір өзекті тіласты сілекей безінің - glandula sublingualis parvicanalaris - өзегі -ductus sublingualis major - тіласты сүйелшесіне келіп ашылады. Ол сірлі кілегейлі сілекей бөледі. Ерекшеліктері: Жылқыда бір өзекті тіласты сілекей безі болмайды. Күйіс қайтаратын жануарларда бір өзекті тіласты сілекей безі көп өзекті тіласты бездің алдыңғы жағында және одан сәл төменірек орналасып, төменгі жақтың иек бұрышына дейін созылып жатады. Шошқада бұл без қызғылт-сарғыш болып келеді. Итте бір өзекті тіласты сілекей безі қос құрсақты бұлшық еттің жоғарғы жағында орналасады. Сілекей бездері құрылысы жағынан паренхималы мүше. Без паренхимасын сілекей бөлетін соңғы бөлімдер мен шығару өзектері құрайды. Соңғы бөлімдер мен майда шығару өзектері (ендірме, жолақты бөлікшелер іші өзектері) бөлікшелер ішіндегі тым жұқа борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы байланысып бірігіп, без бөлікшелерді түзеді. Бөлікшелер бір-бірінен бөлікшелер аралық борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы бөлінген. Ірішығару өзектері бөлікшелер аралық дәнекер ұлпалық аралықта орналасады. Құлақтүбі безінің соңғы бөлімдері сірлі сілекей (құрамында ферменттер бар) бөлетін сероциттерден, ал төменгі жақ және тіласты бездерінің соңғы бөлімдері сірлі және кілегейлі (құрамында кілегей муцин болады) сілекей бөлетін сероциттер мен мукоциттерден тұрады. Сілекей бездерінің гистологиялық құрылысы. Сілекей бездері құрылысы жағынан күрделі көпіршікше немесе түтікше-көпіршікше бездер. Олар сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан без ішіне қарай тарамдала енген дәнекер ұлпалық аралықтар без паренхимасын көптеген бөлікшелерге бөледі. 106

107 38 - сурет. Сілекей бездері Сілекей бездерінің паренхимасынэпителий ұлпасынан құралған, сілекей бөлетін құрылысы күрделі соңғы бөлімдермен бездердің шығару өзектеріқұрайды. Ал бездердің стромасынбездердің дәнекер ұлпалық қапшықтары мен дәнекер ұлпалық аралықтар түзеді. Сілекей бездерін секрет бөлуортасына қарай: сыртқы секреция немесе экзокринді бездерге, алсілекейді бөлу сипатына байланысты мерокринді бездерге жаткызады.экзокринді бездер ретінде сілекей бездері секрет бөлетін соңғы бөлімдерден (анинустардан)және шығару өзектеріненқұралған. Құрылысы мен бөлінген сілекейдің құрамына байланысты сілекей бездерінің соңғы бөлімдерін: сірлі (белокты) ацинустар, кілегейлі ацинустар және аралас (сірлі кілегейлі) ацинустар деп бөледі. Соңғы бөлімнің (ацинустың) қабырғасын негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан безді эпителиоциттер (гландулоциттер) құрайды Сонғы бөлімді сыртынан жиырылу қызметін атқаратын, пішіні себет тәрізді өсінділі миоэпителиоциттер қоршап жатады. Бұл торшалардың цитоплазмасында жиырылғыш миофиламенттер болады. Соңғы бөлімнің қуысы сілекей секретіне толған кезде, миоэпителиоциттер рефлекторлыжиырылып, сілекейді бездердің шығару өзектеріне айдайды. Жұтқыншақ pharynx ауыз қуысын өңешпен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастыратын, азық қорыту және тыныс алу жүйелеріне ортақ, пішіні түтікше келген етті-жарғақты мүше. Жұтқыншақ басқа мүшелермен жеті тесік арқылы қатысады. Олардыңүшеуі кіреберіс тесіктер: жұтқыншаққа ауыз қуысынан есін (бір тесік), мұрын куысынан екі хоана тесіктері ашылады. Ал 107

108 олардың төртеуі шығаберіс тесіктер: жұтқыншақтан оң және сол есту түтіктеріне шығатын екі тесік және өңеш пен көмекейге ашылатын тағы екі жұтқыншақ және көмей тесіктері. Жұтқыншақ құрылысы жағынан түтікше мүше. Оның қабырғасы үш: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті және сыртқы адвентиция қабықтарынан тұрады. Жұтқыншақтың ішкі кілегейлі қабығының бетінде ауа жүретін тыныс алу жолы және жұтылатын азық жүретін азықжолыайқасып жатады. Жұтқыншақ кілегейлі қабығының тыныс алу жолын аңқа деп атайды. Оны тыныс алу жолдарына тән кілегейлі қабық астарлайды, яғни ол бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Ал жұтқыншақтың азық жүретін жолының кілегейлі қабығын ауыз қуысына тән кілегейлі қабық астарлайды, яғни ол көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Ауыз қуысында өңделген азық жұтылган кезде, жұмсақ таңдай азықтың қысымымен жоғары көтеріліп, хоана тесіктерін жабады. Ал тіл түбірінің қысымымен көмекей бөбешігі көмекей тесігін жауып, ауа жүретін жол жабылады да, азық өңеш тесігі арқылы жұтқыншақ қабырғасындағы етті қабықтың көмегімен өңешке итеріліп, азық жұтылады. Жұтылғаннан соң, тіл түбірі алға кетіп, өңеш артқа қарай жылжып, жұмсақ таңдай төмен түседі де, бебешік алға қарай көтеріліп, ауа жүретін тыныс жолы ашылады. Жұтқыншақтың тарылтықыш бұлщық еттері Ростральды (алдыңғы) тарылтқыш бұлшық еттері өз кезегінде екі жұп бұлшық еттен тұрады. Олар: 1) таңдай-жұтқыншақ бұлшық еті - m. palatopharyngeus және 2) қанат-жұтқыншаққ бұлшық еті - т. pterygopharyngeus Таңдай -жұтқыншақ бұлшық еті бастың тандай, қанатша сүйектерінен және тандай бұлшық етінен басталады. Бұлшық ет таңдай-жұтқыншақ жігініңкаудальды бөлігінде аяқталады. Ортаңғы тарылтқыш бұлшық ет немесе тіласты жұтқыншақ бұлшық еті - m. constrictor pharyngis medius жұп бұлшық ет. Бұлшық ет тіласты сүйектің ортаңғы бунағынан (стиогиоидтан) және осы сүйектің үлкен мүйіздігінен (тиреогиоидтан) басталып, жұтқыншақ жігіне келіп аяқталады. Каудальды тарылтқыш бұлшықеттер - m. constrictor pharyngis caudalis - екі жұп бұлшықеттен құралады. Олар да жұтқыншақ жігіндеаяқталады. Бұл еттердің бірінші жұбына көмекейдің қалқанша шеміршегінен басталатын қалқанша жұтқыншақ бұлшықеті - m. thyreopharyngeus, ал екінші жұбына көмекейдің сақинаша шеміршегінен басталатын сақинаша-жұтқыншақ бұлшық ет - m. cricopharyngeus жатады. Жұтқыншақтың ортаңғы және каудальды тарылтқыш қысқыш бұлшық еттері өңделіп жұтылуға арналған азықты өңешке қарай жылжытуға көмектеседі. Жұтқыншақтың кеңейткіш бұлшық еті: 108

109 Каудальды без-жұтқыншақ бұлшық еті m. stylopharyngeus тіласты сүйектің ортаңғы бунағының медиальды бетінен басталып, көмекейдің қалқанша шеміршегінде аяқталады. Бұлшық еттің негізгі қызметі жұту кезінде жұтқыншақтың артқы бөлігін кеңейтіп, аңқаны тарылтады. Өңеш құрылысындағы ерекшеліктер. Жылқыдаесту түтігінің тесігі ұзын келеді. Ол хоана тесіктері кабырғасына жақын орналасады. Оның медиальды қабырғасында шеміршек пластинкалары мен түтік бадамшалары болады. Күйіс қайтаратын жануарлархоаналары екі бүйірінен сығыңқы келеді. Есту түтігінің жұтқыншақ тесігі онша үлкен емес. Шошқадажұтқыншақтың өңешке өтер бөлігінің жоғарғы жағында жұтқыншақ қалтасы - recessus retropharyngeus - болады. Жұтқыншақтың сыртқы адвентиция adventitia pharyngis қабығы борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақтың кілегейлі қабығында жұтқыншақ бездері gl.pharyngea және лимфа фолликулдары орналаскан. Лимфа фолликулды жұтқыншақтың артқы жағында жұтқыншақ бадамшасын - tonsilla pharyngea - түзеді. Бақылау сұрақтары: 1 Ұрттың бездеріне сипаттама беріңіз? 2 Жұтқыншақ қалай құрастырылған? 3 Жылқы мен шошқаның жұтқыншақ құрылысының ерекшелігін атап кетіңіз 11.6 Өңеш, қарын Сабақ мақсаты : Өңеш пен бір камералы қарынның құрылысын игеру Сиырдың өңеші oesophagus жұтқыншақты қарынмен жалғастырып, жұтылған азықты ауыз қуысынан қарынға жеткізетін, ұзын түтікше мүше(cурет 39). Денедегі орналасу орындарына байланысты ол үш бөліктен: мойын бөлігінен (pars cervicalis), көкірек бөлігінен (pars thoracica) және құрсақ бөлігінен (pars abdominis) тұрады. Түтікше мүше ретінде өңештің қабырғасында үш қабық ажыратылады. Олар: ішкікілегейлі қабық, ортаңғы етті қабық және сыртқы мойын бөлігінде адвентиция қабығы, ал көкірек пен құрсақ бөліктерінде сірлі қабық. Өңештіңмойын бөлігі жұтқыншақтан басталады да, қарынға қарай бағытталып, көмекей мен кеңірдектің дорсальды бетінде орналасады.ол көкірек қуысына кірер алдында, 5-інші мойын омыртқаның тұсында кеңірдектің сол жағына қарай иіліп төмен түседі де, көкірек куысында ол 109

110 қайтадан кеңірдектің жоғарғы жағына көтеріледі. Одан әрі жүректің үстімен, қолқа доғасының оң жақ бетімен өтіп, 9-10-ыншы қабырғалар тұсында көкеттің өңеш тесігі арқылы құрсақ қуысына өтеді. Өңеш қарынның сол жағындағы кардиальды ұшына барып ашылады. Өңештің қарынға ашылатын тесігін қарын кіреберісі(ostium cardiacum) депатайды. Өңеш қабырғасының гистологиялық құрылысы Өңештің ішкі кілегейлі қабығытөрт қабаттан түрады. Оның ішкі бетін көпқабатты жалпақ эпителий ұлпасы астарлайды. Эпителий қабаты астындағы өзіндік тақташа қабаты жақсы жетілген. Ол борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Үшінші етті қабаты бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттер шоғырларынан түзілген. Етті қабаттың жиырылуы өңештің кілегейлі қабығының қатпарланып тұруына себепкерболады. Етті қабат миоциттері өңештің ұзын бойымен орналасады. Борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұратын төртінші кілегейлі асты негізде әр түрлі жануарларда түрліше дәрежеде жетілген кілегей бөлетін өңеш бездері(gl.oesophageae) орналасады. Өңештің етті қабығы жұтқыншақтан басталған бойда көлденең жолақты ет ұлпасынан тұрады. Бірақ, өңеш қарынға жақындаған сайын, біртіндеп бірыңғай салалы ет ұлпасына ауысады. Етті қабықтың қабаттары жұтқыншақтан қарынға дейінгі өңештің ұзын бойында әр түрлі бағытта орналасады. Етті қабықтың қабаттары өңеш жұтқыншақтан басталған бойда өңеш қабырғасында сақина тәрізді, одан соң, қиғаш орналасады. Қарынға жақындаған сайын етті қабық сыртқы ұзынша және ішкі көлденең сақинаша қабаттарға ажырайды. Өңештің етті қабығы жұтқыншақтың жігінен және көмекейдің ожауша және сақинаша шеміршектерінен басталады. Өңештің сыртқы қабығы,оның мойын бөлігінде адвентиция қабығынан (борпылдақ дәнекер үлпасы), алкөкірек пен құрсақ қуыстарындағы бөліктерінде сірлі қабықтан тұрады. Адвентицияны борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Ал сірлі қабық екі қабаттан:ішкі жұқа дәнекер ұлпалық қабаттан және сыртқы бірқабатты жалпақэпителий ұлпасынан (мезотелийден) тұрады. Ерекшеліктері: Жылқының өңешінде кілегей бөлетін бездер, оның тек жұтқыншақпен шекаралас алдыңғы бөлігінде ғана болады. Етті қабығында көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының бірыңғай салалы ет ұлпасына ауысуы өңештің жүректен кейінгі бөлігінде ғана байқалады. Диафрагманың өңеш тесігі 12 қабырға тұсында орналасады. Күйіс кайтаратын жануарларөңештерінде кілегей бөлетін бездер өңештің тек басталар аймақтары қабырғаларында ғана кездеседі. Шошқадабездер өңештің мойын бөлігіңде орналасады. Етті қабығының қарынға жақын соңғы бөлімдері бірыңғай салалы ет ұлпасынан тұрады. Иттекілегей бөлетін бездер жақсы жетілген. Олар өңештің барлық бөлімдерінде болады. Кілегейлі өңеш бездері құрылысы жағынан күрделі 110

111 көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Без ацинустары (соңғы бөлімдері) өңештің кілегейлі қабығының кілегейлі асты негізінде орналасады. Ацинустардың құрылысы сілекейбездеріндегі кілегейлі ацинустар құрылысына ұқсас, яғни олардың қабырғаларын бірқабатты призма тәрізді мукоциттер құрайды. Бездердің шығару өзектері өңештің ішкі бетіне ашылып, өңеш кілегейлі қабығының ішкі бетін сылап тұратын кілегей бөледі. Қарын ventriculus, s. gaster азық қорыту түтігінің қапшық тәрізді кеңейген бөлігі. Олсөл бөлу, механикалық (азықты қозғау, араластыру, сығу) және биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен көп бөлімді қарынның алдыңғы бөлімдерінде) өңдеу, қорыту (сөлқұрамындағы ферменттердің қатысуымен күрделі органикалық заттарды белоктарды қарапайым құрамына ыдырату), қорытылған қоректік заттарды сіңіру, ыдырау өнімдерін бөлу (экскреция) қызметтерін атқарады. Қарын бөлімдерінің санына байланысты: бір бөлімді және көп бөлімдіқарын болып екі топқа, ал кілегейлі қабығының құрылысына сәйкес: безсіз, безді және безсіз-безді немесе аралас қарын болып үш топқа бөлінеді Бір бөлімді қарын құрсақ қуысында, көкеттен кейін көлденеңінен орналасады. Қарынның сол жақ ұшына өңеш тесігі ашылады. Жүрекке (kardia) жақын жатқандықтан, қарынның сол жақ бөлігін кардиальды бөлік деп атайды. Қарынның оң жақ ұшынан он екі елі ішек шығатын шекарада, қарын жынын ішекке мөлшерлеп шығарып тұратын қақпақша (pylorus) болады. Қарынның ішекке шығаберіс бөлігін қақпақшалық (пилорустык) бөлікдейді. Қарынның кардиальды және пилорикалық бөліктері аралықтарындағы негізгі бөлігін қарын түбі (fundus)немесе қарынның фундальды бөлігі деп атайды. Қарынның алдыңғы қабырғалық беті(facies parietalis) бауыр және көктпен, артқы висцеральды беті(facies visceralis) ішек ілмектерімен жанасады. Оның жоғарғы алдыңғы жағында қарынның кіші иіні(curvatura ventriculi minor), ал төменгі артқы жағында қарынның үлкен иіні (curvatura ventriculi major) болады. Осы аталған иіндерден кіші және үлкен қарын шарбылары басталады. Олар екі қабат сірлі қабықтанқұралған. Сірлі қабықтар арасындағы борпылдақ дәнекер ұлпасымен қоректендіруші қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді. Кіші шарбы қарынды бауырмен, ал үлкен шарбы қарынды көкбауыржәне ішекпен байланыстырады. Қарынның қабырғасы түтікше мүше ретінде үш: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті және сыртқы сірлі қабықтардантұрады. Бір бөлімді безді қарынның кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Бездіқарынныңкілегейлі қабығында қарын сөлін бөлетін кардиальды безді аймақ (glandulae cardiaci), фундальды безді аймақ (glandulae gastricae (propriae)) және пилорустық безді аймақ (glandulae pyloricae) болады. Бір бөлімді аралас қарын кілегейлі қабығының безсіз аймағын көпқабатты 111

112 жалпақ эпителий, ал безді аймағын бірқабатты призма тәрізді эпителий астарлайды. Кілегейлі безді аймақтың өзі бездерінің құрылысына сәйкес кардиальды, фундальды және пилорустық бөліктерге бөлінеді. Итте бір бөлімді безді қарын, жылқы мен шошқада бір бөлімді аралас қарын. Қарын түбі кілегейлі қабығының ішкі бетінде фундальды без өзектері ашылатын ұсақ қарын шұнқырлары көрінеді. Аш қарынның кілегейлі қабығының ішкі беті қатпарланып жатады сурет. Қарынның безді аймағының сұлбасы Ерекшеліктері: Жылқы қарны бір бөлімді өңеш-ішек типтес немесе аралас қарын түріне жатады. Оның сыйымдылығы орта есеппен 15 литр. Қарынның сол жақ ұшында, оның үлкен иінінен жоғары бағытта көтеріліп шығып тұратын тұйық қапшығы (saccus cecus) болады. Бұл қапшықтың қарындағы осылай орналасуы өңештің қарынға бұрыш жасай қиғаштанып енуіне әсерін тигізеді. Нәтижесінде жылқы қарнының кіші иіні кішірейіп, терең үңгіленіп, бұрыштық ойық (incisura angularis) жасайды. Қарын қақпақшасының қысқыш етті аумағындағы қақпақша сайдың (sulcus pyloricus) алдында, негізі етті сақинадан түзілген, қақпақшаалдылық сай (sulcus praepyloricus) болады. Бұл сайлар аралығында қақпақша кіреберісі (antrum pyloricum) орналасады. Қарынның кілегейлі қабығының ішкі бетін қатпарлы жиек (margo plicatus) екіге бөледі. Қарын толығымен қүрсақ қуысының сол қабырғаастылық аумағында орналасады. 112

113 Шошқаныңқарны да өңеш-ішек типтес қарындар түріне жатады. Кіреберіс маңындағы қарынның үлкен иінінде қарын буылтығы(дивертикул) - болады. Кілегейлі қабығының безсіз бөлігі онша көлемді емес. Ол тек қарын кіреберісінен буылтыққа дейінгі ғана аралықта жатады. Кілегейлі қабықтың қалғаны безді бөлік. Ол кардиальды, фундальды және пилорикалық аймақтарға бөлінеді. Бұлардың ішінде көлемдісі кардиальды безді аймақ. Қарын қақпашасын (пилорусты) үлкен иін жағынан жарты ай тәрізді қорғанша жастық, кіші иін жағынам түймеше жастықтүзеді. Үлкен шарбы ішек ілмектері аралығында жатады. Қарын құрсақ қуысының сол жақ қабырғаастылық және семсерше аумақтарында, қабырға тұсында орналасады. Кейде қарын азыққа толған кезде, ол оң қабырғаастылық аумаққа сәл ғана ығысуы мүмкін. Иттің қарны бір бөлімді безді қарындар түріне жатады. Үлкен шарбы құрсақ қабырғасының вентральды бетіне жанасып, оны ішек ілмектерінен бөліп тұрады. Үлкен шарбының осылай орналасуы ішек ілмектеріне суық тиюден сақтайды. Иттер сызды суык жерлерге бауырын төсеп жата береді. Қарын құрсақ куысының сол қабырғаастылық және семсерше өсінді аумақтарында, 9-12-інші қабырғааралық тұстарда орналасады. Оң қабырғаастылық аумақта қарынның тек пилорустық бөлігі ғана жатуы мүмкін. Бақылау сұрақтары: 1 Ит, жылқы, шошқа және күйіс қайыратын малдарда өнеш қалай орналасқан? 2 Жылғы мен шошқаның топографиясы мен анатомиялық құрылысы 3 Қарынның қандай бездерін білесін? 11.7 Көп бөлімді қарын Сабақтың мақсаты: Көп бөлімді қарынның құрылысын игеру Көпбөлімді қарын күйіс қайыратын жануарларғатән. Қарында негізінен төрт бөлім болады. Олар: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршак, ұлтабар. Алдыңғы үш бөлімнің кілегейлі қабықтарында без болмайды Оларды біріктіріп, алдыңғы қарындар деп атайды. Бұл бөлімдерде азық механикалық және биологиялық өңдеулерден өтеді. Ферменттердің қатысуымен азықты химиялық қорыту ұлтабарда жүреді. Мес қарын сақа жануарларда көлемі жағынан бірінші орын алады. Ол құрсақ куысының сол жақ жартысын толығымен алып жатады. Мес карын 6-ншы қабырғааралық тұстағы диафрагмадан жамбас қуысыныңкіреберісіне дейін созылып жатады. Оның қабырғалық беті (facies parietalis) сол жақ құрсақ 113

114 қабырғасымен, ал ішкі висцеральды беті (facies visceralis) ішектермен жанасады. Мес қарынның дорсальды иіні (curvature dorsalis) диафрагма мен бел бұлшық еттеріне байламдармен байланады, ал вентральды иіні (curvature ventralis) құрсақ қуысының вентральды қабырғасымен жанасады. Мес қарын rumen көлемі жағынан қарынның еңүлкенбөлімі. Оның өңеш тесігі ашылатын алдыңғы бөлігін мес қарын кіреберісі(atrium ruminis), одан төменірек орналасқан бөлігін кранио-вентральды қалташа(recessus cranioventralis) деп атайды. Екі бүйіріндегі алдыңғыжәне артқы сыртқы сайлар(sulcus ruminis cranialis et caudalis) мен оларға сәйкес: алдыңғыжәне артқы ішкі қатпарлар (pila ruminis cranialis et caudalis) мес қарынды дорсальдыжәне вентральды қапшықтарға(saccus ruminis dorsalis et ventralis) бөледі. Мес қарынның гистологиялық құрылысы. Мес қарын түтікше мүше ретінде, оның қабырғасында: кілегейлі, етті және сірлі қабықтар ажыратылады. Мес қарынның ішкі кілегейлі қабығы үш: эпителий, өзіндік тақташа және кілегейлі асты негіз қабаттарынан тұрады. Кілегейлі қабықтың етті қабаты толық жетілмеген, ол тек жекеленген салалы ет миоциттерінен құралған. Кілегейлі қабықтың ішкі беті көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Оның ішкі бетіңде ұзындығы 10 мм мес қарын бүрлері (раріllа ruminis) болады. Мес қарынның ортаңғы етті қабығынішкі сақинаша және сыртқы ұзынша бірыңғай салалы ет ұлпасының қабаттары құрайды. Мес қарынның сыртқы қабығы сірлі қабық. Күйіс қайтаратынжануарлардамес қарын құрсақ қуысының сол жағын толық алып жатып, көптеген ішкі мүшелерді құрсақ қуысының оң жағына ығыстырып орналасады. Мес қарынның екі бүйіріндегі ұзын сайларынан үлкен шарбы басталады. Мес қарынның вентральды қапшығы шарбы қабында орналасады. Қой, ешкі мес қарнының вентральды қапшығы дорсальды қапшығына қарағанда ұзындау келеді. Жұмыршақ диафрагманың артқы жағында, семсерше өсіндінің жоғарғы жағында орналасады. 6-7-нші қабырға аралық тұста оның жоғарғы жағы бауыр және қатпаршақпен, ал оң жағы бауыр және диафрагмамен жанасады. Жұмыршақ reticulum көлемі жағынан сиырда қатпаршақтан кіші, қой мен ешкіде, керісінше, үлкен болып келеді. Орналасу орындарына байланысты алдыңғы көкеттік беті (facies diaphragmaticum), артқы висцеральды беті (facies visceralis) болады. Өңештен жұмыршақ қабырғасына жұмыршақ сайы (sulcus reticuli) өтеді. Жұмыршақ сайының оң және сол ернеулері (labium dextrum et sinstrum) жас төлдерде бір-бірімен тығыз жанасып тұрып, сүттің мес қарынға түспеуін қамтамасыз етеді. Жұмыршақ сайы өңештен қатпаршаққа дейінгі 114

115 аралықта спираль тәрізді бұралып жатады. Осының нәтижесінде жұмыршақ сайының оң ернеуі қатпаршаққа өту алдында, оның сол жағына ауысады. Жұмыршақ қабырғасының құрылысы мес қарын қабырғасы құрылысына ұқсас, үш қабықтан тұрады. Кілегейлі қабық қабаттарының құрылысы мес қарынның кілегейлі қабығына ұқсас, Көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған кілегейлі қабығының ішкі бетіндегі қозғалмалы қатпарлар, пішіні көпбұрышты жұмыршақ торламасын түзеді. Жұмыршақтың етті қабығы сыртқы көлденең, ішкі ұзынша қабаттардан тұрады. Жұмыршақ сыртынан сірлі қабықпен қапталған. Жұмыршақ көкеттен кейін, мес қарынның алдында, құрсақ куысының семсерше шеміршек аумағында орналасады Жұмыршақ мес қарынмен мес қарын-жұмыршақ тесігі, ал қатпаршақпен саңылау тәрізді жұмыршаққатпаршақ тесігі арқылы қатысады. Қатпаршақ құрсақ қуысының оң қабырға астылық аумағында жатады. Оның сол жағында мес қарын, оң және жоғарғы бетінде бауыр, төменгі бетінде ұлтабар орналасады Қатпаршақ omasum жұмыршақтың жоғарғы жағында, құрсақ қуысының оң қабырғаасты аумағында орналасады. Ол пішіні дөңгелекше келген алдыңғы қарынның бөлімі. Қатпаршақ жұмыршақты ұлтабармен жалғастырып тұрады, Қатпаршақ жұмыршақ пен ұлтабардың бір-бірінен жіңішкелеу келген мойны арқылы бөлінетін жерінің жоғарғы бетінде орналасады. Қатпаршақтың да қарынның алдыңғы бөлімдеріне тән қабырғалық және висцеральды беттері мен дорсальды иіні болады. Қатпаршақтың қуысы жұмыршақпен жұмыршақ-қатпаршақ тесігі,ұлтабармен қатпаршақ-ұлтабар тесігіарқылы қатысады. Бұл тесіктер өзара қатпаршақ сайымен жалғасады. Қатпаршақтың аталған сай өтетін бөлігін қатпаршақ түбінемесе қатпаршақ негізі дейді. Қатпаршақтың қабырғасы үш қабықтан тұрады. Қатпаршақтың кілегейлі қабығының құрылысы мес қарынның кілегейлі қабығы құрылысына ұқсас. Ол көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Кілегейлі қабықтың ішкі бетінде жапырақ тәрізді жалпақ катпарлар болады. Қатпаршақ жапырақшаларының бетінде азықты сығып ұсақтауға арналған бүртіктер бар. Пішіні мен мөлшеріне байланысты жапырақшалар төрт түрге бөлінеді. Олар: үлкен, орташа, кіші және тым кіші жапырақшалар. Олар қатпаршақ негізімен біріге отырып, қатпаршақ өзегін(canalis omasi) түзеді.аталмыш өзек одан әрі қатпаршақ-ұлтабар сайына (ostium omasoabomasicum) жалғасып, қатпаршақұлтабар тесігінің төменгі жиегін құрайды. Қатпаршақтың етті қабығын да бірыңғай салалы ет ұлпасының қабаттары түзеді. Ол сыртқы ұзынша, ішкі көлденең қабаттардан тұрады. Ішкі көлденең етті қабаты қатпаршақ ұлтабар 115

116 тесігі қабырғасындағы қысқыш еткеайналады. Қатпаршақ сыртынан сірлі қабықпен қапталған. Қатпаршақтың үлкен жапырақшаларының саны: сиырда 12-14; қойда 9-10; ешкіде болады. Ұлтабар құрсақ қуысының оң қабырға астылық аумағында орналасқан. Кейде ол семсерше өсінді аумағына дейін жетеді. Ұлтабардың жіңішкерген пилорустық ұшы оң жақ қабырға доғасының бойымен 12-нші қабырғааралық тұсқа дейін көтеріліп, ол ғана алға қарай бұрылады да, 9-11-інші қабырғааралық тұста ұлтабар ұшына (он екі елі ішекке) өтеді. Ұлтабардың оң жағы бауырмен, сол және алдыңғы беті мес қарынмен жанасады. Оның артқы жағында ішектер жатады. Ұлтабар abomasum құрсақ қуысының оң қабырғаасты аумағында орналасады. Оның пішіні мен құрылысы бір бөлімді бездіқарынға ұқсас. Ұлтабар көп бөлімді қарынның химиялық жолмен азықты қорыту процесі басталатын бөлімі. Сондықтан, оны нағыз қарын деп те атайды. Ұлтабардың пішіні алмұрт тәріздесболып келеді. Көлемі жағынан ол сақа жануарларда екінші, ал жастөлдерде бірінші орында. Ұлтабардың париетальды және висцеральды беттері, үлкен және кіші иіні, денесі және түбі болады. Ол қатпаршақтан кең куысты болып басталып, ұлтабардың пилорустық бөлігіне дейін жіңішкеріп келеді де, дорсальды бағытта сәл иіліп, ұлтабар ұшына (он екі елі ішекке)ауысады. Иірімді қатпарлардың саны сиыр ұлтабарында 12-16, қойда 5, ешкіде болады.ұлтабардың етті қабығы сыртқы ұзынша және ішкі сақинаша біріңғай салалы ет ұлпасы қабаттарынан түзілген. Ұлтабардың пилорустық бөлігіне жақындаған сайын, етті қабықтың сақинаша қабаты қалыңдап, қақпакқша (пилорус) қысқыш етін жасайды Бақылау сұрақтары: 1 Мес қарынның, жұмыршақ пен қатпаршаның гистологиялық құрылысының ерекшеліктері. 2 Көп камералы қарынның орналасуы мен құрылысының ерекшелігін айтып беріңіз Ащы ішек Сабақтың мақсаты: Ащы ішектің құрылысын игеру Ащы ішек intestinum tenue - қарын мен бүйенің аралығында орналасқан азық қорыту аппаратының ортаңғы бөлімі(cурет 40). Ащы ішекте қарында 116

117 жартылай қорытылған жын құрмындағы қоректік заттар (белоктар, майлар, көмірсулар) қабырғалық жалпы ішектік бездің, ұйқы безінің сөлдері құрамындағы ферменттердің әсерінен және бауырдан келген өттің қатысуымен өздерінің қарапайым мономерлеріне ыдырап, химиялық өңдеуденөтіп қорытылып, қорытылған қоректік заттар ащы ішек бүрлеріндегі эпителий қабаты арқылы сорылып, қанға және лимфағасіңіріледі. Сондықтан, ащы ішектің қабырғасы қан және лимфа тамырларымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген. Ащыішектің ішкі бетіндегі көптеген қатпарлар мен ащы ішек бүрлері ішектің ішкі беті ауданының көлемін арттырады. Қабылданатын азықтың түрлеріне (жануар текті, өсімдік текті, аралас) байланысты үй жануарлары ішектерінің ұзындығы әр түрлі болады. Жануар текті азықпен қоректенетін жануарлардың ішегі қысқа, ал өсімдік текті азықпен азықтанатын жануарлардың ішегі өте ұзын болады. Талғаусыз жануарлар (мысалы: шошқа) ішегінің ұзындығы орташа болып келеді. Ащы ішек өз кезегінде: он екі елі ішек, аш ішек және мықынішектен құралады. Азық қорыту аппаратының ортаңғы бөліміне аталмыш ішектерден басқа, өзектері он екі елі ішекке ашылатын ірі ас қорыту бездері бауыр мен үйқы безі жатады. Он екі елі ішек (двенадцатиперстная кишка) Intestinum dudenum жануарлардың түрлеріне байланысты ұзындығы 40 см-ден бастап 120 см дейін, қысқа шажырқайға ілінген ащы ішектің қарыннан басталар бөлігі. Ол қарынның кақпақша бөлігінен басталған бойда S әрпі тәрізді иілім flexura sigmoidea жасай бауырға бағытталып, одан әрі артқа қарай оң бүйрекке жетеді де, солға және алға қарай бұрылып, шекарасыз аш ішекке өтеді. S әрпі тәрізді иілім аумағында он екі елі ішек қуысына бауыр мен ұйқы безі өзектері (сиыр меншошқадабөлек, ал жылқы, ұсақ малмен иттебірге) ашылады. Он екі елі ішектін кілегейлі асты негізінде, өзектері ішек қуысына ашылатын арнайы дуоденальды безібөлады. Он екі елі ішек үй жануарларында негізінен құрсақ қуысының оң қабырға астылық аумағында орналасады. Бауыр мен ұйқы безінің негізгі өзектері он екі елі ішек қуысының алдыңғы бөліктеріне бірге ашылып, он екі елі ішектіңүлкен бүртігін(papilla duodeni major) жасайды. Ал ұйқы безінің қосымша өзегі ішек қуысының артқы бөліктеріне келіп ашылып, он екі елі ішектің кішібүртігін (papilla duodeni minor) жасауға катысады. Ерекшеліктері. Жылқыдаон екі елі ішектің ұзындығы 1 метрдей болады. Қарыннан шыққан соң, оның қуысы кеңейіп, он екі елі ішек ампуласын (ampulla duodeni) түзеді. Бұдан соң, ол құрсақ қуысының оң бүйіріндегі бауырдың бетімен төмен қарай таға тәрізді иілім жасап, ұйқы безінің денесін айналып өтеді. Ішектің осыбөлімі, оның темендеген бөлігін(pars descendens) 117

118 құрайды. Одан әрі он екі елі ішек бауырдың оң бөлігін бойлай, оң бүйрекке қарайкөтеріле бағытталып, өрлеме бөлікті(pars ascendens) түзеді. Екінші және үшінші бел омыртқа тұсында ішек оң бүйректің артын ала солға бұрылып, каудальды иілім түзеді де, шажырқай түбірлері арасымен көлденең бөлікті(pars transversa) жасап, аш ішекке өтеді. Он екі елі ішек бауырмен сірлі қабық арқылы жалғасып, бауыр-он екі елі ішек байламын (ligamentum hepatoduodenale), бүйрек және бүйенмен байланысып, бүйрек-бүйен-онекі елі ішек байламын (ligamentum reno-caeco-duodenale), шажырқай түбірімен жалғасып, он екі елі ішектің көлденең байламын (ligamentum transversum duodeni), кіші тоқ ішекпен байланысып, он екі елі-тоқ ішек байламын (ligamentum duodenocolicum) түзіп, аталған мүшелермен байланысып тұрады. Он екі елі ішек бүртігі пилорустан см аралықта орналасады. Күйіс қайтаратын жануарларда он екі елі ішекұлтабар ұшы деп аталады. Оның ұзындығы см -дей болады. Ол ұлтабардан 9-11 қабырғалар тұсында басталады да, тік жоғары көтеріліп, бауырдың бетінде онекі елі ішектің краниальды иілімін(flexure duodeni cranialis) түзеді. Бұдан соң, ол бауырдан каудальды бағытта оң бүйректің төменгі жиегін бойлай жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылады да, медиальдыбағытта бұрылып,ұлтабар ұшының каудальды иілімін (flexure duodeni caudalis) жасайды. Бұдан кейін, ол бел бұлшық еттерімен жанасақайтадан бауырға карай бағытталып, оның маңында он екі елі-аш ішек иілімін(flexura duodenojejunalis) түзіп, аш ішекке өтеді. Бауырөзегі он екі елі ішекке сиырдапилорустан см -дей, ұсақ малдарда см қашықтықта ашылады. Ал ұйқы безінің өзегі сиырда бауыр өзегінен см -дей кейінірек, ал ұсақ малдардабауыр өзегіменбірігіп, бір бүртікке ашылады. Шошқа он екі елі ішегінің ұзындығы см-дей болады. Ол құрсақ қуысының оң қабырға астылық аумағында орналасады. Бауыр өзегіпилорустан 2-5 см, ал ұйқы безінің өзегі см қашықтықта ашылады. Иттің он екі елі ішегі ұзын шажырқайға ілінгендіктен, олқозғалмалы келеді. Ішек негізінен төмендеген және өрлеме бөліктерден тұрады. Ол қарыннан шыққан соң, жамбас қуысының кіреберісіне дейін созылған төмендеген бөлікті құрайды. Бұл бөлік оң қабырға астылық және оң бүйірлік аумақтарда орналасады. Бұдан кейін, ішек соңғы бел омыртқаға жетпей солға қарай иіліп, сол бүйректің оң жағын ала, краниальды бағытта қайтадан қарынға қарай бағытталып, ішектің өрлеме бөлігін жасайды да, қарын маңында аш ішекке өтеді. Өт пен ұйқы һзектері бірігіп, пилорустан 3-8 см-дей қашықтықтағы бүртікке ашылады. Аш ішек intestium jejunum ащы ішектің ең ұзын бөлігі (сиырда 40 м, қойда м, жылқыда 30 м, шошқада 20 м, итте 2-7 м). Ол 118

119 ұзын шажырқайға ілініп, көптеген аш ішек ілмектерін (ansae intestinalis) түзеді. Ол он екі елі ішекті мықын ішекпен жалғастырады. Ерекшеліктері. Жылқыда аш ішектің ұзындығы орта есеппен м, диаметрі 6-7 см-дей болады. Ішек бүйеннің алдыңғы жағында ұзын шажырқайға ілініп тұрады. Ол құрсақ қуысының сол жақ жартысының жоғарғы және ортаңғы бөлігін алып жатады. Сиырда аш ішектің ұзындығы 40 м, диаметрі 5-6 см, ал ұсақ малдарда - 30 м, диаметрі 1,5-2 см болады. Күйіс қайтаратын жануарлардааш ішек басқа жануарлармен салыстырғанда қысқа шажырқайға ілінген. Ол көптеген ілмектер түзеді. Аш ішек түгелімен құрсақ қуысының оң бөлігінде орналасады. Шошқадааш ішектің ұзындығы м болады, ішек ілмекі ұзын шажырқайға ілінген. Ит аш ішегінің ұзындығы 2-7 м. Ішектің ішкі бетінде қорғаныс қызметін атқаратын лимфа түйіншелері көптеп кездеседі. Мықын ішек (подвздошная кишка) inlestinum ileum ащы ішектің ең қысқа бөлігі (сиырда 50 см, қойда см, жылқы' мен шошқада 30 см, итте см). Ол аш ішектен түзуленіп шығып, жылқыда бүйенге, қалған жануарларда бүйен мен тоқ ішектің шекарасына ашылады. Оның тоқ ішекке ашылар тесігінің қабырғасында, мықын ішек бүртігінің негізін құрайтын қысқыш ет болады. Ерекшеліктері.Жылқыдамықын ішектің ұзыңдығы 30 см, құрсақ қуысының оң бүйірлік аумағында жатады. Ол бүйеннің кіші иіні тікелей ашылады. Күйіс қайтаратын жануарлардамықын ішек бүйен мен тоқ ішек шекарасына, 4 бел омыртқа тұсында ашылады. Шошқадамықын ішек тоқ ішектің алдыңғы оң жағының жоғарғы бетіне шөлмек тәрізденіп ашылады. Осы тұс бүйен мен тоқ ішек шекарасы болып табылады. Итте де мықын ішек бүйен мен тоқ ішек шекарасындағы іш бүртігіне, 1-2-нші бел омыртқалар тұсында ашылады. Ащы ішектің гистологиялық құрылысы. Ащы ішектің қабырғасы да, басқа түтікше мүшелер сияқты үш қабықтан: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан құралған. Бірақ, қызметіне байланысты ащ ішектің қабырғасы құрылысында біраз ерекшеліктер болады. Атап айтқанда, ащы ішек кілегейлі қабығы құрылысында қорытылған қоректік заттарды сорып сіңіруге арналған құрылымдар болады, Оларға аш ішек кілегейлі қабығындағы қатпарлар, пішіні саусақ тәрізді ұзын бүрлер, кілегейлі қабыққа терең еніп жатқан кірмелер (крипталар) және эпителиоциттердің апикальды ұшындағы микробүрлер жатады. Ащы ішектің кілегейлі қабығы төрт қабаттан тұрады. 119

120 40 - сурет. Ащы ішектің бөлімдері Олар: ішкі эпителий қабаты, өзіндік тақташа, етті тақташа және кілегейлі асты негіз. Кілегейлі қабықтың ішкі бетіндегі бүрлер мен крипталар бірқабатты призма тәрізді жиекті эпителиймен қапталған. Эпителийдің астында қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай борпылдақ дәнекер ұлпалық өзіндік тақташа жатады. Ішек бүрлері эпителий қабаты мен өзіндік тақташадан құралған. Бүрлердің ішіндегі борпылдақ дәнекер ұлпасында бүрлердің жиырылуын қамтамасыз ететін жекеленген миоциттер болады Эпителий қабаты өзіндік тақташаға бойлай еніп, крипталарды құрайды. Бірқабатты призма тәрізді эпителийді жолакты жиекті пішіні призма тәрізді энтероциттер құрайды. Олардың апикальды ұшында ішек кілегейлі қабығының сору ауданын 30 еседейұлғайтатын микробүрлер болады. Бұлар энтероциттердің жолақты жиегін түзеді. Микробүрлер плазмолеммасының ішкі бетін гликопротеидтен тұратын жұқа үлдір тәрізді гликокаликс қаптап жатады. Он жын құрамымдағы заттарды жабыстырып, ферменттердің көмегімен жарғақтық қорыту процесін іе жүзіне асыруға қатысады. Энтероциттердің сопақ келген ядролары бір қатарда, негіздік жарғаққа жақын орналасады. Микробүрлер астындағы цитоплазмада центросома, оның астында Гольдж кешені, цитоплазманың базальды жағында рибосомалар мен митохондриялар, эндоплазмалық тор шашыла орналасады. Эпителийдің ішкі бетіндегі көрші энтероциттер аптикальды аймақтарының плазмолеммалары бір-бірімен тығыз жанасу арқылы байланысады. Кілегейлі қабықтың эпителий қабатында, энтероциттер аралықтарында кілегей бөлетін бірторшалы бездер құтыша (бокал тәрізді) торшалар және биологиялық белсенді заттар бөлетін эндокринді торшалар кездеседі. 120

121 Бақылау сұрақтары: 1 Ірі қара малда, жылқы мен шошқаның ащы ішегінің топографиясы мен анатомиялық-гистологиялық құрылысы қандай? 2 Он екі елі ішектің гистологиялық құрылысы қандай? 11.9 Бауыр мен ұйқы безі Сабақтың мақсаты: Бауыр мен ұйқы безінің құрылысын игеру Бауыр (печень) һераг организмдегі ең ірі ас қорыту безі(cурет 41). Эмбриондық кезеңде бауыр әмбебаб қан жасау мүшесі. Эмбриогенездің алғашқы кезендерінде бауыр он екі елі ішектің төменгі қабырғасындағы эпителий қатпары ретінде қалыптасып, кейінірек алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінеді. Алдыңғы бөлігінен бауыр, артқы бөлігінен өт қабы мен оның өзегі дамиды. Бауырдың негізгі қызметі азықтың құрамындағы майды қорытуға қатысатын өт бөледі. Ол ішек-қарыннан жиналатын вена қаны ағатын қақпалак венаның бойында орналасып, қандағы әр түрлі зиянды да улы азоттық (белоктық) зат алмасу өнімдерін, биогенді аминдерді, дәрі-дәрмектер қалдыктарын бейтараптандырып микроорганизмдерді жояды. Онымен қатар, бауырда қан плазмасының белоктары (альбуминдер, фибриноген, протромбин), ыдыраған эритроциттегі гемоглобиннен өт пигменттері түзіледі, жануарлар организімінетән күрделі көмірсу гликоген қор ретінде сақталады. Қан капиллярлары қабырғасындағы тармақты макрофагтар (Купфер торшасы) қанға түскен микроорганизмдерді және басқа да бөгде заттарды қармап, фагоцитоз арқылы жояды. Бауыр организмдегі қанның 20%-ы қор ретінде сақталады. Жануарлардың түрлері мен бауырдың қанға толу деңгейіне байланысты, оның түсі қызыл-қоңырдан ақшыл қонырға дейін өзгеріп отырады. Бауыр құрсақ қуысында, көкеттің артқы бетінде орналасқан. Оның алдыңғы бетін диафрагмальды бет (faсies diaphragmalis), артқы бетін висцеральды бет (facies visceralis) деп атайды. Дорсальды жиегі (margo dorsalis ) доғал, вентральды жиегі (margo ventralis) жұқа да қырлы болып келеді. Бауырдың оң және сол жиектері (margo dexter et sinister) болады. Доғал жиегінде өңеш батыңқысы (impressio oesophagea) мен артқы қуыс венаның өтетін орны көрінеді. Вентральды қырлы жиегінде бөлікаралық ойықтар ( incisura interlobularis) бауырда оң бөлікке (lobus hepatis dexter), сөл бөлікке (lobus hepatis sinister) және олардың аралығындағы аралық бөліктерге бөледі. Бауырдың висцералды бетінде жылқы, түйе және бұғыдан басқа жануарларда өт қабы (vesica fellae) мен одан шығатын өт қабының өзегі (ductus cysticus) орналасады. Аралық бөлікті сол бөліктен жұмыр байлам (іштөлінің бұрыңғы кіндік венасы) - 121

122 ligamentum teres, ал оң бөліктен өт қабы бөліп тұрады. Бауырды диафрагмамен байланыстыратын жұмыр байламның жалғасы орақша байлам, одан әрі қысқа көлденең немесе тәждік байламға (ligamentum coronarium) ауысады. Бұл байлам өз кезегінде екіге ажырап, оң және сол үшбұрышты байламдарға (ligamentum triangulare dextrum et sisnistrum) жалғасады. Аралық бөліктің өзі қақпалық вена (v.portae) бауырға енетін бауыр қақпасы (porta hepatis) тұсынан: жоғарғы құйрықты бөлікке (lobus caudatus) және төменгі шаршы (квадратты) бөлікке - lobus quadratus бөлінеді. Құйрықты бөлік деп аталу себебі, бұл бөлікте көп жануарларда құйрық өсіндісі (processus caudatus hepatis) болады. Сөйтіп, бауырда төрт: оң, сол, шаршы және құйрықты бөліктер ажыратылады. Аталған бөліктер күйіс қайтаратын жануарларға тән. Жылқыда оң бөлік қосымша ойық арқылы латеральды және медиальды бөліктерге lobus dexter lateralis et medialis, ал шошқа мен итте оң бөлікпен қатар сол бөлік ие екіге: латеральды және медиальды бөліктерге lobus dexter et sinister lateralis et medialis бөлінеді. Кейбір жануарлар бауырларында бүйрек батыңқысы (impressio renalis) жақсы көрінеді. Ерекшеліктері: Жылқы бауырында өт қапшығы болмайды. Сол бөлігі латеральды және медиальды бөліктерге бөлінеді. Бауыр өзегі қабырғаастылық аумағында орналасқан. Бірақ, оның сол бөлігі сол қабырғаастылық аумағына аздап өтеді. Күйіс қайтаратын жануарлардабауыр оң қабырғаастылы аумақта, 8 -інші қабырғадан соңғы қабырғаға дейінгі аралықта жатады. Бауыр бөліктері нашар байқалады. Өт қабы алмұрт пішіндес болып келеді. Оның вентральды ұшы бауыр жиеігінентөменірек түсіп тұрады. Шошқабауырының оң және сол бөліктері өз кезегінде латеральды және медиальды бөліктерге бөлінеді. Оның денемен салыстырмалы мөлшері, таза шөп қоректі жануарларға қарағанда үлкендеу болып келеді, құйрықты бөлігі оң бүйрекпен жанаспайды. Бауыр оң қабырғаастылық аумақта, 14 -інші қабырға тұсына дейінгі аралықта жатады. Сол қабырғаастылық аумаққа сәл ғана өтеді. Итбауырының салыстырмалы мөлшері басқа жануарлаға қарағанда көлемді келеді. Оң және сол бөліктері латеральды жәнемедиальды бөліктерге бөлінген. Құйрықты бөлікте қосымша емізікше өсінді (processus papillaris) болады. Бауыр оң және қабырғаастылық және семсерше өсінді аумақтарында орналасады. Бауырдың гистологиялық құрылысы. Бауыр сыртынан сірлі қабықпен, оның астындағы дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан бауырдың ішінен қарай енген дәнекер ұлпалық аралықтар, оның паренхимасын көптеген көпбұрышты бөлікшелерге бөледі. Бауыр бөлікшелері бауырдың құрылымдық және қызметтік бірлігі. Бөлікшелер бауырдың паренхимасын, ал оның стромасын дәнекер ұлпалық қапшық пен бөлшекше аралық борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар құрайды. Бауырға бауыр артериясы мен қақпалық 122

123 вена артерия және вена қанын алып келеді. Бауыр артериясы мен қақпалық вена бауырдың дәнекер ұлпалық аралықтарында кезегімен: бөліктік, сегменттік, бөлшекшелер аралық артериялары және веналарға тарамдалады. Бөлікшелердегі өт капиллярларынан қабырғасы бірқабатты текше тәрізді эпителийден құралған бөлікшелер аралық өт өзегі түзіледі. Бөлікшелер аралық артерия, вена және өт өзегі бөлікшелердің аралығындағы борпылдақ дәнекер ұлпасында қатар орналасып, «бауыр үштігін» құрайды. Бұлардың ішінде бөлікшелер аралық венаның арнасы кең болады. Венаның жұқа қабырғасын эндотелий, негіздік жарғақ, сақинаша орналасқан жекеленген біріңғай салалы ет ұлпасының миоциттері және сыртқы адвентиция құрайды. Бөлікшелер аралық артерияның арнасы тар, қабырғасы қалың болып келеді. Оның қабырғасы интима, медиа және адвентиция қабықтарынан құралған. Бөлікшелер аралық артериялар мен веналар бөлікшелерді айнала шырмап жататын, перделік (септальдық) артериялар мен веналарға тарамдалады. Аталған қан тамырлары бауыр бөлікшелеріне кіріп таралып, бір-бірімен қосылып, бауыр бағандарының аралығымен өтетін қойнауша (синусоидты) капиллярларды түзеді. Қойнауша капиллярлар бөлікше орталығында бірбірімен қосылып, бауыр бөлікшесінің орталық венасын құрайды. Орталық веналар бір-бірімен бірігіп, бөлікше асты веналарын, олар өз кезегінде бірбірімен қосылып, артқы қуыс венасына ашылатын бауыр венасын түзеді сурет. Бауыр. Висцеральды беті. Ұйқы безі (поджелудочная железа) pancreas қосарынан қызмет атқаратын, құрылысы мен қызметі әр түрлі екі: экзокринді және эндокринді бөліктерден құралған аралас без(cурет 42). Сыртқы секреция безі ретінде 123

124 олқұрамында ас қорыту ферменттері (белоктарды, көмірсуларды, майды қорытатын) мол ұйқы безі сөлін бөліп, он екі елі ішек қуысына шығарады. Ал ішкі секреция безінің қызметін ұйқы безі аралшықтарының торшалары (инсулоциттері) атқарады. Ұйқы безінің паренхимасы энтодермадан, стромасы мезенхимадан дамиды. Ұйқы безі құрылысы жағынан күрделі көпіршікшетүтікше бездерге жатады. Ұйқы безі паренхималы мүше. Ол он екі елі ішек шажырқайының екі сірлі жапырағының аралығында орналасады. Ұйқы безі оң, сол және орталық бөліктерден тұрады. Ұйқы безінің өзегі (ductus pancreaticus) он екі елі ішекке ашылады. Бұдан басқа, оның ішекке дербес ашылатын ұйқы безінің қосымша өзегі де (ductus pancreaticus accessorius) болады сурет. Ұйқы безі (оң жағынан) Ерекшеліктері: Жылқыда ұйқы безі без денесінен (орталық бөлік), оң бөліктен (бездің басы) және сол бөліктен (без құйрығынан) тұрады. ОНың өзегі бауыр өзегімен бірігіп, он екі елі ішекке ашылады. Кейде қосымша өзегі де кездеседі. Сиырда ол он екі ішек бойында орналасады. Ұйқы безі денесінен (орталық бөлік), сол және оң бөліктен тұрады. Без өзегі он екі елі ішекке өт өзегінен см кейін ашылады. Ал ұсақ малдарда бездің құрылысы сиыр безіне ұқсас. Ұйқы безінің өзегі өт өзегімен бірігіп, бір бүртікке ашылады. Шошқада ұйқы безі денеден (орталық бөлік), оң және сол бөліктерден тұрады. 124

125 Бір өзегі болады. Итте ұйқы безі денеден, оң және сол бөліктерден тұрады. Без өзегі он екі елі ішекке өт өзегіме бірге ашылады. Ұйқы безінің гистологиялық құрылысы. Ұйқы безі құрсақ қуысында, он екі елі ішек ілмегі аралығында орналасады. Ол сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан без ішіне тарамдала енетін дәнекер ұлпалық аралықтар без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер аралық дәнекер ұлпалық аралықтарда қан және лимфа тамырлары, жүйке талшықтары, ұйқы безінің бөлікшелер аралық шығару өзектері, қапшықталған сезімтал жүйке ұштары орналасады. Ұйқы безінің экзокринді бөлігі құрылысы жағынан күрделі көпіршікше-түтікше бездер. Бөлікшелерді пішіні дөңгелек не сопақ келген секрет бөлетін соңғы бөлімдер мен ендірме өзектер құрайды. Ұйқы безінің альвелоларының қабырғасын негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан, пішіні конус тәрізді безді эпителиоциттер (гландулоциттер) түзеді. Гландолуциттер цитоплазмасының секрет бөлетін базальды бөлігі көкшіл түске, ал бөлінген бөлінді жиналатын апикальды бөлігі қызыл түске боялады. Түзілген сөл ұсақ тамшылар түрінде гландулоциттердің альвеола қуысына қараған апикальды бөлігінде жиналып, зимогенді полюс деп аталады. Қабырғасы бір қабат жалпақ эпителийден құралған ендірме бөлімдер ұйқы безінің секрет бөлетін соңғы бөлімдерінің қуысынан еніп тұрады. Ендірме бөлімдерден қабырғасы бірқабатты жалпақ эпителийден құралған ендірме өзектер басталады. Олар бір-бірімен қосылып, қабырғасы бірқабатты призма тәрізді эпителийден тұратын бөлшекшелер аралық шығару өзектерін құрайды Бақылау сұрақтары: 1 Әртүрлі ауыл шаруашылық жануарлардың бауырының типографиясы мен анатомиялық құрылысы 2 Ұйқы безінің анатомиялық-гистологиялық құрылысы 3 Ұйқы безі өзегінің морфологиялық-қызметтік сипаттамасы Жуан ішек Сабақ мақсаты: Жуан ішектің құрылысын игеру Жуан ішек (толстая кишка) intestinum crassum азық қорыту аппаратының артқы бөлімі. Ол бүйеннен, тоқ ішектен және артқы тесік ануспен аяқталатын, тік ішектен тұрады. Бұл ішектерде аш ішектен келген азық одан әрі қорытылып, қоректік заттар, су және тұздар сіңіріледі. Ал қорытылмаған азық қалдығынан нәжіс қалыптасып, сыртқа шығарылады. Кейбір жануарлар жуан ішектерінің қабырғаларында етті қабықтың ұзынша қабатынан түзілген ет 125

126 таспалары мен олардың аралықтарында қалташалар болады.оның ұзындығы 6,4 метрден бастап метрге дейін жетеді. Бүйен (слепая кишка) intetinum caecum жуан ішектің тұйық қалта тәрізді басталатын бөлігі. Барлық жануарларда ащы ішектің соңғы бөлігі мықын ішек бүйен мен тоқ ішектің шекарасына барып ашылып, жуан ішектің аталған екі бөлігінің шекарасы қызметін атқарады. Тек, жылқы малында ғана мықын ішек тікелей бүйенге ашылады. Ерекшеліктері.Жылқыбүйенінің пішіні үтір тәріздес, көлемі үлкен, қабырғасында төрт қатар ұзын ет таспалары(teania) және олардың аралықтарында төрт қатарда орналасқан қалташалар (haustra) болады. Жуан келген бүйеннің негізі(basis ceci) жамбас қуысында жатады, ал оның ұзын бүйен денесі(corpus caeci) құрсаққуысының оңжағында бауырға дейін созылады. Жіңішкерген бүйен төбесі(арех сесі) сол жаққа қарай иіліп, семсерше есінді аумағына қарай бағытталған. Бүйенде үлкен және кіші иіндер болады. Сиырда бүйен тегіс қабырғалы, пішіні ұзынша келген, ұзындығы30-70 см. Ол құрсақ қуысының оң бүйірлік аумағының жоғарғы жағында орналасады. Оның артқыұшы жамбас қуысында, алалдыңғы шекарасы бел аумағының орта тұсына дейін созылады, Қойменешкі бүйенінің құрылысы мен орналасу орындары сиырға ұқсас. Шошқабүйені қысқа, пішіні конус тәрізді болып келеді.бүйеннің қабырғасында үш қатар еттаспалары мен қалташалары болады. Бүйеннің алдыңғы жағы оң бүйректің артқы бетімен жанасады, ал төбесі каудальды және оң жаққа қарай бағытталған. Ит бүйенінің ұзындығы 20 см. Қысқа шажырқайға ілінген бүйенденесінде 2-3 иілім болады. Ол құрсақ қуысының оң бүйірлік аумағында, бел омыртқалардың орта тұсында орналасады. Тоқ ішек (ободочная кишка) intestinum colon жуан ішектің ортаңғы бөлігі. Оның пішіні мен көлемі жануарлардың қоректену сипатына байланысты. Итте ол қысқа, шошқада орташа, шөппенқоректенетін жануарларда ұзын болып келеді. Ол, 3 кескінге бөлінеді: 1) бастапқы ілмек, 2) шиыршық лабиринт және 3) соңғы ілмек. Бастапқы ілмек ansa coli proximalis бүйеннің толық жалғасы, оның арасындағы шекара ретінде мықын ішектен бүйен ішекке деген кіреберіс тесігі бар. Шиыршықты лабиринт ansa spiralis мес қарынның оң қабырғасында орналасқан. Және бір жазықтықта екі тізімді шиыршық түзеді: центрипетальды және центрифугальды. 126

127 Соңғы ілмек ansa distalis бастапқы ілмектен гөрі, диаметрі кішкентай. Жамбасқа қарай бағытталған, содан кейін омыртқа астына қарай тура бұрылады да, тағы да артқа қарай бұрылады. Сосын, шекараны өтпей тура ішекке түседі. Жуан ішек іш қуысының оң жартысына орналасқан. Ерекшеліктері. Жылқытоқ ішегі үлкен тоқ ішек(intestinum colon crassum) және кіші тоқ ішек(intestinum colon tenue) болып екіге бөлінеді. Үлкен тоқ ішектіңпішіні тағаға ұқсас. Ол құрсақ қуысында орналасқанекі қатардағы вентральды және дорсальды жарты ілмектен тұрады. Бүйеннің кіші иінінен басталған вентральды жарты ілмек үш бөліктен: құрсақ қуысының оң жағындағы оң вентральды бөлік (colon ventrale dextrum), вентральды диафрагмальды (көкетпен жанасқан бөлігі) иілім (flexura coli diaphragmatica ventralis) және сол вентральды(құрсақ қуысының сол жағымен көкеттен артқа қарай жамбас қуысына қарай бағытталады) бөліктен (colon ventrale sinistrum) құралған. Вентральды жарты ілмектің қабырғасында төрт қатар ет таспалары және төрт қатар қалташалар болады. Жамбас қуысына кіреберісте сол вентральды бөлік жоғары жамбасқа қарай иіліп, жамбас иілімін(flexura coli pelvina) жасайды да, дорсальды жарты ілмекке өтеді. Дорсальды жарты ілмек те жоғары қабатта өз кезегінде үш: дорсальды сол бөліктен (colon dorsale sinistrum), дорсалды диафрагмалы иілімінен (flexura coli diaphragmatica dorsalis) және дорсальды оң бөліктен (colon dorsal dextrum) тұрады. Дорсальды жарты иілмектің қабырғасында үш қатар ет таспалары және үш қатар қалташалар болады. Пішіні қарын тәріздес кеңейген дорсальды оң бөлік, жіңішкеріп барып, кіші тоқ ішекке өтеді. Кішітоқ ішек (қарта) үлкен тоқ ішектің оң және сол бөліктерінің аралығында ұзын шажырқайға ілініп, ілмек жасай тік ішекке өтеді. Күйіс қайтаратын жануарлартоқ ішектерінің пішіні оралыпжатқан дискі немесе дискі-конус тәрізді болып келеді. Ол құрсақ қуысының оң жағында орналасады. Тоқ ішек басталған бойда проксимальды ілмек (ansa coli proximalis) жасап, сағат тілі бойынша бір-бірімен шажырқай арқылы байланысқан орталыққа тепкіш (центрипетальды) оралымдар (gyri coli centripetales) (сиырда 1,5; қой мен ешкіде 3 оралым) жасап, орталық иілім (flexura coli centralis) түзеді де, қайтадан сағат тіліне қарсы бағытталған орталықтан тепкіш (центрифугальды) оралымдар (gyri coli cenrifugales) жасайды. Центрифугальды оралым дистальды ілмек (ansa coli distalis) түзеді де, тік ішекке өтеді. Шошқада тоқ ішектің пішіні конус тәрізді болады. Ол құрсақ қуысының алдыңғы жағының 2/3 бөлігін алып жатады. Тоқ ішектің ішіне қарай бағытталған центрипетальды оралымның қабырғасында екі қатар ет таспалары мен қалташалар болады. Оралымдарының саны 3,5. Ол орталық иілім жасап, 127

128 центрифугальды оралымдар түзеді де, артқа қарай иіліп, тік ішекке айналады. Центрифугальды оралымның қабырғасы тегіс. Ит тоқ ішегінің пішіні таға тәрізді болып келеді. Ол бүйеннен шыққан бойда құрсақ қуысының оң жағымен алға қарай бағытталып, оң бөлікті, одан соң көкеттің бойымен солға бұрылып, диафрагмальды бөлікті, содан кейін құрсақ қуысының сол жағымен артқа қарай бағытталып, сол бөлікті құрайды. Сол бөлік жамбас қуысына бағытталып, тік ішекке өтеді. Кіші тоқ ішегі - colon tenue үлкен шеңберлі ішектің оң дорсальды негізінің жалғасы болып келеді. Оның диаметрі үлкен емес, яғни ішектің барлық ұзындығы бойынша бірдей (екі таспа мен екі қалташа). Ішек ұзын шажырқайда ілініп тұрады да, ілмек құрайды. Жамбасқа жақын мықын ішектің сол жағында жатыр. Осыдан, кіші тоқ ішек тік ішекке ауысады. Иттің кіші тоқ ішегі 3 бөліктен тұрады: 1) оң жақты басталу бөлігі, он екі елі ішектен медиальды түрде асқазанға дейін жалғасады; 2) қысқа көлдене бөлігі және 3) сол жақты төменгі бөлігі, сол жақ бүйрек астына бағытталып, құйымшақ бөлігінде жазық қатпар түзеді. Тоқ ішектің гистологиялық құрылысы. Жуан ішектердің қабырғалары да басқа түтікше мүшелер сияқты кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан тұрады. Тоқ ішектің кілегейлі қабығында төрт қабат: эпителий, өзіндіктақташа, етті тақташа және кілегейлі асты негіз қабаттары болады. Кілегейлі қабығында ішек бүрлері болмайды. Тек, борпылдақ дәнекер ұлпалық өзіндік тақташаға үңгілене енген, жиі орналасқан кірмелер (крипталар) болады. Бірқабатты призма тәрізді эпителий қабаты жиекті және жиексіз энтероциттерден, құтыша (бокал тәрізді) торшалардан құралған. Бокал тәрізді торшалар тым көп. Эндокринді және панет торшалары кездеспейді. Етті және сірлі қабықтарының құрылысы ащы ішек қабырғасының құрылысына ұқсас. Тік ішек (прямая кишка) intestinurn rectum жуан ішектің қысқа соңғы бөлігі. Ол жамбас қуысында, құйымшақтың төменгі жағындағы шажырқайға ілініп тұрады. Тік ішек артқы тесік ануспен аяқталады. Анусқа өтер алдында тік ішек кеңейіп, тік ішек ампуласын(атриііа гесіі) түзеді. Тік ішекті сірлі қабық текқұйымшақтың төменгі жағындағы бөлігін ғана сыртынан қаптайды. Ал оның жамбас қуысынан тыс жатқан соңғы бөлігін сыртынан адвентициямен (борпылдақ дәнекер ұлпасымен) қапталған. Ерекшеліктері: шошқаның тік ішегі ануспен аяқталады. Көбінесе, ол маймен қапталған, осыдан тік ішектің ампуласы пайда болады. Лимфа түйіршіктері көп және кішкентай болып келеді. Жылқының тік ішегі ампула тәріздес кеңейтілген. Сірлі қабығы тек алдыңғы бөлігінде бар, ал 4-5 құйымшағының омыртқасындағы тік ішек сырты 128

129 борпылдақ жалғама ұлпамен қапталған. Тік шек пен құйрықтың бұлшық еті жақсы дамыған. Иттердің тік ішегі ампула тәріздес кеңейтілген. Анустың шетінде кішкентай емес безді қапшықтар, жұпты анальды синустар орналасқан. Олар көтергіш анус пен оның сыртқы сфинктерінің арасында жатыр. Жұпты анальды бездердің бөліндісі оларға арнайы иісті береді. Артқы тесік anus тік ішектің каудальды ұшымен қалыптасады. Анустың сірлі қабаты көптеген тегіс эпителилермен қапталған. Бұлшық етті қабық сфинктерді түзеді. Анустың ішкі сфинктерін sphincter ani internus қалыптастыратын түбірі тегіс бұлшық еттен тұрады, ал бетін көлденең жолақты бұлшық еттен, ол анустың сыртқы сфинктерін sphincter ani externus қалыптастырады. Анустың сырты терімен қапталған. Ол бірінші құйрық омыртқасына және тік ішек пен құйрықтың бұлшық етімен жамбасқа, анусты көтергішпен, сонымен қатар анустың ілмек байламына байланысқан. Тік ішек пен құйрықтың бұлшық еті m. rectococcydeus анус пен тік ішектің вентральды және бүйірлік қабырғасынан бірінші құйрықтың омыртқасына бағытталған. Қызметі: нәжіс шығарған кезде, артқа қарай тартады. Анусты көтергіш m. 1evator ani жамбас байламы мен шонданай білігінен басталады да, анустың қабырғасында аяқталады. Қызметі: нәжіс бөлгеннен кейін, анусты өзіне қарай тартады. Анустың іліп қою байламы ligamentum suspensorium ani бір ұшымен 2-ші құйрық омыртқасына бекітілген, ал екінші ұшымен ілмек тәріздес анусқа. Қызметі: анусты ұстайды. Шошқаның артқы тесігі сиырдың құрылысымен ұқсас. Жылқылардың артқы тесігінің терісі май және тері бездеріне бай, терітесікті және аноректалды сызығы жақсы көрінеді, ішкі және сыртқы сфинктері жақсы дамыған. Бақылау сұрақтары: 1 Ірі қара малда, шошқада, жылқы мен итте жуан ішектің орналасуы мен құрылысының ерекшеліктерін сипаттап беріңіз? 12 Тыныс алу аппараты Тыныс алу аппаратына мұрын және мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек және өкпе кіреді. 129

130 12.1 Мұрын және мұрын қуысы Сабақтың мақсаты: Мұрын мен мұрын қуысының құрылысын игеру Тыныс алу аппараты apparatus respiratorius жануарлар организмдегі сыртқы тыныс алу процесін іс жүзінде асырады. Тыныс алу мүшелерінің негізгі қызметі қанды оттегімен қанықтыру және қаннан көмірқышқыл газын сыртқа шығару, яғни бұл аппарат ауадағы оттегінің қанға өтуін, керісінше, қандағы көмірқышқыл газдың ауаға шығарылуын қамтамасыз етеді. Бұнымен қатар, тыныс алу мүшелері дененің қызуын реттеуге қатысады және эндокриндік қызмет те атқарады. Тыныс алу мұшелерінде иіс сезімі мен дыбыс мүшелері орналасады. Мұрын (нос) nasus және мұрын қуысы(носовая полость) cavum nasi тыныс жолдарының басталар бөлігі(cурет 43). Мұрын қуысында ауа жылынады, дымқылданады, құрамындағы шаң-тозаңнан тазаланады және иіс сезімі мүшесінің қатысуымен ауа құрамындағы заттардың иістері анықталады. Кейбір жануарларда мұрын дыбыс шығаруға да қатысады. Мұрын ішкі жағынан мұрын пердесі(septum nasi) арқылы екі мұрынқуысына (cavum nasi) бөлінеді. Мұрын қуыстарының кіреберіс және шығаберіс тесіктері болады. Кіреберіс тесіктерін мұрын тесіктері(nares), ал мұрын қуыстарынан жұтқыншаққа шығатын шығаберіс тесіктерін хоана (сһоаnа) тесіктері деп атайды. Мұрын қуысы тиісті тесіктер арқылы мұрынның маңында орналасқан мұрын қойнауларыменқатысады. Мұрынның мұрын ұшынан маңдайға дейін созылып жатқан жоғарғы беті мұрын арқалығы(dorsum nasi), ал мұрын арқалығының маңдайға жанаса бітетін жерін мұрын түбірі(radix nasi) дейді, Жоғарғы еріннің үстіңгі жағындағы мұрын ұшының(apex nasi) пішінібарлық жануарларда бірдей емес. Мұрынның сүйекті негізін бассүйектің бет бөлімінің сүйектері құрайды. Оның сүйектік негізінің екі бүйірін жоғарғы жақ және тұмсық сүйектері; артқы қабырғасын торлы сүйек; алдыңғы мұрын ұшын тұмсықсүйек пен мұрын шеміршектері; мұрын түбін тұмсық, жоғарғы жақ және таңдай сүйектері; мұрын арқалығын мұрын сүйек құрайды. Ал мұрын пердесінің негізі перделік шеміршектен(cartilago septi nasi). Мұрын ұшында орналасқан мұрын қуысы кіреберіс тесігінің бүйір қабырғасы (танау) мұрын қанатымен(alae nasi) шектелген.мұрын шеміршектері(cartilagenes nasi) мен танау шеміршектері(cartilagenes alares) мұрын қанаттары мен танауды тұрақты ашық қалыпта ұстап тұрады. Танау 130

131 шеміршектерінің құрылысы мен бітімі әр түрлі жануарларда түрліше болып келеді. Мұрын ұшындағы жұп тесік қабырғаларының негізін перделік шеміршектің дорсальды және вентральды жиектерінен, оның екібүйіріне қарай бағытталған бүйірлік латеральды жәневентральды мұрын шеміршектері (cartilago nasilaterales etventralis) құрайды. Мұрын сыртынан терімен қапталған. Оның мұрын тесіктері айналасындағы түксіз және тұрақты суланып тұратын пигменттелген аймағын мұрын қаңсары (planum nasale) дейді. Оның қабырғасында үздіксіз сірлі сұйық бөліп тұратын сір бездері болғандықтан, қаңсардың сыртқы беті әр уақытта дымқылданып тұрады. Оның температурасы дене қызуымен салыстырғанда салқындау келеді. Ал қаңсардың сыртқы бетінің құрғақ болуы жануарлардене қызуының жоғарылағандығының белгісі. Оның айналасындағы теріде жекеленген сезімтал түктер байқалады. Мұрынқуысы ішкі бетінің тек алдыңғы жағы ғана тері тектес кілегейлі қабықпен қапталған. Бұл аумақты мұрын кіреберісі(vestbulum nasi) деп атайды. Ал мұрын қуысының қалған бөлігін өзіндік мұрын қуысы(cavum nasi proptium) дейді. Демек, мұрын қуысы бір-бірінен анық ажыратылатын екі бөліктен тұрады. Мұрын кіреберісінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал өзіндік мұрын қуысының кілегейлі қабығы бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Мұрын қуысының кілегейлі қабығы мұрын пердесі бетінде тегіс болып келеді. Ал бүйір қабырғасында ол кеуілжірдің пішінін қайталайды. Мұрын қуысының артқы жоғарғы жағындағы иіс сезімі мүшесі орналасқан кілегейлі қабық аймағы ұяшықтәрізді әр түрлі пішінді қатпарлар түзеді. Әрбір мұрын қуысында ауа жүретін төрт мұрын жолы болады. Олар мұрын қуысының бүйір қабырғасындағы дорсальды және вентральды мұрын кеуілжірлерінің қатысуымен бөлінеді. Олар: 1.Дорсальды мұрын жолы(meatus nasi dorsalis) көлемі жағынан жіңішке келген өтіс. Ол мұрын қуысының төбесі мен дорсальды кеуілжірдің арасында жатқан жіңішке жол. Дорсальды мұрын жолыменауа торлы сүйек шытырманы бетінде орналасқан иіс сезімі мүшесіне өтеді. Сондықтан, бұл жолды иіс сезімі жолы деп атайды. 2. Ортаңғы мұрын жолы(meatus nasi medius) дорсальды және вентральды кеуілжірлер аралығында болады. Ортаңғы мұрын жолымен ауа мұрын маңындағы қойнауларға арнайы тесіктер арқылы өтеді. 3. Вентральды мұрын жолы(meatus nasi ventralis) вентральды кеуілжір мен мұрын қуысының түбі аралығында жатады. Вентральды мұрын жолымен ауа хоана тесіктері арқылы аңқаға өтеді. 131

132 4. Жалпымұрын жолы(meatus nasi communis) мұрын пердесі мен кеуілжірлердің және иіс сезімі шытырмандарының медиальды беті аралығында орналасады. Жалпы мұрын жолы алдыңғы үш өтісті жалғастырып, артқа қарай аңқа жолына (nasopharynx) айналды да, хаоналар арқылы ауаны аңқаға өткізеді. Мұрын қуысының кілегейлі қабығы дорсальды кеуілжірдің алдыңғы жағында түзу қатпар (plica recta), ал вентральды кеуілжір алдында негізгі қатпарды (рlica basalis) және танау қатпарларын (рlica alares) түзеді. Мұрын кіреберісімен өзіндік мұрын қуысы шекарасындағы қатпарда мұрын-көзжасы тесігі (оsmium nasolacrimalis) көрінеді. Бұл тесікке мұрынқуысын көзжасы қапшығымен байланыстыратын мұрын-көзжас өзегі (ductus nasolacrimalis) ашылады. Көзжасы менмұрын қуысы кілегейлі қабығындағы бездер бөлінділері ауаныдымқылдандырып тұрады. Сонымен қатар, кілегейлі қабықастында көптеген қан тамырларынан түзілген веналық өрім (plexus venosus nasi) болады. Ол ауаның жылуын қамтамасыз етеді. Вентральды мұрын жолының алдыңғы жағындағыкүректіс өзегі(ductus incisivus) арқылы мұрын қуысы ауыз қуысымен қатысады. Бұл өзекке жануарларда иіс сезімі қызметін атқаратын мұрынсоқалықмүше өзегі (ductus organon vomeronasalis) ашылады. Ерекшеліктері.Жылқыда қаңсар болмайды. Мұрын тесігініңпішіні жарты ай тәрізді болып келеді. Танаудың негізін танау шеміршегі түзеді. Ол шеміршек тақташасы мен мүйізшесінен тұрады. Шеміршек тақташасы танаудың алдыңғы қабырғасында ғана кездеседі. Танаудың бүйір бетінде тереңдігі 5-7 см мұрынқалташасы (дивертикул) болады. Мұрын кеуілжірлері өздерініңішкі перделері арқылы алдыңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы кеуілжірдің артқы бөлімі маңдай қойнауымен жалғасып,мандай-кеуілжір қойнауын(sinus conchofrontalis), ал вентральды кеуілжірдің осындай бөлімі жоғарғы жақ қойнауымен жалғасып, кеуілжір-жақ тесігін (aperture cochomaxillaris) түзеді. Дорсальды кеуілжірдің түзу қатпары қос қатпардан құралған. Танау қатпарының негізін Sәрпі тәрізді шеміршек (cartilage sigmoidea) құрайды. Күректіс өзегі ауыз қуысына ашылмайды. Кілегейліасты веналық өрім мұрын пердесінде, кеуілжірлерде әсіресе, вентральды кеуілжірде жақсы жетілген. Сиырда каңсар ерінге дейінгі аймақты алып жатады. Мұрын тесіктері онша үлкен емес, пішіні сопақша болып келеді. Олардың дорсо-латеральды шетінде танау сайы(sulcus alaris) жатады, Танаудың дорсальды қабырғасын шеміршек тақташасы, ал вентральды қабырғасын зәкір (якорь) тәрізді шеміршек түзеді. Дорсальды және вентральды бүйірлік шеміршектер бірбірімен жалғасып, мұрынның бүйір қабырғасының негізін құрайды. Дорсальды кеуілжір ұзын, жіңішке, ал вентральды кеуілжір жалпақ болып келеді. 132

133 Вентральды кеуілжір өз кезегінде ұзынша ішкі пердемен дорсальды және вентральды бөлімдерге бөлінеді. Оныңдорсальды бөлімі ортаңғы мұрын жолымен, ал вентральды бөлімі вентральды мұрын жолымен қатысады. Ұсақ малдардақаңсар тек мұрын тесігінің айналасында ғанаболады. Мұрын тесігі S әрпі пішіндес болып келеді 43 - сурет. Мұрың қаңсары Шошқамұрынның ұшында жалпақ тұмсық (rostrum) орналасады. Оның пішіні диск тәріздес қозғалмалы келеді. Тұмсыктың сыртқы бетінде жалпақтұмсыққаңсары(planum rostrale) болады. Жалпақ тұмсықтың мұрын тесіктері аралығындағы негізгі танау сүйек(os rostrale) құрайды. Ол мұрын сүйектің алдыңғыұшына, мұрын пердесіне және тұмсық сүйектерге байланысыпжатады. Танау сүйектің екі бүйірінде танау шеміршектері орналасады. Олар артқы бағытта бүйірлік мұрын шеміршектерімен жалғасады. Танау сүйектің вентральды бөлігінен біз тәрізді латеральды қосымша шеміршек (cartilage accessoria lateralia) бөлінеді. Ол мұрын тесігінің латеровентральды қабырғасында жатады. Шошқаның дөңгелек, не сәл сопақша келген мұрын қуысы жалпақ тұмсықта орналасады. Мұрын қуысының дорсальды кеуілжірі ұзын және жіңішкеболып келеді. Ал вентральды кеуілжір дорсальды және вентральды 133

134 оралымдардан тұрады. Олардың қуысы ортаңғы және вентральды мұрын жолдарымен қатысады. Мұрын маңы қойнаулары (sinus paranasales) негізінен жалпақ бассүйектердің ішкі және сыртқы сүйек тақташалары аралығында орналасып, мұрын қуысымен тесіктер арқылы қатысады. Қойнаулар ішкі жағынан кілегейлі қабықтармен астарланған. Бұларға жоғары жаққойнауы(sinus maxillaries)мандай қойнауы(sinus frontalis), сынаша қойнауы(sinus sphenoidalis), тандай қойнауы(sinus palatinus) жатады. Аталған қойнаулардың даму деңгейі көп жағдайда азу тістердің көлеміне, маңдай сүйектің мүйіз өсінділерінің жетілуіне тікелей байланысты. Аталған қойнаулар сиыр мен ұсақмалдарда өте жақсы, жылқымен шошқадабіршама тәуір, ал иттенашар жетілген. Аңқа (носоглотка) nasopharynx жұтқыншақтың ауа өтетін бөлігі. Ол мұрын қуысын көмекеймен жалғастырады. Аңқаның кілегейлі қабығы тыныс жолдарына тән бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Эпителий қабатының астында борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұратын өзіндік тақташа болады.қалған қабаттары мен қабықтары жұтқыншақта баяндалған. Бақылау сұрақтары: 1 Мұрын қуысының қаңсарынның пайда болуына қандай сүйек пен шеміршек көмектеседі? 2 Мұрын қуысы немен және қандай тесіктермен жалғасады? 3 Мұрын қуысында қандай жолдар ажыратылады, олар қайда орналасқан және қайда апарады? 4 Әртүрлі үй жануарлардың мұрын ұшының құрылысының ерекшелігін атап кетіңіз 12.2 Көмекей мен кеңірдек Сабақтың мақсаты: Көмекей мен кеңірдектің құрылысын игеру. Көмекей larynx аңқаны кеңірдекпен жалғастыратын түтікше мүше(cурет 44). Ол тіласты сүйекке бекіп тұрады. Көмекей тыныс алуға қажетті ауаны екі бағытта өткізеді; жұтыну кезінде тыныс жолын жауып, азықтыңкеңірдекке түспеуін қамтамасыз етеді; кеңірдекті тіласты сүйекке бекітеді; жұтқыншақтың каудальды тарылтқыш бұлшық еттерімен өңешке тірек қызметін атқарады; жануарлардың дыбыс шығару мүшесі. Көмекей түтікше мүше ретінде үш: ішкі кілегейлі, ортаңғы шеміршектіталшықты және сыртқы адвентиция қабықтарынан тұрады. Көмекейдің негізін 134

135 бір-бірімен қозғалмалы байланысқан үш тақ, бір жұп, барлығы 5 шеміршек құрайды. Сақинаша шеміршек (кольцевидный хрящ) cartilagо cricoidea тақ гиалинді шеміршек. Оныңжоғарғы жағында сақинаша шеміршектің жалпақ тақташасы (laminacartilagо cricoidea) мен темен қарай оның иілген доғасы (arcuscartilagо cricoidea) болғандықтан, пішіні сақинаға ұқсайды. Шеміршек тақташасының сыртында орталық қыры, алдыңғы жиегінде ожауша шеміршекке арналған буын беті болады. Шеміршек доғасының латеральды бетінде қалқанша шеміршектің артқы мүйіздіктермен байланысатын буын ойыстары орналасқан. Сақинаша шеміршек каудальды бағытта кеңірдекпен жалғасады. Қалқанша шеміршек(щитовидный хрящ) cartilago thyreoidea пішіні иілген қалқанға ұқсайтын гиалинді шеміршек. Ол өзінің оң және сол тақташаларымен көмекейдің екі бүйірінің және табанының негізін құрайды. Тақташалардың жоғарғы жиегінен алдыңғы және артқы мүйіздіктер шығып тұрады. Алдыңғы мүйіздіктер тіласты сүйектің үлкен мүйіздігімен, ал артқы мүйіздіктер сақинаша шеміршекпен байланысады. Ожауша шеміршек(черпаловидный хрящ) cartilagenes arytaenoideae жұп гиалинді шеміршек. Ол ожауша шеміршек негізіненжәне одан алға қарай шығып, дорсальды бағытта ілмек тәрізді иілген мүйіз ше өсіндідентұрады. Шеміршек негізінің сыртқы бетінде көтеріңкі ет өсіндісі байқалады. Ожауша шеміршектің төменгі ұшында дыбыс сіңірі мен дыбысбұлшықеті бекитін дыбыс өсіндісі(processus vocalis) болады. Ожауша шеміршектер бірбірімен өзара мүйізше өсінділері арқылы жанасады, ал оның артқы беті сақинаша шеміршек тақташасының алдыңғы жиегіне буын арқылы байланысады. Бөбешік шеміршек(надгортанный хрящ) cartilago epiglottidis пішіні бүгілген жапырақ тәрізді серпімді (эластинді) шеміршек. Ол көмекей қақпағы бөбешіктің (тілшіктің) негізін түзеді. Өз кезегінде бөбешіктің сабақшасы, екі бүйір жиегі, тіл және жұтқыншақ беттеріболады. Бөбешік негізі қалқанша шеміршектіңалдыңғы жиегімен байлам арқылы байланысады. Көмекей шеміршектері бір-бірімен өзара буын арқылы қозғалмалы байланысады. Ал қалқанша шеміршек тіласты сүйектің үлкен мүйіздіктерімен және бөбешікпен қосымша байламдар арқылы жалғасады. Сөйтіп, көмекей шеміршектері көмекейқуысының шеміршектік негізін құрайды. Көмекей қуысы(саvum laryngis) ішкі бетін кілегейлі қабықастарлайды. Көмекейге кіреберіс тесікті(aditus laryngis) төменгіжағынан көмекей қақпағы бөбешік,екі бүйірінен ожауша-бөбешік қатпарларыжиектеп жатады. Бөбешіктің негізін бөбешік шеміршек, ал қатпарлардың негізін ожауша шеміршектің 135

136 мүйізше өсінділері түзеді. Бөбешік көмекей қуысын жұтыну кезінде жауып тұрады Ерекшеліктері: Жылқыда көмекейдің сақинаша шеміршегінің тақташасы, оның доғасымен тік бұрыш жасай орналасады. Қалқанша шеміршектің каудальды бетінде терең каудальды ойық болады. Шеміршек тақташасының сыртқы бетінде бұлшық еттер бекитін қиғаш сызықтар байқалады. Ожауша шеміршектің негізі көлемді келеді. Бөбешік шеміршектің пішіні жапырақ тәрізді. Көмекей қарыншасы жақсы жетілген. Сиырда сақинаша шеміршек тақташасы доғасымен сүйір бұрыш түзеді. Қалқанша шеміршектің артқа мүйіздігі ілмек тәрізді иілген. Ожауша шеміршектің дыбыс өсіндісі жақсы жетілген. Бөбешік шеміршектің пішіні сопақша келген. Дыбыс қатпарлары көмекей түбіне тік бұрыш жасай орналасады. Көмекей қуысында орталық қалта мен қарынша болмайды.ұсақ малдаркөмекейінің құрылысы сиыр көмекейі құрылысына ұқсас. Бірақ, оларда орталық қалта жақсы жетілген. Шошқа көмекейі басқа жануарларға қарағанда ұзындау келеді. Сақинаша шеміршектің доғасы, оның тақташасына қиғаш орналасқан. Ұзынша келген қалқанша шеміршектің алдыңғы жиегі қалың болады, мүйіздігі болмайды. Ожауша шеміршектердің мүйізше өсінділерінің ұшы екіге бөлініп кеткен. Бұл өсінділер мен сақинаша шеміршектің тақташасы арасында кішкентай аралық шеміршек болады. Дыбыс қатпарлары төменгі бағытта артқа қарай иіліп орналасады. Олар алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінген. Бұл бөліктердің аралығына көмекей қарыншасының тесіктері ашылады. Ит көмекейінің тұрқы қысқа, кіреберіс тесігі кең болады. Онша көлемді емес ожауша шеміршектер мен сақинаша шеміршек тақташасының арасында қосымша шеміршек болады. Бөбешік шеміршектің пішіні төртбұрышты болып келеді. Оның негізінен ожауша шеміршекпен байлам арқылы жалғасқан сынаша өсінді шығып тұрады. Көмекей қарыншасы жақсы жетілген. Дыбыс қатпарлары алға және төмен қарай қиғаш орналасады. Көмекей қабырғасындағы бұлшық еттер үш топқа бөлінеді: Көмекейдің кеңейткіш бұлшық еттері. 1. Дорсальды сақинаша.(m. cricoarytaenoideus dorsalis) сақинаша шеміршек тақтасынан орталық қырынан басталып, ожауша шеміршектің ет өсіндісінде аяқталатын жұп бұлшық ет. Ол ожауша шеміршекті көтеріп, көмекейдің кіреберісін кеңейтеді және дыбыс қатарларын қатайтады. 2. Сақинаша-қалқанша бұлшықет (m. cricothyreoideus) сақинаша шеміршек доғасының сыртқы бетінен басталып, қалқанша шеміршек тақташасының сыртқы бетіне бекитін жұп бұлшық ет. Бұл етқалқанша шеміршекті төмен түсіріп, көмекей қуысын кеңейтеді. 136

137 3. Тіласты-бөбешік бұлшықеті(m. hyoepiglotticus) тіласты сүйегі денесінен басталып, бөбешікте аяқталады. Ол бөбешікті алға жылжытып, көмекей кіреберісін кеңейтеді. Көмекейдің тарылтқыш бұлшық еттері. 1. Латеральлды сақинаша-жауша бұлшық еті (m. cricoarytaenoideus lateralis) сақинаша шеміршек доғасының бүйір бетінен басталып, ожауша шеміршекті ет өсіндісіне бекитін жұп бұлшық ет. Ол қалқанша шеміршек тақташасының медиальды бетінде жатады. Жиырылған кезде ол ожауша шеміршекті төмен тартып, дыбыс қатпарларын босаңсытады. 2. Дыбыс бұлшық еті(m. vocalis) дыбыс қатпарының негізінқұрайды. Ол ожауша шеміршектің дыбыс өсіндісінен басталып, қалқаншашеміршектің тақташасында аяқталады. Дыбыс қатпарларын босаңсытады. 3. Қарынша бұлшықеті(m. ventricularis) қарынша қатпарының негізін түзеді. Дыбыс бұлшықетімен қатарласа орналасып, бірдей қызмет атқарады.күйіс қайтаратын жануарлармен шошқададыбыс және қарынша бұлшық еттері бірігіп кеткен. 4. Көлденең ожауша бұлшық еті(m.arytaenoideus transversus) ожауша шеміршектірдің жоғарғы жағында көлденең орналасып, оның ет өсінділерін бір-бірімен жалғастырып тұрады. Дыбыс бұлшық еттерімен бірге жиырылып, дыбыс қатпарларын босаңсытады. Көмекейге жалпы әсер ететін бұлшық еттер. 1.Төс-қалқанша бұлшық еті (m.sternothyreoideus) - төс тұтқасынан басталып,шеміршектің тақташаларында аяқталады. Ол жұтынғаннан соң, көмекейді кейін тартып, дыбыс қатпарларын қатайтатын бұлшық еттерге көмектеседі. 2. Тіласты-қалқанша бұлшық еті (m.hyothyreoideus) тіласты сүйектің үлкен мүйіздігінен басталып, қалқанша шеміршектің бүйірінде аяқталады. Ол жұтыну кезінде көмекейді алға тартады. Кеңірдек (трахея) trachea көмекейді өкпе бронхтарымен байланыстыратын түтікше мүше. Ол денедегі орналасу орнына байланысты екі бөлікке бөлінеді. Олар: мойын және көкірек бөліктері. Кеңірдектің қабырғасы үш қабықтан: ішкі кілегейлі қабықтан, ортаңғы талшықты-шеміршекті қабықтан және сыртқы мойында адвентиция қабығынан, ал көкірек қуысында сірлі қабық плеврадан тұрады. Ортаңғы қабығының негізін жоғарғы ұштары тұйықталмаған шеміршек сақиналары құрайды. Кеңірдек сақиналарының жоғарғы бос ұштары бір-бірімен кеңірдек байламы мен кеңірдек бұлшық еті арқылы байланысқан. Кеңірдек жүректің жоғарғы жағында, ауаны аттас өкпелерге жеткізетін сол және оң негізгі бронхтарға ажырайды. Кеңірдектің екі негізгі бронхтарға ажырайтын жерін кеңірдек бифуркациясы (bifurcatio tracheae) деп атайды 137

138 44 - сурет. Жылқының көмекейі Ерекшеліктері. Жылқыда кеңірдек сақиналарының пішіні көлденең сопақша болып келеді, олардың саны Кеңірдек бифуркациясы 5-6 қабырғалар тұсында орналасады.сиырда кеңірдек сақиналарының екі бүйірі қысыңқы келеді. Оның бос ұштары бір-бірімен түйісіп тұрады. Шеміршек сақиналарының саны Бифуркацияға дейін кеңірдектен оң өкпенің алдыңғы бөлігіне қосымша кеңірдектік бронх(bronchus trachealis) ажырайды. Ұсақ малдардакеңірдектегі шеміршек сақиналардың саны Бұларда да кеңірдек бифуркациясына дейін оң өкпенің алдыңғы бөлігінекеңірдектік бронхажырайды.шошқакеңірдегіндегі шеміршек сақиналардың саны Олардың пішіні цилиндр тәрізді болып келеді. Сақиналардың бос ұштары ұзын болып келеді, бір-бірімен айқасып жатады. Шошқа кеңірдегінде де, оң өкпеге кеңірдек бифуркациясынан бұрын ажырайтын кеңірдектік бронхболады.иткеңірдегінде дөңгелек пішінді шеміршек сақиналар болады. Олардың шеміршек ұштары бір-біріне түйісіп жатады. Оларды жалғастырып тұрған көлденең бұлшық ет шеміршектің жоғарғы бетінде орналасады. Кеңірдектің гистологиялық құрылысы. Кеңірдектің қабырғасын ішкі кілегейлі, ортаңғы талшықты-шеміршекті және сыртқы адвентиция (сірлі қабық) қабықтары құрайды. Кеңірдектің кілегейлі қабығында үш қабат ажыратылады. Олар: эпителий, өзіндік тақташа және кілегейліасты негіз. Кілгейлі қабығының ішкі бетін бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителий 138

139 астарлайды. Эпителийді негіздік жарғақта орналасқан призма тәрізді кірпікшелі, құтыша, эндокринді және базальды торшалар құрайды Призма тәрізді эпителиоциттің апикальды ұшында 250 -ге дейін кірпікшелер болады. Олар минутына рет жиырылып, кұтыша торшалар мен кілегейлі қабық бездері бөлген кілегейді минутына 2-3 мм жылдамдықпен жылжытады да, жабысқан шаң-тозаңмен бірге жинақтап, қақырық түзеді. Түшкіру арқылы қақырық сыртқа шығарылады. Пішіні пирамида тәрізді эндокринді торшалар цитоплазмасында агранулалы эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Олардың дөңгелек келген ядролары негіздік жарғаққа жақын жатады. Аталған торшалардың цитоплазмасында тығыз өзекті дәншелер көптеп кездеседі. Эндокринді торшалар тыныс жолдарындағы бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттерінің қызметіне ықпалын тигізетін пептидтік гормондар мен биогенді аминдер (серотонин, норадреналин, дофамин) түзеді. Аласа келген базальды торшалар негіздік жарғаққа жақын, алдыңғы аталған торшалардың аралықтарында орналасады. Базальды торшалар камбиальды қызмет атқарады. Өзіндік тақташаны борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Бұл қабаттағы кеңірдектің ұзын бойымен бойлай өтетін эластин талшықтары кілегейлі қабықтағы көлденең қатпарлардың түзілуіне жол бермейді. Борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұратын кілегейліасты негізде сірлі-кілегейлі бездердің секрет бөлетін соңғы бөлімдері орналасады. Олардың шығару өзектері кеңірдектің ішкі бетіне ашылады. Аталған бездер кеңірдектің төменгі және екі бүйірінде көптеу орналасады.ортаңғы талшықты-шеміршекті қабығын шеміршекқаппен қапталған, жоғарғы бос ұштары тұйықталмаған гиалинді шеміршек сақиналары түзеді. Шеміршек қап тығыз дәнекер ұлпасынан тұрады. Кеңірдектің сыртқы қабығын, оның мойын бөлігінде адвентиция қабығы құрайды. Ол борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ал кеңірдектің көкірек қуысындағы бөлігінің сыртқы қабығы көкірек ортасының плеврасы (сірлі қабық). Ол ішкі борпылдақ дәнекер ұлпалық жұқа қабаттан және сыртқы мезотелийден құралған. Бақылау сұрақтары: 1 Көмекейдің құрылуына қандай шеміршектер көмектеседі? 2 Көмекейдің қуысы немен қапталған және қалай бөлінеді? 3 Қандай бұлшық еттер көмекейге әсерін тигізеді? 4 Үй жануарларының кеңірдектерінде негізгі түрлік ерекшеліктері 12.3 Өкпе мен көкірек перде (плевра) Сабақтың мақсаты: Өкпе мен көкірек перденің құрылысын игеру 139

140 Өкпе (легкие) pulmones пішіні конус тәрізді, құрылысы қомақты көкірек қуысында орналасқан (оң өкпе - pulmo dexter және сол өкпе - pulmo sinister) паренхималы газ алмасу мүшесі(cурет 45). Көлемді келген өкпе негізі (basis pulmonis) каудальды бағытта, ал жіңішкелеу келген өкпе төбесі (арех pulmonis) краниальды бағытта орналасады. Өкпенің дорсальды жиегі немесе доғал жиегі (magro dorsalis s. obtusus) омыртқа бағаны жағына, ал қырлы жиегі (margo acutus) вентральды жаққа қараған. Көкірек қуысының сол жағында жүрек орналасқандықтан, оң өкпе көлемі жағынан сол өкпеге қарағанда үлкен келеді. Төменгі бөлік аралық сайлар арқылы өкпе бөліктерге бөлінеді. Сол өкпе үш бөліктен: краниальды бөліктен (lobus cranialis), ортаңғы бөліктен (lobus medius) және каудальды бөліктен (lobus caudalis), ал оң өкпе төрт бөліктен: краниальды бөліктен (lobus cranialis), ортаңғы бөліктен (lobus medius), каудальды бөліктен (lobus caudalis) және қосымша бөліктен (lobus accessorius) тұрады. Өкпенің сыртқы қабырғалармен жанасатын бүйірінде қабырғалық беті (facies costalis), көкетпен жанасып жатқан диафрагмалық беті (facies diaphragmatica) және екі өкпе аралығындағы медиальды беті (facies mediastinalis) болады. Медиальды беті өз кезегінде омыртқалық бөлікке (pars vertebralis) және көкірек ортасы бөлігіне (pars mediastinalis) бөлінеді. Өкпенің бетінде жүрек, қолқа, өңеш батыңқылары және артқы қуыс вена сайы жақсы байқалады. Ерекшеліктері. Жылқы мен түйе өкпелерінде ортаңғы және каудальды бөліктер бірігіп кетеді. Нәтижесінде сол өкпеде краниальды және каудальды бөліктер, оң өкпеде краниальды, каудальды жөне қосымша бөліктер болады. Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада бифуркациядан бұрын кеңірдектен кеңірдектік бронх бөлініп, оң өкпенің краниальды бөлігіне енеді. Күйіс қайтаратын жануарларда өкпенің оң краниальды бөлігінің өзі алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінеді. Ит өкпесінің сыртқы бетінде бөліктердің бір-бірінен ажырауы иашар байқалады. Өкпе екі бөлімнен құралған. Олар: бронхтар жөне көпіршіктік (альвеолалар) тарамдар. Бронхтар тарамы мен альвеолалар тарамдары өкпенің паренхимасын құрайды. Ал өкпенің стромасын өкпе паренхимасын біріктіріп дәнекерлеп, біртұтас ететін және қоректендіруші қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар түзеді. Кеңірдектен ажырайтын негізгі бронхтар өкпеде кезегімен: ірі, орта, кіші бронхтарға және бронхиолаларға таралады. Олар өкпенің бронхтар тарамын (arbor bronchialis) құрайды. Бронхтар тарамында газ алмасу процесі жүрмейді. Бронхтар тыныс жолдарына жатады. Бұлардың қуыстарында ауа тазаланып, ылғалданып, жылып өкпенің газ алмасу (респираторлар) бөліміне өтеді. 140

141 Бронхтар орналасу орындарына,құрылысына және арнасының диаметріне байланысты кеңірдектен кезегімен таралып, төмендегідей бронхтарға ажыратылады. Олар: негізгі бронхтар, ірі бронхтар, орта бронхтар, кіші бронхтар (терминальды) бронхиоламен аяқталады. Негізгі бронхтың құрылысы кеңірдек қабырғасының құрылымына ұқсас, яғни кеңірдек қабырғасындағы қабықтар мен қабаттардан тұрады сурет. Өкпе Ірі бронхтар арқылы ауа өкпе бөліктеріне өтеді. Сондықтан, олардың саны өкпе бөліктерінің санына сәйкес келеді. Ірі бронхтың қабырғасы да, ішкі кілегейлі, ортаңғы етті және сыртқы адвентиция қабықтарынан тұрады. Кеңірдек пен негізгі бронхтардың кілегейлі қабықтары үш қабаттан: эпителийден, өзіндік тақташадан және кілегейлі асты негізден тұратыны белгілі Ал ірі бронхтың кілегейлі қабығында, өзіндік тақташа мен кілегейлі асты негіз қабаттарының аралығында біріңғай саласы ет ұлпасынан құралған етті тақташа пайда болады. Орта бронхтар өкпе бөліктерінің паренхимасы ішінде орналасады. Олардың қабырғаларының құрылысы ірі бронхтар қабырғалар құрылысына ұқсас. Кіші бронхтардың қабырғаларында талшықты-шеміршекті қабық болмайды. Олардың қабырғалары кілегейлі қабықтан және адвентициядан тұрады. Адвентиция борпылдақ дәнекер ұлпасы. 141

142 Альвеолалардың қабырғасы арқылы ауа мен қанның арасындағ газ алмасу процесі жүреді. Альвеолалардың қабырғасын негіздік жарғақта орналасқан тым жұқа бірқабатты жалпақ тыныс алу (респираторлары) эпителийі астарлайды. Көкірек перде (плевра) pleura бұл кеуде қуысының қабырғасы мен өкпені жабатын сірлі қабық. Көкірек перденің жапырақтарын қабырғаға жақын және орта қабырға деп ажыратады. Көкірек перденің қабырғаға жақын жапырағын pleura parietalis деп атайды. Ол кеуде қуысының ішкі қабырғасын толықтай жабады, сондықтан қабырғадағы қабатын, қабырғалық перде pleura costalis; ал диафрагмадағыны диафрагмалық перде pleura diaphragmalis дейді. Өкпе пердесінен гөрі, қабырғалық пердеде сезімтал рецепторлар өте көп. Осыдан, көкірек перде қабынған уақытта ауру пайда болады. Кеуде қуысының оң және сол жақ қабырғаларының қабырғаға жақын перде кеуде омыртқасынан кеуде сүйегіне дейін түскенде - кеуде қуысының орташа қалқа түзеді. Осыдан оның атауы орташа қабырғалы перде деп аталды pleura mediastinalis. Орташа қабырғалық перде бронхыдан өтіп, өкпеге барады, оны өзімен толықтай жабады да өкпе пердесі деп атауға ие болды pleura pulmonalis. Перденің париетальды және өкпелі жапырақтары арасында жұпты перделі қуыс орналасқан - cavum pleurale, оның құрамында сірлі қабық торшаларымен бөлінетін аз ғана мөлшерде сірлі сұйықтық бар liquor pleurale. Сірлі сұйықтық Тыныс алу уақытында, сірлі сұйықтық өкпе перденің қабырғаға жақын пердеге үйкелесуін жеңілдетеді. Ересек жануарлардың перде қуысының оң және сол жақтары орташа қабырғалық тесік арқылы жүрек артында бірбірімен қатынасады. Орташа қабырғалық mediastinum кеуде фасцияның ішкі жапырағы мен орташа қабырғалық перде жапырағымен қалыптасады. Орташа қабырғалықта өңеш, кеңірдек, тамыр және жүйке орналасады. Бақылау сұрақтары: 1 Өкпе негізін қандай құрылымдар қалыптастырады? 2 Өкпенің негізгі анатомиялық бөліктерін атандар (бетін, шетін және бөліктерін)? 3 Өкпе бронха ағашының бөлімінің ауа кіретін құрамына не кіреді? 13 Зәр бөлу мүшесі Зәр бөлу мүшелеріне бүйрек, несепағар, қуық және несепшығар өзек жатады. 142

143 13.1 Бүйрек Сабақтың мақсаты: Бүйректің құрылысын игеру Бүйрек (почка) renes пішіні бұршақ тәріздес, қызыл - қоңыр түсті, қомақты жұп мүше(cурет 46). Ол негізгі зәр бөлу мүшесі. Бүйрек организмдегі қан қысымын және су-тұз алмасуын реттеуге де қатысады. Бүйрек құрсақ қуысының бел аумағында, бел омыртқалардың орталық бұлшық еттерінің төменгі бетінде, олармен жанасып жатады. Ол сыртынан бүйрек майы қапшығымен (capsula adiposa) қапталған Оның төменгі беті құрсақ қуысы сірлі қабығы ішпердемен жанасып, онымен тек төменгі және екі бүйір беттері ғана қапталған. Бүйректің ішкі медиальды ойыс бетіндегі қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер енетін жерін бүйрек қақпасы(hulus renalis) деп атайды. Бүйректі қақ жарып кесіп қарағанда, оның кескінінде бір-бірінен айқынажырайтын үш аймақ көрінеді. Олар: бүйректің сыртқы фиброзды қапшығымен жанасып жатқан шеткі қызғылт-қоңыр түсті несептүзгіш қыртысты аймақ(cortex renis), ішкі несеп өткізгіш бозғылт аймақ(medulla renis) және осы екеуінің аралығындағы қоңыр түсті, ірі қан тамырлары өтетін шекаралық аймақ(zona intermedia). Бүйректің қыртысты аймағында қаннан зәрдің түзілуін іс жүзіне асыратын қоңыр-қызыл түсті кептеген ұсақ бүйрек денешіктері(corpusculis renis) мүшенің сыртынан ішіне қарай қатарласып орналасады. Оларды бірбірінен сәуле тәрізді өтетін ішкі өзекшелер қатарлары ажыратып тұрады. Бүйрек денешіктерінің құрылысын микроскоп арқылы ғана анық көруге болады. Ішкі бозғылт аймақ бүйрек пирамидаларынан(pyramides renales) құралған. Пирамидалардың табандары бүйректің шетіне қарай орналасып, олардан бүйректің қыртысты аймағына қарай ішкі сәулелер кетеді. Ал бүйректің ішкі жағына қарай бағытталған пирамидалардың төбелері бүйрек емізікшелері(papilla renalis) деп аталады. Шекаралық аймақтағы доғалық артериялардан бүйректің қыртысты аймағына сәулелі (радиальды) артериялар тарамдалады. Аталған артериялардың екі жағында қатар-қатар болып, бүйрек денешіктері орналасады. Бүйректің түрлері.бүйректерді жіктеудің негізі етіп, бүйректің бастапқы құрылымдық бірлігі бүйрекшелер алынған(cурет 47). Бүйрекшелерде де, бүйрекке тән үш аймақпен пирамидалар емізікшелері және оларға жанаса жалғасып жатқан бүйрек тостағаншалары болады. Бүйректің бүйрекшелері бірбірімен өзара зәр шығару өзектері және дәнекер ұлпасы арқылы әр түрлі дәрежеде байланысып бірігіп, бүйрек түрлерін түзеді. Жануарларда сыртқы 143

144 және ішкі морфологиялық құрылысына байланысты бүйректің көптеген түрлері ажыратылады. Олардың құрылысын салыстырып сараптай келе, бүйректің жануарларда жиі кездесетін негізгі төрт түрінің құрылысымен төменде танысамыз. Оларға: көптік, тілімді көп емізікшелі, тегіс көп емізікшелі және тегіс бір емізікшелі бүйректер жатады. Көптік бүйрекбір-бірімен зәр шығару өзектері бүйрек сабақшалары арқылы байланысып жатқан көптеген майда жеке бүйрекшелерден тұрады. Әр бір бүйрекше сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Бүйрекшенің кесіндісінде бір-бірінен анық ажырайтын үш аймақты байқауға болады. Қапшыктың астындағы қыртысты аймақ зәр бөлу аймағы. Бұл аймақты бүйрек түтікшелері нефрондардың денешіктері мен проксимальды және дистальды бөлімдерінің ирек түтікшелері құрайды. Бүйректің бұндай түрі теңіз сүтқоректілерінде (китте, итбалықта, ақ аюда т.б. болады). Тілімді көп емізікшелі бүйрекбүйректің сыртқы жағы бір-бірінен тілімделіп бөлініп, қосыла қоймаған, ал ішкі жақтары толық қосылып бірігіп кеткен бүйрекшелерден құралған. Сондықтан, бүйректің сыртқы беті тілімделіп тұрады. Ал кесіп қарағанда, бүйрек көп емізікшелерден (бірігіп кеткен бұрынғы жеке бүйрекшелердің бозғылт аймағы) тұрады. Емізікшелер түтікшелері іші қуыс тостағаншаларға ашылады. Тостағаншалардан шығатын іші қуыс сабақшалар бір-бірімен қосылып, несеп жолдарын, олар өз кезегінде өзара қосылып, несепағарды құрайды. Бұндай бүйрек сиырда болады. Тегіс көп емізікшелі бүйрекшошқада, маймылдарда және адамда болады. Бүйрек сыртынан қарағанда тегіс болғанымен, ішкі кескінінде көптеген емізікшелерден тұрады. Бұларда да, емізікшелер түтіктері тостағаншаларға ашылып, олардан шығатын қысқа сабақшалар бірігіп, бүйрек қақпасы маңындағы қуыс мүше бүйрек түбегінеашылады. Бүйрек түбегінен несепағар шығады. Тегіс бір емізікшелі бүйрекбарлық жыртқыш жануарларда, қойда, ешкіде, жылқыда, түйеде т.б. көптеген жануарларда болады. Бүйрекшелердің барлық аймақтары бірігіп кетеді де, бірыңғай орналасқан қыртысты, шекаралық және бозғылт аймақтарды түзеді. Бүйректің сырты тегіс, ішкі кескінінде бір емізікше көрінеді. Емізікше түтікшелері бүйрек түбегіне ашылады. Тостағаншалар мен сабақшалар болмайды. Бүйрек кұрылысы жағынан паренхималы мүше. Оның паренхимасын жануарлардың түрлеріне байланысты 1-8 миллиондай бүйрек түтікшелері нефрондар құрайды. 144

145 46 - сурет. Тегіс көп емізікшелі бүйректің анатомиялық-гистологиялық құрылысы Ерекшеліктері.Жылқы бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрекке жатады. Оның оң бүйрегінің пішіні жүрекке ұқсас, ал сол бүйрегі лобия тәріздес болады. Бүйрек түбегінде мүшенің алдыңғы және артқы ұштарына қарай созылып жатқан бүйрек жолдары көрінеді.бүйрек пирамидаларының саны Сиырбүйректері тілімді көпемізікшелі бүйрек. Бүйрек түбегі болмайды, оның орнында бүйрек емізікшелерінен шығатын бүйрек сабақшаларының бірігуінен түзілген екі негізгі өзек несеп жолдарыболады. Олардың қосылуы нәтижесінде бүйректен зәрді қуыққа алып шығатын несепағар пайда болады. Бүйрек пирамидаларының саны Қой мен ешкібүйректері тегіс біремізікшелі бүйрек. Бүйрек пирамидаларының саны Оң бүйрек құрсақ қуысы бел аумағында жатады. Шошқабүйректерінің пішіні лобия тәрізді, тегіс көпемізікшелі бүйрек. Бүйрек пирамидаларының саны Олардың әрқайсысы тостағаншалармен қоршалып, жақсы жетілген бүйрек түбегіне ашылады. Екі бүйрек те бір деңгейде, құрсақ қуысы бел аумағының оң және сол жақтарында, 1-4-інші бел омыртқалар тұсында қатар орналасады. Ит бүйректері тегіс біремізікшелі бүйрекке жатады. Емізікшесінің пішіні тараққа ұқсас. Бүйрек пирамидаларының саны

146 47 - сурет. Бүйректің топографиясы (вентральды жағы) Бақылау сұрақтары: 1 Әртүрлі ауыл шаруашылық жануарлардың бүйрегінің топографиясы мен анатомиялық құрылысы қандай? 2 Бүйректің гисто құрылымын сипаттап беріңіз? 3 Нефронның түйіршігі және бүйректің жұмыс істеу механизімінің құрылысы жайлы айтып беріңіз? 13.2 Несепағар, қуық пен несепшығар өзек Сабақтың мақсаты: Несепағар, қуық пен несепшығар өзектің құрылысын игеру Несепағар (мочеточник) ureteres бүйрек түбегінен басталып, бел аумағы арқылы жамбас қуысындағы қуыққа дейін созылған түтікше мүше. Ол құрсақ қуысындағы қысқа қатпарға ілініп, оның бүйір қабырғасында орналасады. Ал жамбас қуысында несепағар несеп-жыныс қатпарының құрамында қуықтың жоғарғы қабырғасымен жанасып, оған қиғашталаеніп, 3-5 см -дей аралықта етті және кілегейлі қабықтардың арасымен өтіп барып, қуық қуысына ашылады. Несепағардың бұлай қуық қабырғасымен өтіп, қуықтың қуысына ашылуы зәрдің бүйректен қуыққа тек бір бағытта ғана ағуына жағдай тудырады. Зәр қуық қуысынан кері несепағарға өте алмайды. Себебі, қуық 146

147 зәрге толған сайын, оның етті қабығы несепағарды сыртқы жағынан қысып, зәрдің кері несепағарға өтуіне мүмкіндік бермейді. Несепағардың гистологиялық құрылысы. Несепағар түтікше мүше ретінде, оның қабырғасы кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан құралған. Несепағардың ішкі кілегейлі қабығыекі қабаттан: ішкі көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителийден және сыртқы борпылдақ дәнекер ұлпалы өзіндік тақташадан тұрады. Кілегейлі қабықта көпіршікше-түтікше бездер болады. Несепағардың ортаңғы етті қабығыүш қабаттан құралған. Олар: ішкі ұзынша қабат, ортаңғы сақинаша қабат және сыртқы ұзынша қабат. Аталған етті қабықтың қабаттары бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттерінен тұрады. Несепағардың сыртқы сірлі қабығыішкі борпылдақдәнекер ұлпалық қабаттан және сыртқы мезотелий қабатынан (бірқабатты жалпақ эпителий) тұрады. Несепағардың қуыққа ашылатын төменгі бөлігінің сыртқы қабығы адвентиция (борпылдақ дәнекер ұлпасы). Қуық (мочевой пузырь) vesica urinaria пішіні алмұрт тәрізді зәр уақытша жиналатын қуысты мүше (сурет48). Оның құрсақ қуысына қараған бөлігін қуықтөбесі(vertex vesicae), ұзынша келген ортаңғы бөлігін қуықденесі (corpus vesicae) және жамбас қуысына қараған қуықтың жіңішкерген бөлігін қуық мойны(cervix (collum) vesicae) деп атайды. Іші бос қуықтың ішкі кілегейлі қабағы қатпарланып тұрады. Көпқабатты ауыспалы эпителиймен астарланған кілегейлі қабықта бездер болмайды. Қуықтың мойын жағындағы кілегейлі қабықтың ішкі бетінде несепағар білеуліктері(columnae uretericae), ал олардың қуық қуысы жағында несепағардың тесіктері(ostium (orificium) ureteris) көрінеді. Осы тесіктерден қуық мойнына қарай несепағар қатпарлары(plicae uretericae) бір-біріне сүйір бұрыш жасай үшкірлене жақындап, қуық үшбұрышын(trigonum vesicae) құрайды. Несепағар қатпарлары өзара қосылып, бірігеді де, қуық мойнының несепшығар өзегіне ауысар жерінде несепшығар қырын(crista uretharalis) түзеді. Қуықтың етті қабығының сақинаша қабаты, қуық мойнының қысқыш етін құрайды.сыртқы сірлі қабық қуықтың тек денесі мен төбесін ғана қаптайды, ал оның мойны адвентиция қабығымен қапталған. Сірлі қабық қуықтың вентральды бетінен құрсақ және жамбас қуыстарының қабырғаларына өтіп, қуықтың орталық байламын(ligamentum vesicae medianum ) түзеді. Бұл байламда, іштөлінің аллантоис қапшығымен жалғасатын несепжолы(urachus) және ұрықжолдасқа (плацентаға) қанапаратын кіндік артерияларыжатады. Сақа жануарларда аталған қан тамырлары қуықтың жұмыр байламына(ligamentum ters vesicae) айналады. Несепшығар өзек (мочеиспускательный канал) urethra қуық мойнынан басталып, өзінің соңғы бөлігімен жыныс мүшелеріне жалғасып 147

148 кетеді. Еркек жануарларда ол жыныс мүшесі өзегімен қосылып, несеп-жыныс өзегін, ал ұрғашы жануарларда жыныстық кіреберіске ашылып, несеп-жыныс кіреберісін немесе несеп-жыныс қойнауын қүрайды сурет. Қуық пен несепшығар өзек Ерекшеліктері.Жылқыда қуықтың денесі мен мойнының вентральды бетінде сірлі қабық болмайды. Қуық үшбұрышы анықкөрінбейді.сиырмен ұсақ малдарданесепағар тесіктері бір-біріне жақын орналасқандықтан, қуық үшбұрышы білінбейді. Бұқалар менқошқарларданесепағар қыры несеп-жыныс өзегінің ұрықтық төмпешігіне дейін созылады.шошқаданесепағар қатпары жұп болады. Қуық үшбұрышы айқын көрінеді.иттеде қуық үшбұрышы анық көрінеді. Қуықтың гистологиялық құрылысы. Қуықтың қабырғасы да кілегейлі, етті және сірлі (адвентиция) қабықтардан тұрады. Қуықтың кілегейлі қабығы үш қабаттан тұрады. Кілегейлі қабықтың ішкі бетін көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителий қабаты астарлайды. Оның астындағы өзіндік тақташа борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Кілегейлі қабықтың ортаңғы етті қабықпен шектесетін сыртқы кілегейліасты негіз де, борпылдақ дәнекер ұлпасынан құралған. Өзіндік тақташа мен кілегейліасты негізде, зәрге толғанда 148

149 қуық қабырғасының созылып, ал зәрден босағаннан соң, оның қайтадан қалпына келуіне ықпалын тигізетін эластин талшықтары көптеп кездеседі. Бақылау сұрақтары: 1 Несепағар, қуық пен несепшығар өзегінің топографиясы мен құрылысын сипаттап беріңіз? 2 Несепағардың қабырғасы қалай құрастырылған? 14 Аталықтың көбею мүшелері Аталықтың көбею мүшелеріне: ен, ен қосымшасы, енбау, шәуетжол, енқап, несеп-жыныс өзегі, қосымша жыныс бездері, жыныстық қатынас мүшесі мен күпек жатады Ен, ен қосымшасы, енбау, шәуетжол және енқап Сабақтың мақсаты: Ен, ен қосымшасы, енбау, шәуетжол және енқап құрылыстарын игеру Ен (семенник) testes пішіні сопақша келген жұп аталық жыныс безі. Ол құрылысы жағынан паренхималымүшелерге жатады. Енде аталықжыныс торшалары шәуіттер көбейіп жетіледі және аталықжыныс гормоны тестостерон түзіледі. Ен құрсақ қабырғасынан пайда болған арнайы қалташа құрылым енқапта орналасады. Оның ен басы(extremitas capitata), ен денесі(corpus), ен құйрығы(exiremitas caudata) сияқты бөліктерімен қатар, ен қосымшалық жиегі(margo epididymis) және бос жиегі(margo liber) мен латеральды және медиальды беттері болады. Енді сыртынан өзіндік қынаптық қабық(сірлі қабық ішперденің висцеральды жапырақшасының жалғасы) tunica vaginalis testis пен оның астындағы ақ қабық(тығыз дәнекер ұлпасы) tunica albuginea testis қаптап жатады. Ақ қабық еннің басынан құйрығы жағына қарай үңгілей еніп, ен ортасын(mediastinum testis) құрайды. Ақ қабықты ен ортасымен байланыстырып отыратын тығыз дәнекер ұлпалық ен перделіктері(septulae testis) ен паренхимасын(parenchima testis) бөліктерге бөледі. Дәнекер ұлпалық аққабық, ен ортасы және перделіктер еннің стромасын, ал оның паренхимасын ен бөлікшелері құрайды. Ен бөлікшелерін қабырғаларында шәуіттердің түзілу процесі сперматогенез жүретін 2-4 ирек тұқымдық өзекшелер(tubuli seminiferii contorti)құрайды. Бұл өзекшелердің аралығында борпылдақ дәнекер ұлпасы мен аталық жыныс гормонын бөлетін аралық (интерстициальды) торшалар 149

150 орналасады. Ен бөлікшелеріндегі ирек тұқымдық өзекшелер ен ортасына қарай бағытталып, түзу тұқымдық өзекшесіне(tubuli seminiferi recti) айналады. Олар өз кезегінде ен ортасында бір-бірімен қосылып ажырап, ен торын (rete testis) жасайды. Ерекшеліктері. Айғырдың ені ірі, екі бүйірінен қысыңқы келеді. Оның бас жағындағы ұшы краниальды, ал ен қосымшалық жиегі дорсальды бағытта орналасқан(cурет 49). Ен қосымшасы мен еннің аралығындаен қосымшасының саңылауы (sinus epididymidis) болады. Ен ортасы мен перделіктер жай көзге жақсы байқалмайды.бұқа, қошқар, теке ендері өте ірі болып келеді. Ен қосымшасының басы жалпақ, денесі жіңішке, құйрығы жуан болып, енмен тұтасып кетеді. Ен ортасы жақсы байқалады. Бұл жануарлар еннің басы дорсальды, ал ен қосымшасының жиегі қаудальды бағытта жатады.қабанның ені өте ірі, пішіні сопақша келген. Ен қосымшасыныңбасы мен құйрығы еннің екі ұшында (полюсында) орналасқан. Ен ортасы мен перделіктер жақсы жетілген. Еннің басы кранио-вентральды, ал ен қосымшалық жиегі дорсокраниальды бағыттаорналасып, денеге қиғаш жатады.төбеттің ені онша ірі емес, пішіні дөңгелек-сопақша болады. Ен қосымшасы жақсы жетілген. Бірақ, оның саңылауы айқын емес. Еннің денедегі орналасуы қабан енінің топографиясына ұқсас. Еннің гистологиялық құрылысы. Ен сыртынан сірлі қабықпен (өзіндік қынаптыққабық), оның астындағы тығыз дәнекер ұлпалық ақ қабықпен қапталған. Ақ қабық еннің артқы жағынан оның ортасына қарай үңгілей еніп, ен ортасын құрайды. Ақ қабық еннің ортасын жалғастыратын дәнекер ұлпалық перделіктер, ен паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Еннің стромасын ақ қабық, ен ортасы және перделіктер, ал паренхимасын ен бөлікшелері құрайды.әрбір ен бөлікшесі 2-4 ирек тұқымдық өзекшелерден тұрады.олардың орташа диаметрі мкм, ұзындығы см. Ендегі барлық ирек өзекшелердің жалпы ұзындығы 1-3 км болады. Ирек тұқымдық өзекше сыртынан коллаген, эластин талшықтары мен фиброциттерден құралған дәнекер ұлпалық қабықпен қапталған.ирек тұқымдық өзекшелердің қабырғасын құрылымдық негізде тығыз байланысқан эпителиоциттер мен сперматогенді торшаларқабаты түзеді. Эпителиоциттер (Сертоли торшалары) негіздікжарғақта орналасқан пішіні пирамида тәрізді тіректік торшалар. Олардың сопақкелген ядролары негіздік жарғаққа жақындау жатады. Сперматогенді торшалар сперматогенез сатысындағы жыныс торшалары. Ирек тұқымдық өзекшелердің шеткі жағындағы негіздік жарғақ маңында жатқан майда торшалар үздіксіз бөліну арқылы көбею сатысындағы сперматогониялар. Олардан өзекше қуысына қарай орналасқан 1-2 қатардағы ірі торшалар өсу сатысындағы біріншіліксперматоциттер. Олардың 150

151 ядроларында шумақталған хромосомалар жақсы байқалады. Олардан кейінгі ішкі қатарларда жетілу сатысындағы екіншілік сперматоциттер мен сперматидалар. Екіншілік сперматоциттер ірірек, ядроларында хромосомалар шумағы байқалады. Пішіні сопақтау келген сперматидалардың ядроларындахромосомалардың гаплоидты жиынтығы болады. Ирек тұқымдық өзекшелер қуысы маңында немесе қуысында қалыптасу сатысындағы сперматозоидтар топтасып орналасады. Ен бөлікшелердің құрайтын ирек тұқымдық өзекшелер аралықтарында қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін борпылдақ дәнекер ұлпасы болады. Осы аралықтарда ірі ядролы торшалар топтасып орналасады. Бұлар тестостерон гормонын бөлетін эндокриноциттер. Бөлікшелер ішіндегі ирек тұқымдық өзекшелер ен ортасына қарай түзуленіп, түзу тұқымдық өзекшелерге айналады. Бұлардың қабырғаларында сперматогенді торшалар болмайды. Қабырғасы тек эпителиоциттерден тұрады. Ен ортасында түзу тұқымдық өзекшелер бір-бірімен қосылып, ажырап байланысып, ен торын жасайды. Ен торынан жетілген сперматозоидтарды ен қосымшасының басын құрайтын тұқым әкеткіш өзекшелер (10-30) алып шығады. Олар бір-бірімен қосылып, ен қосымшасының өзегін түзеді. Тұқым әкеткіш өзекшелердің қабырғасы екі қабаттан тұрады. Оның ішкі бетін призма тәрізді кірпікшелі торшалар мен кірпікшесіз текше тәрізді эпителий торшаларынан құралған бірқабатты эпителий астарлайды. Призма тәрізді эпителиоциттер кірпікшелері сперматозоидтардың ен қосымшасына қарай қозғалуын қамтамас етеді. Текше тәрізді эпителиоциттер сперматозоидтардың қоректенуіне қажет сөл бөледі. Ен қосымшасы(придаток семенника) epididymis түзілген шәует уақытша жиналып сақталатын мүше. Ен қосымшасы қабырғасының бөлетін сөлі шәует (сперма) құрамындағы сперматозоидтарға әсер етіп, олардың қимыл қозғалыстарын тежеп, тіршілік қасиеттерінің ұзақ мерзімге сақталуын қамтамасыз етеді. Ен қосымшасы ен қосымшасының басынан, денесінен және құйрығынан (caput, corpus etcaudaepididymis) тұрады. Ен қосымшасының басын ен торынан шәуетті алып шығатын тұқым әкеткіш өзекшелер (ductuli aberrantes) құрайды. Олар бір-бірімен қосылып, ен қосымшасының өзегін(ductus epididymis) түзеді. Бұл өзек ен қосымшасының денесі мен құйрығын құрайды. Ен мен ен қосымшасын сыртынан қаптайтын өзіндік қынаптық қабық (сірлі қабық), ен мен ен қосымшасын бір-бірімен өзара және оларды енқаппен байланыстырып, ен шажырқайын (mesorchium) құрайды. Ен қосымшасы өзегі қабырғасының гистологиялық құрылысы. Ен қосымшасы өзегінің қабырғасы да екі қабаттан тұрады. Оның ішкі бетін бір қабатты екі қатарлы эпителий астарлайды. Эпителий қабаты екі түрлі 151

152 эпителиоциттерден тұрады. Призма тәрізді секреторлы эпителиоциттердің сопақ келген ядролары негіздік жарғақтан жоғарырақ бір қатарда орналасады. Олар сөл бөледі. Екінші аласа келген текше тәрізді эпителиоциттердің дөңгелек ядролары негіздік жарғаққа жақын бір қатарда жатады. Бұлар камбиальды қызмет атқарады. Сыртқы дәнекер ұлпалық-етті қабатын құрамында бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері бар дәнекер ұлпалық қабықша құрайды. Несеп-жыныс өзегі шәует жолы мен несепшығар өзегінің қосылуынан пайда болады. Енқап(семенниковый мешок) saccus testicularis құрсақ қабырғасы қабаттарынан дамып жетілген, пішіні дорба тәрізді қуысты мүше. Енқаптың қуысы құрсақ қуысымен шап өзегіндегі қынаптық өзек арқылы жалғасады. Оның қуысында ен және ен қосымшасы орналасады. Енқаптың қабырғасы ұмадан, еннің сыртқы көтергіш бұлшық етінен және жалпы қынаптық қабықтан тұрады. Ұма(scrotum) екі қабаттан: сыртқы теріден (cutis scroti) және ішкі еттісерпімді қабаттан (tunica dartos) құралған. Етті-серпімді қабат беткей шандыр мен бірыңғай салалы ет ұлпасынан түзілген. Етті-серпімді қабық ұма қуысын, ұма пердесі (septum scroti) арқылы екіге бөледі. Әрбір қуыста жалпы қынаптық қабықпен және сыртқы ен көтергіш бұлшық етпен (m. cremaster externus) қапталған ен орналасады. Еннің сыртқы көтергіш бұлшық еті (m. cremaster externus) құрсақтың ішкі қиғаш бұлшық етінің енқаптағы жалғасы. Жалпы қынаптық қабық (tunica vaginalis communis) екі: сыртқы талшықты немесе фиброзды қабаттан (lamina fibrosa) және ішкі сірлі қабаттан (lamina serosa) құралған. Ұма мен жалпы қынаптық қабық борпылдақ дәнекер ұлпасы арқылы байланысып, енқапты түзеді. Енқаптың сірлі қабықпен астарланған қуысы қынаптық қуыста (cavum vaginalis) сірлі сұйық болады. Қынаптық қуыс құрсақ қуысының енқаптағы жалғасы. Өзіндік қынаптық қабық (tunica vaginalis communis) құрсақ қуысы сірлі қабығы висцеральды ішпердесінің ұмадағы бөлігі. Ол ен мен ен қосымшасын тікелей қаптап, жалпы қынаптық қабықтың сірлі қабатына ауысып, ен шажырқайын түзеді. Ол шәует жолының артқы жиегін тұтасымен ұма қабырғасына байланыстырып, шап өзегіне жақындағанда жалпақ қынаптық қабықтың сірлі қабатына айналады. Ен шажырқайы өзінің төменгі бөлігімен ен қосымшасының құйрықтарын өзара жалғастырып тұрған еннің арнайы байламын және оның жалғасы шап байламын қоршап жатады. Шап байламы енді жалпы қынаптық қабықпен байланыстырады. Шәуетжолы(семяпровод) ductus deferens шәуетті ен қосымшасынан алып шығатын түтікше мүше. Шәуетжолы қынаптық қуыстан, қынаптық өзек (canalis vaginalis) арқылы енбаудың құрамында жоғары көтеріліп, құрсақ 152

153 қуысында шәует қатпарының (plica ductus deferentis) құрамында енбаудан ажырайды. Ол қуықтың жоғарғы жағымен артқа қарай бағытталып, қуық мойны тұсында көпіршікше без өзегімен қосылып, шәуетағар өзегіне(ductus ejaculatorius) айналады. Бұл өзек қуық мойнынан кейінірек несепшығар өзегімен қосылып, несеп-жыныс өзегін түзеді. Шәуетағардың қабырғасында көптеген бездер орналасады. Сондықтан, шәуетағардың соңғы қалыңдау бөлігін безді бөлік немесе шәуетағар ампуласы (ampulla ductus ejaculatorius) деп атайды сурет. Айғырдың ені (латеральды беті) Шәуетжолының қабырғасы үш қабықтан: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан тұрды. Кілегейлі қабығында екі қабат болады. Ен қосымшасынан басталған бөлігінің ішкі бетін екіқатарлы кірпікшелі эпителий, ал несеп-жыныс өзегіне жақын соңғы бөлігінің ішкі бетін бірқатарлы призма тәрізді эпителий астарлайды. Сыртқы қабаты борпылдақ дәнекер ұлпалық өзіндік тақташадан тұрады. Шәуетжолы несеп-жыныс өзегіне ашылар алдында кеңейіп, ампула тәрізді без түзеді. Ол сперматозоидтар қоректенетін сөл бөледі. Шәуетжолының ортаңғы етті қабығы бірыңғай салалы ет ұлпасының ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттарынан тұрады. Етті қабығы жиырылып, ампула безі сөлін шәует жолы қуысына шығарады. Шәуетжолы сыртынан сірлі қабықпен қапталған. Ол ішкі дәнекер ұлпалық қабаттан және сыртқы мезотелийден (бір қабаты жалпақ эпителий) құралған. Енбау (семенной канатик) funiculus spermaticus еннің қан, лимфа тамырлары мен жүйкелерінен құралған, пішіні кесілген конус тәрізді, ен мен ен қосымшасын құрсақ қуысымен жалғастырып тұратын құрылым. Ол өз кезегінде тамырлар жөне шәует-жолы қатпарларынан тұрады. Енбау сыртынан өзіндік 153

154 қынаптық қабықпен (сірлі қабық) қапталып, қынаптық қуыстың жоғарғы бөлігінде орналасады. Қынаптық қуыстан сыртқы және ішкі қиғаш құрсақ бұлшық еттердің аралығындағы шап өзегінде (canalis inguinalis) жатқан қынаптық өзек (canalis vaginalis) басталады. Қынаптық өзек құрсақ қуысымен жалғасады. Бақылау сұрақтары: 1 Ен мен енқаптың анатомиялық-гистологиялық құылымын сипаттап беріңіз 2 Енбау қалай құралған? 3 Ен қосымшасы қандай қызметтер үшін қажет: 4 Ұмаудың қабырғасы неден пайда болды? 14.2 Несеп-жыныс өзегі, қосымша жыныс бездері Сабақтың мақсаты: Несеп-жыныс өзегі, қосымша жыныс бездердің құрылысын игеру Несеп-жыныс өзегі(мочеполовой канал) canalis urogenitalis, s. urethra masculina зәр бөлу және көбею мүшелері жүйелерінің ортақ мүшесі болып табылады. Ол екі: жамбас және жыныстық бөлімдерге бөлінеді. Несеп-жыныс өзегінің қабырғасы: ішкі кілегейлі, ортаңғы кеуекті, сыртқы етті қабықтардан тұрады. Кілегейлі қабығын көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителий астарлайды. Кеуекті қабықты бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері, эластин талшықтарымен арқауланған дәнекер ұлпалық перделіктер және олардың аралықтарында орналасқан, үңгір қуысты вена қан тамырларының торы құрайды. Кеуекті қабықтың үңгір қуысты вена қан тамырлары торының ішкі беті эндотелиоциттермен астарланған. Аталған тамырлардың үңгірқуыстары қанға толған кезде кеуекті қабық қатаяды да, несеп-жыныс өзегі ашылып, шәуеттің кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді. Етті қабықты көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы құрайды. Несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлімінің қабырғасында қосымша жыныс бездері, атап айтқанда, көпіршікше, қуық алды және баданалық бездер орналасады. Ерекшеліктері: Жамбас бөлігіндегі несеп-жыныс өзегінің pars pelvina urethraе бұқаларда, ұзындығы см; жамбас пен мықын сүйегінде орналасқан. Несеп-жыныс өзегіне қарай қуық алды және баданалы бездер ашылады. Қабандардың жамбас қуысындағы несеп-жыныс өзегі қалыңдау келген, және оның қабырғаларында қуық алды бездері шашыраңқы түрде орналасқан. Ал баданалы безі жуан және қысқа келген. Айғырлардың несепжыныс өзегіне қуық алды, баданалы бездер, сонымен қатар шәует шығаратын түтікше ашылады. Несеп жыныс өзегінің қабырғасы сірлі tunica mucosa, 154

155 тамырлы -corpus cavernosus urethrae және бұлшық етті қабықтан tunica muscularis urogenitalis құралған. Қосымша жыныс бездері.жамбас қуысының несеп-жыныс өзегіне қарай ашылады. Бұл бездерге: көпіршікше, қуықалды және баданалық бездер жатады. Бұлар уретраның жамбас бөлігінің қабырғасында орналасып, өздерінің өзектерімен оның қуысына ашылады. Құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Көпіршікше без glandulae vesiculares қуықтың жоғарғы жағында, шәует жолының екі бүйірінде орналасқан жүп без. Оның өзегі шәует жолымен бірігіп, шәует төбешігіне (colliculus seminalis) ашылады. Ерекшеліктері. Айғырда көпіршікше бездің сырты тегіс, пішіні алмұртқа ұқсас, көпіршік тәрізді болып келеді. Ұзындығы см. Бұқаның, қошқардың, текенің көпіршікше безі көпбөлікті, тығыз, сырты бұдырлы, пішіні сопақша болады. Бұқада бездіңұзындығы см.қабанда без өте көлемді келеді, ұзындағы 15 см.итте бұл без болмайды. Көпіршікті бездің гистологиялық құрылысы. Без қабырғасында бірбірінен анық бөлінбеген үш қабық болады. Олар: кілегейлі, етті және адвентиция қабықтары. Кілегейлі қабығын бірқабатты призма тәрізді безді эпителий астарлайды. Оның астындағы өзіндік тақташаны борпылдақдәнекер ұлпасы құрайды. Қатпарланып жатқан кілегейлі қабығында кілегейлі сөл бөлетін көпіршікті-түтікшелі бездер болады. Етті қабығы нашар жетілген. Адвентицияны борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Қуықалды без (glandulae prostata) орналасу орнына қарай қабырғалық және қабырғадан тыс жатқан бездер болып екіге бөлінеді. Қабырғадан тыс жатқан без қуық мойнының дорсальды бетінде орналасады. Оның оң (logus dexter) және сол бүйір бөлігі (lobus sinisler lateralis) мен олардың аралығында ортаңғы мойыншығы (isthmus prostatae) және денесі(corpus prostatae) болады. Без өзектері шәует төбешігінің екі бүйіріне келіп ашылады. Қабырғалық бездер аталық уретра жамбас бөлігінің кілегейлі және етті қабықтарының арасындағы кеуекті денеде шашырай орналасқан. Сондықтан, оны шашыранды қуық алды без (glandula prostate disseminata) деп атайды. Без өзектері уретраның дорсальды қабырғасында екі қатар болып ашылады. Ерекшеліктері. Қуықалды без барлық жануарларда кездеседі. Айғырда қабырғадан тыс жатқан қуықалды бездің екі бүйір бөлігі мен мойыншығының пішіні таға тәріздес болып келеді. Ол уретрада орналасады. Шашыранды қуықалды без көлемі жағынан шағын, ол уретраның дорсальды қабырғасында болады.бұқада қабырғадан тыс жатқан қуықалды бездің тек ортаңғы бөлігі ғана болады. Шашыранды қуықалды безі негізінен несеп- жыныс өзегінің дорсальды 155

156 қабырғасында орналасады. Теке мен қошқарда қабырғадан тыс жатқан қуықалды без болмайды. Қабанда шашыранды қуықалды без ірі болып, уретраның кілегейлі қабығын қоршай орналасады. Қабырғадан тыс жатқан қуықалды бездің ортаңғы бөлігі ғана сақталған.төбетте шашыранды қуык алды без болмайды. Оның есесіне қабырғадан тыс жатқан қуықалды без өте ірі. Олар сай арқылы оң және сол бөліктерге бөлінген. Қуықалды бездің гистологиялық құрылысы. Без құрылысы жағынан күрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Куық алды безінің құрылысы, олардың орналасу орындарына байланысты. Без сыртынан дәнекер ұлпалықетті қапшықпен қапталған. Қапшықтан бездің ішіне қарай дәнекер ұлпалық-етті перделіктер тарала еніп, без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелерді қабырғасы бірқабатты (эпителиоциттердің биіктігі әр түрлі жануарларда түрліше) безді эпителийден тұратын, секреторлы соңғы бөлімдер құрайды. Соңғы бөлімдерден шығатын өзекшелер бір-бірімен қосылып, несеп-жыныс өзегіне ашылатын қуықалды безінің негізгі өзегін құрайды. Оның қабырғасы көпқабатты ауыспалы эпителийден тұрады. Қуық алды безінің секреті шәуетпен бір мезгілде бөлініп, қышқылдық ортаны бейтараптандырып, сперматозоидтардың қимыл-қозғалысын арттырады. Баданалық без (glandulae bulbourethralis) несеп-жыныс өзегінің (уретраның) жамбастық бөлімінің соңғы бөлігінде орналасқан жұп без. Баданалық безді жоғарғы жағынан бадана-кеуекті бұлшық ет (m.bulbocavernosus) жауып жатады. Ерекшеліктері. Айғырда баданалық бездің пішіні сопақша келген, ұзындағы 4 см, уретра қуысына ашылатын 5-8 өзегі болады.бұқада, қошқарда және текеде баданалық без онша көлемді емес, бездің бір шығару өзегі болады.қабанда баданалық без өте үлкен, пішіні цилиндр тәріздес, сыртқы беті бұдырлы болып келеді. Бездің өзегі несеп-жыныс өзегінің кілегейлі қабығындағы бітеу қалташаға ашылады.төбетте баданалық без болмайды. Баданалық бездің гистологиялық құрылысы. Баданалық без құрылысы жағынан күрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Бездің құрылысы жануарлардың түріне байланысты. Баданалық безді сыртынан қаптайтын дәнекер ұлпалық қапшықтан без ішіне енетін перделіктер, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелердегі секрет бөлетін соңғы бөлімдердің қабырғаларын бірқабатты призма тәрізді безді эпителий құрайды. Бездің шығару өзектерінің қабырғасы бірқабатты текше тәрізді эпителиймен астарланған. Баданалық бездің секреті жыныстық қатынас алдында бөлініп, несеп-жыныс өзегі қуысын зәр қалдықтарынан тазалайды. 156

157 Қосымша жыныс бездерінің сөлдері жануарлардың ұрықтануы кезінде маңызды рөл атқарады. Олар спермийлермен араласып, шәуетті (сперманы) түзуге қатысады. Спермийлерді қозғалысқа келтіріп, олар үшін қоректік қызмет атқарумен қатар, шәует жүрер алдында несеп-жыныс өзегі қуысын зәр қалдықтарынан тазалайды. Көпіршікше без сөлі ұрғашы жануарлар қынабына шәуеттен соң бөлініп, кілегейленіп, қоюланып, шәуеттіңаналықжыныс жолынан кері төгілмеуін қамтамасыз етеді. Бақылау сұрақтары: 1 Несеп-жыныс өзегінің орналасуы, құрылысы мен пайда болуы қандай? 2 Қосымша жыныс бездерінің анатомиялық-гистологиялық құрылысын атап беріңіз? 14.3 Жыныстық қатынас мүшесі мен күпек Сабақтың мақсаты: Жыныстық қатынас мүшесі мен күпектің құрылысын игеру Жыныстық қатынас мүшесі(половой член) penis кеуекті дене мен несеп-жыныс өзегінен құралған. Жыныстық қатынасмүшесінің үңгір қуысты денесі (corpus (spongiosus) cavernosus) екі жыныстық мүше аяқшасынан (crus penis) тұрады. Олар оңжәне сол шонданай төмпектерінен басталады. Әрбір аяқшаны жақсы жетілгеншонданай-үңгірқуысты бұлшық ет (m.ischiocavernosus) сыртынан қаптап жатады. Жыныстық қатынас мүшесінің аталған екі аяқшасы өзара бірігіп, жыныстық мүшенің тақ денесін (corpus penis) құрайды. Ол өз кезегінде сүйірленіп келіп, үңгірқуысты дене ұшына (арех corporis cavernosi penis) ауысады. Үңгірқуысты дененің ортасында, жыныстық қатынас мүшесінің ұзын бойымен бойлай орналасқан жыныстық мүше пердесі (septum penis) болады. Үңгірқуысты денені сыртынан тығыз дәнекер ұлпалы ақ қабық қаптап жатады. Қабықтан үңгірқуысты дененің ішіне қарай серпімді талшықтар және бірыңғай салалы ет миоциттерімен арқауланған тығыз дәнекер ұлпалы перделіктер (трабекулалар) бір-бірімен торлана байланысып, кеуекті денені құрайды. Ішкі беті эндотелиймен астарланған қан тамырларынан дамыған үңгірқуыстар осы тордың ішінде жатады. Қан үңгірқуыстарға терең жыныстық мүше артериялары (a.a.penis profundi) арқылы ағып келеді. Жыныстық қозу кезінде жүйкелік тітіркеністің әсерінен шонданай-үңгірқуысты бұлшық ет жиырылып, жыныстық мүшеден қанды алып шығатын жыныс венасын қысып, қанның әрі қарай ағуын тоқтатады. Осының нәтижесінде 157

158 үңгірқуыстар қанға толып, көлемі мен ұзындығы үлкейіп қатаяды. Бұл процесті эрекция деп атайды. Жыныстық қатынас мүшесі айғырда - қаса, күйісті жануарлардамен қабанда -қамшы, төбетте - шүкі (түкі) деп аталады. Ол жыныстық мүше түбірінен (radix penis), денесінен (corpus penis) және басынан (арехpenis) тұрады. Жыныстық қатынас мүшесінің түбірі мен денесін сыртынан қаптап жатқан тері, оның басына дейін созылып, жыныстық мүшенің терілік бүрік басы күпекті (praeputium) құрайды. Ерекшеліктері. Айғырдың жыныстық мүшесінің (қасаның) үңгір- қуысты денесі жақсы жетілген. Сондықтан, қаса өте қомақты келеді. Қасаның дөңгелек келген жуан басының пішіні тәж тәрізді. Оның вентральды бетіне жақын жыныстық мүше басының шұңқыры орналасады. Айғыр күпегінің құрылысы басқа жануарларға қарағанда күрделі. Себебі, ол сыртқы және ішкі күпектерден тұрады, яғни ол қос күпекті мүше. Бұқаның жыныстық мүшесінің (қамшы) пішіні цилиндр тәрізді, ұзын және жіңішке болып келеді. Ұманың артқы жағында, қамшының денесі S әрпі тәрізді иілім (flexura sigmoideapenis) түзеді. Оның жіңішкерген мойны және жалпақ келген қалпағы болады. Қалпақтың сол бүйірінде несеп-жыныс өзегінің өсіндісі орналасады. Жыныстықмүшенің күпегі жіңішке, ұзын (35-40 см), оның тесігі кіндіктен 4-5 см кейін ашылады. Күпекті алға және артқа тартатын краниальды күпек бұлшық еті және каудальды күпек бұлшық еті боладықошқар қамшысы бұқа қамшысына ұқсас, бірақ несепжыныс өсіндісі ұзындау келеді және Sәрпі тәрізді иіліп тұрады. Текеде қамшының несеп-жыныс өсіндісі қысқалау және түзу болып келеді. Қабан жыныстық мүшесінің құрылысы күйіс қайтаратын малдарға ұқсас, бірақ, S әрпі тәрізді иілімі ұманың алдыңғы жағында орналасады. Оның басы үшкірленіп келіп, шиыршықтала бұралып тұрады. Күпектің алдыңғы қабырғасында, оның кеңейген қалташасы болады. Төбеттің жыныстық мүшесі (түкі) басының негізін сүйек (os penis) құрайды. Оның вентральды бетінде уретра сайы орналасады. Жыныстық мүшенің басы ұзара келіп, оның артқы бөлігінде жыныстыққатынас кезінде ерекше үлкейетін баданасы болады. Осының арқасында эрекция ұзаққа созылады. Күпек praeputium екі жапырақтан, яғни париетальды және висцеральды беттен тұратын тері қаптары ретінде ұсынылады. Бұқаларда күпектің ұзындығы ұзын келген (35 40 см) және тар (3 см-ге дейін). Кіндіктен 4-5 см-ге каудальды жаққа қарай күпектің тесігі орналасқан. Сырты ұзын түкпен қапталған. Күпектің ішкі беті (париетальды) көптеген қабатты тегіс эпителиймен қапталған және түтікшелі бездерден құралған; ал висцеральды 158

159 беті қызғылт түске боялған және бездері болмайды. Күпектің каудальды бөлігінде лимфа түйіршіктері орналасқан. Бұқаның күпегі екі жұпты краниальды және висцеральды күпектік бұлшық еттен тұрады, олар оның бастапқы бөлігін алға немесе артқы қарай тартады. Краниальды күпектік бұлшық еттер mm. praeputiales craniales семсер тәріздес шеміршектің маңындағы құрсақ бұлшық етінің тері астынан басталады да, күпектің тесігі қасында бекітіледі. Олар күпекті алға қарай тартады. Каудальды күпектік бұлшық еттер mm. praeputiales caudales шаптан басталып, күпектің қапшықтың алдыңғы жағына дейін созылады. Ал олар күпекті артқа қарай созады. Ерекшеліктері: Қабандардың күпегінің шеттері қатты түкпен қапталған жіңішке күпектік тесігі арқылы ашылады. Препуцияның қуысы ұзын, сақиналы қатпармен жіңішке каудальды және кең краниальды бөліктерге бөлінген, күпектіңішкі беттері каудальды бөлігімен париетальды және висцеральды болып бөлінеді және оның түбі лимфа түйіршіктермен қапталған. Ал күпектің қаптың краниальды бөлігіндегі дорсальды қабырғадағы тесік соқыр қапқа апарады (ені 12 см-ге дейін жетеді) күпектің диверткулы diverticulum praeputialе; краниальды күпек бұлшық еттері әлсіз дамыған. Айғырларда сыртқы және ішкі препуция деп ажыратады; әр қайсысы екіден құралған үстіңгі және ішкі беттен және сыртқы мен ішкі күпек тесігінен тұрады. Сыртқы күпектің терең бетінде және ішкі күпектің үстіңігі бетінде май және тер бездері болады. Жыныстық қатынас мүшесінің бетін қаптап жатқан ішкі күпектің терең беті, тек оның алдын жауып жатады. Эрекция уақытында барлық ішкі күпек сыртқа шығады да, жыныстық қатынас мүшенің шығып жатқан бөлігін жабады. Төбеттің күпегі тегіс теріден жасалған қуыс қалыптастырады, яғни жыныстық қатынас мүшенің краниальды бөлігінен ғана. Күпектің сыртқы беті боп, кәдімгі тері қабаты саналады, ішкі беттері нәзік, қызғылт түсті, безсіз және көптеген лимфа түйіршіктерінен тұрады. Бақылау сұрақтары: 1 Үй жануарларының жыныстық қатынас мүшелерінің құрылысы мен ерекшеліктері қандай? 2 Үй жануарларының күпек құрылысы мен ерекшеліктері туралы айтып беріңіз? 159

160 15 Аналықтың көбею мүшелері Аналық көбею мүшелеріне: жұмыртқалық, жатыр түтігі, жатыр, қынап, несеп-жыныс кіреберісі, жыныс ернеулері мен клитор жатады Жұмыртқалық, жатыр түтігі мен жатыр Сабақтың мақсаты: Жұмыртқалық, жатыр түтігі мен жатырдың құрылысын игеру Жұмыртқалық(яичник) ovarium аналық жыныс торшалары овоциттер жетіліп, аналық жыныс гормондары бөлінетін, пішіні сопақша келген жұп паренхималы мүше. Үй жануарларында жұмыртқалық бел аумағының жамбас қуысына кіреберісінде, шажырқайға (mesovarium) ілініп тұрады. Шыжырқай арқылы жұмыртқалыққа қоректендіретін қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер енеді. Жұмыртқалықтың алдыңғы түтіктік, артқы жатырлық ұштары, жоғарғы шажырқайлық, төменгі бос жиектері, латеральды және медиальды беттері болады. Жұмыртқалықтың түтіктік ұшына жатыр түтігінің құйғышы (воронка), ал жатырлық ұшына өзіндік жұмыртқалық байламы (ligamentum ovarii proprium) арқылы жатыр мүйізі байланысады. Сыртынан ол бастама эпителиймен (бірқабатты текше тәрізді) және оның астындағы ақ қабықпен (тығыз дәнекер ұлпасы) қапталған. Жұмыртқалық фолликулалы және тамырлы екі аймақтан құралған. Фолликулалы аймақта жұмыртқа торшалары овоциттердің дамып жетілу процесі овогенез жүреді. Аталған аймақтың шеткі жағында бөлініп көбею сатысындағы жас жыныс торшалар майда біріншілік (примордиальды) фолликулдар (folliculi ovarii primarii) түрлі жануарларда түрліше топтасып жатады. Олардан сәл төменірек, біріншілік фолликулдарға қарағанда ірірек өсу сатысындағы жыныс торшалары өсуші фолликулдар орналасады. Жыныс торшалары пісіп жетілуге жақындағанда, фолликулдардың мөлшері тым үлкейіп, көпіршікті фолликулдарға (folliculi ovarii vesiculosi) айналады. Олар жарылғаннан соң, ішіндегі жетілген жұмыртқа торшасы көпіршіктегі фолликул сұйығымен бірге жұмыртқалықтан бөлініп, жатыр түтігі құйғышына өтеді. Фолликулдардың жарылу процесін овуляция (ovulatio) деп атайды. Жарылған көпіршікті фолликул орнында сары дене (corpus luteum) түзіледі. Сары дене торшалары прогестерон гормонын бөледі. Тамырлы аймақ арқылы жұмыртқалықты қоректендіретін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді. Жұмыртқалықтың стромасын борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. 160

161 Ерекшеліктері. Бие жұмыртқалығының пішіні жас малдарда сопақша, ал кейін жасы ұлғая келе лобия тәрізденіп өзгереді. Оның тамырлы аймағы шетінде, ал фолликулалы аймақ ортасында орналасады. Сыртынан жұмыртқалық сірлі және ақ қабықпен қапталған. Тек, оның вентральды бетіндегі жұмыртқа шұңқыры (fossa ovarii) ғана бастама эпителиймен қапталған. Овуляция тек осы шұңқырда ғана жүреді. Жұмыртқалықтың ұзындығы 5-8 см, салмағы 80 г. Оң жұмыртқалық 3-4-інші, ал сол жұмыртқалық 4-5-інші бел омыртқалардың тұсында шажырқайға ілініп тұрады. Басқа жануарларда жұмыртқалық сыртынан бастама эпителиймен қапталған. Олардың фолликулалы аймағы жұмыртқалықтың сыртқы шетінде, ал тамырлы аймағы ортаңғы бөлігінде орналасады. Сиыр жұмыртқалығының пішіні сопақша келген, салмағы 14-19г. Оң жұмыртқалықтың мөлшері сол жұмыртқалыққа қарағанда үлкенірек болады. Олар мықын сүйектің құйымшақ төмпегі тұсында қысқа шажырқайға ілінген. Қой мен ешкі жұмыртқалықтарының пішіні дөңгелек болып келеді. Мегежін жұмыртқалығында бір мезгілде ондаған жұмыртқа торшалары пісіп жетіледі. Осыған байланысты оның сыртқы беті бұдырлы келеді. Олар 5-6-ншы бел омыртқалар аумағында орналасқан. Қаншық жұмыртқалығы көлемі жағынан кішкентай болып келеді. Ол толығымен жұмыртқа қапшығының ішінде жатады. Жұмыртқалық 3-4-інші бел омыртқалар аумағында орналасады. Жұмыртқалықтың гистологиялық құрылысы. Жұмыртқалық сыртынан ішперденің жалғасы бастама эпителиймен және оның астындағы тығыз дәнекер ұлпалық ақ қабықпен қапталған. Бастама эпителий бірқабатты текше тәрізді эпителийден тұрады. Жұмыртқалық сыртқы қыртысты заттан немесе фолликулалы аймақтан, ішкі бозғылт заттан немесе тамырлы аймақтан құралған. Жұмыртқалық құрылысы жағынан қомақты паренхималы мүше Оның стромасын дәнекер ұлпасы құрайды. Қыртысты заттың стромасында аздаған коллаген талшықтары болады. Оны негізінен дәнекер ұлпасының аморфты затында орналасқан фибробласттар құрайды. Фолликулалы аймақтың дәнекер ұлпалық стромасында әр түрлі даму сатысындағы фолликулдар, сары жөне ыдырама денелер болады. Фолликулалы аймақтың шеткі, ақ қабықпен шектескен сыртқы жағында жекеленіп немесе топтасып орналасқан ұсақ алғашқы (примордиальды) фолликулдар жатады. Алғашқы фолликул жас овоциттен және оның сыртындағы фолликулалы қабықтан құралған. Фолликулалы қабықты бір қабатта орналасқан жалпақ фолликул торшалары түзеді. Жұмыртқалықтың орталығына қарай өсу сатысындағы ірі фолликулдар орналасады. Оларды өсуші фолликулдар деп атайды. Олардың ішіндегі жұмыртқа торшасының цитоплазмасында сарыуыз жинақталып, фолликулдардың көлемі өсіп ұлғаяды. Сыртындағы фолликул торшалары да, 161

162 бөліну арқылы көбейіп, бірқабатты текше тәрізді, одан соң, бірқабатты призма тәрізді фолликулалы қабыққа айналады. Фолликулалы қабықты овоциттен негіздік жарғақ шектеп, бөліп тұрады. Негіздік жарғақты мөлдірлігіне байланысты шыныша жарғақ дейді. Жұмыртқа торшасы одан әрі жетіліп ескен сайын, фолликулалы қабық торшалары да бөлініп көбейіп, көпқабатты қабыққа айналады. Фолликулалы қабықтың сыртындағы дәнекер ұлпалық стромадан фолликулдың дәнекер ұлпалық: ішкі тамырлы және сыртқы талшықты қабықтары (фолликул текасы) түзіледі. Жатыр түтігі (жұмыртқа жолы) яйцевод tuba uterina жұмыртқалық пен жатырдың аралығында орналасып, жаытырға ашылатын жіңішке иректелген жұп түтікше мүше. Оның жоғарғы жұмыртқалыққа жақын бөлігі қуысында ұрықтану процесі жүреді. Оның кеңейіп басталатын бөлігін жатыр түтігінің құйғышы (infundibulim tubaeuterinae), ал шашақталған жиегін түтік салпыншығы (fibria tubae) деп атайды. Жатыр түтігінің сыртқы сірлі қабығы жұмыртқа жолының шажырқайын түзеді. Аталған шажырқай жатырдың жалпақ байламының медиальды қатпары, ал жұмыртқалықтың шажырқайы жатырдың жалпақ байламының латеральды қатпары болып табылады. Бұлардың аралығында жұмыртқалықтың қапшығы (bursa ovarica) орналасады. Жатыр түтігінің гистологиялық құрылысы. Жұмыртқа жолының қабырғасы түтікше мүше ретінде: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан тұрады. Оның ішкі кілегейлі қабығында екі қабат ажыратылады. Олар: кірпікшелі және кірпікшесіз эпителий. Эпителиоциттер кірпікшелі жұмыртқа түтігі қуысындағы жұмыртқа торшасының жатырға қарай қозғалуына ықпалын тигізеді. Кірпікшесіз торшалардың пішіні текше тәрізді. Олар секрет бөлетін торшалар. Жатыр(матка) uterus плацентарлы (ұрық жолдасы толық жетілген) сүтқоректі жануарларда ұрық толық дамып жетілген қуысты түтікше мүше(cурет 50). Үй жануарларының жатыры құрылысы жағынан қосмүйізді жатыр түріне жатады. Жатыр қос жатыр мүйізінен (cornua uteri), тақ жатыр денесінен (corpus uteri) және тақ жатыр мойнынан (cervix uteri) тұрады. Жатыр мүйіздерінің үшкірленіп келген краниальды ұшындағы жатыр тесігіне жатыр түтігі ашылады. Жатыр мүйіздері мен денесінің қуыстары бірігіп, жатыр қуысын (cavum uteri.) түзеді. Жатыр қуысы өз кезегінде жатыр мойнының өзегі (canalis cervicalis uteri) арқылы қынапқа ашылады. Жатыр қабырғасының құрылысы. Түтікше мүше ретінде жатырдың қабырғасы ішкі кілегейлі (endometrium), ортаңғы етті (myometrium) және сыртқы сірлі (perimetrium) қабықтардан құралған. Кілегейлі қабықтың ішкі беті бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Эпителий торшаларының 162

163 ішінде кірпікшелі және кілегейлі-сірлі секрет бөлетін эпителиоциттер кездеседі. Эпителий қабатының астында борпылдақ дәнекер жөне торлы ұлпалардан тұратын өзіндік тақташа мен кілегейлі асты негіз орналасады. Эндометрийде кілегей бөлетін түтікше жатыр бездері : (glandulae uteri) болады. Бұндай бездер негізінен жатырдың мүйізі мен денесінде көптеп кездеседі. Жатыр мойнының қатпарлы кілегейлі қабығында бездер болмайды. Жатырдың етті қабығы миометрий үш қабаттан: ішкі сақинаша, ортаңғы тамырлы және сыртқы ұзынша қабаттардан тұрады. Ішкі сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттарды бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері түзеді. Оның ішкі сақинаша қабаты сыртқы ұзынша қабатына қарағанда едәуір жақсы жетілген. Миометрийдің ортаңғы борпылдақ дәнекер ұлпалық тамырлы қабатында жатыр қабырғасын қоректендіретін ірі қан тамырлары болады. Етті қабық жатырдың мойын аумағында мойын өзегінің қысқыш бұлшық етін құрайды. Сірлі қабық периметрий жатырды сыртынан қаптай келіп, оның екі бүйірінде тоғысады да, жатырдың жалпақ байламын (ligamentum latum uteri) немесе жатыр шажырқайын (myometrium) түзеді. Ол краниальды бағытта жұмыртқалық пен жатыр түтігінің шажырқайына ауысады. Осы байламның екі бүйіріндегі қатпарлар арқылы жатырдың жұмыр байламы (ligamentum teres uteri) өтеді. Жұмыр байлам еннің бағыттағыш байламы сияқты шап өзегі тесігінің аумағына қарай бағытталады. Ол байламдар жатырды құрсақ және жамбас қуыстарының қабырғаларына бекітеді. Олар арқылы жатырға қан тамырлары мен жүйкелер өтеді. Жануарлар жатырлары негізінен құрсақ қуысының шат аумағында орналасады. 163

164 50 - сурет. Аналықтың жыныс мүшесі (дорсальды беті) Ерекшеліктері. Бие жатырының мүйіздері денесіне қарағанда сәл ұзындау келеді. Олардың алға қарай краниальды бағытта жатқан жұмыр ұшы доғалданып аяқталады. Жатыр мүйізінің пішіні жайпақ доға тәрізді сәл иіліп тұрады. Оның дөңес келген жиегі төмен, ал ойыс жиегі жоғары қарай бағытталған. Жатыр мойнының қабырғасы қалың, цилиндр пішіндес болып, қынап қуысына шүмек тәрізді кіріп тұрады. Сыртқы жатыр тесігі кілегейлі қабықтың ұзынша қатпарларымен қоршалған. Жатыр 3-4-інші бел омыртқаларынан 4-інші құйымшақ омыртқаларының аралығындағы қабырғаға бекітілген. Сиыр мен ұсақ малдарда жатыр мүйізі шиыршықтала иіліп, пішіні қошқар мүйізіне ұқсас келеді. Жатыр денесі ұзын болғанымен, ішкі қуысының бір бөлігі аралық перде арқылы екіге бөлінген. Жатыр мойнының қабырғасы қалың, ұзындығы 7-11 см-дей болып оқшауланып тұрады. Жатыр мүйізі мен денесінің кілегейлі қабығында, әрбір қатарында тен төрт қатар орналасқан жатыр сүйелшелері (карункулалары) (caruncula uteri) болады. Карункулаларда іштөлі қабықтарының бүрлері жатыр қабырғасымен байланысатын жатыр кірмелері (cryptae uterinae) орналасады. Ұсақ малдардың жатыр карункулаларының бетінде шұңқыр болады. Мегежін жатырының мүйіздері өте ұзын ( см), пішіні ішек ілмектеріне ұқсас болады. Жатыр денесі қысқа (5 см), ал мойны одан үш еседей ұзын келеді. Бұдырлы қатпарлармен жабдықталған жатыр мойнының кілегейлі қабығы ешқандай шекарасыз қынапқа ауысады. Қаншық жатырының мүйізі жіңішке, ұзын және 164

165 екіге айырылған. Жатыр денесі одан 4-5 есе қысқа болады. Жатыр мойнының кілегейлі қабығы ұзынынан және көлденеңінен орналасқан қатпарлар түзеді. Бақылау сұрақтары: 1 Жұмыртқалықтың құрылысын сипаттап беріңіз? 2 Жұмыртқа түтігі не үшін және қалай құрылған? 3 Сиырдың жатырында қандай анатомиялық құрылысын айыруға болады? 4 Шошқаның, жылқы мен иттің жатыр құрылысының ерекшелігі неде? 15.2 Сыртқы жыныс мүшелері Сабақтың мақсаты: Аналықтың сыртқы жыныс мүшелерінің құрылысын игеру Қынап (влагалище) vagina жыныстық қатынасты және төлдің туу процесін қамтамасыз ететін, жатыр мен несеп-жыныс кіреберісі аралығында орналасқан тақ түтікше мүше. Ол жамбас қуысында жатырдан кейін орналасып, ешқандай шекарасыз несеп-жыныстық кіреберіске өтеді. Олардың шекарасын уретраның сыртқы тесігі белгілеп тұрады. Қынаптың қабырғасы кілегейлі, етті қабықтардан және сыртқы адвентициядан тұрады. Оның қатпарлы безсіз кілегейлі қабығы сақинаша және сыртқы ұзынша қабаттардан құралған. Қынаптың сыртқы краниальды бөлігін ғана сірлі қабық, ал қалған негізгі бөлігін адвентиция қабығы қаптан жатады. Ерекшеліктері. Бие қынабы несеп-жыныс кіреберісінен ұзындау болады. Жатыр шүмегі кіріп тұрған оның алдыңғы жағындағы саңылауын қынап күмбезі (fornix vaginae) деп атайды. Сиыр қынабы несеп-жыныс кіреберісінен екі есе ұзын, оның күмбезі тек шүмектің дорсальды жағынан ғана байқалады. Ұсақ малдардың қынабы құрылысы жағынан сиыр қынабына ұқсас болып келеді. Мегежін қынабының пішіні жіңішке түтік тәрізді, күмбезі болмайды. Қаншық қынабының ұзындығы несеп-жыныс кіреберісіне қарағанда ұзын болады. Күмбезі айқын байқалады. Несеп-жыныс кіреберісі(мочеполовое преддверие) vestibulum urogenitale каудальды бағытта сыртқы жыныс мүшелерімен аяқталады. Несеп-жыныс кіреберісі қабырғасының құрылысы қынапқа ұқсас. Оның етті қабығындағы бірыңғай салалы ет ұлпасы қабатын сыртынан көлденең жолақты ет ұлпасынан түзілген кіреберістік қысқыш бұлшық ет (m. constrictor vestibuli.) сақина тәрізді сыртынан қоршап жатады. Ерекшеліктері. Биенің несеп-жыныс кіреберісінде кіреберістік вентральды (кіші) бездермен (glаndulа vestibularis ventralis s.minores) қатар, 165

166 латеральды (үлкен) кіреберістік бездер (glапdulа vestibularis ventralis s.majores) болады. Кілегейлі қабықтың астында үңгір қуысты денеден тұратын жұп үңгір қуысты кіреберістік бадана (bulbus cavernosusvestibuli) орналасады. Сиырда және ұсақ малдарда латеральды кіреберістік бездер жақсы жетілген. Оның өзектерінің ірі тесіктері кілегейлі қабық қатпарларының арасына ашылады. Мегежіннің несеп-жыныс кіреберісінің бүйір қабырғасында үңгір қуысты дене бөлігінің бар екендігі байқалады. Уретра тесігінен кейін, кілегейлі қабық екі жұп қатпар түзеді. Вентральды кіреберістік бездердің өзектері ұзынша қатпарлардың арасына ашылады. Қаншық несеп-жыныс кіреберісі кілегейлі қабығының астында үңгір қуысты денедей түзілген жұп бадана болады. Олар қанға толған кезде тым үлкейіп, кіреберіс қуысын тарылтады. Сыртқы жыныс мүшелеріне (наружные половые органы) немесе вульваға (pudendum femininum, s.vulva) жыныс ернеулері, жыныс саңылауы және клитор жатады. Жыныс ернеулері(половые губы) labia vulvae жоғарғы және төменгі жағынан дорсальды және вентральды бітістер (commissural labiorum dorsale et ventrale) арқылы жалғасады. Оның негізін бірыңғай салалы және көлденең жолақты ет ұлпаларынан тұратын жыныс саңылауының қысқыш еті (m.constrictor vulvae) құрайды. Жыныс ернеулері терісінің медиальды беті көп қабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Ерекшеліктері: шошқалардың жыныс ернеулерінің вентральды бітістері ұшталған, одан тілше тәріздес салпыншақ төменге қарай түседі. Биенің жыныс ернеулерінің дорсальды бұрышы ұшталған, ал вентральды бұрышы жұмырланған; жыныс ернеулерінің сытқы беті пигменттелген терімен қапталған; ерін қабатында қысқыш вульва орналасқан; вульваның вентральды ұшынан осы бұлшық еттен клиторға дейін бұлшық ет будасы өтеді (жыныс тегісінің «жапықтау»). Аналық иттердің жыныс ернеуі білек тәріздес. Клитор clitor үңгір қуысты денеден құралған. Оның аяқшасы, денесі және төбесі болады. Клитордың аяқшалары шонданай төмпегіне бекиді. Аяқтарымен бірге жанасып, клитордың біршама ұзын денесін corpus clitoridis (12 см-ге дейін) қалыптастырады және ол клитордың ұшымен glans clitoridis аяқталады. Ол клитордың күпегімен praeputium clitoridis жабылған. Ерекшеліктері: шошқалардың клиторы өте ұзын келген, кішкене ғана иілген және несеп-жыныс кіреберісіне жақын орналасады да, күпек қпшығында жойылады. Ал клитордың ұшы жазық конус тәріздес жыныстық тесігінде шығады. Биенің клиторы мықын ойығынан басталады. Клитордың ұшы немесе басы вульваның вентральды бұрышынан емін-еркін көрінеді. Ал клитордың күпекті 166

167 қапшығы клитордың шұңқырын түзеді. Қаншықтың клиторы жақсы дамыған, сонымен қатар жіңішке аяқтары мен кең жазық денесі және денесінің ұшында клитордың басы бар. Ол кең және терең күпекті шңнқырмен көрінбей, жбылған. Бақылау сұрақтары: 1 Қынап пен несеп-жыныс кіреберісінің топографиясы мен құрылысы туралы айтып беріңіз 2 Аналықтардың сыртқы жыныс мүшелері туралы айтып беріңіз. 16 Ангиология Тамырлар жүйесі (сосудистая система) немесе жүрек-тамырлар жүйесі angiologia мен қанжасау мүшелері жануарлар организміндегі торшалық ұлпалықдеңгейдегі зат алмасуды (қоректік заттарды, оттегіні организмнің ұлпалары мен торшаларына жеткізу, зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері мен көмірқышқыл газын бөлу мүшелеріне тасымалдау), гуморальдық реттелуді, дене қызуының реттелуін қамтамасыз етумен қатар, маңызды қорғаныс қызметтерін де атқарады. Тамырлар жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімін angiologia(ірек. angion тамыр; logos ілім) деп атайды. Тамырлар жүйесі өз кезегінде құрылысы мен қызметі жағынан бір-бірімен тығыз байланысты және дамуы біртекті үш: қан айналым, лимфаайналым және қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелері жүйелерінен құралған. Жануарлар организміндегі қан тамырлары құрылысы мен атқаратын қызметіне байланысты: артериялар (қызылтамырлар), веналар (көктамырлар) және микроайналым арнасының тамырлары болып үшке бөлінеді. Организмнің үлкен қанайналым шеңберінде қолқа және артериялар арқылы жүректің сол қарыншасынан дене мүшелеріне оттегіге қаныққан артерия қаны, ал веналармен, керісінше, дене мүшелерінен жүректің оң жүрекшесіне көмірқышқыл газына қаныққан вена қаңы тасымалданады. Кіші қанайналым шеңберінде жүректің оң қарыншасынан өкпеге өкпе артериясы бағаны арқылы вена қаны, ал өкпеден жүректің сол жүрекшесіне өкпе веналарымен артерия қаны тасымалданады. Артериялар қанды жүректен организм мүшелеріне, веналар дене мүшелерінен жүрекке тасымалдайтын ірі қан тамырлары. Микроайналым арнасының тамырлары артерия тамырлары жүйесін вена тамырлары жүйесімен байланыстырып, организм мүшелеріндегі қан мен ұлпалар арасындағы торшалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды іске 167

168 асыратын жұқа қабырғалы майда қан тамырлары. Тек, ғажап торларда ғана қан капиллярлары (қылтамырлар) артерияларды немесе веналарды (бүйректе, бауырда) өзара байланыстырады. Қан тамырлары мезенхимадан дамиды Жүрек, жүрекқап, жүректің құрылысы Сабақтың мақсаты: Жүрекқап, жүректің құрылысын игеру Жүрек қап (үлпершек) pericardium жүректі сыртынан қаптап, оның бірқалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Ол үш қабаттан тұрады. Оның сыртқы қабаты көкірекортасының плеврасы (сірлі қабық). Жүрек қаптың негізін көкірекіштік шандырдың жүрек тұсындағы бөлігі талшықты (фиброзды) қабат laminafibrosa құрайды. Үлпершектің ішкі бетін жүрекқаптың сірлі қабығының қабырғалық жапырақшасы (париетальды жапырақша) lamina parietalis астарлайды. Ішкі сірлі қабат жүректің табаны арқылы, оның сыртқы бетіне өтіп, жүректің сыртқы қабығы эпикардты (висцеральды жапырақша) lamina visceralis құрайды. Жүрек пен жүрек қаптың аралығындағы қуысты перикард қуысы (cavum pericardiaса) дейді. Бұл қуыста жүрек пен жүрекқаптың беттерін сылап тұратын аздаған сірлі сұйықтық болады. Жүрек қапшығы кеуде сүйегіне арнайы байламдармен ligamentae sternopericardiaca, ал омыртқа бағанына жүрек ішіне кіріп жатқан тамырлармен бекітіледі. Жүрек(сердце) грек. kardia,лат. cor жануарлар организміндегі ішкі орта сұйық ұлпаларын қозғалысқа келтіретін орталық мүше(cурет 51). Олкөкірек қуысында, екі өкпенің аралығында солға қарай ығыса орналасады. Жүректің пішіні конус тәрізді. Оның жоғарғы жүрек табаны (негізі) basis cordis бірінші қабырғаның орта тұсында немесе иықбуыныныңдеңгейінде, ал төменгі жүрек ұшы (apex cordis) сол жақтағы 5-6-ншы қабырғааралық кеңістікте, төссүйекке жақын орналасады. Жүректің алдыңғы дөңестеу жиегі үшінші, артқы жиегі алтыншы қабырғалар бойымен өтеді. Жүретөрт бөлімнен тұратын етті-қуысты мүше. Оның қабырғасы үш: ішкі эндокард, ортаңғы миокард, сыртқы эпикард қабықтардан құралған. Жүректің сыртқы бетіндегітабанынан ұшына қарай ұзынынан өтетін оң және сол қарама-қарсы жақтарындағы ұзынша сайлар (sulcus longitudinalis dexter et sinister) мен сол сайлар тұсында орналасқан ішкі ет перде жүрек қуысын: оң және сол бөліктерге бөледі. Бұл бөліктер жоғарғы жүрекшелерден (atrium cordis) және төменгі қарыншалардан (ventriculuscordis) тұрады. Жүрекшелер қабырғаларынан сыртқа қарай қапшық тәрізді оң және сол жүрекше құлақшалары (auriculae atrii dextra et sinistra.) шығып тұрады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша қуыстары бір-бірімен өзара оң және сол жүрекше-қарыншааралық (атриоентрикулалы) 168

169 тесіктер (ostiumatrio-ventriculares) арқылы қатысады. Аталған тесіктер жүректегі қанды жүрекше қуысынан қарынша қуысына қарай бір бағытта ғана ағызатын қақпақшалармен (клапандармен) жабдықталған. Оңжүрекшеқарыншааралықтесікте оң атрио-вентрикулалы немесе үшжақтаулы қақпақша (valvulaatrioventricularis dextra s.valva tricuspidalis), ал сол жүрекше- қарынша аралықтесікте сол атрио-вентрикулалы немесе қосжақтаулы (митральды)қақпақша (valvulaatrioventricularis sinistra s.valva bicuspidalis s.mitralis) орналасады. Қақпақшалар жақтауларының ұштарысіңірлі желілер (chordate tendineae) арқылы жүрек қабырғасындағы емізікше еттерге (mm.papillaris) бекиді. Қақпақшалар жүрекшелер қуыстарынан қарыншалар қуыстарына қарайашылады, ал кері бағытта жүрекшеқарыншааралықтесіктерді жауып, қанды қарыншалар қуыстарынан жүрекшелер қуыстарына өткізбейді. Оң жүрекшеге организмнен вена қанын алдыңғы және артқы қуыс веналар (vena cava cranialis et caudalis) алып келеді. Оң жүрекше қабырғасы жиырылғанда. вена қанының қысымымен оң атрио-вентрикулалы (үшжақтаулы) қақпақша төмен оң қарынша қуысына қарай ашылып, вена қаны қарынша қуысына өтеді. Қанға толғаннан кейін, оң қарынша қабырғасы жиырылады да, қанның қысымымен оң атрио-вентрикулалы қақпақша оң жүрекше- қарыншааралық тесікті жабады. Вена қаны үлкен қысыммен оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағанына (truncus pulmonalis) ағып өтеді де, өкпеге барады. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, вена қаны артерия қанына айналады. Оң қарыншадан өкпе артериясы бағаны басталатын тесік үш айшықты қақпақшамен (valvula semilunaris) жабдықталған. Бұлар вена қанын тек бір бағытта, яғни оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағаны арнасына қарай өткізіп, кері бағытта тесікті жауып, қанның артерия арнасынан оң қарынша қуысына кері өтуіне мүмкіндік бермейді. Жүрек жүрекшелері мен қарыншаларының ырғақты да, жүйелі қызметін жүректің жүйке-бұлшық ет жүйесі (systema sinoventricularis cordis) реттейді. Аталған жүйені қойнау-жүрекше (nodus sinoatrialis) және жүрекше-қарынша (nodus atrioventricularis) жүйке және бұлшық еттүйіндері, жүрекше-қарынша бұлшық ет түйінінен, яғни жүрекшелерден қарыншаларға қарай төмен бағытталған атриоентрикулалы буда (fasciculus atrioventricularis) және одан таралатын оң және сол аяқшалар (crus dexter et sinister) құрайды 169

170 51 - сурет. Жүрек пен тамырлардың құрылысы Жүректің сол қарыншасынан қолқа арнасына өтетін артерия қанының 10%-ы жүрек қабырғасын қоректендіруге жұмсалады. Жүректің қан тамырларына: оң және сол тәждік артериялар мен үлкен, ортаңғы, кіші жүрек веналары жатады.жүректің жұмысын жүйке жүйесі вегетативті бөлімінің симпатикалықжәне парасимпатикалық бөліктері қосарынан жүйкелендіріп реттеп отырады. Симпатикалық жүйкелер жүректің бұлшық етін, оның қан тамырларын жүйкелендіріп, жиырылуын жиілетіп, жұмысын күшейтеді. Парасимпатикалық жүйкелер жүректің жұмысын баяулатып, жиырылуын сиретеді. Өкпеден артерия қаны 3-4 өкпе веналары (venae pulmonales) арқылы жүректің сол жүрекшесіне құйылады. Одан артерия қаны сол атриовентрикулалы (қосжақтаулы) тесік арқылы сол қарыншаға, одан әрі қолқа(аорта) - aorta- тесігімен қолқа арнасына өтеді. Қолқа тесігі де, артерия қанын тек бір бағытта, яғни сол қарынша қуысынан қолқа арнасына қарай өткізетін үш айшықты қақпақшамен жабдықталған. Оң және сол атриовентрикулалы және өкпе артериясы бағаны мен қолқа арналары тесіктерінің негізін талшықты (фиброзды) сақиналар құрайдыбұлар жүректің қаңқасы қызметін атқарады. Жүректің сыртқы бетінде тәждік артериялар (a.coronaria) өтетін көлденең немесе тәждік сай (sulcus coronarius) болады. 170

171 Жүрек ұрықтық кезеңде эндокард endocardium мезенхимадан, миокард myocardium пен эпикард epioardium мезодермадан дамып жетіледі. Алдыңғы кезде екі түтікше болып қалыптасып, соңынан олар бірігіп, жүректі құрайды Бақылау сұрақтары: 1 Сүтқоректілердің жүрегі неше камерадан тұрады? 2 Жүректің қанқасы қайда орналасқан. Кейбір үй жануарларының жүрек ерекшеліктері қандай? 3 Қандай тесіктер арқылы жүрек құлақшалары қарыншамен араласады? 4 Жүрек қабаты мен жүрек үлпершегін атап беріңіз? 16.2 Өткізгіш жүйе, жүректің тамырлары мен жүйке-жүйесі Сабақтың мақсаты: Өткізгіш жүйе, жүректің тамырлары мен жүйке жүйенің құрылысын игеру Жүректің синовентрикулярлы жүйесі systema sinoventriculares cordis жүректің қалыпты жұмысымен қамтамасыз етеді. Онда, екі түйінді ажыратады синоаурикулярлы және атриовентрикулярлы, атриовентрикулярлы буда мен Пуркин талшығын. Синоаурикулярлы, немесе синусты түйін nodus sinuatrialis (nodulus sinoauricularis, Keith Flack) бозғыл қызыл түсті, Оң жүрек құлағы мен алдыңғы қуыс венаның арасындағы шекаралық жерде орналасқан. Оның пішіні семсер тәрізді, ұзындығы 3-5 см, ені 1 см және қалыңдығы 3 мм болып келеді. Атриовентрикулярлы, немесе жүрекше түйіні nodus atrioventricularis (Aschoff Tawara) үлкен жүрек венасының қасындағы сопақша шұңқырдан алшақ вентральды түрде жатыр. Өзінің краниальды ұшымен атриовентрикулярлы будаға ауысады. Атриовентрикулярлы буда fasciculus atrioventricularis жалпы аяқшалар түрінде көрсетілген crus communis, оның ұзындығы 0,9 1,2 см, ені 5 7 мм; қарыншалардың жиектерінде оң жіңішке және сол қалың аяқтарға бөлінеді crus dextrum et sinistrum. Құрамында көлденең бұлшық еті бар оң аяғы жүректің қабырғасына бірте-бірте ауысады. Ал сол аяқшасы емізікшелі бұлшық еттің негізіне ауысады. Пуркин талшығы эндокард астында, әсіресе ақшыл келген өрім түрінде сол қарыншасында жақсы көрінеді. Лимфа қуысы Пуркин талшығын аяқтардың негізінен ажыратады. 171

172 Жүректің жүйке-жүйесі nervi cordis жұлдызшалы түйіннен қалыптасады симпатикалық жүйке-жүйе nn. Accellerantes cordis және кезеген жүйкеден парасимпатикалық жүйке-жүйесі п. depressor cordis. Осы жүйкелер жүректе алты өрім құрайды (В. П. Воробьев): өкпе артериясының негізінде орналасқан оң және сол жағында екеу, қуыс венасының арасында біреу, өкпе венасының алдыңда және артыңда бір-бірден және жүрекшенің алдыңғы қабырғасында біреу орналасқан. Сонымен қатар, жүрек сезімтал талшықтардан да тұрады (И. Догель), олар nn. Accellerantes құрамына кіреді. Онда тежегіш, тездеткіш, әлсіреткіш және күшейткіш жүйкелер өтеді (И. П. Павлов). Жүректің тамырлары vasa cordis оң және сол артерияларымен, үлкен, орташа және кішкентай жүрек веналарымен ұсынылған. Оң вена артериясы a. Coronaria cordis dextra және сол вена артериясы a. Coronaria cordis sinistra ең алдымен жүректің веналы шеттерінен өтеді, сосын бір-бірімен ұштасады. Тек, содан кейін жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз ету мақсатында көлденен шеттерге өтеді де, кішкентай қатарлы бұтақтарға бөлінеді. Оң жүрекшеге түсетін жүректің оң қарыншасының веналы қаны кішкентай жүрек веналары арқылы жиналады. Артқы қуыс венаның оң жүрекшесіне ашылатын жүректің басқа бөлімдерден веналы қан орташа және үлкен жүрек веналары арқылы жылжиды. Ерекшеліктері: шошқалардың жүрегі жазық. Артқы қуыс венаның қасындағы оң жүрекшеге сол жұп емес вена кіреді. Қосымша көлденең шеті әлсіз ғана байқалады. Сол жүрекшедегі айдарлы бұлшық еті жақсы көрінген. Сопақша тесіктері 20% жағдайда өсіп кетпейді. Үш жақтаулы қақпақ әлсіз дамыған төртінші қақпадан тұрады. Қос жақтаулы қақпақта екі кішкентай қосымша қақпалар бар. Оң қарыншадағы сіңірлі желілер 5-еу, ал сол қарыншада он бір. Емізікшелі бұлшық еттер ұзын, оның оң қарыншасында қабырғалық жақсы дамыған. Аортаның айшық қақпақ жармасында - 96% жағдайда және өкпе артериясында 26% жағдайда аранциевті түйіндер кездеседі. Оң көлденен бұлшық еті етті және бірнеше жиі тәжден тұрады. Сол жүрекшедегі көлденен бұлшық еттер әлсіз дамыған. Аорталы фиброзды сақинашада бір жүрек шеміршегі cartilage cordis орналасқан. Сол және оң веналы артериялар жақсы дамыған. Жүректің салмағы жануардың салмағынан 0,28% құрайды. Жүрек кеуде қуысының сол жақ бөлігіндегі 3 /5 бөлігінде, яғни кеуде сүйегінің 3-ші және 6-шы қабырғасына қарай ығысып орналасқан.оның ұшы 7-ші қабырға шеміршегіне дейін жетеді. Жүрек үлпершегі кеудеге қабырға шеміршегінің 3-шіден 7-шіге дейін тіркелген. 172

173 Жылқылардың жүрегін сиырмен салыстырғанда одан да жазық келген. 3-ші және 6-шы қабырғаға дейін орналасқан. 3 /5 бөлігі ортадан солға қарай орналасқан. Жүректің ұшы - диафрагманы 6-8 см-ге дейін және кеудені 1 см-ге дейін жетпей, 6-шы сол қабырғаның төменгі ұшына қарсы жатыр. Веналы синустың дорсальды қабырғасы немесе алдыңғы қуыс венаға оң жақты жұп емес вена кіреді. Ал сол жақты жұп емес венасы мүлдем жоқ. Оң қарыншаның қабырғасымен салыстырғанда, сол қарыншаның қабырғасы 2,5 есеге қалың келеді. Жұп жақтаулы, үш жақтаулы және айшық қақпақшаларының құрылысы сиырдың жүрек құрылысымен ұқсас. Аорталы фиброзды сақинашада 1-3 жүрек шеміршегі бар; сақа жануарларда олар сүйектеніп кетті. Венаның артерияларының екеуі де жақсы дамыған. Жүректің салмағы ауыр жүк тасушы жануардың салмағынан 0,6%тербеледі, ал желісті жылқылардың жүрегі 1,04% дейін. Иттің жүрегі жұмырланған және оның ұшы сәл ғана жазықтау. Оның оң және сол қалын шеттерін, кеуде және диафрагма беттерін ажыратады. Оның үстінен оң және сол көлденен шеттері өтеді. Оң жақ жүрекшеге немесе алдыңғы қуыс венаға оң жақты жұп емес вена кіреді. Сол жақты жүрекшеге төрт өкпе веналары ашылады. Артқы қуыс венаның сағасы кезінде, яғни үлкен жүрек вена сағасының шекарасында артқы қуыс венаның қақпағы орналасқан. Жұп жақтаулы қақпақта кішкентай емес үшінші жақтау бар, ал үш жақтаулы қақпақта төртінші. Аортаның қақпағының жақтауында аранциевті түйіндер барлық жерде кездеседі, ал өкпе артериясында, тек - 30% жағдайда. Аортаның фиброзды сақинашада кішкентай үш шеміршек жатыр, сақа иттерде олар жойылады. Жүрек кеуде қуысында көлденен орналасқан. Оның ұшы қабырға шеміршегіне қарсы, сол жаққа қарай орналасқан. Кеуде қабырғасының 5-ші қабырғасына қарай және сол жақта 4-6 қабырғалары қасында жүрек орналасқан. Бақылау сұрақтары: 1 Жүректің өткізгіш жүйесі қайда орналасқан және оның құрамына не кіреді: 2 Жүректің қанмен қамтамасыз ету мен жүйкелену қалай жүзеге асады? 17 Қан тамырлары 17.1 Кіші қан айналым шеңберінің тамырлары, аорта мен жалпы иық-бас бағаны Сабақтың мақсаты: Кіші қан айналым шеңберінің тамырлары, аорта мен жалпы иық-бас бағанын игеру 173

174 Қан айналым шеңберлері. Жануарлар организмінде кіші және үлкен қан айналым шеңберлері ажыратылады. Кіші немесе өкпе қан айналым шеңбері жүректің оң қарыншасынан (вена қаны) өкпе бағаны артериясымен өкпеге барып, одан өкпе веналары арқылы (артерия қаны) жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, жүректен келген вена қаны көмірқышқыл газын ауаға бөліп, ауа құрамындағы оттегімен қанығып, артерия қанына айналадыда, өкпе веналары арқылы жүректің сол жүрекшесіне барады. Өкпе артерия бағаны(truncus pulmonalis) жүректен шамалы кеңейіп басталады. Бағанның бұл аймағын өкпе артерия бағанының қойнауы(sinus trunci pulmonalis) деп атайды. Өкпе артерия бағаны жүректен шыққан соң, дорсо-каудальды бағытта көтеріліп, өкпе түбірі маңында оң және сол өкпе артерияларына(a. pulmonalis dexter et sinister) ажырайды(cурет 52). Сол өкпе артериясы өз кезегінде екі: алдыңғы және артқы тармақтарға, ал оң өкпе артериясы төрт: алдыңғы, ортаңғы, артқы және қосымша тармақтарға бөлінеді. Аталған артериялар бронхтар тарамы бойымен тармақтала отырып, өкпе альвеолалары қабырғаларын шырмай орналасқан қан капиллярларына айналады. Альвеолалар тарамындағы ауа мен қанның арасындағы газ алмасу процесінен кейін, өкпеге әкелінген вена қаны оттегімен қаныққан артерия қанына айналады. Артерия қаны өкпе көпіршіктері тарамындағы капиллярлар арқылы, осы қан капиллярларының бір-бірімен өзара қосылуынан түзілген өкпе веналарына (3-4) өтеді. Артерия қаны өкпеден өкпе веналары(vv. pulmonales) арқылы аттас артериялар бойымен кері бағытта жүректің сол жүрекшесіне әкелінеді. Үлкен немесе жүйелік қан айналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан (артерия қаны) қолқамен барлық артериялар арқылы организмнің барлық мүшелер жүйелеріне барып, қан капиллярларына таралып, одан әрі веналар арқылы (вена қаны) жүректің оң жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Үлкен қан айналым шеңбері организмнің барлық мүшелер жүйелеріндегі зат және газ алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Аталған процестер микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен қоршаған ұлпалар арасында жүреді. Қолқа(аорта) aorta үй жануарлары организмдеріндегі негізгі қоректендіргіш магистральды артерия. Ол омыртқа бағанының төменгі (вентральды) бетінің сол жағымен өтеді. Қолқа жүректен шыққан бойда, омыртқа бағанына қарай жоғары бағытталады. Жүректің негізі мен омыртқа бағаны аралығындағы қолқаның артқа қарай иілген бөлігін қолқа доғасы arcus aortae деп атайды. Қолқа доғасынан қолқаның көкеттегі (диафрагмадағы) қолқа тесігіне дейінгі бөлігін көкірек қолқасы, ал оның 174

175 диафрагмадан кейін орналасқан құрсақ қуысындағы бөлігін құрсақ қолқасы деп атайды. Құрсақ қуысындағы құрсақ қолқасынан 5-інші және 6-ыншы бел омыртқалардың тұсында сыртқы және ішкі мықын артериялары таралғаннан кейін, құйымшақ аумағында құрсақ қолқасының жалғасы орталық құйымшақ артериясы, ал құйрық омыртқалар аумағында орталық құйрық артериясы деп аталады. Үлкен қанайналым шеңберіндегі артериялық тамырлар жүйесі қолқаның тармақтары. Қолқа доғасы(дуга аорты) arcus aortae бас, мойын, көкірек керегесі қабырғасының алдыңғы бөлігі мен алдыңғы аяқтарды артерия қанымен қамтамасыз етеді. Қолқажүректің сол қарыншасынан шыққан бойда, оның арнасы кеңейіп басталады. Қолқаның кеңейіп басталған бөлігін қолқа баданасы bulbus aortae деп атайды. Қолқа баданасының қабырғасы мен оның ішкі бетіндегі қолқаның үш айшықты қақпақшалары бірігіп, қолқа қойнауын (синусын)sinusaortae жасайды. Қолқа доғасынан дененің бас, мойын мен көкірек керегесі қабырғасының төменгі бөлігін мен алдыңғы аяқтарды артерия қанымен қамтамасыз ететін, жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда иық-бас артерия бағаны, ал шошқа мен итте сол бұғанаасты артериясы мен иық-бас артериялары жеке дара бөлінеді. Иық-бас бағаны(плечеголовной ствол) truncus brachiocephalicus communis. Иық-бас бағанынан алдымен сол бұғанаасты артериясы (a.subclavia sinistra) дененің сол жақ бөлігіне қарай ажырағаннан соң, иық-бас бағаны иықбас артериясы (а. bгаchiocephalica) деп аталады.ал шошқа мен итте иық-бас бағаны болмайды. Итте оң және сол жалпы ұйқы артериялары иық-бас артериясынан жеке дара бөлінеді, ал басқажануарларда олар ұйқы артериясының бағаны (truncus bicaroticus)болып, бірге басталады. Ұйқы артериясының бағаны бөлінгеннен кейін, иық-бас артериясы дененің оң жағына қарай бұрылып, оңбұғанаасты артериясы (a.subclavia dextra) деп аталады. Жылқыда иық-бас артериясынан алдымен дорсальды жауырын артериясы, одан кейін терең мойын артериясы және омыртқалық артерия жеке дара ажырағаннан кейін, ұйқы артериясының бағаны бөлінеді. Содан соң, иық-бас артериясы оңға бұрылып, оң бұғана асты артериясына айналады. Бұғанаасты артериядан мойынның дорсальды бұлшық еттеріне төмендегілер кіреді. Аталған артериялар өздері артерия қанымен қамтамасыз ететін дене аумақтарының магистральды тамырлары. Қабырға-мойын бағаны truncus costocervicalis communis алдыңғы қабырға аралық артерия мен дорсальды жауырын артериясы ажырайтын магистральды артерияның негізін құрайды. Қабырға-мойын бағаны жылқыда 175

176 бұғанаасты артериядан бірінші болып жеке бөлінеді, күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада терең мойын және омыртқалық артериялармен бірге, ал итте терең мойын артериясымен бірге басталады. Ішкі көкірек артериясы(a. thoracica interna) бұғанаасты артериясынан беткей мойын артериясы бөлінетін тұстан, оған қарсы жақтан басталып, төссүйектің дорсальды бетімен дененің каудальды жағына бағытталады. Ішкі көкірек артериясы өз кезегінде бірнеше тармақтарға тарамдалады: 1) перикардиальды-диафрагма артериясы - үлпершек пен көкетті қоректендіреді; 2) айырша бездің (тимустың) тармақтары; 3) көкірек ортасының тармақтары; 4) тескіш тармақтар.тескіш тармақтардан өз кезегінде төс сүйек тармақтары мен вентральды қабырға аралық тармақтарға бөлінеді. Сыртқы көкірек артериясы(a. thoracica externa) бірінші қабырғаның сыртқы жағында бұғанаасты артериясынан басталып, төстің сыртқы бетінде орналасқан бұлшық еттер мен теріні қанмен қамтамасыз етеді. Сыртқы көкірек артериясы бөлінгеннен кейін, бұғанаасты артериясы қолтық артериясы (а.axillaris) деп аталады. Қолтық артериясы алдыңғы аяқты қоректендіретін негізгі магистральды қан тамыры. Аталған артериялар аттарына сәйкес, дене аумақтарын артерияқанымен қамтамасыз етеді. Омыртқалық артерия(a.vertebralis) бұғана асты артериясының үлкен артерия тармағы. Аттас вена және жүйкеменбірге 6-ншы мойын омыртқаның көлденең тесігіне еніп, одан әрімойын омыртқалардың көлденең өзектеріарқылыатлантқа дейін өтіп, шүйде артериясымен жалғасады. Омыртқалық артериядан мойын омыртқалардың шекарасында үш артерия тармақтары ажырайды. Оның жұлындықтармағы омыртқааралық тесік арқылы омыртқа өзегінің ішіне кіріп, дорсальдыжәне вентральды жұлын артерияларына тармақталады. Терең мойын аргериясы(а.cervicalis profunda) бүғанаасты артериядан жеке немесе басқа артериялармен бірге бөлініп, көкірек қуысынан бірінші қабырғадан кейін (күйіс қайтаратын жануарларда бірінші қабырғаның алдыңғы жағымен) шығып, мойынның дорсальды бұлшық еттерінде тарамдалады. Оның соңғы тармақтары омыртқалық және шүйде артерияларымен жалғасып кетеді. Дорсальды жауырын артериясы(a.scapularis dorsalis) жылқы мен шошқада 2-қабырғадан кейін, ал күйіс қайтаратын жануарлар мен итте 1-қабырғаның алдыңғы жағымен шығып, жоғары бағытталады да, дененің екі жауырын аралығындағы шоқтық аумағының бұлшық еттерінде таралып, оларды артерия қанымен қамтамасыз етеді. 176

177 52 - сурет. Ірі қара малдың тамырлар жүйесі. Ерекшеліктері. Жылқыда омыртқалық артерия бұғанаасты артериясынан үшінші болып ажырайды. Ол шүйде және терең мойын артерияларымен жалғасып жатады.күйіс қайтаратын жануарларда омыртқалық артерия мойын аумағының дорсальды бұлшық еттерін қанмен қамтамасыз ететін артериялар үшін, олардың негізгі артериясы бағанының қызметін атқарып, омыртқа-мойын бағаны (truncus vertebrо-cervicalis) деп аталады. Бұл артериядан білік омыртқа (екінші) мен үшінші мойын омыртқалардыңаралығында, айдаршықартериясымен жалғасатын артерия тармағы бөлінеді. Бақылау сұрақтары: 1 Кіші қан айналымның қандай қан тамырларын білесіндер? 2 Аорта қалай тармақталады? 3 Аортаның латеральды және висцеральды тамырларын атап беріңіз Бас артериясы Сабақтың мақсаты: Бас артериясын игеру Жалпы ұйқы артериясы(общая сонная артерия) a. carotis communis жануарлар денесінің бас аумағын артерия қанымен қамтамасыз ететін негізгі магистральды қан тамыры. Жалпы ұйқы артериясы иық-басартериясынан 177

178 ажыраған бойда кеңірдектің вентро-латеральды бетімен басқа қарай бағытталып, содан кейін оның дорсо-латеральды жағына көтеріледі. Жалпы ұйқы артериясын сыртқы жағынан иық-бас бұлшық еті жауып жатады. Иық-бас және төс-бас бұлшық еттерінің арасындағы мойындырықтық саймен, жалпы ұйқы артериясынан беткей жатқан сыртқы күретамыр (мойындырықтық) венасы v.jugularis externa, ал жалпы ұйқы артериясының жоғарғы жағымен кезеген және симпатикалық жүйкелердің жалпы бағанының мойын бөлігі мен ішкі күретамыр (мойындырықтық) венасы v.jugularis іnterna өтеді. Мойын аумағының алдыңғы жағында, жалпы ұйқы артериясынан төменірек көмекейдің қайтарма жүйкесі жатады. Ерекшеліктері. Итте оң және сол жалпы ұйқы артериялары иық-бас артериясынан жеке дара бөлінеді, ал басқа жануарларда олар ұйқы артериясының бағаны болып, бірге басталады да, соңынан екіге: оң және сол жалпы ұйқы артерияларына ажырайды. Аталған артериялар мойынның оң және сол жақтарымен басқа қарай бағытталады.жылқыда ұйқы артериясының бағаны иық-бас артериясынан дорсальды жауырын артериясы, терең мойын артериясы және омыртқалық артерия жеке дара ажырағаннан кейін ғана бөлінеді (сурет 53). Ішкі ұйқы артериясы(внутренняя сонная артерия) a. carotis іnterna жалпы ұйқы артериясынан дорсальды бағытта бөлініп, шүйде сүйегінің жырымдалған тесігі арқылы ми сауытының ішіне еніп, миды артерия қанымен қоректендіретін негізгі қан тамыры. Жылқы мен итте ішкі ұйқы артериясы жақсы жетілген. Жылқыда ішкі ұйқы артериясы жалпы ұйқы артериясынан бөлінер алдында кеңейіп басталады. Артерияның бұл бөлігін ұйқы артериясының қойнауы деп атайды. Ішкі ұйқы артериясы ми қорабының ішінде миды қоректендіретін ұйқы- негіздік артерияны, ал итте алдыңғы және артқы ұйқыаралық артерияларды түзеді.күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада ішкі ұйқы артериясы тек іштөлдерінде ғана жақсы жетілген. Сақа жануарларда ішкі ұйқы артериясы қалдықтүрінде, дәнекер ұлпалықжелі ретінде сақталған. Ол шүйде артериясының жетілмеген бір тармағы болып есептеледі. Сыртқы ұйқы артериясы(наружная сонная артерия) a. carotis externa жануарлар денесі бас аумағының ми сауыты және бет бөлімі мүшелері мен олардың қуыстарын артерия қанымен қамтамасыз ететін негізгі магистральды қан тамыры. Сыртқы ұйқы артериясы жалпы ұйқы артериясынан ішкіұйқы артериясы бөлінгеннен кейінгі жалғасы. Сыртқыұйқы артериясы бассүйек негізінің бойында S әрпі тәрізді иілім жасайды. Осы тұста сыртқы ұйқы артериясынан бас аумағын қоректендіретін негізгі магистральды артериялар кезегімен ажырайды. Олар: 178

179 Шүйде артериясы (затылочная артерия) a. occipitalis сыртқы ұйқы артериясының дорсальды қабырғасынан бөлініп, атланттың қанат тесігі арқылы, оның дорсальды бетіне шығады да, атлант-шүйде және атлант-білік буындарының бұлшық еттерінде тарамдалып, оларды қоректендіреді. Шүйде артериясы бөлінген тұстан бастап, жалпы ұйқы артериясы сыртқы ұйқы артериясы деп аталады. Шүйде артериясынан өз кезегінде бастың ми сауыты аумағына төмендегідей артерия қан тамырлары бөлінеді: Тіл артериясы (язычная артерия) a.linqualis сыртқы ұйқы артериясының S әрпі тәрізді иілімінің төменгі бұрышынан басталып, негізгі тіл бұлшық етінің медиальды бетімен бойлай алға бағытталып, иек-тіл бұлшық етінің латеральды жиегі арқылы тілдің ұшына дейін өтеді. Оның соңғы тармақтары тілдің ұшында тереңтіл артериясы деп аталады. Бет артериясы(лицевая артерия) a.facialis қанатша бұлшық еттің медиальды бетімен өтіп, төменгі жақ сүйектің тамырлы ойығы арқылы бастың бет бөлімінің латеральды бетіне шығады да, үлкен шайнау бұлшық етінің алдыңғы жиегімен жоғары көтеріліп, бастың бет бөлімін қоректендіретін артерия тамырларына бөлінеді. Үлкен шайнау бұлшық ет тармағы(ветвь большой жевательной мышцы) r.massetericus сыртқы ұйқы артериясының бүйір бетінен бөлініп, үлкен шайнау бұлшық етін қоректендіреді. Беткей самай артериясы(поверхностная височная артерия) a. temporalis superficial сыртқы ұйқы артериясынан самай-төменгі жақ буынының тұсынан басталып, беттің көлденең артериясын бөлгеннен кейін, самай шұңқырында тарамдалады. Ол өз кезегінде бірнеше артерия тармақтарын бөледі. Олар: 1) самай-төменгі жақ буын тармағы; 2) құлақ қалқанын тамырландыратын алдыңғы құлақ артериясы;3) жоғарғыжәне төменгі қабақтың бүйірлік артериялары;4) көз жасы безін қоректендіретін көз жасы тармағы. Ерекшеліктері.Күйіс қайтаратын мүйізді жануарлардабеткей самай артериясынан аталған қан тамырларынан басқа мүйіз аумағын артерия қанымен қамтамасыз ететін мүйіз артериясы, алдыңғы құлақ артериясынан медиальды құлақтармағы мен ми қабығының тармағы бөлінеді. Жоғарғы жақ артериясы (верхнечелюстная артерия) a. maxillaris сыртқы ұйқы артериясынан беткей самай артериясы мен беттің көлденең артериясы бөлінгеннен кейінгі жалғасы. Жоғарғы жақ артериясы медиальды бағытта сына-тандай шұңқырына қарай бұрылып, бірнеше артерия тармақтарына ажырайды. Жылқы мен итте бұл артерия қанат өзегі арқылы өтеді. 179

180 53 - сурет. Ірі қара мал басының қан тамыр жүйесі Жоғарғы жақ артериясынан төмендегідей артериялар бөлінеді: 1. Ми қабығының орталық артериясы(средняя оболочечная артерия) a.meningea media жырымдалған тесіктің алдыңғы жағымен ми сауытының қуысына еніп, мидың қатты қабығын тамырландырады. Ерекшеліктері.Күйіс қайтаратын жануарлардами қабығының орталық артериясы болмайды.иттеаталмыш артерия ми сауытының қуысына сопақ тесік арқылы кіреді. 2. Терең каудальды самай артериясы(глубокая височная каудальная артерия) a. temporales profundae самай бұлшық етін тамырландырады. Ерекшеліктері.Жылқыдатерең каудальды самай артериясы жоғарғы жақ артериясынан, ол қанат өзегіне кірер алдында бөлінеді. Күйіс қайтаратын жануарлардабұл артерия жоғарғы жақ артериясынан төменгі альвеола артериясынан кейін ажырайды. Аталмыш артерия үлкен шайнау бұлшық етіне ірі тармақ бөледі. 3. Қанатша бұлшық ет тармақтары(крыловидные ветви) rr.pterygoidei қанатша шайнау бұлшық етін тамырландыратын ірі артерия тармақтары. 4. Төменгі альвеола артериясы(нижняя альвеолярная артерия) a.alveolaris inferior төменгі жақ өзегіне кірер алдында төменгі жақтың көлденең бұлшық етін қоректендіретін артерия тармағын бөліп, төменгі жақ өзегі ішінде тістерді қоректендіретін тіс тармақтарынажыратады да, иек тесігі 180

181 арқылы шығып, тұмсықтың иек аумағын тамырландыратын иек артериясына айналады. Ерекшеліктері.Шошқадаиек артериясының тармақтары медиальды иек тесіктері арқылы сыртқа шығып, төменгі ерінді тамырландырады. 5. Ұрт артериясы(щечная артерия) a. buccinatoria ұрт аумағын қоректендіреді. Ерекшеліктері.Күйіс қайтаратын жануарлардаұрт артериясынан самай бұлшық етін қоректендіретін алдыңғы терең самай артериясыжәне мидың эпидуральды ғажап торын жасауға қатысатын алдыңғыжәне артқы эпидуральды ғажап торы тармақтарыбөлінеді. Соңғы аталған артерия тармақтары ми сауыты қуысына көздік-дөңгелек тесікжәне сопақ тесікарқылы енеді. 6. Сыртқы көздік артериясы(наружная глазничная артерия) a. ophthalmica externa доға тәрізді иіліп, торлы сүйек тесігінеенгеннен кейін, сыртқы торлы артерия - деп аталады. 7.Беткей ұрт артериясы(поверхностная щечная артерия) a. malaris маңдай аумағына, мұрынға, төменгі қабаққа және үшінші қабаққа арналған тармақтар бөледі. 8. Көздікасты артериясы(подглазничная артерия) a. infraorbitalis көздікасты өзегі арқылы арқылы төмен бағытталып, тістерді қоректендіретін артерия тармақтарын бөледі. Ерекшеліктері.Шошқадааталған артерия тармақтарынан басқа, мұрын аумағын тамырландыруға бүйірлік мұрын тармақтарын ажыратады. 9.Төмендеген таңдай артериясы(нисходящая небная артерия) m.palatina descendens қанат-таңдай шұңқырына бағытталып, бірнеше артерия тармақгарына ажырайды. Олар:1) жұмсақ таңдай мен жұтқыншақ қабырғасын тамырландыратын кіші таңдай артериясы; 2) тандай өзегі арқылы өтіп, қатты таңдайдың кілегейлі қабығын, жоғарғы жақ сүйек пен жоғарғы жақ қойнауын қоректендіретін үлкен таңдай артериясы; 3)сына-тандай артериясытөмендеген таңдай артериясынан бөлініп, жоғарғы жақ артериясының соңғы жалғасы ретінде сына-таңдай тесігі арқылы мұрын қуысына өтіп, каудальды, латеральды, перделік мұрын тармақтарына ажырайды да, мұрын қуысының аталған аймақтарын тамырландырады. Ерекшеліктері.Жылқымен шошқадаоң және сол үлкен таңдай артериялары бірігіп, тақ тұмсық артериясынтүзеді. Олкүректіс өзегі арқылы тұмсық сүйектің ерін бетіне шығып, жоғарғы ерінді қоректендіреді. 181

182 Бақылау сұрақтары: 1 Қандай магистральды тамыр қанды басқа жеткізеді? 2 Бас аумағындағы қандай негізгі магистральды жолдар болады және олар қайда, қалай мұрын мен ауыз қуысын қанмен қамтамасыз етеді 17.3 Алдыңғы аяқ артериясы Сабақтың мақсаты: Алдыңғы аяқ артериясын игеру Алдыңғы аяқ артериялары бұғанаасты артериясының жалғасы қолтық артериясының тармақтары болып табылады. Бұғанаасты артериясы сыртқы көкірек артериясы ажырағаннан кейін, қолтық артериясы (a. axillaries) деп аталады(cурет 53). Алдыңғы аяқ магистральды артериясының негізін бұғанаасты артериясының жалғасы қолтықартериясы құрайды. Қолтық артериясынан алдыңғы аяқтың белдеуін қанмен қамтамасыз ететін жауырынастыартериясы ажырайды. Ал аяқтың еркін қозғалатын бөлімінің магистральды артериясы қызметін, қолтық артериясының жалғасы иық артериясы атқарады. Алдыңғы аяқтың білек аумағында, иық артериясынан орталықартерия және онымен қатар жетілетін, оның бүйірлік артерия тармақтары болып саналатын кәрі жілік артериясы мен шынтақ артериясы қалыптасып жетіле бастайды. Алдыңғы аяқтың тізе аумағында осы үш артерия тармақтарынан тамырлы тор түзіледі. Осы тор тамырларынан алдыңғы (дорсальды) және артқы (пальмарлы) жіліншік артериялары қалыптасып, олардан жануарлардың түрлеріне байланысты құрылысы мен орналасу орындары түрліше бақай артериялары жетіледі. Алдыңғы аяқты артерия қанымен қамтамасыз ететін негізгі магистральды қан тамыры қолтық артериясы Қолтық артериясы (подмышечная артерия) a. axillaries бұғана асты артериясының тікелей жалғасы. Ол иық буынының медиальды бетінде аттас венамен қатар орналасып, өз кезегінде алдыңғы аяқ аумақтарын артерия қанымен қамтамасыз ететін бірнеше артерия тармақтарын бөледі. Олар: 1.Сыртқы көкірек артериясы(наружная грудная артерия) a.thoracica externa көкірек бұлшық еттерін артерия қанымен қамтамасыз етеді. Ерекшеліктері.Шошқамен иттесыртқы көкірек артериясы көкірек бұлшық еттеріне артерия тармақтарын ажыратқаннан кейін, латералды көкірек артериясы(a.thoracica lateralis) деп аталып, көкірек аумағының терісі мен сүт безіне қоректендіргіш артерия тармақтарын (rr.cutanei et rr. mammarii lateralis) бөледі. 2.Жауырынүсті артериясы(надлопаточная артерия) a.suprascapularis, жауырын аумағының терісі мен теріасты бұлшық етін тамырландырады. 182

183 Ерекшеліктері. Жауырынүсті артериясы қолтық артериясынан жеке артерия тармағы ретінде жылқымен күйіс қайтаратын жануарлардағана бөлінеді.шошқадааталмыш артерия жауырынасты артериясының тармағы.иттебұл артерия беткей мойын артериясынан ажырайды. 3.Жауырын асты артериясы (подлопаточная артерия) a. subscapularis жауырынның артқы жиегімен каудо-дорсальды бағытта жауырынның жоғарғы негізіне қарай көтеріліп, үшбасты бұлшықеттің ұзын басының медиальды бетімен жүріп, жауырынасты және үлкен жұмыр бұлшық еттеріне қоректендіргіш артерия тармақтарын бөледі. Жауырынасты артериясынан бұлардан басқа бірнеше артериялар ажырайды. Олар: 1) көкірек-арқа артериясы(a. thoracicodorsalis) арқаның тым жалпақ бұлшық еті мен үлкен жұмыр бұлшықетін тамырландырады. Бұл артерия соңғы тармақтарымен 5 -інші қабырғааралық артериямен жалғасады; 2) каудальды айналмалы иық артериясы(a. circumflexa humeri lateralis) иық буынынан артқа қарай, алдымен жауырынасты және үлкен жұмыр бұлшық еттерінің аралықтарымен өтіп, онан соң, үшбасты бұлшық еттің ұзын және латеральды бастарының арасымен, латеральды басының ішкі бетімен иық буынының сыртқы латеральды жағына шығады да, медиальды айналмалы иық артериясымен жалғасады. Каудальды айналмалы иық артериясы жол бойы иық буынының аталған бұлшық еттеріне қоректендіргіш артерия тармақтарын бөледі. Ерекшеліктері.Шошқадажауырынасты артериясының тармағы каудальды айналмалы иық артериясынан жауырынның латеральды бетінде жауырынүсті артериясы және медиальды айналмалы иық артериясына(a. circumflexa humeri madialis) ажырайды.жылқыданбасқа жануарларда бұл артериядан айналмалы жауырын артериясы(a. circumflexa scapulae) мен коллатеральды кәріжілік артериясы(а. collateralis radialis) бөлінеді. Каудальды айналмалы иық артериясының төмендеген тармағы(r.descendens) күйіс қайтаратын жануарларда, шошқадажәне иттетым жақсы жетілген. Ал жылқыдабұл тармақ болмайды. 4. Иық артериясы (плечевая артерия) a. brachialis иық аумағының негізгі магистральды артерия қан тамыры. Иық артериясынан иық аумағын артерия қанымен қамтамасыз ететін бес артерия ажырайды. Олар: 1) терең иықартериясы(a. profunda brachii) иықартериясынан тоқпан жіліктің орта шенінде каудальды бағытта ажырап, шынтақ буынының жазғыш бұлшық еттерінде тарамдалып, соларды қоректендіреді. Ерекшеліктері.Жылқыдатерең иықартериясы өте жақсы жетілген. Ол жылқыда жетілмеген каудальды айналмалы иық артериясының төмендеген 183

184 тармағының қызметін атқарады. Ал басқа жануарларда терең иық артериясы салыстырмалы нашар жетілген. 2) коллатеральды шынтақ артериясы(а. collateralis ulnaris) иық артериясынан тоқпан жіліктің дистальды бөлігінен каудальды бағытта ажырайды. Ерекшеліктері.Жылқымен шошқадаколлатеральды шынтақ артериясы шынтақ артериясына(a.ulnaris) айналады. Күйіс қайтаратын жануарлар мен итте бұл артерия нашар жетілген. 3) екібасты бұлшықет артериясы(a. bicipitis) иық артериясынан тоқпан жіліктің орта тұсынан ажырап, екібасты бұлшықетті қанмен қамтамасыз етеді. 4) шынтақтың көлденең артериясы(a.transversa cubiti) шынтақ буынының бүккіш бетінен краниальды бағытта бөлініп, тізе және бақай буындарының жазғыш бұлшық еттерін тамырландырады. Ерекшеліктері.Жылқыда, күйіс қайтаратын жануарлардажәне шошқадашынтақтың көлденең артериясы жалпы сүйекаралық артериямен жалғасып, шынтақтағы тамырлы торды түзуге қатысады. 5) жалпы сүйекаралық артерия(a. interossеa communis) білек сүйектерінің проксимальды сүйекаралықсаңылауы тұсынан басталып, сүйекаралық каудальды және краниальды артерияларға ажырайды. а) сүйекаралық каудальды артерия(a. interosseus caudalis) дорсальды тізе торын және терең пальмарлық доғаны түзуге қатысады. Терең пальмарлық доғадан өз кезегіндежіліншіктің пальмарлық терең артериялары (a. metacarpea palmaris (profunda) lateralis) шығады. Ерекшеліктері.Жылқыдажәне күйіс қайтаратын жануарлардасүйекаралық каудальды артерия жетілмеген. Шошқамен иттесүйекаралық каудальды артерия сүйекаралық краниальды артерияға қарағанда ірі болып келеді. б) сүйекаралық краниальды артерия(a. interosseus cranialis) білек аумағының алдыңғы бүйір бетімен өтіп, тізе және бақай буындарының жазғыш бұлшық еттерін тамырландырады. Ерекшеліктері. Сүйекаралық краниальды артерия жылқыдажәне күйіс қайтаратын жануарлардаөте жақсы жетілген. Ол өз кезегінде сүйекаралық терең иық артериясымен жалғасатын сүйекаралық қайтарма артериясын бөледі. Сүйекаралық краниальды артерия тізеге қарай төмендеп, дорсальды тізе торын жасауға қатысады және пальмарлы тізе торына артерия тармағын бөледі. Күйіс қайтаратын жануарларда сүйекаралық краниальды артерияның төмендеген соңғы тармағы IVтерең пальмарлы жіліншік артериясымен қосылып, IVбақайдың латеральды артериясына айналады.шошқамен иттесүйекаралық краниальды артерия нашар жетілген. 184

185 5.Орталық артерия (срединная артерия) a. mediana иық артериясының жалғасы. Иық артериясы жалпы сүйекаралық артериясы ажырағаннан соң, орталық артерия деп аталады. Орталық артерия кәрі жіліктің медиальды бетімен төмен түсіп, тізенің тамырлы торы мен жіліншік артерияларын түзуге қатысады. Орталық артериядан алдыңғы аяқтың білек аумағынан бастап, одан төмен жатқан аумақтарды артерия қанымен қамтамасыз ететін бірқатар артериялар ажырайды. Олар: 1) терең білек артериясы(a.profunda antebrachii) тізе және бақай буындарының бүккіш бұлшық еттерін тамырландырады. 2) кәріжілік артериясы(а. radialis) тізе буынының жазғыш бұлшық еттерін қоректендіреді. 3) тізенің дорсальды тамырлы торы менпальмарлық жіліншік артерияларын түзуге қатысатын артерия тармақтары. Ерекшеліктері.Жылқыдаорталық артериядан терең білек артериясы бөлінгеннен кейін, проксимальды кәрі жілік артериясы(а. radialis proximalis) ажырайды. Бұл артерия тізеге дейін төмендеп,тізенің дорсальдыжәне пальмарлы тармақтарына(rr.carpeus dorsales et palmares) бөлінеді. Тізенің дорсальды тармағы төмен түсіп, өз кезегіндеii-ші және III-ші дорсальды жіліншік артерияларына айналады. Кәріжілік артериясы (а. radialis) IIдорсальды жіліншік артериясына байланыстырғыш артерия тармағын бөлгеннен кейін, терең пальмарлық доғаны түзуге артерия тармағын ажыратады да, одан әрі екі артерия тармағына бөлініп, IIжәне III пальмарлы жіліншік артерияларына (aa.metacarpeae palmares II et III) айналады. Бұл артериялар үшінші сүйек аралық бұлшық етке қоректендіргіш тармақтар бөліп, одан соң III бақайдың жалпы пальмарлы артериясының (a.digitalis palmaris communis III) тармағымен қосылып, беткей пальмарлық доғаны (arcus palmaris superficialis) түзеді. Беткей пальмарлы доғадан IIIжәне II бақайдың жалпы пальмарлық артериялары басталады. 1) II бақайдың жалпы пальмарлы артериясы (a.digitalis palmaris communis II) IIжәне III бақайлардың өзіндік пальмарлары артериялары ажырайды. Ал III бақайдың жалпы пальмарлы артериясы (a.digitalis palmaris communis III) жалпы бақай аралық артерия ретінде төмендеп, III және IV бақайлардың өзіндік пальмарлы артерияларына ажырайды. 185

186 Алдыңғы аяқ басының алдыңғы (дорсальды) бетін артерия қанымен қамтамасыз ететін дорсальды тізі торын (rete carpi dorsale) жасауға: 1) кәріжілік артериясының дорсальды тізелік тармақтары, 2)коллатеральды шынтақ артериясының дорсальды тізелік тармақтары, 3) пальмарлы жіліншік артерияларының тескіш тармақтары және4) өзіндік бақай артерияларының дорсальды тармақтары қатысады. Шошқадатерең білек артериясы жалпы сүйекаралық артериядан бұрын иық артериясынан ажырайтындықтан, орталық артерия тек үш тармаққа:кәріжілік артериясына, беткей пальмарлы артерияғажәне шынтақ тармағынағана бөлінеді. Алдыңғы аяқ басының терең және беткей пальмарлы артерия доғларын түзуге кәріжілік артериясы, әсіресе, шынтақтармағы қатысады. Осы аталған доғалардан шығатын ІІ- IV пальмарлы жіліншік артериялары өз кезегінде проксимальды және дистальды тескіш тармақтар бөліп, одан әрі бақай артерияларына айналады. Олардың тарамдалуы күйіс қайтаратын жануарларға ұқсас сурет. ІҚМ алдыңғы аяқ атериясы Иттекәріжілік артериясы тізенің жоғарғы жағында беткей пальмарлыжәне дорсальды тізе артерия тармақтарына(rr.carpeus palmaris et dorsalis) ажырайды. Дорсальды тізе артерия тармақтарынан дорсальды тізе торы түзіледі. Осы дорсальды тізе торынан І-IV дорсальды жіліншік артериялары(aa.metacarpeae dorsales І-IV) шығады. Бұл артериялар алдыңғы жіліншіктердің төменгі жағында, иық артериясынан бөлінетін беткей иық артериясының(a.brachialis superficialis) жалғасы білектің краниальды беткей артериясының(a.antebrachialis superficialis cranialis) медиальды тармақтарынан басталатыні-iv жалпы дорсальды башпай артерияларымен(aa.digitales dorsales communis) қосылып кетеді. Ал кәріжілік артериясынан бөлінетін екінші тармақ беткей пальмарлы 186

187 тармағы(r.palmaris superficialis) шынтақжәне каудальды сүйекаралық артерияларының тізелік пальмарлы тармақтарымен бірігіп, терең пальмарлы доғаны жасайды. Бақылау сұрақтары: 1 Алдыңғы аяқтың қандай артерияларын білесіндер? 2 Орталық артерия 3 Кәрі жілік артериясы 17.4 Көкірек және құрсақ қолқасының артериясы Сабақтың мақсаты: Көкірек және құрсаққолқасының артериясын игеру Көкірек қолқасы(грудная аорта) aorta thoracica көкірек керегесі қабырғасына париетальды тармақтар (дене қабырғасына арналған), көкірек қуысындағы мүшелерге висцеральды тармақтар бөледі. Париетальды тармақтарға: қабырғалараралық артериялар(аа. intercostales), ал жылқыда бұлардан басқа алдыңғы диафрагмальды артерия (a.phrenica cranialis) жатады. Қабырғалараралық артериялар (5- қабырғадан соңғы қабырғаға дейін) ез кезегінде дорсальды, жұлындық және вентральды тармақтарға бөлініп (омыртқалық, алдыңғы қабырғалараралық, бел және құйымшақ артериялары да, осылай тармақталады), аттарына сәйкес дене аумақтары мен мүшелерді қанмен қамтамасыз етеді. Висцеральды тармаққа өңеш-бронх бағаны жатады. Ол қолқадан 5-қабырға тұсында бөлініп, одан соң өңеш артериясына(a. oesophagea) жөне бронх артериясына(a. bronchialis) ажырайды. Өңеш артериясы өңешті, ал бронх артериясы өкпенің ұлпаларын артерия қанымен қамтамасыз етеді. Құрсақ қолқасы (брюшная аорта) aorta abdominalis- диафрагмадан кейінгі қолқаның жалғасы. Құрсақ қолқасы омыртқа бағанының төменгі бетінде, артқы (каудальды) қуыс венаның сол жағында орналасады. Диафрагманың оң және сол аяқшаларының арасымен көкірек қуысынан құрсақ қуысына өтіп, одан әрі жамбас қуысына жеткенге дейін, құрсақ қолқасынан: құрсақ қуысы қабырғасына париетальды артерия тармақтары, ал құрсақ қуысындағы ішкі мүшелерге висцеральды артерия тармақтары бөлінеді. Каудальды диафрагма артериясы (каудальная диафрагмальная артерия) a. phrenicae caudales құрсақ қолқасынан көкеттің (диафрагманың) қолқа тесігі маңайынан бөлінетін жұп қан тамыры. Каудальды диафрагма артериясы диафрагманың оң және сол аяқшаларын тамырландырып, өзінен бүйрекүсті безін қоректендіретін бүйрекүсті безінің краниальды артерияларын бөледі. 187

188 Ерекшеліктері.Жылқыда каудальды диафрагма артериясы болмайды.күйіс қайтаратын жануарлардажәне шошқадакаудальды диафрагма артериясы көбіне іш артериясынан бөлінеді.иттекаудальды диафрагма артериясы іш артериясымен бірігіп, құрсақ қолқасынан жалпы артерия бағаны ретінде ажырайды да, содан кейін, іш артериясынан бөлінеді. Бел артериялары (поясничные артерии) аа. lumbales құрсақ қолқасының жоғарғы жағынан, жануарлардың бел омыртқаларының санына сәйкес 5-7 жұп болып бөлінеді. Бел артерияларының соңғы жұбы құрсақ қолқасынан артқы аяқтарға сыртқы мықын артериялары бөлінгеннен кейін ажырайды. Омыртқалық және қабырға аралық артериялар сияқты дорсальды, жұлындық және вентральды артерия тармақтарына тарамдалады. 1) дорсальды тармақтар (ramus dorsalis) дененің бел аумағының жазғыш (дорсальды) бұлшық еттерін, 2) жұлындық тармақтар (ramus spinalis) жұлын қабықтарын, ал 3) вентральды тармақтар (ramus ventralis) белдің вентральды бұлшық еттерін тамырландырады. Ерекшеліктері.Жылқыда вентральды артерия тармақтары құрсақ бұлшық еттерін де тамырландырады.күйіс қайтаратын жануарлардабел артерияларынан бүйрек үсті безі мен көкетке қосымша артерия тармақтары ажырайды.шошқада көкетке артерия тармағы бөлінеді. Іш артериясы (чревная артерия) a. coeliaca соңғы көкірек немесе бірінші бел омыртқаларының тұсынан, құрсақ қолқасының вентральды жағынан бөлінетін ірі тақ артерия. Іш артериясы құрсақ қолқасынан ажырағаннан соң, өз кезегінде үш артерияға: 1) көкбауыр артериясына, 2) сол қарын артериясына және 3) бауыр артериясына тарамдалады. Көкбауыр артериясы(a. lienalis) іш артериясынан бөлінгеннен кейін, көкбауырға жетіп, көкбауырды тамырландырады. Көкбауыр артериясының соңғы тармағы көкбауырдан қарынның үлкен иініне қарай бағытталып, сол қарын-шарбы артериясы деп аталады. Қарынның үлкен иінінде сол қарыншарбы артериясы қарынның қарсы жағынан келетін оң қарын-шарбы артериясымен жалғасып кетеді, яғни анастомоз (ұштасады) жасайды. Көкбауыр артериясынан қысқа қоректендіргіш артерия тармақтары қарынға, ұйқы безіне және шарбыға бөлінеді.ерекшеліктері.шошкадакөкбауыр артериясынан сол қарын артериясы, қарын-көкбауыр тармақтары және қарын буылтығының артериясы ажырайды. Сол қарын артериясынан өз кезегінде өңеш тармағы бөлінеді.. Сол қарын артериясы(a. gastrica sinistra) қарынның кіші иіні бойымен өтіп, өзінен қарынға және ұйқы безіне қоректендіргіш тармақтар бөледі.ерекшеліктері.жылқыдасол қарын артериясы қарынды қоректендіретін краниальды және каудальды тармақтар және өңеш пен ұйқы безіне артерия 188

189 тармақтарын бөледі.шошқадасол қарын артериясы көкбауыр артериясынан бөлініп, қарынның артқы бөлігіне бағытталады да, каудальды қарын артериясы деп аталады Бауыр артериясы(a. hepatica) қақпалық венамен бірге қатарласып, бауыр қақпасы арқылы бауырға енеді де, оны тамырландырады. Бауыр артериясынан қарынның кіші иініне оң қарын артериясы (а.gastrica dextra) және қарын-он екі елі ішек артериясы (a. gastroduodenalis) бөлінеді. Қарынның үлкен иінін қоректендіруге карын- он екі елі ішек артериясынан оң карын-шарбы артериясы және ұйқы безі-он екі елі ішек артериясы ажырайды.ерекшеліктері.жылқыда бауыр артериясынан ұйқы безіне қоректендіргіш тармақтар бөлінеді.күйіс қайтаратын жануарлардақұрсақ қуысында орналасқан ішкі мүшелердің орналасу орнына байланысты, іш артериясыныңтармақтарға бөлінуі де ерекше түрде жүреді. Мес қарынның оң жағымен өтетін құрсақ қолқасынан ажырайтын іш артериясынан (іш артериясының ұзындығы жануарлардың түріне байланысты мысалы, сиырда оның ұзындығы 12 см, қой мен ешкіде 4-6 см) бірнеше артерия ажырайды. Олар: 1) каудальды диафрагма артериясы, жануарларда тұрақты кездесе бермейді; 2) бүйрекүсті безінің краниальды тармағы; 3) сол қарын артериясы, мес қарын мен жұмыршақтың аралығымен өтеді. Ол қатпаршақ маңында қосымша жұмыршақ артериясынбөледі де, ұлтабардың үлкен иініне қарай бағытталып, сол қарыи-шарбы артериясынаайналады. Краниальды шажырқай артериясы (краниальная брыжеечная артерия) a. mesenterica cranialis құрсақ қолқасынан 1-2-інші бел омыртқалардың тұсынан, іш артериясынан кейін бөлінетін тақ артерия. Краниальды шажырқай артериясынан ащы ішектің аш ішек бөлігіне бірнеше аш ішек артерияларын(аа. jejunales) бөледі. Бұл артериялар өзара және олардың алдыңғы ұштары ұйқы безі он екі елі ішек артериясымен, соңғы ұштары каудальды шажырқай артериясымен жалғасып, ішектер арасындағы коллатеральды тармақтар (truncus collateralis)түзеді. Краниальды шажырқай артериясы жуан ішекке мықын-тоқ ішек артериясын (a. ileo-caeco-colica) бөледі. Каудальды шажырқай артериясы (каудальная брыжеечная артерия) a. mesenterica caudalis құрсақ қолқасынау соңғы бел омыртқалардың тұсынан ажырайды. Каудальды шажырқай артериясынан екі артерия тармағы бөлінеді. Олар:1) сол тоқ ішек артериясы(а. соliса sinistra) тоқ ішектің төмендеген бөлігін (жылқыда кіші тоқ ішекті) тамырландырады. 2) краниальды тік ішек артериясы(a. haemorrhoidalis cranialis) тік ішекті қоректендіреді. Бұл артерия каудальды тік ішек артериясымен жалғасады. 189

190 Бақылау сұрақтары: 1 Көкірек қолқасынан қандай артериялар шығады, сипаттап беріңіз оны. 2 Құрсақ қолқасынан қандай артериялар шығады, сипаттап беріңіз оны Жамбас қуысы қабырғасы мен артқы аяқ артериялары Сабақтың мақсаты: Жамбас қуысы қабырғасы мен артқы аяқ артерияларын игеру Жамбас қуысы қабырғасының сүйектік негізін оң және сол жамбас сүйектері мен құйымшақ сүйек және олардың бұлшық еттері мен тері жабыны құрайды(cурет 55). Жамбас қуысында азық қорыту, жыныс және зәр бөлу мүшелер жүйелерінің мүшелері орналасады. Артериялар құрсақ қолқасының соңғы бөлімдерінен бөлінеді. Құрсақ қолқасынан алдымен жануарлардың артқы аяқтарын қанмен қамтамасыз ететін оңжәне сол сыртқы мықын артериялары(а. iliaca externa dextra et sinistra) 5 (6) бел омыртқалардың тұсынан ажырайды. Ал жамбас қуысы қабырғасы мен оның қуысындағы ішкі мүшелерді қоректендіретін оң жәнесол ішкі мықын артериялары(а. iliaca interna dextra et sinistra) құрсақ қолқасынан 6 (7) бел омыртқаның тұсында бөлінеді. Ішкі мықын артериялары ажыраған соң, құрсақ қолқасы орталық қүйымшақ артериясы(a.sacralis medina) деп аталады. Құйымшақ аумағын қоректендіретін дорсальды және вентральды артерия тармақтары бөлінгеннен кейін, орталық құйымшақ артериясы орталық құйрық артериясына(a.caudalis medina) айналады да, дененің құйрық аумағын қанмен қамтамасыз етеді. Ішкі мықын артериясы (а. iliaca interna) құрсақ қолқасынан ажыраған бойда төмен қарай және жамбас қуысымен каудальды жаққа бағытталып, жамбас қуысынан кіші шонданай ойығы арқылы шонданай доғасы жағындағы жамбас қуысы қабырғасынан сыртқы бөксе аумағына шығып, каудальды бөксе артериясы(a.glutea caudalis) деп аталады да, санарты бұлшық еттер тобын тамырландырады. Ішкі мықын артериясы өзінен жамбас қуысының қабырғасын қоректендіретін, париетальды артерияларды және жамбас қуысында жатқан ішкі мүшелерді тамырландыратын, висцеральды артерия тармақтарын бөледі. Ішкі мықын артериясының париетальды және висцеральды тамырлары: Жылқымен иттеішкі мықын артериясының висцеральды артериялары ішкі жыныс артериясынан ажырайды. Демек, аталған жануарларда ішкі жыныс артериясы жамбас қуысында орналасқан ішкі мүшелерді қоректендіретін барлық висцеральды артериялар ажырайтын магистральды қан тамыры болып саналады. Жылқыда ішкі жыныс артериясы ішкі мықын артериясынан бірінші болып бөлінеді. Басқа жануарларда жамбас қуысының 190

191 париетальды және висцеральды артерия тармақтары ішкі мықын артериясынан кезегімен ажырап отырады. Кіндік артериясы(пупочная артерия) a. Umbilicalis іштөлі организміндегі ең күшті жетілген артерия. Кіндік артериясы арқылы қан іштөлі организмінен ұрықжолдасқа (плацентаға) жеткізіледі. Төл туғаннан кейін, кіндік артериясы негізгі қызметінен айырылып, қуықтың бүйірлік байламына, ал ұрғашы жануарларда қосымша жатырдың жұмыр байламына да айналады. Артерия қаны бұл артерияның тек бастапқы бөлігімен ғана ағады. Кіндік артериясы ішкі мықын артериясының бірінші тармағы. Ерекшеліктері.Жылқыдаортаңғы жатыр артериясы сыртқы мықын артериясынан ажырайды. Иттекіндік артериясынан жоғарыда аталған артериялардан басқа каудальды қуық артериясы және каудальды жатыр артериясы бөлінеді. Мықын-бел артериясы(подвздошно-поясничная артерия) a. Iliolumbalis ішкі мықын артериясынан ажыраған бойда, мықын сүйектің ішкі жамбастық бетімен бойлай жүріп, оның сербек жағындағы сыртқы жағына шығады да, бел, бөксе және санның жалпақ шандырын кергіш бұлшық еттерін тамырландырады. Ерекшеліктері.Жылқыдамықын-бел артериясы краниальды бөксе және жапқыш артерияларымен бірігіп, қысқа артерия бағаны болып басталады. Күйіс қайтаратын жануарлармен шошқадабұл артерия ішкі мықын артериясынан екінші, ал иттебірінші болып ажырайды. Краниальды бөксе артериясы(краниальная ягодичная артерия) a. Glutaea cranialis мықын сүйек қанатының алдыңғы (дорсальды) жиегі тұсынан басталып, үлкен шонданай ойығы арқылы аттас жүйкемен бірге бөксе бұлшық еттеріне барып, оларды тамырландырады. Барлық үй жануарларында краниальды бөксе артериясы тым жақсы жетілген. Каудальды қуық артериясы(каудальная пузырная артерия) а. vesicalis caudalis қуықты тамырландырады. Каудальды қуық артериясы еркек жануарларда қуықалды без артериясымен, ал ұрғашы жануарларда каудальды жатыр артериясымен бірге бір артерия бағаны болып басталады. Жапқыш артериясы(запирательная артерия) аттас жүйкемен бірге мықын сүйегінің денесі бойымен төмен қарай бағытталып, жапқыш тесігі аумағындағы жапқыш бұлшық еттерін тамырландырады. Ішкі жыныс артериясы(внутренняя срамная артерия) a. Pudenda interna жамбас қуысын бойлай жыныс жүйкесімен бірге шонданай доғасына қарай бағытталып, жамбас қуысынан шыққан бойда екі артерия тармағына ажырайды. Олар: 1) күнтимес(аралық) артериясы анусты (артқы тесік), сыртқы жыныс мүшелерін және күнтимес аумағын тамырландырады.жылқы мен итте вентральды тармақтан, ал күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада дорсальды 191

192 тармақтан каудальды тік ішек артериясыбөлінеді. 2) баданалық артерияеркек жануарларда дорсальды жыныстық мүше артериясынаайналады. Ұрғашы жануарларда баданалық артерия клитор артериясы) деп аталады да, сарпайды (клиторды) тамырландырады. Ерекшеліктері. Жоғарыда баяндалғандай, жылқы мен итте ішкі жыныс артериясы жамбас қуысында орналасқан барлық ішкі мүшелерді қоректендіретін артериялардың ортақ бағаны. Жылқыда жамбас қуысында ішкі жыныс артериясынан кіндік және ортаңғы тік ішек артериясы бөлінеді. Шошқа мен күйіс қайтаратын жануарларда ол ішкі мықын артериясынан жапқыш артериясы бөлінгеннен кейін ажырайды. Артқы аяқты артерия қанымен қамтамасыз ететін негізгі магистральды артерия сыртқы мықын артериясы (a. iliaca externa). Ол 5-6-ншы бел омыртқалар тұсынан, құрсақ қолқасынан басталып, құрсақ қабырғасына айналмалы терең мықын және терең сан артерияларын бөлгеннен кейін, сан артериясы (a.femoralis) деп аталады. Сыртқы мықын артериясынан төмендегідей негізгі артериялар ажырайды: Айналмалы терең мықын артериясы(окружная глубокая подвздошная артерия) a. Circumflexa ilium profunda сербек аумағындағы бел және құрсақ қабырғасы аумағындағы бұлшық еттерді қоректендіреді. Өз кезегінде бұл артериядан краниальды және каудальды тармақтар ажырайды. Терең сан артериясы (глубокая бедренная артерия) a. Profunda femoris сыртқы мықын артериясынан құрсақ қуысында бөлініп, каудо-вентральды бағытта құрсақ қуысынан шығып, жамбас-ортан жілік буынының жақындатқыш бұлшық еттерін (аддукторларын) тамырландырады. Терең сан артериясынан құрсақ үсті-жыныс артерия бағаны және медиальды айналмалы сан артериясы ажырайды. Құрсақүсті-жыныс бағаны(truncus pudendo-epigastricus) терең сан артериясынан краниальды бағытта ажырап, каудальды құрсақ үсті жөне сыртқы жыныс артерияларына ажырайды. Ерекшеліктері.Күйіс қайтаратын жануарлардақұрсақүсті жөне сыртқы жыныс артерияларына ажырамай тұрып, құрсақүсті-жыныс бағанынан құрсақ бұлшық еттерін қоректендіретін каудальды құрсақ артериясыбөлінеді. Медиальды айналмалы сан артериясы(a. Circumflexa flemoris medialis) терең сан артериясынан ажыраған бойда, санның медиальды беті бетімен бойлай жүріп, төмендегідей тармақтар бөледі:жапқыш тармақ, терең тармақ, өрлеме тармақ, көлденең тармақ, ұршықтармағы. Сан артериясы (бедренная артерия) a. Femoralis тігінші және қырлы бұлшық еттерінің аралығымен өтетін сан өзегімен бойлай анық (сафена) 192

193 жүйкесімен қатар төмен өтіп, өзінен бірнеше артериялар бөледі. Олар: 1) Краниальды санжәне латеральды айналмалы сан артерияларының жалпы артерия бағаны. Бұл баған өз кезегінде краниальды сан және латеральды айналмалы сан артериясына ажырайды. Краниальды сан артериясы(a.femoris cranialis) санның төртбасты бұлшық етінің тік және латеральды бастарының арасымен өтіп, осы аталған бұлшық ет бастарын тамырландырады.ерекшеліктері.жылқыдасанның төртбасты бұлшық етінің тек тік басын тамырландырады. Латеральды айналмалы сан артериясы(a. Circumflexa femoris lateralis) санның екібасты бұлшық еті мен санның жалпақ шандырын кергіш бұлшық етін қоректендіреді.ерекшеліктері.жылқыдабұл артерия жапқыш артериясынан ажырайды. Күйіс қайтаратын жануарлардақосымша бөксе және мықын бұлшық еттерін, ал иттебөксе бұлшық еттерін тамырландырады. 2) Каудальды сан артериясы менсанның плантарлы бұлшық еттерінің тармақтары. Каудальды сан артериясы(a. Femoris caudalis) сан артериясынан ортан жіліктің төменгі бөлігі тұсында ажырап, балтыр және бақайдың беткей бүккіш бұлшық еттеріне бағытталады да, аталған бұлшық еттерді тамырландырады.ерекшеліктері.жылқыдакаудальды сан артериясы: өрлеме және төмендеген артерия тармақтарына ажырайды. Иттеүш каудальды сан артериясы болады. Олар: проксимальды, ортаңғы және дистальды артериялар. Санның плантарлы бұлшық еттерінің тармақтарыаталған аумақтағы бұлшық еттерді қоректендіреді. 3) Анық (сафена) артериясы(a. Sapheпа) немесе сирақпен артқы аяқ басының теріасты артериясы сан артериясынан ортан жіліктің орта тұсынан бөлініп, сан аумағының медиальды бетімен аяқтың артқы жағына бағытталады да, сирақ пен аяқ басының плантарлы бетін тамырландырады.ерекшеліктері.жылқыдасафена артериясы нашар жетілгендіктен, оның қызметін артқы асықты жілік артериясы атқарады.күйіс қайтаратын жануарларда сафена артериясы тілерсек буынының артқы бетінде латеральдыжәне медиальды плантарлы артерияларғаажырайды. Бұлар тескіш тілерсек артериясымен(a. Tarsea perforans) қосылып, проксимальды плантарлық доғаны(arcus plantaris proximalis) түзеді де, латеральдыжәне медиальды жіліншік артерияларынабөлінеді.шошқадасафена артериясы тілерсек буынының плантарлы бетінде латеральды және медиальды плантарлы артерияларға ажырағаннан кейін, жіліншік сүйектің дистальды бөлігінде II, III және IV плантарлы жіліншік артерияларына ажырайды. Итте сафена артериясы дорсальды және плантарлы артерия тармақтарына бөлінеді. Дорсальды 193

194 тармақтарының астымен жіліншік сүйектеріне қарай бағытталып, І- IV дорсальды жалпы башпай артерияларына ажырайды. 4) тобықтың проксимальды артериясы a.genus proximalis, сан артериясынан ортан жіліктің дистальды бөлігі тұсынан бөлініп, тобық буыны аумағының медиальды бетіндегі терісін артерия қанымен қамтамасыз етеді. Аталған артерия тармақтары ажырағаннан кейін, балтыр бұлшық етінің латеральды және медиальды бастарының аралығымен өтеді де, тобық асты артериясына айналады. Тобықасты артериясы (подколенная артерия) a. Poplitea, тобық буынының плантарлық бетіндегі сан артериясының жалғасы. Тобықасты артериясы балтыр және тобықасты бұлшық еттерінің астыңғы жағымен өтіп, оларға және тобықбуынына қоректендіргіш артерия тармақтарын бөліп, тобық буынының тамырлы торынтүзгеннен кейін, асықты жіліктің алдыңғы және артқы артерияларына ажырайды. Асықты жіліктің алдыңғы артериясы (передняя большеберцовая артерия) a. Tibialis cranialis, сирақ сүйектерінің сүйекаралық кеңістігі арқылы асықты жіліктің дорсальды бетіне шығып, оның дистальды бөлігіне қарай бағытталады да, асықты жіліктің алдыңғы жағындағы бұлшықеттер мен асықты жілікті қоректендіретін артерия тармақтарын бөледі. Тілерсек аумағында алдыңғы асықты жілік артериясы дорсальды аяқ басы артериясы (a. Dorsalis pedis) деп аталады. Асықты жіліктің артқы артериясы (задняя большеберцовая артерия) a. Tibialis caudalis, жылқыда жақсы, ал басқа жануарларда нашар жетілген. Жылқыдабұл артериядан асықты жілікті қоректендіретін тармақжәне латеральды каудальды қайықша артериясы ажырайды. Соңғы артериядан ажыраған өкше тармақтары өкшелік тамырлы тортүзеді. Аталған артерия тармақтары ажырағаннан кейін, асықты жіліктің артқы артериясы сафена артериясымен қосылып, плантарлы аяқ басы артерияларын құрауға катысады. Күйіс қайтаратын жануарлардаасықты жіліктің артқы артериясынан медиальды қайықша тармақ, ал шошқадаайналмалы шыбық тармағы ажырайды. Ерекшеліктері.Жылқыдадорсальды аяқ басы артериясы тескіш тілерсек артериясын бөлгеннен кейін, III дорсальды жіліншік артериясы деп аталады. Күйіс қайтаратын жануарлардаасықты жіліктің алдыңғы артериясынан алдыңғы қайықшы артериясы мен сиырдаii-iv, қоймен ешкідетек III жалпы дорсальды бақай артерияларын бөлгеннен соң, аяқ басының дорсальды артериясына айналады. Бұл артерия өз кезегінде латеральды, медиальды және тескіш жіліншік артерияларын ажыратқаннан кейін, III дорсальды жіліншік артериясы болып жалғасады.шошқада асықты жіліктің алдыңғы артериясы сирақтың краниальды бетін қоректендіретін: алдыңғы асықты жіліктің қатарма 194

195 артериясын жәнесирақтың сүйекаралық артерияларын бөледі. Иттеасықты жіліктің алдыңғы артериясы краниальды қайтарма асықты жілік тармағы мен беткей тармақтар бөлгеннен кейін, дорсальды аяқ басы артериясына айналады. Өз кезегінде бұл артерия латеральды және медиальды тілерсек және доға артерияларына ажырайды сурет. ІҚМ-дың артқы аяқ тамырлары мен жүйкесі 195

196 Бақылау сұрақтары: 1 Жамбас қуысы мен артқы аяқ мүшелеріне қан қалай жетеді? 2 Жамбас пен артқы аяқ артерияларын сипаттап беріңіз 18 Үлкен қан айналым шеңберінің веналары 18.1 Бас, мойын аумағының және алдыңғы аяқ веналары Сабақтың мақсаты: Бас, мойын аумағының және алдыңғы аяқ веналарын игеру Жануарлар дене мүшелерінен қан жүрекке вена қан тамырлары(көктамырлар) арқылы жеткізіледі. Көптеген вена тамырлары қатар жатқан аттас артериялар және жүйкелермен бірігіп, тамыр-жүйке будаларынқұрайды. Сондықтан, тамыр-жүйке будаларындағы вена тамырларының атаулары да, қатар орналасқан артерияларға сәйкес келеді. Дегенмен, вена қан тамырларының тек өздеріне тән құрылымдық заңдылықтары мен тармақталу ерекшеліктерінің бар екендігін атап өткен жөн. Оң жәнесол тақ веналар(v.azygos dextra et sinistra) кардинальды веналардың көкірек бөліктерінен дамып жетіледі(cурет 56). Олар қанды көкірек керегесі қабырғасынан жинайды. Үй жануарларының ішінде жылқымен иттетек оң тақ вена, ал сиыр, қой, ешкімен шошқадатек сол тақ вена ғана, кеміргіш жануарлардаекеуі де дамып жетіледі. Бұғанаасты веналар(vv.subclavia) ұрықтық дамудың бастапқы кезінде вена қанын кардинальды веналарға әкеледі. Қуыс веналар жетілгеннен кейін, бұғана асты веналар әуелі жалпы кардинальды веналарға, одан соң орнын өзгертіп, күретамырға барып ашылады. Осындай құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде күретамырлардың жүрекке жақын жатқан соңғы бөліктері алдыңғы қуыс веналар деп аталынады. Үлкен қан айналым шеңберінің веналары Алдыңғы және артқы қуыс веналарының тамырлар жүйелері бірігіп, жануарлар организмдерінің үлкен қан айналым шеңберінің вена тамырларын құрайды. Үлкен қан айналым шеңберінің терең магистральды вена тамырлары аттас артериялар және жүйкелермен бірге тамыр-жүйке будаларын құрайды. Ал тері асты веналары негізінен жануарлар денесінің мойын аумағында, кеуде және көкірек аумақтарының төменгі бөліктерінде, алдыңғы жөне артқы аяқтарда жақсы жетілген. Алдыңғы қуыс вена (передняя полая вена) v. cava cranialis вена қанын жануарлар денесінің бас, мойын аумақтарының, алдыңғы аяқтардан 196

197 және көкірек керегесі қабырғасынан жинайтын, иық-бас, оң және сол бұғана асты веналары мен күретамыр веналары қосылып құрайтын қысқа вена бағаны. Аталған вена арқылы вена қаны жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Алдыңғы қуыс венағавена қаны төмендегідей веналардан жиналады. Олар: 1) оңжәне сол қолтық веналары(v.axillaris dextra et sinistra) алдыңғы оң және сол аяқтың терең магистральды веналарының қосылуынан түзіледі; 2) мойын веналары(v. cervicalis) сол және оң бұғана асты артериялары тармақтарына сәйкес келетін веналардың қосылуынан құралады; 3) жұп ішкі көкірек веналары(v. thoracica interna) көкірек қабырғасы веналарының қосылуынан пайда болады. Бұларға өз кезегінде кеуде мен құрсақтың тері асты веналары келіп құяды; 4) оң тақ вена(v.azygos dextra) жылқы мен итте немесе сол тақ вена(v.azygos sinistra) күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада вена қанын барлық қабырға аралық веналардан жинайды. Ерекшеліктері. Жылқыдабас аумағынан вена қанын жинайтын оң және сол күретамыр (мойындырықтық) венасы иықтың оң және сол тері асты веналарымен, оң және сол қолтық веналарымен бірігіп, алдыңғы қуыс венаны түзеді. Алдыңғы қуыс венаға: 1) оң және сол жалпы мойын-қабырға бағаны; 2) оң және сол омыртқалық веналар; 3) оң және сол ішкі көкірек веналары, 4) оң тақ вена құйылады.күйіс қайтаратын жануарлармен шошқадакүретамырлар мен иықтың тері асты веналары жұп баған түзеді. Ал қолтық, қабырға-мойын, ішкі көкірек, омыртқа веналарының әр қайсысы алдыңғы қуыс венағаөз беттерімен дербес ашылады. Бұларда сол тақ венажүректің венақойнауына тікелей ашылады. Иттеалдыңғы қуыс вена оң және сол күретамыр веналарының бірігуінен түзіледі. Мойын веналары жұп вена бағанын, ал ішкі көкірек веналар тақ вена бағанын құрайды. Аталған вена бағандары кезегімен алдыңғы қуыс венаға ашылады. Ал оң тақ вена алдыңғы қуыс венаға жүрекке жақын тұста ашылады. Жануарлардың бас аумағынан вена қаны алдыңғы қуыс венаға сыртқы және ішкі күретамыр веналары арқылы жиналады. Сыртқы күретамыр (мойындырықтық) венасы (наружная яремная вена) v. jugularis externа мойын аумағындағы тері астында, иық- бас және төсбас бұлшық еттерінің арасындағы мойындырықтық сайда (sulcus jugularis) орналасады. Сыртқы күретамыр венасы құлақ түбі сілекей безінің артқы жағында, тіл-бет және жоғарғы жақ веналарының қосылуынан басталады. Тіл-бет венасы (язычно-лицевая вена) v.linquo-facialis бет және тіл веналарының бірігуі нәтижесінде түзіледі. Бет венасы (лицевая вена) v. facialis вена қанын бастың бет бөлімінен жинайды. Бет венасына өз кезегінде: 1) көз бұрышының венасы(v.angularis oculi) вена қанын маңдай, төменгі және жоғарғы көз қабақтары, көз шарасы 197

198 аумақтарынан жинайды; 2) бүйірлік мұрын венасы(v.lateralis nasi) вена қанын мұрынның арқалығы мен бүйір қабырғаларынан жинайды; 3) езу венасы(v.angularis oris) вена қанын жоғарғы және төменгі ерін, ұрт, көз асты аумақтарынан жинайды; 4) терең бет венасы(v.faciei profundae) вена қанын жоғарғы тістерден, қатты және жұмсақ тандайдан, мұрын қуысынан жинайды. Бастың бет бөлімінің орта тұсында, терең бет венасы бет венасына қосылады. Тілвенасы (язычная вена) v. lingualis терең тіл және тіл асты веналарының бірігуінен түзеледі. Олар вена қанын тілден, ауыз қуысының түбінде орналасқан мүшелерден және жұтқыншақтан алып шығады. Жоғарғы жақ венасы (верхнечелюстная вена) v. maxilaris жоғарғы жақ және сыртқы ұйқы артерияларынан ажырайтын артерия қан тамырларының аттарына сәйкес келетін веналардан құралады. Жоғарғы жақ венасы вена қанын көз вена торабынан(plexus venae ophtalmicus), қанатша вена торабынан (plexus venae pterygoideus), беттің көлденең венасынан(v.transversa faciei), беткей самай венасынан(v.temporalis superficialis) және каудальды құлақ венасынан(v.auricularis caudalis) жинайды. Аталған веналар өз кезегінде вена қанын аттас бас аумақтарынан алып шығады. Ерекшеліктері.Жылқыдажоғарғы жақ венасы жақсы жетілген. Ол ұрт венасынан басталады. Оған аталған веналардан басқа беттің көлденең венасы құяды. Күйіс қайтаратын жануарлардатерең бет венасы болмайды. Жоғарғы жақ венасына вентральды ми жөне шықшыт веналары ашылады. Шошқадажоғарғы жақ венасының тармақтары жылқы венасына ұқсас. Иттебет венасына жұтқыншақ және көмекей веналары, ал жоғарғы жақ венасына дорсальды ми венасы келіп құяды. Ішкі күретамыр венасы(v.jugularis interna) жалпы ұйқы артериясымен қатар орналасады. Ұсақмалдар мен жылқыдаішкі күретамыр венасы болмайды. Алдыңғы аяқ веналары орналасу орындарына байланысты, екі түрлі вена тамырларының магистралінен құралған. Олар: 1) терең веналар магистралі; 2)беткей орналасқан теріасты веналар магистралі. Терең вена тамырларының магистралі -v. digitalis palmaris communis - алдыңғы аяқты қанмен қамтамасыз ететін магистральды артериялар мен олардың тармақтарына сәйкес келіп, алдыңғы аяқ артерияларымен қатар жататын аттас вена тамырлары. Терең вена тамырлары бақай және жіліншік терең веналарынан басталып, қолтық венасына айналады да, бұғанаасты венаға (v.subclavia) келіп құяды. Ерекшеліктері.Жылқыдатерең вена магистралі бақай мен жіліншіктің пальмарлы бетінде жатқан латеральды веналарынан басталады. Сыртқы көкірек венасы (v.thoracica externa) қолтық венасына құяды. Күйіс қайтаратын 198

199 жануарлармен шошқада терең вена тамырларының магистралі жалпы пальмарлы бақай мен медиальды жіліншік веналарынан басталады.иттетерең вена магистралі дорсальды және пальмарлы терең жіліншік веналарынан бастау алады сурет. Жылқының веналары Теріасты вена тамырларының магистралі т v. digitalis palmaris quarti lateralis - ерінің астында беткей жатады. Теріасты вена тамырлары бақай мен жіліншіктің беткей орналасқан пальмарлы веналарынан басталып, білек аумағында білектің теріасты венасы(v.cephalica antebrachii), ал иық аумағында иықтың теріасты венасы (v.cephalica humeri) деп аталады. Білектің теріасты венасы білектің медиальды бетінде орналасады. Шынтақ буыны аумағында ол иық венасымен вена тармағы арқылы жалғасып, қосымша теріасты венасын(v.cephalica accessoria) өзіне қабылдайды. Қосымша теріасты венасы білектің дорсальды бетінде жатып, жіліншік пен бақайдың дорсальды веналарындағы вена қанын жинайды. Иықтың теріасты венасы иық-бас және беткей кеуде бұлшық етінің аралығындағы сайда жатады. Ол сыртқы күретамыр венасына (v.jugularis externa) немесе тікелей алдыңғы қуыс венаға(v.cava cranialis) құяды. 199

200 Ерекшеліктері.Жылқыда беткей теріасты вена магистралі бақай мен жіліншіктің пальмарлы медиальды веналарынан басталады. Қосымша теріасты венасы қанды тек тізе аумағының терісінен жинайды.күйіс қайтаратын жануарлар меншошқадатеріасты вена магистралі III және IV бақайдың сыртқы пальмарлы веналары мен жіліншіктің пальмарлы бетіндегі латеральды және медиальды веналарынан басталып, білектің теріасты венасына құяды. Итте теріасты вена магистралі III жіліншіктің дорсальды венасынан басталып, қосымша теріасты венасына, ал II жіліншіктің пальмарлы веналарынан басталатын вена тармағы білектің теріасты венасына құяды.одан әрі екі вена тармақтары да, иықтың теріасты венасын түзеді. Алдыңғы аяқтың терең және теріасты вена тамырлары магистральдарының арасында көптеген жалғамалар болады. Олар, әсіресе, жіліншік аумағында(тізенің дорсальды торы, дистальды және проксимальды тескіш вена тармақтары, беткей және терең пальмарлы вена доғалары), шынтақ буыны(иық венасы мен иықтың теріасты венасы арасындағы жалғамалар) мен иық буыны(иық және қолтық веналары мен сыртқы күретамыр венасының арасындағы жалғамалар) аумақтарындакөптеп кездеседі. Терең және теріасты вена тамырларының арасындағы жалғамалардың (анастомоздардың) көп болуы алдыңғы аяқтағы қан айналымның жоғары деңгейде жүруін қамтамасыз етіп, керек болған жағдайда олардың бірінің қызметін бірі атқаруына, яғни аяқ веналарының компенсаторлық қызметті іс жүзіне асыруына мүмкіндік береді. Бақылау сұрақтары: 1 Бас аумағының венасы мен оның топографиясын атаңыз 2 Алдыңғы аяқ венасы мен оның топографиясын атаныз 18.2 Жамбас, құрсақ қуысы мен артқы аяқ веналары Сабақтың мақсаты: Жамбас, құрсақ қуысы мен артқы аяқ веналарын игеру Жамбас веналары жамбас қуысы мен қабырғаларынан артқы қуысқа, орташа құйымшақ пен ішкі мықын венасына қанды жеткізеді. Артқы қуыс вена (задняя полая вена) v. cava caudalis вена қанын жануарлар денесінің артқы бөлігінен жинайды. Артқы қуыс вена 5-інші бел омыртқаның тұсынан басталады. Құрсақ қолқасының оң жағымен краниальды бағытта бауырға жетіп, оның доғал жиегінде вена батыңқысын қалдырады. Бұдан соң, ол диафрагманың сіңірлі орталығындағы тесік арқылы көкірек қуысына өтіп, жүректің оң жүрекшесіне құяды. 200

201 Артқы қуыс венаны түзуге дененің артқы бөлігінен вена қанын жинайтын төмендегідей веналар қатысады: 1) жалпы мықын венасы(v. iliaca communes) орталық құйымшақ және құйрық веналарының тікелей жалғасы; 2) ішкі мықын венасы(v. iliaca interna) вена қанын жамбас қуысының қабырғасы мен ішкі мүшелері веналарынан жинайды. Ішкі мықын венасы тармақтарының атаулары ішкі мықын артериясының артериялар тармақтарына сәйкес келеді; 3) сыртқы мықын венасы(v. iliaca externa) вена қанын артқы аяқ, құрсақ қабырғасының артқы бөлімдері, сыртқы жыныс мүшелері мен желін веналары тамырларынан жинайды. Артқы аяқтың вена тамырлары да, орналасу орындарына байланысты, екі түрлі вена тамырларының магистралінен құралған. Олар: 1) терең веналар магистралі; 2)беткей орналасқан теріасты веналар магистралі. Терең вена тамырларының магистралі артқы аяқты қанмен қамтамасыз ететін магистральды артериялар мен олардың тармақтарына сәйкес келіп, артқы аяқ артерияларымен қатар жататын аттас вена тамырлары. Терең вена тамырлары плантарлы және дорсальды бақай және жіліншік терең веналарынан басталады. Артқы аяқтың беткей теріасты веналар магистралінмедиальды және латеральды анық (сафена) веналары түзеді. Медиальды сафена венасы(v. saphena medialis) немесе сирақпен артқы аяқ басының теріасты венасыаттас артериямен қатар өтіп, сирақ пен санның медиальды бетінде жатады. Ол дорсальды жіліншік венасынан басталады да, сан венасына құяды.латеральды сафена венасы(v. saphena laterales) дорсальды жәнеплантарлы жіліншік веналары тармақтарының қосылуынан құралады. Бұл вена сирақтың латеральды бетінде жатады. Латеральды сафена венасы балтыр бұлшық етінің плантарлы бетімен жүріп отырып, жинаған вена қанын каудальды сан венасына құяды. Ерекшеліктері. Жылқыдамедиальды сафена венасы жіліншіктің дорсальды медиальды венасынан басталады. Бұларда жіліншіктің дорсальды латеральды венасы болмайды. Ал теріасты құрсақ венасы сыртқы көкірекжәне сыртқы жыныс веналарымен жалғасып, алға қарай бағытталады да, қолтық венасына құяды.күйіс қайтаратын жануарлардамен шошқадалатеральды сафена венасы терең сан венасына құяды.иттемедиальды сафена венасын түзуге плантарлы тармақтармен қатар, жіліншіктің дорсальды тармақтары қатысады. Бақайдың плантарлы веналы доғадан arcus venosus digitalis plantaris, яғни екі табан сүйектерінің плантарлы беттері латеральды және медиальды веналарынан -vv. Metatarseae plantares superficiales lateralis et medialis - тері 201

202 асты веналы медиальды магистралі басталады. Қосылған уақытта, осы веналар жіліншік венасын v. Malleolaris құрады. Үлкен сафена венасы v. Saphena medialis, s. Magna немесе проксимальды түрде медиальды тері асты табанына және сирағына өтеді. Сыртқы мықын вена тамырлары v. iliaca externa терең сан венасы мен айналмалы терең мықын венасын v. Circumflexa ilium profunda алады. Терең сан венасы v. Femoralis profunda кішкентай сафена венасымен және медиальды айналмалы сан венасымен v. Circumflexa femoris medialis, теріасты құрсақ венасымен v. Subcutanea abdominalis және сыртқы жыныс венасымен қалыптасқан. Сыртқы жыныс вена тамырлары v. Pudenda externa сиырлардың желінінен қанды айдайды да, желіннің краниальды және каудальды венларына құяды. Желіннің краниальды вена тамыры v. Uberis cranialis емізіктің веналы өрімі plexus venosus papillaris мен без паренхимасынан қанды айдайды. Сыртқы жыныс вена тамырларына желін негізінің краниальды және каудальды веналары - vv. Basilares uberis cranialis et caudalis құйылады. Олар ішкі жыныс венасы v. Pudenda interna мен теріасты құрсақ венасымен ұштасады. Сан вена тамыры v. Femoralis көптеген веналардан қандарды жинайды. Оған каудальды сан вена тамыры v. Femoralis caudalis, үлкен сафена вена тамыры v. Saphena magna, медиальды айналмалы сан вена тамыры v. Circumflexa femoris medialis және краниальды сан вена тамыры v. Femoralis-cranialis құйылады. Ерекшеліктері: шошқаларда каудальды қуыс вена тамыры негізгі болып саналады. Сыртқы мықын венасы айналмалы терең мықын және терең сан вена тамырларын қосады. Сан вена тамыры краниальды санды латеральды айналмады санды, каудальды сан венасы мен үлкен сафена венасын түзеді. Сирақ асты, артқы үлкен мықынды, алдыңғы үлкен мықынды, үлкен және кіші сафена венасы сиырдың вена тамырларының құрылысына ұқсас. Жылқылардың краниальды қуыс венасына жамбас, ішкі ауыспалы, бүйрек және бауыр веналары кіреді. Сыртқы және ішкі мықын веналары жалпы мықын венасын құрайды. Жамбас пен артқы аяқ веналары негізінде тармақтарға бөлінеді. Иттердің каудальды қуыс венасы айналмалы терең мықын, құйымшақ, ішкі ауыспалы, бүйрек үсті, бүйрек, диафрагма-құрсақ пен бауыр веналарынан тұрады. Ішкі мықын венасы ішкі жыныс құйрықты латеральды, мықынқұйымшақ, краниальды сан, каудальды қуық (аналықтарда каудальды жатыр), краниальды қуық веналарынан тұрады. Сыртқы мықын, сан және сирақ асты веналары сиырдың вена тамырларының құрылысына ұқсас келеді. Каудальды сан вена тамырлары үшеу проксимальды, ортаңғы және дистальды. 202

203 Латеральды теріасты вена тамыры (кіші сафена венасы) табанның дорсальды және плантарлы бетінен қанды басқа жерге айдайды. Медиальды теріасты венасы әлсіз дамыған және қанды сирақтан басқа жерге айдайды. Артқы аяқтың терең және теріасты вена магистральдары қанды сыртқы мықын венасына құяды. Барлық жануарларда сыртқы мықын венасы ішкі мықын венасымен қосылып, жалпы мықын венасын түзгенге дейін, терең сан венасын (v.femoralis profunda) қабылдайды. Терең сан венасын вена қанын құрсақтың төменгі (вентральды) қабырғасынан жинайтын құрсақүсті-жыныс венасы (v.pudendoe-pigastrica) мен сыртқы жыныс мүшелерінен қан жинайтынсыртқы жыныс венасы (v.pudenda externa)құрайды.өз кезегінде сыртқы жыныс венасына каудальды құрсақүсті венасы (v.epigastrica caudalis) келіп құяды. Каудальды құрсақ үсті венасы құрсақтың вентральды қабырғасында краниальды құрсақ үсті венасымен қосылып, құрсақтың теріасты венасын(v.subcutanea abdominis) түзеді. Сиырдағы бұл тамырды сүт венасы деп атайды. Төссүйектің сүріншек (семсерше) өсіндісі аумағында құрсақтың теріасты венасы көкірек қуысына өтіп, ішкі көкірек венасына қосылады. Аталған веналардың қосылған жері тері арқылы сипап байқауға болады. Тері астындағы сүт венасы көкірек қуысына өтетін осы тесікті құрылымды сүт құдығы деп атайды. Құрсақ қуысының веналары қанды екі веналы магистральдарға каудальды қуыс және қақпалық веналарына бөлінеді. Азық қорыту мүшелерінен және көкбауырдан вена қаны қақпалық венаға (v.portae hepatis) жиналады. Қақпалық вена бауырдың қақпасы арқылы бауырға еніп, бөлікаралық веналарға(vv.interlobularis), олар өз кезегінде бауыр бөлікшелерінің қан капиллярларына айналады. Бауыр бөлікшелерінің орталығында қан капиллярлары бір-бірімен қосылып, бауыр бөлікшесінің орталық венасын(v.centralis) құрайды. Орталық веналардан вена қаны бөлікшеасты веналарға(vv. sublobularis) өтеді. Бөлікшеасты веналар бауырдан вена қанын алып шығатын бауыр веналарын(vv.hepaticae) түзеді. Бауыр веналары вена қанын каудальды қуыс венаға құяды. Каудальды қуыс венасы дененың артқы бөлігінен қанды жинайды. Қақпалық венасы v. Porta сиырлардың он екі елі ішек венасында түзіледі, ол өз кезегінде краниальды асқазан асты- он екі елі ішек венасы мен жалпы бағанды оң асқазан мен оң асқазан-майлы венасынан түзіледі. Содан кейін, қақпақша венасына сол асқазан-көкбауыр венасы мен жалпы қатпаршақ венеасы құйылады. Жалпы қатпаршақ венасы келесі веналардың қосылуынан пайда болады: 203

204 1) асқазан асты үлкен венасынан; 2) каудальды асқазан асты он екі елі ішек венасынан; 3) сол жақты доға венасында басталатын орташа доға венасынан; 4) мықын-соқыр ішекті доғалы баған мен 5) ішек бағанынан. Ерекшеліктері: шошқалардың қақпақша венасына, сиырдың вена тармақтарына ұқсас тармақтар кіреді. Тек қосымша түрде: краниальды асқазан венасы құйылады. Жылқыларда қақпақша венасына келесі веналары арқылы қан құйылады: 1) көкбауыр, 2) краниальды қатпаршақ және 3) каудальды қатпаршақ. Сонымен қатар, қақпақша венасына асқазан-он екі елі ішек венасы мен краниальды асқазан венасы құйылады. Бақылау сұрақтары: 1 Жамбас қуысының вена тамырлары мен оның топографиясын атаңыз 2 Артқы аяқ вена тамырлары мен оның топографиясын атаңыз 3 Құрсақ қуысының вена тамырлары мен оның топографиясын атаңыз 19 Лимфа айналым жүйесі 19.1 Бастың, мойынның, алдыңғы және артқы аяқтың лимфа түйіндері Сабақтың мақсаты: Бастың, мойынның, алдыңғы және артқы аяқтың лимфа түйіндерін игеру Лимфа айналым жүйесі қызметі мен құрылысы жағынан қан айналым жүйесі мүшелерімен тығыз морфологиялық байланыста болады. Себебі, бұл жүйе ұлпалар мен мүшелерде, олардағы зат алмасу процесі кезінде қаннан, оны қоршаған ұлпаға сүзіліп шыққан ұлпа сұйығынан басталып, соңында организмнен лимфаны жинайтын ірі лимфа өзектерінің (оң лимфа бағаны, көкірек өзегі) алдыңғы қуыс венаға құйылуымен аяқталады(cурет 57). Лимфа түйіндері жануарлар организмдеріндегі дене аймақтарындағы орналасу орындарына байланысты топтасып, лимфа орталықтарын(lymphocentr) құрайды. Организмдегі олардың жалпы саны 19. Баста шықшыт, төменгі жақ және екі жұтқыншақ арты лимфа түйіндері орналасқан. Шықшыт лимфа орталығы (околоушной лимфоцентр) lymphonodus (ln., lnn.) parotideus самай-төменгі жақ буынынан төмен, шықшыт сілекей безінің астыңғы жағында орналасады. Бұл орталық беткей және терең лимфа түйіндерінен тұрады. Шықшыт лимфа орталығы лимфаны бас аумағынан жинап, жұтқыншақарты латеральды лимфа түйініне қарай өткізеді. 204

205 Төменгі жақ лимфа орталығы (нижнечелюстной лимфо- центр) ln. mandibularis төменгі жақаралық кеңістікте, төменгі жақ сүйектің тамырлы ойығының артқы жағында, төменгі жақ сілекей безінің алдында орналасады. Лимфаны бас аумағының терісінен, бұлшық еттерінен және басқа мүшелерден жинап, жұтқыншақарты лимфа түйініне немесе мойын лимфа түйіндеріне өткізеді. Жұтқыншақ артылимфа орталығы (заглоточный лимфоцентр) ln. metropharyngeus бірнеше лимфа түйіндері топтарынан құралған: медиальды жұтқыншақарты лимфа түйіндері (ln. metropharyngeusrnedialis) жұтқыншақтың дорсальды қабырғасында орналасады. Лимфа түйіндерінің түбірі: бас, жұтқыншақ, өңеш және көмекей аумақтары. Бұлар лимфаны кеңірдек лимфа өзегіне өткізеді. латеральды жұтқыншақ арты лимфа түйіндері(ln. retropharyngeuslateralis) шықшыт сілекей безінің астында, атлант қанатының шұңқырына жақын орналасады. Лимфаны бас аумағынан жинап, әр түрлі лимфа түйіндеріне өткізеді. Мойында беткей, терең мойын және қабырға-мойын лимфа түйіршіктері кездеседі. Беткей мойын лимфа орталығы (поверхностный шейный лимфоцентр) ln. cervicalis-superficialis иық буынының алдыңғы жағында орналасады. Сыртынан иық-бас бұлшық етімен жабылған. Лимфа орталығы лимфаны мойынның артқы бөлігінен, көкірек керегесінің алдыңғы жағынан және алдыңғы аяқтан жартылай жинайды. Лимфаны мойынның оң жағында кеңірдек өзегіне, ал сол жағында көкірек өзегіне құяды.ерекшеліктері.жылқыдабүл орталықтағы майда лимфа түйіндерінің (0,2-4,0 см) саны 60 -тан 130-ға дейін жетеді. Лимфаны мойыннан, алдыңғы аяқтан, иық белдеуінің бұлшық еттерінен жинайды да, оны мойынның каудальды лимфа түйіндері мен оң лимфа бағанына өткізеді. Терең мойын лимфа орталығы (глубокий шейный лимфоцентр) lnn. Cervicalesprofundae үш лимфа түйіндері топтарынан тұрады. Олар: 1) краниальды лимфа түйіндерінің тобыкөмекей мен жұтқыншақтың артқы жағында, кеңірдекте орналасады; 2) ортаңғы лимфа түйіндерінің тобы кеңірдекте орналасады; 3) каудальды лимфа түйіндерінің тобыбірінші қабырғаның алдыңғы жағында жатады. Терең мойын лимфа орталығы лимфаны жұтқыншақтан, көмекейден, кеңірдектен, өңештен, мойынның вентральды бұлшықеттерінен, жартылай көкірек қабырғасының алдыңғы бөлігі мен иық белдеуі бұлшық еттерінен жинап, оны лимфа көкірек өзегі мен оң лимфа бағанына немесе кеңірдек бағанына өткізеді. 205

206 Алдыңғы аяқтың лимфа түйіндері: Қолтық лимфа орталығы (подмышечный лимфоцентр) ln. axillaris costae primae бірнеше лимфа түйіндерінің топтарын құрайды. Олар: 1) өзіндік қолтық лимфа түйіндеріиық буынының артқы жағында, үлкен жұмыр бұлшық еттің медиальды бетінде орналасады. Бұл орталық лимфаны алдыңғы аяқтан жинайды. 2) 1 қабырғаның лимфа түйіндерібірінші қабырға тұсында, иық буынының медиальды бетінде орналасады. Лимфаны алдыңғы аяқтан, мойынның вентральды бұлшық еттері мен иық белдеуінің бұлшық еттерінен жинайды. Жиналған лимфаны кеңірдек бағанына, көкірек өзегіне немесе мойынның терең лимфа түйіндеріне өткізеді. 3) қосымшақолтық лимфа түйіндерітек итте ғана кездесуі мүмкін. Бұлар шынтақтөмпегінде, арқаның тым жалпақжәне терең кеуде бұлшық еттерінің аралығында 3-4-інші қабырғалар тұсындаорналасады. 4) кеуде лимфа түйіндерікеуде бұлшық еттерінің маңында орналасады.. Лимфаны қолтық лимфа түйіндеріне өткізеді; 5) жауырынасты лимфа түйіндері жауырынның астында орналасады. Лимфаны қолтық лимфа түйіндеріне өткізеді; 6) шынтақ лимфа түйіндерішынтақ буыны маңында, иықтың екібасты бұлшық еті мен үшбасты бұлшық еттің медиальды басы аралығында орналасады. Тек жылқыдағана кездеседі. Лимфаны алдыңғы аяқтан жинап, қолтық түйіндеріне өткізеді. Артқы аяқтың лимфа түйіндері Тобықасты лимфа орталығы (подколенный лимфоцентр) ln. popliteus балтыр бұлшық етінің латеральды басы мен санның екібасты бұлшық етінің аралығанда орналасады. Лимфаны сирақ пен бақай аймақтарынан жинап, мықын лимфа түйіндеріне өткізеді.ерекшеліктері. Жылқыда мөлшері 0,3-2,5 см болатын 3-12 майда лимфа түйіндері қатар жатып, ұзындығы 3-5 см -дей тізбек құрайды. Сиырдабүл түйін 3,0-4,5 см, ұсақ малдарда2,0-2,5 см болады. Тобықүсті лимфа орталығы (надколенный лимфоцентр) ln. subiliacus санның жалпақ шандыр кергіш бұлшық еттің медиальды бетінде, шамамен сербек пен тобық аралығының орта тұсында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасы мен артқы аяқ терілерінен, санның жалпақ шандырын кергіш бұлшық етінен жинап, мықын лимфа түйіндеріне өткізеді. Ерекшеліктері.Жылқыдамөлшері 0,2-2,8 см болатын лимфа түйіндері ұзындығы 6-10 см тізбек түзеді. Сиырдатүйіннің орташа мөлшері 6-11 см, ұсақ малдарда 4-5 см болады. Шошқадалимфа түйінінің ұзындығы 4,0 6,5 см. Ол жоғарыда баяндалған дене аумақтарынан басқа, лимфаны қосымша бел және 206

207 көкірек қабырғасынан (соңғы 3-5-інші қабырға) да жинайды. Итте бұл орталық болмайды. Шаптың беткей лимфа орталығы (поверхностный паховой лимфоцентр) lnn. inguinales superficiales жануарлардың жынысына байланысты түрліше орналасады. Еркек жануарларда құрсақ қабырғасының вентральды бетінде, жыныстық мүшенің бүйірінде, ал ұрғашы жануарларда желіннің жоғарғы жағында, тері астында орналасады. Бұл орталық лимфаны сыртқы жыныс мүшелерінен, желіннен жинап, сыртқы мықын түйініне өткізеді.ерекшеліктері. Айғырда лимфа түйіндері енбаудың маңайында шоғырланып, екі лимфа түйіндерінің тізбегін түзеді сурет. Жылқының лима айналым жүйесі Шаптың терең лимфа түйіндері (глубокие паховые лимфатические узлы) ln. inguinalisprofundus құрсақ қабырғасының медиальды бетінде, сыртқы мықын артериясынан терең сан артериясы ажырайтын тұста орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны құрсақ бұлшық еттерінен, артқы аяқтан және несеп-жыныс мүшелерінен жинап, мықынның медиальды лимфа түйіндері мен бел цистернасына өткізеді.ерекшеліктері.жылқыда16-25 түйіннен құралған, ұзындығы 8-12 см лимфа түйіндерінің тізбегі сан және терең сан артерияларының аралығында, сан өзегінің бастапқы бөлігінде орналасады. Қалған жануарларда бұл түйіндер тұрақты кездеспейді. 207

208 Бақылау сұрақтары: 1 Бастың лимфа түйіндері мен оның топографиясын атаңыз 2 Мойынның лимфа түйіндері мен оның топографиясын атаңыз 3 Алдыңғы және артқы аяқ лимфа түйіндері мен оның топографиясын атаңыз 19.2 Көкірек қабырғасы мен қуысы мүшелерінің және құрсақ пен жамбас қабырғаларының лимфа түйіндері Сабақтың мақсаты: Көкірек қабырғасы мен қуысы мүшелерінің және құрсақ пен жамбас қабырғаларының лимфа түйіндерін игеру Дорсальды көкірек лимфа орталығы - lc. Thoracicum dorsale қабырғааралық лимфа түйіндері (ln. intercostales) қабырғалар бастарына жақын қабырғааралық кеңістікте орналасады. Түйіндерді ішкі жағынан көкірекші шандыры мен кеуде пердесі жауып тұрады. Қабырғааралық түйіндер лимфаны арқа және мойынның сүйектері мен бұлшық еттерінен кеуде пердеден және диафрагмадан жинап, көкірек ортасының лимфа түйіндері мен көкірек өзегіне өткізеді. Қолқалық көкірек лимфа түйіндері (ln.thoracica aortici) қолқа мен көкірек омыртқалардың аралығында орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны арқаның дорсальды бұлшық еттерінен, көкірек омыртқалардан, қолқадан, бауырдан, плеврадан жинап, көкірекортасының каудальды лимфа түйіндерінен краниальды лимфа түйіндеріне өткізеді. Көкірекортасының лимфа орталығы lc.mediastinaleкөкірек ортасының краниальды лимфа түйіндері (lc.mediastinales craniales) көкірек ортасындағы жүрек плеврасының аралығындағы кеңірдектің жоғарғы және төменгі жағында жатады. Лимфаны көкірек қабырғасынан, иық белдеуінің бұлшық еттерінен, мойыннан, кеңірдектен, жүректен, қолқадан, жүрекқаптан, плеврадан жинап, көкірек өзегі мен оң лимфа бағанына құяды. Көкірекортасының ортаңғы лимфа түйіндері (lc.mediastinales medii) жүректің жоғарғы жағында, қолқа мен өңештің аралығында орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны өңештен, кеңірдектен, бауырдан жинап, көкірек ортасының краниальды және бронхтық лимфа түйіндеріне өткізеді Көкірек ортасының каудальды лимфа түйіндері (lc.mediastinales caudales) көкірек ортасындағы қолқа мен өңештің аралығында орналасады.бұл түйіндер лимфаны өңештен, плеврадан, бауырдан, көкбауырдан жинап, көкірек ортасының краниальды және ортаңғы лимфа түйіндеріне өткізеді. Вентральды көкірек лимфа орталығы - ln.thoracicum ventralr төссүйек тұтқасының дорсальды бетінде жатады. Орналасу орындарына байланысты бүл орталықтың лимфа түйіндері краниальды және каудальды болып екі топқа 208

209 бөлінеді. Аталған орталық түйіндері лимфаны көкірек қабырғасының төменгі бөлігінен және диафрагмадан жинайды да, көкірек өзегіне өткізеді. Бронхтық лимфа орталығы lnn. bronchiales кеңірдек-бронхтық лимфа түйіндері (ln.tracheo-bronchialis) - кеңірдек айрығының (бифуркациясының) оң, сол жөне жоғарғы жақтарында шоғырлана орналасқан. Бұл орталық лимфаны кеңірдектен, өкпеден, жүректен, өңештен және көкірек ортасынан жинап, көкірек ортасының краниальды лимфа түйіндеріне өткізеді. Ерекшеліктері.Жылқыдабұл түйіндердің саны кеңірдек айрығының сол жағында 8-9, олардың орташа мөлшері 7-10 см; оң жағындағы түйіндердің саны 4-6, орташа мөлшері 5-6 см; жоғарғы жағындағы түйіндердің саны 9-20, мөлшері 4-6 см.шошқадабұл түйіндердің саны Иттекеңірдектің дорсальды бетіндегі лимфа түйінінің мөлшері 3,2 см. өкпе лимфа түйіндері (lnn. pulmonales) өкпедегі бронхтар бойында орналасады. Ерекшеліктері. Жылқыдабүл түйіндердің орташа мөлшері 3,0-10,0 мм. Бұл түйіндер кейде болмайды. Жүрек қаптыңлимфа түйіні(ln. pericardiacus) тек сиырда кездеседі. Ол қолқа доғасының маңында орналасады. Жүрек қап лимфа түйінінің ұзындығы 1,5 см -дей. Құрсақ және жамбас қабырғаларының лимфа түйіндері: Белдің қолқалық лимфа орталығы (поясничный лимфоцентр) lnn. lumbales қолқа мен артқы қуыс венаның жоғарғы жағында орналасады. Кейде омыртқааралық тесіктер маңында жатады. Лимфа түйіндері лимфаны бел аумағынан, несеп-жыныс мүшелерінен, қолқадан жинап, бел өзегі арқылы бел цистернасына өткізеді. Ерекшеліктері.Жылқыдабұл орталықтағы лимфа түйіндерінің саны , олардың мөлшері 0,3-3, 5 см. Сиырда лимфа түйіндері болады, олардың мөлшері 0,5-2,0 см. Мықын-құйымшақлимфа орталығы (подвздошно-крестцовый лимфоцентр) lc. Ilio-sacrale мықын және орталық құйымшақ артерияларының ажырайтын жерінде орналасады. - медиальды мықын лимфа түйіндері(in. iliaci mediales) сыртқы мықын артериясының басталар тұсында, айналмалы терең мықын артериясының алдыңғы жағында орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны бел аумағынан, құрсақ қабырғасынан, артқы аяқтан, несеп-жыныс мүшелерінен жинап, бел өзегі арқылы бел цистернасына өткізеді. - латеральды мықын лимфа түйіндері(in. iliaci laterales) айналмалы терең мықын артериясының каудальды және краниальды тармақтарға ажыраған жерінде, сербекке жақын орналасады. 209

210 - сыртқы мықын лимфа түйіндері(in. iliaci externi) құрсақ қабырғасының медиальды бетінде, сыртқы мықын артериясынан терең сан артериясы ажырайтын тұста орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны жамбас аумағынан, артқы аяқтан, бел және құрсақ бұлшық еттерінен жинап, бел цистернасы мен медиальды мықын лимфа түйіндеріне өткізеді. - құрсақастылимфа түйіндері(ln.hypogastrici) ішкі мықын артерияларының аралығында орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны жамбас қуысының қабырғасынан жинап, медиальды мықын лимфа түйіндеріне өткізеді. - құйымшақлимфа түйіндері(ln.sacrales) құйымшаққа жақын, жамбастың жалпақ байламы маңында жатады. Орналасу орындарына қарай: латеральды және медиальды лимфа түйіндері болып бөлінеді. Латеральды лимфа түйіндері лимфаны құйымшақ аумағының бұлшық еттерінен, ал медиальды лимфа түйіндері жамбас қуысында орналасқан жыныс мүшелерінен жинап, медиальды мықын лимфа түйініне өткізеді. - шонданайлимфа түйіні(ln.ischiadicus) кіші шонданай ойығы аумағында жамбастың жалпақ байламының сыртқы бетінде жатады. Лимфаны жамбас қуысының қабырғасы мен оның мүшелерінен жинайды. Шонданай лимфа түйіні тек күйіс қайтаратын жануарларда кездеседі. - жапқыш лимфа түйіні(ln.obturatorius) жапқыш тесігінің краниальды жиегінде орналасады. Бұл түйін тек жылқыда болады. Бақылау сұрақтары: 1 Көкірек қуысы мүшесінің және көкірек қабырғаларының лимфа түйіндері мен топографиясын атап беріңіз? 2 Құрсақ және жамбас қабырғаларының лимфа түйіндері мен топографиясын атап беріңіз? 19.3 Құрсақ және жамбас қуыстары мүшелерінің лимфа түйіндері Сабақтың мақсаты: Құрсақ және жамбас қуыстары мүшелерінің лимфа түйіндерін игеру Лимфа құрсақ қуысынан алдымен мүшелер лимфа түйіндеріне ағып келіп, одан соң, бел бағаны арқылы бел цистернасына өтеді. Бел лимфа орталығы lc.lumbale.қолқалық бел лимфа түйіндері(ln.lumbales aortici) қолқа мен артқы қуыс венаның жоғарғы жағында орналасады. Омыртқааралық тесіктер маңында да кездеседі. Лимфа түйіндері лимфаны бел аумағынан, несепжыныс мүшелерінен, қолқадан жинап, бел бағаны арқылы бел цистернасына өткізеді.бүйрек лимфа түйіндері(ln.renales) бүйрек қақпасы мен бүйрек артериялары бойында орналасады.жұмыртқалық лимфа 210

211 түйіні(ln.ovaricus) жұмыртқалық байламында орналасады. Барлық жануарларда тұрақты болмайды. Еркек жануарларда ен лимфа түйіні (ln.testicularis) деп аталады. Бұл түйін тек қабандағана болады. Іш лимфа орталығы lc.celiacum.іш лимфа түйіндері(ln.celiaci) іш артериясының құрсақ қолқасынан ажырар тұсында шоғарлана орналасады. Лимфаны іш бағаны арқылы бел цистернасына өткізеді. Бауыр (қақпалық) лимфа түйіндері(lnn. hepatici) бауыр қақпасында орналасады. Көкбауыр лимфа түйіндері (lnn. lienales) көкбауыр қақпасында жатады.ерекшеліктері.жылқыда көкбауыр түйіндері жалпақ пішінді, қызыл түсті түйіннен тұрады. Олардың мөлшері 0,2-7,0 см. Күйіс қайтаратын жануарлардаболмайды. Шошқада1-8, итте5 лимфа түйіні болады. Шарбыныңлимфа түйіндері(ln.omentales) қарын-көкбауыр байламында орналасады.ерекшеліктері.жылқыдабүл түйіндердің саны 14-20, мөлшері 0,2-2,5 см. Иттебұлар он екі елі ішек маңында орналасады. Бірақ, сирек кездеседі. Қалған жануарларда болмайды. Қарын лимфа түйіндері(lnn. gastrici) өңештің қарынға ашылатын жерінен (кардиальды бөлігінен) қарынның кіші иінін бойлай орналасады.ерекшеліктері.жылқыда15-35 түйін болады. Күйіс қайтаратын жануарларда қарын лимфа түйіндері оң және сол мес қарын, дорсальды және вентральды ұлтабар, сондай-ақ, қарынның барлық бөлімдерінде кездеседі. Шошқадабұл түйіндер жекеленіп немесе топтасып жатады. Итте олар кейде болады, көбіне болмайды. Ұйқыбезі және он екі елі ішек лимфа түйіндері (lnn.pancreatico-duodenales) он екі елі ішектің басталар ұшында орналасады. Ерекшеліктері.Жылқыдамөлшері 0,2-2,0 см 5-15 түйін болады. Күйіс қайтаратын жануарларда бұл түйіндердің сандары тұрақты емес. Краниальды шажырқай лимфа орталығы lс. mesentericum cranialis ащы және жуан ішектердің шажырқайларында орналасқан лимфа түйіндерін бір топқа біріктіреді. Краниальды шажырқай лимфа түйіндері(lnn. mesenterici craniales) құрсақ қолқасынан краниальды шажырқай артериясының ажырайтын тұсында орналасады. Бұлар лимфаны бел цистернасына өткізеді. Аш ішек лимфа түйіндері(lnn. jejunales) аш ішек шажырқайында орналасады. Бүйен лимфа түйіндері(lnn. caecales) ірі жануарларда жақсы жетілген.жылқыда латеральды, медиальды және дорсальды болып топтасып жатады. Латеральды және медиальды түйіндердің саны 1000-нан 1400-ге дейін жетеді. Олар бүйен таспасын бойлай орналасады. Дорсальды түйіндердің саны Күйіс қайтаратын жануарлардабұл түйіндер бүйен мен мықын ішек аралығында, шошқадааш ішек шажырқайында жатады. Иттеболмайды. 211

212 Тоқ ішек лимфа түйіндері(lnn. colici) тоқ ішек шажырқайында орналасады. Каудальды шажырқай лимфа орталығы lс. mesentericumcaudaleтоқ ішектің соңғы бөлігі мен тік ішек лимфа түйіндерін, жылқыда бұларға қоса кіші тоқ ішек пен қуықтың лимфа түйіндерін біріктіреді.каудальды шажырқай лимфа түйіндері(lnn. mesenterici caudales) аттас артерияны бойлай, шажырқайда орналасады.тікішек лимфа түйіндері(lnn. rectales) тік ішектің жоғарғыбетінде жатады. Артқы тесік анустың лимфа түйіндері (lnn. anales) тері астында, анустан жоғары орналасқан. Ерекшеліктері: Жылқыда лимфа түйіндерінң мөлшері 3,0-12,0 мм, саны 3-16; сиырда бұлардың мөлшері 0,3-0,5 см-ге дейін жетеді. Ұсқа малдарда мен шошқада бұл түйіндер майда болып келеді, олар анустың екі қапталында жатады. Бақылау сұрақтары: 1 Құрсаққуысының лимфа түйіндерін атап беріңіз 2 Жамбас қуысының лимфа түйіндерін атап беріңіз 19.4 Лимфа тамырлары Сабақтың мақсаты: Лимфа тамырларын игеру Лимфаны бүкіл жануарлар организмдерінен жинап, венаға құйылуын қамтамасыз ететін негізгі лимфа тамырларына: бел цистернасы, көкірек өзегі, оң лимфа бағаны, бел, ішек және кеңірдек өзектері жатады. Көкірек өзегі (грудной проток) ductusthoracicus құрсақ қуысындағы бел цистернасынан басталатын ең ірі лимфа тамыры. Бұл өзек лимфаны бастың, мойынның, көкірек қабырғасының оң жақ жартысы және оң аяқтан басқа, жануарлар денесінің 3/4 бөлігінен жинайды.көкірек өзегі көкірек қолқасының оң жағында жатады. Қолқа доғасының алдында ол өңеш пен кеңірдектің сол жақ бетіне өтіп,s әрпі тәрізді иілім жасайды да, бірінші қабырғаның алдыңғы жиегі тұсында кеңейіп барып, алдыңғы қуыс венаға немесе күретамыр венасының соңғы ұшына жалғасады. Бел цистернасы (поясничная цистерна) cisternachyli диафрагма аяқшаларының аралығында, қолқаның жоғарғы жағы мен оң қапталында, алғашқы бел омыртқалардың астында орналасады. Оның пішіні ұзынша келген сопақ қапшық тәрізді. Бел цистернасына бел, каудальды шажырқай және медиальды мықын лимфа түйіндерінен лимфаны жинайтын: бел лимфа бағандары мен ішек бағаны құяды. Ішек бағаны лимфаны қарын мен ішектің лимфа түйіндерінен қабылдайды. 212

213 Оң және сол кеңірдек өзектері(правый и левый трахеальные лимфатические протоки) ductustrachealisdexteretsinister лимфаны жұтқыншақарты лимфа түйіндерінен жинайды. Оң лимфа бағаны (правый лимфатический ствол) truncuslympnaticusdexter лимфаны мойынның оң жақ жартысында орналасқан лимфа түйіндерінен және көкірекортасының краниальды лимфа түйіндерінен алып шығады. Ол бірінші қабырға тұсында алдыңғы қуыс венаға немесе күретамыр венасына ашылады. Ерекшеліктері. Жылқыда бел цистернасы 1-3 бел омыртқалардың астында орналасады. Оның ұзындығы см, диаметрі 1,5-2,5 см. Көкірек өзегінде жұп және тақ қақпақшалар болады. Кеңірдек өзектері мен оң лимфа бағаны лимфаны мойынның терең краниальды лимфа түйіндерінен жинайды. Олардың диаметрі 3-5 мм және 8-10 мм.күйіс қайтаратын жануарлардабел цистернасы соңғы көкірек және алғашқы бел омыртқалардың астында орналасады. Ішек бағаныныңдиаметрі 7,5-10 мм -ге жетеді. Сиырда диаметрі 8-12 см бел лимфа бағаны қолқа мен артқы қуыс венаның астында жатады. Шошқадабел цистернасы 1-2 -інші бел омыртқалардың астында орналасады. Кеңірдек өзектері лимфаны мойынның дорсальды және жұтқыншақарты медиальды лимфа түйіндерінен қабылдайды.иттебел цистернасы 1-4 -інші бел омыртқалар мен қолқаның астында орналасады. Оң лимфа бағаны лимфаны оң бұғанаасты венасына құяды. Бақылау сұрақтары: 1 Негізгі лимфа тамырлары мен топографиясын атап кетіңіз 2 Оң лимфа бағаны 20 Қан жасау мүшелері Қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелерінде қан торшаларының түзілу процесі жүреді. Сонымен қатар, бұлардағы макрофагтар мен иммундыхабардар (иммунокомпонентті) торшалар организмге түскен бөгде заттар мен бөлшектерді, микроорганизмдерді, тіршілігі тоқтаған торшалар қалдықтарын жою арқылы қорғаныс қызметін де атқарады Көкбауыр, айырша без бен сүйектің қызыл кемігі майы Сабақтың мақсаты: Көкбауыр, айырша без бен сүйектің қызыл кемігі майын игеру 213

214 Көкбауыр lien жануарлардың құрсақ қуысында, бірбөлімді қарынның үлкен иінінде, көпбөлімді қарынның мес қарынына жанаса орналасқан, пішіні ұзынша доғалдау келген, көкшіл қызыл-қоңыр түсті шеткі қан жасау және қорғаныс мүшесі. Көкбауырда организмге сырттан түскен әр түрлі антигендер, ескіріп қызметінен айырылған эритроциттер мен қан табақшалары жойылады. Ыдырап жойылған эритроциттер құрамындағы гемоглобиннен биллирубин мен құрамында темір бар трансферрин түзіледі. Биллирубин бауырға өтіп, өт пигменттеріне айналады. Ал темірлі трансферринді макрофагтар өздеріне сіңіріп алып, қайтадан жаңа эритроциттерді түзу процесін темірмен қамтамасыз ету үшін, сүйектің қызыл кемігі майына тасымалдайды. Бұнымен қатар, организмдегі торшалықжәне сұйықтық иммунитеттердің қалыптасуына қатысып, сүйек майларындағы эритроциттердің түзілу процесі деңгейін төмендететін биологиялық белсенді зат бөледі. Көкбауырдың лимфа түйіншелеріндегі Т және В аймақтарда тиісті антигендерге қарсы дамып жетілген эффекторлы Т және В лимфоциттер мен иммунды-глобулиндер түзетін плазмоциттер дамиды. Қалыпты жағдайда организмдегі қанның 10% -ы көкбауырда қорланады. Айырша без (тимуст)жануарларда тақ көкірек және кеңірдектің екі қапталында орналасқан жұп мойын бөліктерінен тұрады. Ол, әсіресе, жас төлдерде жақсы жетілген. Тимус организмдегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен қызметін бақылап, реттеп тұратын қан жасау және иммундық қорғаныс жүйесінің орталық мүшесі. Бұнда организмдегі торшалықжәне сұйықтық (гуморальдык) иммунитеттің қалыптасуын іске асыратын Т лимфоциттердің түрлі топтары түзіледі. Бұған қоса, тимуста шеткі қан жасау мүшелеріндегі лимфоциттердің қызметін реттеуге қажет тимозин гормоны бөлінеді. Тимус паренхимасының лимфоидты ұлпасын сүйектің қызыл кемігі майынан қоныс аударған Т лимфоциттер бастамалары түзеді. Сүйектің қызыл кемігі майы medullaosseamrubram жануарлар организміндегі қан жасау мүшелерінің орталық мүшесі. Себебі, бұнда барлық қан торшаларының ізашар бастама торшалары (бласттар) түзіліп, олардың көбі (эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары, моноциттер) осы қызыл кемік майында толық жетіліп, қанға шығарылады. Ал лимфоциттер бастама торшалары бласттары қан арқылы тимусқа, көкбауырға, лимфа түйіндеріне, лимфо-эпителиальды құрылымдарға қан арқылы барып қоныстанып, сол мүшелерде антигенге байланысты маманданып көбейіп, әсерлі торшаларға айналады. Сүйектердің қызыл кемігі майы жануарлар ұрығы эмбриондық дамуының алғашқы кезеңінде-ақ қалыптасады. Алдымен жалпақ сүйектерде: жауырында, жамбас сүйекте, шүйде сүйекте, қабырғаларда, төс сүйекте, бас сүйектің 214

215 негіздік сүйектерінде, кейіннен жіліктер эпифиздері мен омыртқалардың кемік затында мезенхимадан дамып жетіледі. Паренхиманың миелоидты ұлпасы сарыуыз қапшығынан қоныс аударған діңгекті торшалардан дамиды. Бақылау сұрақтары: 1 Көкбауырдың анатомиялық-гистологиялық құрылысы мен орналасуы 2 Сүйектің қызыл кемігі майының топографиясы 3 Айрықша бездің (тимус) топографиясы 21 Жүйке жүйесі Жүйкежүйесі(нервная система) жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін және мүшелер жүйелері қызметтерінің біртұтастығын реттейді. Жүйке жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімін neurologia-деп атайды. Жүйке жүйесі ағзада орналасу орындарына қарай: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөлімінеми және жұлын, ал шеткі бөлімінемидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады. Организмде атқаратын қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық(тамырлық) Жұлын, жұлынның қабығы Сабақтың мақсаты: Жұлын, жұлынның қабатын игеру Жұлын (спинной мозг) - medulla spinalis омыртқа бағаны өзегінде орналасқан, пішіні цилиндр тәрізді, тірі организмдегі түрлі рефлекстердің іс жүзіне асуын қамтамасыз ететін, құрылысы күрделі орталық жүйке жүйесінің мүшесі (сурет58). Жұлынды сыртынан үш қабық meninges: сыртқы қатты қабық (dura mater spinalis), ортаңғы өрмелі немесе торлы қабық (tunica arachnoidea spinalis), ішкі жұмсақ қабық (pia mater spinalis) қаптап жатады. Олардың аралықтарында қаттыүсті (омыртқа мен қатты қабық аралығында), қаттыасты (қатты және өрмелі қабықтар аралығында) және өрмеліасты (өрмелі және жұмсақ қабықтар аралығында) жұлын кеңістіктері орналасады. 215

216 Қатты үсті кеңістікте(cavum epidurale) жұлынды сыртынан қоршап, қорғаныс қызметін атқаратын борпылдақ дәнекер ұлпасы мен май ұлпасы орналасады. Қаттыасты кеңістікте(cavum subdurale) және өрмеліасты кеңістікте(cavum subafachnoidale) жұлын сұйығы болады. Олардың ішкі беттерін эндотелий астарлайды. Омыртқа бағанындағы орналасу орындарына байланысты жұлын: мойын, көкірек, бел және құйымшақ бөлімдеріне бөлінеді. Жұлын мен мидың шекарасы шамамен ауыз омыртқаның алдыңғы жиегі бойымен өтеді. Жануарлар аяқтарының дамуына байланысты жұлынның мойын және бел бөлімдерінде жұлын жуандаулары(intumescentia cervicalis et lumbosacralis) жетілген. Бел бөлімінен кейін жұлын сүйірленіп, жұлын конусын(conus medullaris) түзеді. Ол одан әрі құйрыққа қарай тым жіңішкеріп, 1-2-нші құйрық омыртқалары тұсында соңғы жіпке(filum terminales) айналады. Жұлынның жоғарғы арқа жағында ұзынынан өтетін орталық дорсальды сай(sulcus medianum dorsalis) және оның екі жағындағы оң және сол дорсальды латеральды сайлар(sulci laterales dorsales) болады. Ал төменгі бетінде де, жұлынның ұзын бойында жатқан терең орталықвентральды саңылау(fissura mediana ventralis) және оның екі бүйіріндегі оң жәнесол вентральды латеральды сайлар(sulci laterales ventrales) бар. Жұлынның көлденең кесіндісінде бір-бірінен анық ажырайтын: сыртқыақ зат (substanlia alba) және ішкі сұр зат (substantia grisea) көрінеді. Жұлынның ортасында жұлын сұйығы ағып жататын орталық жұлын өзегі(canalis centralis) болады. Орталық өзекті қоршай пішіні Н әрпіне ұқсаған сұр зат орналасады. Сұр затта сұр дәнекерлік (comissura grisea) арқылы өзара жалғасқан оң және сол дорсальды, латеральды(жұлынның мойын бөлімінде болмайды) және вентральды сұрзаттық мүйіздерді(бағандарды) columna grisea dorsalis, lateralis et ventralis ажыратады. Сұр затты жұлынның орталықтарын түзетін нейроциттер және олардың миелинсіз (үлпексіз) сұр жүйке талшықтары мен жүйкелік глия құрайды. Сұр затты сыртынан жұлынның ақ заты қоршап жатады. Ақ затты жүйкелік тітіркеністерді өткізу арқылы жұлын сегменттерін өзара немесе оларды ми орталықтарымен жалғастыратын миелинді (үлпекті) жүйке талшықтары мен олардың аралықтарындағы жүйкелік глия құрайды. Орталық дорсальды сай мен вентральды саңылау және сұр заттың дорсальды, вентральды мүйіздері жұлынныңақзатын дорсальды, латеральды жәневентральды арқаншаларға(funiculus dorsalis, lateralis et ventralis) бөледі. Ақ затта жұлынның сегменттерін өзара байланыстыратын қысқа өткізкіш жолдармен жұлын сегменттерін ми орталықтарымен байланыстыратын ұзын өткізгіш жолдарболады. 216

217 Жұлынның сұр заты өз кезегінде нейроциттер, жүйке талшықтары және нейроглиялық құрамы бойынша бір-бірінен анық ажыратылатын бөліктерге бөлінеді. Сұр заттың дорсальды мүйізінде: кеуекті қабат, желатин тәрізді зат, дорсальды мүйіздің өзіндік ядросы және кеуде ядросы бөліктері ажыратылады. Жұлынның ақ заты миелинді жүйке талшықтарынан және олардың аралықтарындағы тіректік қызмет атқаратын нейроглиядан құралған. Миелинді жүйке талшықтары жұлын сегменттерін жалғастыратын қысқа өткізгіш жолдарды және жұлын сегменттерін ми бөлімдерімен байланыстыратын ұзын өткізгіш жолдарды жасайды. Жүйке толқынын өткізу бағыттарына қарай, олар орталыққа тепкіш (афферентті) және орталықтан тепкіш (эфферентті) өткізгіш жолдар болып бөлінеді. Кеуекті қабатты жалпақ ілмекті нейроглия негізінде орналасқан майда шоғырлы нейроциттер құрайды. Желатин тәрізді зат негізінен нейроглиядан тұрады. Бұл жерде аздаған ұсақ шоғырлы нейроциттер кездеседі. Кеуекті қабат желатин тәрізді зат және олардың аралықтарында шашыранды орналасқан ассоциативті нейроциттер жұлын ганглийіндегі сезімтал нейроциттерді жұлынның сұр затының вентральды мүйізіндегі қозғалтқыш нейроциттермен байланыстырып, жұлын ішіндегі рефлекторлық доғаны тұйықтайды. Кеуде ядросын дендриттері тармақталған ірі мультиполярлы нейроциттер құрайды. Олардың аксондары жұлынның ақ затының өз жағындағы бүйірлік арқаншаға өтіп,дорсальды жұлын-мишықжолын түзеді де, мишыққа дейін көтеріледідорсальды мүйізде бұлардан басқа майда мультиполярлы ассоциативті және комиссуральды нейроцитгер шашыла орналасып, ассоциативті нейроциттердің аксондары сұр заттың өз жағындағы нейроциттермен, ал комиссуралды нейроциттердің аксондары сұр заттың қарама-қарсы жағындағы нейроциттермен синапс арқылы жалғасады. Дорсальды мүйіздің аралық аймағында: медиальды (ішке қарай) және латеральды (бүйір жақ) аралық ядролар орналасады. Ерекшеліктері: шошқалардың жұлын салмағы г, жылқыларда , итте 13 г. 217

218 58 - сурет. Жұлын құрылысының сұлбасы Бақылау сұрақтары: 1 Жұлынның анатомиялық-гистологиялық құрылысын сипаттап беріңіз? 2 Жұлынның түйіні қалай құралған, қызметтері қандай? 3 Жұлынның қабығын айтып беріңіз? 21.2 Ми, мидың қабығы Сабақтың мақсаты: Ми мен мидың қабығының құрылысын игеру Мидың қабығы жұлынның қабығының жалғасы болып саналады, сонымен қатар, олар: қатты, торлы және жұмсақ болып бөлінеді.мидың Мидың қатты қабығы duramaterencephali үстіңгі қабаты болып келеді. Синустың дорсальды жүйесі сигиттальды, тік, көлденең, дорсальды, тасты және шүйде синустарынан тұрады. Сагиттальды синус sinussagittails негізінде, семсерше тәрізді қатпарда орналасады, ол қабықша венадан басталады. Оған: 1) мидың дорсальды венасы vv. cerebriidorsales, 2) сүйекті веналар vv. diploiсае және 3) тік синус құйылады. Тік синус sinusrectus қысқа келген және екі веналардың қосылуынан пайда болады 1) бас миының алдыңғы бөлігінен қанды жинайтынсүйелді дененің венасы v. corporiscallosi және 2) мидың үлкен венасы v. cerebrimagna, мидың терең венасынан қанды жинайды vv. cerebriprofundae, олар өз кезегінде ми қарыншасының өрім тамырларынан қанды өзіне алып барады. Көлденең синус sinustransversi жұпты, сагиттальды синусты оң және сол жаққа бөлген уақытта пайда болады. 218

219 Самай каналына барып, қанды оң және сол дорсальды ми венасына vv. cerebridorsales самайлы беткей венаны v. temporalissuper-ficialis апарады. Дорсальды тасты синус sinuspetrosusdorsalis жұпты, көлденең синусқа құйылады. Ол мидың негізгі бөліктерден қанды жинайды. Шүйде синусы sinusoccipitalis жұпты, мишықтың бұрамынан шетте орналасқан, осыдан қосқыш синуста - sinuscommunicantes барып құйылады. Синустардың вентральды жүйесі шеңберлі және негізгі синустардан тұрады. Шеңберлі синус sinuscircularis гипофиздің шетінде жатыр.гипофиздің шеттерінде оң және сол кеуекті синустар sinuscavernosidexteretsinister жатыр. Гипофиздің алдында және артында, олар кеуек арасындағы синустармен sinusintercavernosi. қосылады. Әр кеуекті синус мұрыннан көз венасына қарай ауысады, ал каудальды негізгі синусқа. Мидың көздің венасы v. -cerebralisorbitalis көздің тесігі арқылы терең беткей венасына түседі. Негізгі синус sinusbasilaris вентральды омыртқалы синусқа түседі. Тесік тесіктің қасында мидың вентральды венасы v. celebralisventralis тармақталады. Ол қанды шүйдеге апарады. Шүйде тамырында негізгі синустар бір-бірімен қосылады да, жұп емесе вентральды шүйде синусын sinusoccipitalisventralis құрайды. Негізгі синусқа бас миының вентральды веналарынан қан жиналады. Мидың торлы қабығы tunicaarachnoidea еncephali борпылдақ байланыстырушы ұлпадан тұрады. Мидың қатпарларында жұмсақ ми қабығымен бірге өседі, ал торлы асты қуысы cavumsubarachnоidale саңылау мен тесік аймақтарында кездеседі. Семсер тәрізді қатпар негізінде торлы қабаттың талшықтары тармақталады, оны пахионды грануляция granulationesarachnoidales (Pacchioni).деп атайды. Мидың жұмсақ қабығы piamaterencephali борпылдақ байланыстырушы ұлпадан тұрады. Тамырлы өрімі plexuschorioideusорналасқан жерде және тамырлы қақпақтың telaechorioidea қалыптасуында ат салысатын шеткі, үшінші, төртінші қарыншаларда, саңылау мен тесіктерге кіріп мимен өте тығыз бірге өсіп кетеді. Мидың гистологиялық құрылысындағы ерекшеліктері оның ақ заты мен сұр заты орналасуының күрделілігі: сұр заттың көп бөлігі үлкен ми мен мишықтың сыртқы бетінде орналасып, олардың қыртысты қабаттарын түзеді. Ал оның аз бөлігі ми діңгегі бөлімдерінің көптеген сұр заттық ядроларын құрайды. Сопақша ми, ми көпірі, ортаңғы ми, аралық ми, соңғы мидың базальды бөлігі бірігіп, жұлынның алдыңғы жағындағы жалғасы ми діңгегін құрайды. Ми діңгегініңсұр заттық ядролары қызметіне қарай: рецепторлы, ассоциативті және эффекторлы болып бөлінеді. Рецепторлы ядролар 219

220 жұлынның дорсальды мүйізінің нейроциттері ядроларына ұқсас, яғни бұл ядролардың нейроциттерінде жұлынның ақ затының дорсальды сезімтал арқаншаларының құрамында ми діңгегіне келген жұлын ганглийлері рецепторлы нейроциттерінің аксондары және бас аумағындағы ми жүйкелерінің бойында орналасқан сезімтал ганглийлердегі (айшықты, тобықтық, тастық) рецепторлы нейроциттердің аксондары синапс арқылы аяқталады. Эффекторлы ядроларының нейроциттеріжұлынның вентральды мүйізіндегі қозғалтқыш нейроциттеріне ұқсас. Олардың аксондары эффекторлы жүйкенейроциттердің ассоциагивті ядролары(көру төмпегі, тісті ядро, олива т.б.) орналасады. Бұл байланыстырғыш ядролар жұлыннан және ми діңгегінен келген жүйке толқындарын үлкен ми қыртысына, ал ми қыртысынан кері төмен қайтқан орталықтан тепкіш жүйке импульстерін, керісінше, ми діңгегіне, одан әрі жұлынға өткізеді. Ми (головной мозг) encephalon тірі жануарлар организмдері мүшелер жүйелерінің қызметтерін үйлесімді реттеп, барлықжүйкелік процестердің іс жүзіне асуын үздіксіз бақылап отыратын жүйке жүйесінің орталық мүшесі. Ол бассүйектің ми сауыты бөлімінде орналасқан жұлынның бас аумағындағы жалғасы. Ми көлденең саңылау арқылы үлкен ми(cerebrum) және ромб тәрізді ми(rhombencephalon) болып екіге бөлінеді. Үлкен ми өз кезегінде ортаңғы ми, аралық ми және соңғы ми, ал ромб тәрізді ми сопақша және артқы ми бөлімдеріне бөлінеді. Артқы ми мишықтан және ми көпірінен тұрады. Бақылау сұрақтары: 1 Бас миының қабықтарын атап беріңіз? 2 Бас миының құрылысы 21.3 Соңғы ми Сабақтың мақсаты: Соңғы мидың құрылысын игеру Соңғы ми (telencephalon) терең ұзынша үлкен ми саңылауымен (fissure longitudinalis) бөлініп, бір-бірімен саңылаудың түбіндегі күсті дене арқылы өзара байланысып жатқан оңжәне сол жартышарлардан(hemispherium dextrum et sinistrum) немесе үлкен ми сыңарларынантұрады. Әрбір үлкен ми сыңары ми жабынынан, иіс миынан, жолақты денеден және бүйірлік ми қарыншасынан тұрады. Бүйірлік ми қарыншасыныңқуысы қарыншалараралық тесік арқылы үшінші ми қарыншасы қуысымен жалғасады. Ми жабыны (pallium) үлкен ми сыңарын жоғары және сыртқы жағына қаптап жатады. Ол сыртқы сұр заттан, ішкі ақ заттан тұрады. Ми жабынынның 220

221 сыртқы сұр заттық қабығын үлкен ми қыртысы (cortex cerebri) деп атайды. Оның сыртқы бетінде сайлар арқылы бір-бірінен бөлінген, пішіні әр түрлі жануарларда түрліше келген қатпарлар болады. Ми жабынынның сыртқы бүйір бетінде тігінен өтетін латеральды сай (sulcus lateralis (Sylvii))немесе сильвий сайы жақсы көрінеді. Латеральды сайды сыртқы жағынан пішіні доға тәрізді үш қатарда жатқан сайлар қоршап, үлкен ми қыртысын : шүйде бөлікке (lobus occipitalis pallii), төбе бөлікке (lobus parietalispallii), маңдай бөлікке (lobus frontalis pallii) және самай бөлікке (lobus temporalis pallii) бөледі. Иіс миы (rhinencephalon) соңғы мидың төменгі бетінде орналасады. Ол иіс баданасынан bulbus olfactorius (сұр заттан тұрады, біріншілік иіс орталығы), латеральдыжәне медиальды иіс жолдарынан (өткізгіш жолдар), иіс үшбұрышынан, алмұртша бөліктен құралған. Иіс үшбұрышы (trigonum olfa-ctorium) мен алмұртша бөлік (lobispiriformes) сұр заттан тұрады. Бұлар екіншілік иіс орталығының қызметін атқарады. Өткізгіш жолдар ретінде жүйке талшықтарынан құралған латеральды және медиальды иіс жолдары сүр заттан тұратын латеральды және медиальды иіс қатпарларын сыртынан қаптай, біріншілік иіс орталығы иіс баданасын, екіншілік иіс орталықтары иіс үшбұрышымен және алмұртша бөлікпен байланыстырады. Иіс үшбұрышы латеральды және медиальды иіс жолдарының арасында жатады. Латеральды иіс жолы алмұртша бөлікке, ал медиальды иіс жолы жол бойы иісмаңы ала тын (area parolfactoria) жасап, ми жабынының медиальды бетіне өтеді. Латеральды және медиальды иіс жолдары қабылданған тітіркеністі иіс баданаларындағы біріншілік иіс орталықтарынан, иіс қатпарларына, иіс үшбұрыштарына, иісмаңы алаңдарына, алмұртша бөліктердің сұр затындағы екіншілік иіс орталықтарына, одан әрі аралық ми гипоталамусына және ортаңғы миға өткізеді. Алмұртша бөліктің ішіндегі қуысы бүйірлік ми қарыншасының артқы жалғасы. Алмұртша бөліктің ішкі қабырғасында аммон мүйізінің ұшы аяқталады. Алмұртша бөлікті артқы және ішкі жақтарынан гиппокамп саңылауы (fissura hippocampi) шектейді. Гиппокамп (hippocampus) гиппокамп саңылауы мен алмұртша бөлік аумағындағы ми қыртысының қатпары. Гиппокамптың жоғарғы беті жолақты дененің құйрықты ядросынан кейінгі бүйірлік ми қарыншасының түбін құрайды және ол құйрықты ядродан бүйірлік қарыншаның тамырлы өрімі арқылы бөлінген. Гиппокамп ми қыртысының қатпары ретінде, төменгі бағытта сыртқа және артқақарай орақтәрізді иіліп, алмұртша бөлікпен жалғасып кетеді. Ал оның көру төмпегінен жоғары жатқан алдыңғы ұшы гиппокамп аяқшасы (pes hippocampi) немесе аммон мүйізі (cornu ammonis) деп аталады. Аммон мүйізін көру төмпегінен үшінші ми қарыншасының тамырлы өрімі бөліп тұрады. Гиппокампта жоғары қыртысасты ассоциативті 221

222 иіс және дәм сезімі орталықтары болады. Гиппокамптың орталықтары үлкен ми сыңарлары қыртысының әр түрлі орталықтарымен және басқа да жоғары қыртысасты орталықтармен өткізгіш жолдар арқылы байланысып жатады. Өткізгіш жолдар ми күмбезін (fоrnix) жасайды. Гиппокамп қатпары жоғарғы бағытта көтеріліп, ми жабынының белдеу қатпарына жалғасады. Белдеу қатпары күсті дененің (corpus collosum) жоғарғы жағымен, оны алдыңғы жағынан айналып өтіп, иісмаңы алаңымен байланысады. Гиппокамп қатпары мен белдеу қатпары ми жабыны қыртысының (neocortex s.neopallium) бөліктері. Күмбездің өткізгіш жолдары гиппокампты аралық мидың емізікше денесімен (corpus mamillare) байланыстырады. Үлкен ми сыңарларының төменгі бетінен: иіс баданалары, иіс жолдары мен иіс қатпарлары, иіс үшбұрышы және алмұртша бөлік, ал олардың медиальды бетінен:иісмаңы алаңы, гиппокамп қатпары, белдеу қатпары көрінеді. Бүйірлік ми қарыншасының түбін: жолақты дененің құйрықты ядросы, аммон мүйізі және күмбез құрайды. Иіс миының лимбикалық жүйесі (pars limbica rhinencephalon) белдеу қатпарынан, гиппокамптан, күмбезден және жолақты дененің бадамша ядросынан тұрады. Жолақты дене (corpus striatum) үлкен ми сыңарлары қыртысының астында жатқан, сұр және ақ заттардың аралас орналасуынан түзілген, тарихи дамуы жагынан жаңа ми қыртысына (пеосогtех) қарағанда көне ми бөлігі. Жолақты дене бүйірлік ми қарыншасының төменгі қабырғасын құрайды. Оның сұр затын құйрықты ядро, жасымықша ядро, шарбақша ядро және бадамша дене құрайды. Сұрзаттық құрылымдарды бір-бірінен бөліп тұратын ақзаттық аралықтар орналасу орындарына қарай: ішкі және сыртқы қабықтар (капсулалар) деп аталады. Аталған қабықтар миелинді жүйке талшықтарынан түзілген проекциялық өткізгіш жолдар. Құйрықты ядро (nucleus caudatus) екі бөлімнен: бас және құйрық (caput еtcauda) бөлімдерден құралған. Құйрықты ядроның басы бүйірлік ми қарыншасының түбін құрауға қатысады және ол гиппокамптың алдында орналасады. Жасымықша ядро (nucleus lentiformis) құйрықты ядроның басы мен көру төмпегінің сыртқы бүйірінде орналасып, олардан ішкі қабық (сарsula interna) арқылы бөлініп тұрады. Жасымықша ядроның сыртқы латеральды бөлігі қауыз (putamen), ал тарихи дамуы жағынан ең көне ішкі медиальды бөлігі солғын ядро (pallidum) деп аталады. Бұл бөлік көру төмпегінің сыртқы бүйірінде, латеральды тобықты дененің (ganglion geniculatum laterale) алдыңғы жағында жатады және қызметі жағынан иіс миымен тығыз байланыста болады. ІПарбақша ядро (claustrum) жасымықша ядроның сыртқы латеральды жағында орналасқан, пішіні ұзын және жіңішке келген сұрзаттық құрылым. 222

223 Шарбақша ядроны жасымықша ядродан сыртқы қабық (capsula externa) бөліп тұрады. Бадамша дене (nucleus amygdalae) көру төмпегі мен аммон мүйізінің және қауыздың аралықтарында орналасып, олардан ақзаттық аралықтар арқылы бөлініп жатады. Бадамша дене қызметі жағынан иіс миының құрамына кіреді. Жолақты дене өткізгіш жолдар арқылы үлкен ми қыртысымен, көру төмпегімен, гипоталамуспен, ортаңғы ми торлы құрылымының ядроларымен (қызыл ядро т.б.), ми көпірі ядросымен, сопақша ми ядроларымен (каудальды зәйтүн) және ми жүйкелері ядроларымен қызметтік байланыста болады. Сүтқоректі жануарларда жолақты дененің сұрзаттық ядролары жоғары қыртысасты қимыл (өрмелеу, жүзу, секіру, жүру, жүгіру т.б.) және вегетативтік реттеу орталықтарының қызметтерін атқарады. Жолақты дене ядроларында көптеген шартсыз рефлекстер тұйықталады. Ал рефлекс үлкен ми қыртысы арқылы тұйықталатын болса, онда жолақты дене ядролары ми қыртысының басқаруымен шартты рефлекстерді іс жүзіне асырады. Бақылау сұрақтары: 1 Соңғы мидың құрылысын атап беріңіз? 2 Иіс миына не жатады? 3 Ми күмбезінде нені айрады? 21.4 Аралық пен ортаңғы ми Сабақтың мақсаты: Аралық пен ортаңғы мидың құрылысын игеру Аралық ми (diencephalon) ортаңғы ми мен соңғы мидың аралығында орналасып, аталған ми бөлімдерін жалғастырып тұрады. Аралық ми көру төмпектері таламустан, төмпекүсті бөлігі эпиталамустан және төмпекасты бөлігі гипоталамустан тұрады (сурет 59). Көру төмпектері (таламус) (thalamus) аралық ми массасының айналасында сақина тәрізді орналасқан үшінші ми қарыншасының (ventriculus tertius cerebri) екі бүйір қабырғасын құрайтын аралық мидың негізгі орталық бөлігі. Аралықми массасы оң және сол көру төмпектерінің бір-бірімен жалғасуы нәтижесінде пайда болған. Ми қарыншасының төбесін тамырлы жабын құрайды. Сақинаша үшінші ми қарыншасының алдыңғы жағықарыншалараралық тесіктер арқылы соңғы ми жартышарларындағы бүйірлік қарыншалар қуыстарымен, ал артқы жағы ортаңғы мидың суқұбырымен жалғасады. Таламустың сыртқы беті ақ заттан, ал ішкі жағы сұр заттан құралған. Көру төмпегінің сұр заты бір-бірінен ақзаттық аралықтармен 223

224 бөлінген көптеген нейроциттер ядроларын түзеді. Бұлар негізінен жұлын мен мидың төменгі бөлімдерінен келген сезімтал өткізгіш жолдарды, үлкен ми қыртысына баратын орталық сезімтал өткізгіш жолдарға қосатын аралық сезімтал орталықтар. Ал бұлардың ішіндегі медиальды орталық ядро үлкен ми қыртысынан төменгі ми бөлімдері мен жұлынға қарай бағытталған қозғалтқыш өткізгіш жолдарды экстрапирамидалық жүйке ядроларына, ортаңғы мидың қызыл ядросына, ми жүйкелерінің ядроларынажәне жұлынның қозғалтқыш ядроларынақосу орталығы. Көру төмпектерінің ядролары бірбірімен торлы құрылым арқылы байланысып жатады. Көру төмпектерінің төменгі бетіндегі көру жүйкелері қиылысынан шығатын көру жолдары таламусты айналып етіп, оның ядроларына енеді. Эпиталамус (epithalamus) көру төмпегі таламустың жоғарғы жағында жатады. Ол эпифизден еpiphysis (эндокринді без) және үшінші ми қарыншасының тамырлы жабынынан тұрады. Эпиталамус көру төмпектері мен төрттөмпешіктің араларындағы ойыста орналасады.үшіншіми қарыншасы аралық мидағы пішіні сақина тәрізді куыс. Үшінші ми қарыншасының tela chorioidea ventricli cerebri tertiaeоң және сол бүйір қабырғасын көру төмпектері, төбесін эпиталамус, түбін гипоталамус құрайды. Ол алдыңғы жағындағы оң және сол қарыншааралық тесіктер арқылы оң және сол бүйірлік ми қарыншалары қуыстарымен, ал артқы жағындағы тесікпен ортаңғы мидағы су құбырымен қатысады. Гипоталамуе (hypothalamus) таламустьщ төменгі жағында, көру жүйкелерінің қиылысы мен үлкен ми аяқшаларының аралығында орналасады. Ол сұр төмпектен (tuber cinereum), гипофизден һу- рорһузік (эндокринді без) және емізікше денеден (hypophysis) тұрады. Гипоталамустың сыртқы беті ақ заттан (өткізгіш жолдар), ішкі беті қыртысасты вегетативті ядроларды (тыныс алу, қан айналым және лимфаайналым, дене қызуы, жыныстық қызметтер т.б.) түзетін сұр заттан құралған. Гипоталамустың вегетативті орталықтары организмдегі қан қысымын, дене қызуын, май-су алмасуын, эндокринді бездер жұмыстарын реттеуге қатысатын мультиполярлы нейроциттер ядроларынан тұрады. Сұр төмпек tuber cinereum үлкен ми аяқтары арасында, көрі жүйкесінің артында орналасқан және вегетативті орталық ретінде болып істейді. Ол көру төмпегімен және иіс миымен қосылады. Сұр төмпектің ортасында, үшінші ми қарыншасының төменгі қабырғасы сәл ғана шығыр тұрғандай құйғыш айлақ recessus infundibuli бар. Құйғыш айлақтың астында, сұр төмпек жіңішке қабырғалы құйғыш infundibulum түзеді. 224

225 59 - сурет. Бас миының бөлімдері Гипофиз hypophysis дөңгелеген денеге ұқсас, кішкентай ғана орталық қуысы бар және ол үшінші ми қарыншасымен өзара байланысады. Гипофиз бірнеше гормондарды бөлетін ішкі секрецияның безі. Ол үш бөлікке бөлінеді: мишық, ми аралық және безді. Емізікше дене corpus mamillare сұр дененің арқасында орналасқан. Ми күмбезі арқылы иіс миымен, көздік төмпегімен және торлы денемен байланысады. Ерекшеліктері: иттерде оң және сол жақты емізікті денелер бар, ал қалған жануарларда ол тақ келеді. Ортаңғы ми (mesencephalon) төрттөмпешік пен ми қақпағынан, үлкен ми аяқшасынан және олардың арасындағы түтікше куыс су құбырдан тұрады. Ортаңғы мидың төрттөмпешігі мен ми қақпағының сүр заты мультиполярлы және ұршықтәрізді нейроциттер мен олардан түзілген жүйке талшықтарынан құралған. Төрт төмпешік - lamina quadrigemina - ортаңғы мидың жоғарғы төбесін құрайды. Ол алдыңғы (ростральды) және артқы (каудальды) екі жұп төмпешіктен тұрады. Төрттөмпешікті сыртынан қаптап жатқан сұрзаттық қабат көру және есту тітіркеністеріне шартсыз рефлекторлық қозғалыспен жауап беретін, яғни бағдарлау рефлекстерін іс жүзіне асыратын орталықтар түзеді. Алдыңғы жұп төмпешік көру талдағышының, артқы жұп төмпешікесту талдағышының қыртысасты орталықтары. Үлкен ми аяқшасы сай арқылы белінген екі ми буылтығынан тұрады. Олардың сыртқы қабаты ақ заттан құралған. Оның өткізгіш жолдары үлкен ми қыртысы орталықтарын мидың 225

226 төменгі бөлімдерімен және жұлын орталықтарымен байланыстырады. Сұр заттық орталықтар ақ заттың орталық бөлігінде жатады. Су құбырдың қабырғасында әртүрлі рефлекстерді іс жүзіне асыруға қатысатын торлы құрылым орналасады. Суқұбыр (aqueductus) аралық мидағы үшінші ми қарыншасы қуысын төртінші ми қарыншасы қуысымен жалғастырады. Ортаңғы мидан 3 -інші және 4 -інші ми жүйкелері шығады. Бақылау сұрақтары: 1 Аралық ми неден тұрады? 2 Таламус, эпиталамус пен гипоталамус неден тұрады? 3 Ортаңғы ми неден тұрады? 21.5 Ромб тәрізді ми Сабақтың мақсаты: Ромб тәрізді мидың құрылысын игеру Ромб тәрізді ми rhombencephalon- сопақша және артқы ми бөлімдерінен тұрады(сурет 60). Сопақша ми (medulla oblongata) мидың жұлынмен шекарасыз жалғасатын, пішіні сопақша келген артқы бөлігі. Оның алдыңғы жағы ми көпірімен жалғасады. Сопақша мидың төменгі (вентральды) бетінде вентральды орталық саңылау(fissura mediana ventralis) мен оның екі бүйіріндегі латеральды вентральды сайлар(fissura lateralis ventralis) арқылы бөлінген: оңжәне сол сопақша ми пирамидалары(pyramis medullae oblongatae) білеуленіп көрініп тұрады. Сопақша ми пирамидалары үлкен ми қыртысын жұлынның қозғалтқыш орталықтарымен байланыстыратын пирамидалы жүйке талшықтары будаларынан(fasciculi cerebrospinalis) құралған. Сопақша ми пирамидаларының пирамидалы жүйке талшықтары будаларынан құралған еткізгіш жолдары жұлынның бүйір арқаншаларына өтер алдында, оң ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның сол жақтағы бүйір арқаншасына, ал сол ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның оң жақтағы бүйір арқаншасына бағытталып, жүйке талшықтарымен алмасады да, пирамидалар айқасын(decussatio pyramidum) жасайды. Сопақша мидың құрылысы біршама жұлынның құрылысына ұқсас, яғни сыртқы жағында ақ зат, ішкі жағында сұр зат орналасады. Бірақ, оның сүр заты жұлындағыдай біртұтас емес. Ол ақ заттық аралықтар арқылы кептеген сұр заттық аралшықтарға, яғни сопақша мидың сұр заттық орталықтарына (ядроларына) бөлінеді. Бұлар организмнің тіршілігіне тым қажет вегетативті орталықтар құрайтын нейроциттер ядролары. Аталған вегетативті ядроларға: жүрек соғу, тыныс алу, 226

227 тер бөлу, сілекей бөлу, шайнау, жұту, сору, көз жасын бөлу, ас қорыту сөлдерін бөлу, құсу, кекіру, күйіс қайтару, түшкіру, жөтелу, кез жыпылықтау орталықтары жатады. Сопақша мидың сұр заты вегетативті ядролардан басқа, қызметіне сәйкес топтасқан нейроциттер перикариондарынан (нейроциттер денелерінен) құралған ми жүйкелерінің сезімтал және қозғалтқыш сұрзаттық ядроларын түзеді. Бұлардың араларында бір-бірімен жалғасып жатқан, пішіні әр түрлі нейроциттерден және олардың жүйке талшықтарынан құралған торлы құрылым(formatio reticularis) болады. Бұл құрылым сопақша мидан ортаңғы миға, одан әрі аралық миға дейін созылып жатады. Торлы құрылым аталған ми бөлімдері орталықтарын өзара байланыстырып, үйлестіру қызметін атқарады. Бұған қоса, ол тыныс алу және жүрек-тамырлар жүйесінің орталығы қызметін де атқарады. Сопақша мидың ми жүйкелері ядроларынан: 6-ншыдан 12-нші жұпқа дейінгі, барлығыжұп ми жүйкелері шығады. Сопақша мидың жоғарғы бетінде төртінші ми қарыншасының түбі болып саналатын, пішіні ромбыға ұқсас шұңқыр болады. Сопақша ми мишықпен, оның артқы аяқшасы (pedunculus cerebellaris caudalis) арқылы жалғасады. Сопақша мидың гистологиялық құрылысы.сопақша мидың сұр заты сезімтал және қозғалтқыш ми жүйкелерініңядроларын түзеді. Олар төртінші ми қарыншасының түбінде, сезімтал ядроларсопақша ми сұр затының сыртқы латеральды жағында (сынаша және жұқа шоғырлар ядролары, үшкіл және есту жүйкелерінің ядролары), ал қозғалтқыш ядролар оның медиальды жағында орналасады. Сопақша мида жүйке толқындарын мидың басқа бөлімдеріне ауыстырып қосып, жалғастырып тұратын нейроциттер ядролары да болады. Солардың бірі зәйтүн (олива) ядросыныңнейроциттерінде мишық, ортаңғы мидың қызыл ядросы, торлы (ретикулалы) құрылым және жұлын нейроциттерінің аксондары синапспен аяқталады. Өз кезегінде зәйтүн ядросының ірі мультиполярлы нейроциттерінің аксондары мишық пен көру төмпегі нейроциттерімен синапс арқылы жалғасады. Сопақша мидың орталығында, жоғарыда баяндалғандай, ми бөлімдерінің жұмыстарын үйлестіру қызметін атқаратын торлы құрылым орналасады. Торлы құрылымды жүйке талшықтары аралықтарында жатқан мультиполярлы нейроциттердің ұсақ топтары құрайды. Ақ заттың негізгі бөлігін сопақша мидың вентральды бетіндегі үлкен ми қыртысынан жұлынға баратын қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған пирамидалар және оның екі бүйір қапталындағы жұлын-мишық жолдарының сезімтал жүйке талшықтарынан түзілген жіпше дене құрайды. Ал жұлынның сынаша және жұқа ядролары нейроциттерініңаксондары сопақша ми торлы құрылымының аралығымен өтіп, екі жағының жүйке талшықтар шоғырлары орталық сызық бойымен қатар орналасып айқасып, көру төмпегіне қарай бағытталады. 227

228 Артқы ми (metencephalon) өз кезегінде мишықтан және ми көпірінен тұрады. Мишық (cerebellum) жануарлар денесінің кеңістіктегі тепе-тендігін сақтау және дене мүшелерінің қозғалыстарын үйлестіру орталықтары орналасқан, пішіні шар тәрізді ми бөлігі. Ол сопақша мидың жоғарғы, үлкен мидың артқы жағында орын тепкен. Мишықты ұзынынан өтетін екі сай үш бөлікке бөледі. Олар: ортаңғы бөлік құртша(vermis) және ұзын сайлар арқылы бөлінген оның екі бүйіріндегі оңжәне сол мишық жартышарлары(hemisphaeria cerebelli). Мишықтың сыртқы қабатын құрайтын сұр затты мишық қыртысы(cortex cerebelli) деп атайды. Ал мишықтың орталығында орналасқан ақ заттың өткізгіш жолдары мишықтың қыртысты орталықтарын мидың басқа бөлімдермен және жұлын орталықтарымен байланыстырады. Мишықпен сопақша ми аралығында төртінші ми қарыншасы орналасады. Оның түбін сопақша ми шұңқыры, қабырғасы мен төбесін мишық құрайды. Қарынша қуысы алдыңғы жағынан ортаңғы ми суқұбырымен, артқы жағынан жұлынның орталық өзегі қуысымен жалғасады. Бұлардың қуысында ми-жұлын сұйығы болады. Мишықтың гистологиялық құрылысы. Мишықтың афферентті және эфферентті өткізгіш жолдары, оны мидың көрші бөлімдерімен байланыстырып, үш жұп мишық аяқшаларын құрайды. Терең сайлар арқылы қатпарланып жатқан мишықтың сұр заты оның сыртқы бегінде орналасып, мишық қыртысын түзеді. Қыртыстың астында пішіні тармақталған ағаш бұтақтарына ұқсас ақ заты жатады. Мишық қыртысынейроциттер құрамы әр түрлі үш қабаттан құралған. Олар: сыртқы молекулалы қабат, ортаңғы ганглионды қабат және ішкі дәншелі қабат. Мишық қыртысының сыртқы молекулалы қабатынсебетше және жұлдызша нейроциттер құрайды. Жұлдызша нейроциттердің өзі мөлшеріне байланысты майда және ірі нейроциттер болып екі түрге бөлінеді. Майда жұлдызша нейроциттердіңдендриттері қысқа болып келеді, ал аксондары ортаңғы ганглионды қабаттың алмұртша нейроциттерінің дендриттерімен синапс арқылы байланысады. Ірі жұлдызша нейроциттердіңұзын тармақты дендриттері. мен аксондары болады. Олардың дендриттері алмұртша нейроциттердің дендриттерімен де, денелерімен де синапстық байланыстар түзеді. Мөлшері мкм ұсақ себетше нейроциттердің жіңішке ұзын келген дендриттері мен аксондары мишық қыртысының қатпарлары бойымен көлденеңінен орналасып, алмұртша нейроциттердің денелері үстімен тым ұзын тарамдар жасайды да, оларды себет тәрізді сыртынан шырмап, алмұртша нейроциттер денелерімен синапс арқылы байланысады. Молекулалы қабаттың 228

229 жұлдызша және себетше нейроциттері ганглионды қабаттағы ірі алмұртша нейроциттердің қызметін тежейтін жүйке толқындарын жеткізеді. Мишық қыртысының ортаңғы ганглионды қабатын бір қатарда орналасқан ірі, пішіні алмұрт тәрізді нейроциттер (бұрынғы атауы Пуркине торшалары) құрайды. Олардың тармақталған 2-3 дендриттері мишық қыртысының сыртқы молекулалы қабатына өтіп, қыртыстың сыртқы бетіндегі қатпарларға көлденең жазықтың бойымен тарамдалады. Ал олардың аксондары алмұртша нейроциттердің қарама-қарсы төменгі жағынан шығып, миелинді жүйке талшықтарға айналады да, ақ заттың құрамында, сол ақ затта орналасқан мишық ядроларының нейроциттерінде аяқталады. Аталған аксондардан дәншелі қабатта бүйірлік тармақтар ажырап, қайтадан ганглионды қабатқа кері қайтып, көрші алмұртша нейроциттердің денелерімен синапс арқылы байланысады. Төртінші ми қарыншасы ромб тәрізді мида орналасады. Оның түбін сопақша мидың ромб тәрізді шұңқыры, бүйір қабырғаларын алдыңғы және артқы мишық аяқшалары, төбесін мишық пен алдыңғы жөне артқымижелкендері (velum medullare rostrale et caudale) құрайды. Төртінші ми қарыншасы алдыңғы жағындағы тесікпен ортаңғы ми суқұбырымен, артқы жағындағы тесік арқылы орталық жұлын өзегімен, қабырғасындағы тесіктердің көмегімен жұлын мен мидың қабықтары арасындағы кеңістіктер (субдуральды, субарахноидальды) қуыстарымен жалғасып, жұлын-ми сұйығының орталықжүйке жүйесі мүшелерінде үздіксіз ағып, қозғалуын қамтамасыз етеді. Миды да жұлындағыдай үш: қатты, өрмелі және жұмсақ қабықтар сыртынан қаптап жатады. Сыртқы қаттыүсті кеңістік болмайды. Себебі, мидың қатты қабығы бассүйектің ми сауыты сүйектерінің сүйекқабымен бірігіп кеткен. Қалған қаттыасты және өрмеліасты кеңістіктер болады. Жылқы мен итте миды қоректендіретін негізгі артерия ішкі ұйқы артериясы, ал күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада шүйде, айдаршық және біз-емізікше артерияларының тармақтары. Мидан вена қаны дорсальды және вентральды вена қойнаулары жүйелерімен ағып шығады Ми көпірі (pons) сопақша ми мен ортаңғы ми аралығында көлденеңінен орналасқан ми бөлігі. Ми көпірі мишықтың ортаңғы аяқшалары (pedunculus cerebllaris medius) арқылы мишықпен жалғасады. Ми көпірі дорсальды және вентральды бөліктерден құралған. Дорсальды бөліктісопақша ми өткізгіш жолдарының және Ү-ҮІІІ ми жүйкелерінің жүйке талшықтары мен торлы құрылым, ал вентральды бөліктіми көпірінің нейроциттер ядролары мен пирамидалы жолдар құрайды. 229

230 60- сурет. Жылқының бас миын сагитальды кескен кезде Ми көпірі ақ затындағы өткізгіш жолдар үлкен ми мен мишық орталықтарын сопақша ми орталықтарымен байланыстырады. Оның сұр заттық ядроларында үлкен ми және мишық қыртыстарынан келетін орталықтан тепкіш өткізгіш жолдар тұйықталады. Ми көпірінен 5-інші жұп ми жүйкесі шығады. Бақылау сұрақтары: 1 Ромб тәрізді ми неден тұрады? 2 Сопақша мидың құрылысын сипаттап беріңіз? 3 Артқы мидың құрылысын сипаттап беріңіз? 22 Жүйке жүйенің перифириялық бөлімі 22.1 Мойын, көкірек жүйкелері мен иық торабы Сабақтың мақсаты: Мойын, көкірек жүйкелері мен иық торабының жүйкесін игеру Жұлын жүйкелері омыртқа бағаны бөлімдеріне сәйкес: мойын, көкірек, бел, құйымшақжәне құйрық жүйкелері болып бөлінеді. Олардың саны мойында 8 жұп, құйрықта 5-6 жұп, қалған бөлімдерде жануарлардың омыртқалар санына сәйкес келеді. Алдыңғы және артқы аяқтарды жүйкелендіретін жүйкелер жұлын жүйкелерінің вентральды тармақтары түзетін: иық, бел және құйымшақ жүйке тораптарынан шығады. 230

Бөрібұршақ (Люпин, Lupinus) - бұршақ тұқымдастарына Fabaceae жататын біржылдық және көп-жылдық шөптесін өсімдік. 200-ге жуық түрі белгілі.

Бөрібұршақ (Люпин, Lupinus) - бұршақ тұқымдастарына Fabaceae жататын біржылдық және көп-жылдық шөптесін өсімдік. 200-ге жуық түрі белгілі. Өсімдік улары Алкалоидтар Өсімдікте кездесетін,құрамында азотты органикалық негіздері бар заттар.барлық негіздер сияқты қышқылдармен қосылып тұздар түзеді. Алкалоид -сілті тәрізді заттар деген мағына.өсімдіктерде

Detaljer

Негізгі аналық тақшада орналасқан жүйелер

Негізгі аналық тақшада орналасқан жүйелер Шымкент қаласы, 79 орта мектебі. Негізгі аналық тақшада орналасқан жүйелер 2009 ж Орындаған: Күздеубай Н.Ш Жоспар Аналық тақша және онда орналасқан жүйелер Аналық тақша көлемі Аналық тақшаны орнату Сабақтың

Detaljer

Тоқжанов А.М. (М.Қозыбаев атындагы СҚМУ)

Тоқжанов А.М. (М.Қозыбаев атындагы СҚМУ) УДК 343 ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР Тоқжанов А.М. (М.Қозыбаев атындагы СҚМУ) Қылмыстық Кодекс бойынша топтық объекті тұрғыдан жеке адамға қарсы қылмыстар маңызды орын алады. Тікелей объектісінің ерекшелектіріне

Detaljer

Энтропия, ықтималдық және информация. Н.Ильясов п.ғ.к., доцент, С.С.Сүгіров аға оқытушы, М.Н.Ақынов планетарий меңгерушісі (ҚазМемҚызПУ, Алматы қ-сы)

Энтропия, ықтималдық және информация. Н.Ильясов п.ғ.к., доцент, С.С.Сүгіров аға оқытушы, М.Н.Ақынов планетарий меңгерушісі (ҚазМемҚызПУ, Алматы қ-сы) Энтропия, ықтималдық және информация Н.Ильясов п.ғ.к., доцент, С.С.Сүгіров аға оқытушы, М.Н.Ақынов планетарий меңгерушісі (ҚазМемҚызПУ, Алматы қ-сы) Аннотация: энтропияны оқыту ерекшеліктері және оның

Detaljer

УДК 004 ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰЖАТАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ СӘУЛЕТІ. Научный руководитель Баенова Г.М.

УДК 004 ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰЖАТАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ СӘУЛЕТІ. Научный руководитель Баенова Г.М. УДК 004 ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰЖАТАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ СӘУЛЕТІ Әбділдә Б.М. Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева, Астана Научный руководитель Баенова Г.М. 1. Кіріспе Дүние жүзінде өңделетін және сақталатын

Detaljer

Алғы сөз. ӘОЖ КБЖ 22.1 я 72 М 29

Алғы сөз. ӘОЖ КБЖ 22.1 я 72 М 29 Астана 2017 ӘОЖ 373.167.1 КБЖ 22.1 я 72 М 29 Ы. Мәуіт, Қ. Қапатұлы, Ә. Қайсаұлы, Ө. Қасыманұлы. М 29 Математикалық сауаттылық. Тесттер жинағы. ІI бөлім. Астана: 2017. 80 бет. ІSBN 978-601-7828-53-0 ІSBN

Detaljer

«МІНСІЗ СУДЬЯ», «ҮЛГІЛІ СОТ» ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

«МІНСІЗ СУДЬЯ», «ҮЛГІЛІ СОТ» ҚАНДАЙ БОЛМАҚ? Советхан СӘКЕНОВ, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: : Мінбер «МІНСІЗ СУДЬЯ», «ҮЛГІЛІ СОТ» ҚАНДАЙ БОЛМАҚ? 5-бет www.zanmedia.kz Қоғамдық-саяси, құқықтық газет ӨЗІМІЗ

Detaljer

ЖЕМІС-ЖИДЕК ДАҚЫЛДАРЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

ЖЕМІС-ЖИДЕК ДАҚЫЛДАРЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 634(574) Ж. Жетпісбай, Р. Бекжан ЖЕМІС-ЖИДЕК ДАҚЫЛДАРЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ Окулыц 2-басылым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына үсынады т

Detaljer

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ «АТЫРАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»ҚМҚК

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ «АТЫРАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»ҚМҚК АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ «АТЫРАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»ҚМҚК Жұмашев Жансейіт Қарасайұлы математика пәнінің І санатты оқытушысы Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты: Параллелепипед: тік, тікбұрышты,

Detaljer

5-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ЖҮЗДІК БАҚЫЛАУЛАР ЖИНАҒЫ

5-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ЖҮЗДІК БАҚЫЛАУЛАР ЖИНАҒЫ «ZERDELI» АҚЫЛ-ОЙ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ 5-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ЖҮЗДІК БАҚЫЛАУЛАР ЖИНАҒЫ Аты-жөні Мектебі Сынып Астана 2017 АЛҒЫ СӨЗ Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына

Detaljer

Талғар ауданы Панфилов ауылы «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар 17 жалпы білім беретін орта мектебі» МКМ

Талғар ауданы Панфилов ауылы «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар 17 жалпы білім беретін орта мектебі» МКМ Талғар ауданы Панфилов ауылы «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар 17 жалпы білім беретін орта мектебі» МКМ Қысқа мерзімді жоспарлау Күні Сыныбы: Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты: Оқыту нәтижелері

Detaljer

БИЗНЕС ЖОСПАР. Пластикалық карта жасау

БИЗНЕС ЖОСПАР. Пластикалық карта жасау БИЗНЕС ЖОСПАР Пластикалық карта жасау КӘСІПКЕРЛІКТІ Ң ТҮРІ: ЖЕКЕ МЕНШІК КӘСІПКЕРЛІК КӘСІПКЕР: ДИКЕНОВА ДИНА БЕКЗАТОВНА ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ: ШҚО ҰРЖАР АУДАНЫ ЖОСПАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚАРАЖАТ - 700,000

Detaljer

Сенат сектанттардың жолын кесетін заң жобасын мақұлдады

Сенат сектанттардың жолын кесетін заң жобасын мақұлдады 172 (624) 30 қыркүйек жұма 2011 жыл www.аlashainasy.kz e-mail: info@аlashainasy.kz 147,87 201,72 4,64 23,12 1,36 10010,90 1367,89 1145,33 104,51 1616,10 Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Сенат

Detaljer

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Кредиттік технология бойынша оқитын студенттерге арналған АНЫҚТАМАЛЫҚ-КӨРСЕТКІШ

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Кредиттік технология бойынша оқитын студенттерге арналған АНЫҚТАМАЛЫҚ-КӨРСЕТКІШ Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті БЕКІТЕМІН Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры Е.Қ. Көбеев шілде 2017 ж. Кредиттік технология бойынша оқитын студенттерге арналған АНЫҚТАМАЛЫҚ-КӨРСЕТКІШ

Detaljer

О қ ыту ә дістері ж ә. Та қ ырыбы: Орында ғ ан: Топ: Т-441. Сакиева Меруерт анбаева Б.Ш жыл

О қ ыту ә дістері ж ә. Та қ ырыбы: Орында ғ ан: Топ: Т-441. Сакиева Меруерт анбаева Б.Ш жыл Қ аза қ стан Республикасы Білім ж ә не Ғ ылым министрлігіні ң Семей қ аласында ғ ы Ш ә к ә рім атында ғ ы университеті Информатика кафедрасы С Ө Ж 2 Та қ ырыбы: О қ ыту ә дістері ж ә не құ рал жабды қ

Detaljer

орда жұлдызы Келісіп пішкен тон келте болмайды

орда жұлдызы  Келісіп пішкен тон келте болмайды орда жұлдызы Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газеті 33 (7068) www.ordazhuldyzy.kz Билік пен халық Келісіп пішкен тон келте болмайды Апталық басылым Заң және

Detaljer

Қазіргі оқыту технологияларының негіздері.

Қазіргі оқыту технологияларының негіздері. Қазіргі оқыту технологияларының негіздері. Қазіргі білім беру технологиялары бойынша жүйелі білімдерді меңгеру, оқу процесінде жаңа технологияларды қолдануға оқыту және болашақ педагогтың кәсіби-тұлғалық

Detaljer

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ «АҒЫМНАН» БОЛАМЫЗ...»

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады  vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ «АҒЫМНАН» БОЛАМЫЗ...» ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ 38 (610) 23 қыркүйек 2016 жыл ТҮЙТКІЛ «БІЗ АРАҚ ІШЕТІН ЖЕДЕЛ СҰХБАТ Осындай сұмдық сөзді естідік. Ол кісінің

Detaljer

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет ҚОРҒАУШЫЛАР ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАҒДЫРЫНА АЛАҢДАМАЙДЫ. Бүгінгінің бас тақырыбы ТӘУЕЛСІЗ СОТ: ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет ҚОРҒАУШЫЛАР ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАҒДЫРЫНА АЛАҢДАМАЙДЫ. Бүгінгінің бас тақырыбы ТӘУЕЛСІЗ СОТ: ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет zangazet@maіl.ru Ақпарат 25 ЖЫЛДА 1 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Үкiмет отырысында тұрғын үй және әлеу меттiк нысандар құрылысы мәселесi қарасты рылып, Премьер министр

Detaljer

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет. Балалар мектепке. Гүлжан КӨШЕРОВА

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет. Балалар мектепке. Гүлжан КӨШЕРОВА 78 (530) 11 мамыр сәрсенбі 2011 жыл Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет e-mail: info@аlashainasy.kz ДАТ! Салих АКЧАЙ: ынтымақтастығы жай сөз болып қалмасын десек,ортақ мәміле керек 145,90 209,42

Detaljer

JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады 8 (684) 2 наурыз 2018 жыл vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ Биыл табиғат кәріне мініп-ақ тұр. Жыл басында қаңтардың

Detaljer

жағымды табиғат әуендері естіліп, адам ғаламат тыныштану сезімін бастан кешеді. Аурулардың алдын алу

жағымды табиғат әуендері естіліп, адам ғаламат тыныштану сезімін бастан кешеді. Аурулардың алдын алу 8 Орда ЖҰЛДЫЗЫ 3 ақпан 2015 жыл Галокамера күйзеліс пен стрестен арылтады Аудандық ауруханадағы сауықтыру орталығы жанынан галокамера, яғни, тұзды шахтамен емдеу бөлмесі іске қосылды. Онда адамның тыныс

Detaljer

9 - ТАРАУ ФУРЬЕ ӘДІСІ

9 - ТАРАУ ФУРЬЕ ӘДІСІ 9 - ТАРАУ ФУРЬЕ ӘДІСІ 9.. Фурье әдісінің жалпы схемасы. Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер үшін қойылатын шекаралық есептерді шешу үшін ең бір көп тараған эффектілі әдістердің бірі Фурье әдісі.

Detaljer

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады   vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ 23 (699) 22 маусым 2018 жыл МЕРЕЙ «Қуана білгенге құт қонады, бағалай білгенге бақ қонады» дейді

Detaljer

Ядролық қарусыз әлем форумында Астана декларациясы қабылданды

Ядролық қарусыз әлем форумында Астана декларациясы қабылданды 181 (633) 13 қазан бейсенбі 2011 жыл www.аlashainasy.kz e-mail: info@аlashainasy.kz 147,89 203,56 4,73 23,26 1,37 11416,30 1397,70 1145,27 111,83 1659,70 Дәнді дақылдарды өңдеу қағыс қалып келеді 4-бет

Detaljer

Оттан туған мамандық

Оттан туған мамандық Мерзімді баспасөз болып саналмайды. Тек «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлеріне арналған және көпшілікке таратылмайды АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМ www.kazakhmys.kz 34 / шілде / 2016 Оттан туған мамандық Металлургтер

Detaljer

«НКОК Н.В.» КОМПАНИЯСЫ ЖҮРГІЗІП ЖАТҚАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН БАСТАМАЛАР

«НКОК Н.В.» КОМПАНИЯСЫ ЖҮРГІЗІП ЖАТҚАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН БАСТАМАЛАР «НКОК Н.В.» КОМПАНИЯСЫ ЖҮРГІЗІП ЖАТҚАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН БАСТАМАЛАР МАЗМҰНЫ ДЕҚҚОҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ КІРІСПЕ СӨЗІ...2 КІРІСПЕ...4 1. ӘСЕР ЕТУ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГІ...6 1.1. Теңіздегі әсер ету мониторингі...8

Detaljer

14 (3086) 31 ҚАҢТАР, 2017 СЕЙСЕНБІ

14 (3086) 31 ҚАҢТАР, 2017 СЕЙСЕНБІ e-mail: aikyngazeti@gmail.com www.facebook.com/aikyn.kz www.twitter.com/aikyn_gazeti РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ 14 (3086) 31 ҚАҢТАР, 2017 СЕЙСЕНБІ www.aikyn.kz Қазақстан Республикасының Президенті

Detaljer

Ң А Б. on the web. ш ты, ты JASQAZAQ. «ОТАНҒА АДАЛДЫҚ КЕРЕК» ТАЛАП ОҚУШЫҒА ДА ОРТАҚ СЫМСЫЗ ҚУАТТАЙДЫ «ТІЛІМІЗДІ ҰМЫТПАЙ, ҰЛЫҚТАЙЫҚ!

Ң А Б. on the web. ш ты, ты JASQAZAQ. «ОТАНҒА АДАЛДЫҚ КЕРЕК» ТАЛАП ОҚУШЫҒА ДА ОРТАҚ СЫМСЫЗ ҚУАТТАЙДЫ «ТІЛІМІЗДІ ҰМЫТПАЙ, ҰЛЫҚТАЙЫҚ! 39 (663) 6 қазан ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ 2017 жыл Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ МӘСЕЛЕ БАҒА, Соңғы бірнеше айда халық жиі тұтынатын тауарлардың бағасы қымбаттаған.

Detaljer

орда жұлдызы

орда жұлдызы орда жұлдызы Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газеті 44 (7079) www.ordazhuldyzy.kz Апталық басылым Қаладағы бөкейліктерге құрмет Елбасының «Болашаққа бағдар:

Detaljer

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ 1989 жылғы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРДЫҢ БИРЕСМИ ТҮРДЕГІ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ Кіріспе КІРІСПЕ Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,

Detaljer

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Дамыған елдермен ынтымақтастық орнату Қазақстан үшін өте маңызды. миллиард теңгеден астам соманың

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Дамыған елдермен ынтымақтастық орнату Қазақстан үшін өте маңызды. миллиард теңгеден астам соманың 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады 218 (28946) 12 қараша, сенбі Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Дамыған елдермен ынтымақтастық орнату Қазақстан үшін өте маңызды Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың

Detaljer

орда жұлдызы Жатақхананың есігіне керілген атындағы орта мектептің директоры Асылхан Тельманұлы

орда жұлдызы   Жатақхананың есігіне керілген атындағы орта мектептің директоры Асылхан Тельманұлы орда жұлдызы Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газеті 36 (7123) 4 қыркүйек 2018 жыл www.ordazhuldyzy.kz Ағымдағы ақпарат Апталық басылым Алғашқы қоңырау сыңғыры

Detaljer

Ұлттық спортымыз ұмытылып барады

Ұлттық спортымыз ұмытылып барады 83 (309) 22 мамыр сенбі 2010 жыл Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет www.аlashainasy.kz e-mail: info@аlashainasy.kz Ұлттық спортымыз ұмытылып барады 146,98 183,77 4,73 21,53 1,25 10068,1 1308,72

Detaljer

орда жұлдызы

орда жұлдызы орда жұлдызы Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газеті 14 (7101) www.ordazhuldyzy.kz Аудан әкімдігінде Өзектендіру және өзге де мәселелер Ауылдық округ әкімдерінің

Detaljer

ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті Ж. Е. Егінбаев ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ Университеттің Ғылыми-әдістемелік

Detaljer

В W J ІИГ ЖТi t ^ «ZIAT» Астана. Астана цаласы ШлЮЛ. «ZIAT» ҒӘО /г к. III Республикалық «Жас ғалым» атты ғылыми жумыстар сайысының жинағы

В W J ІИГ ЖТi t ^ «ZIAT» Астана. Астана цаласы ШлЮЛ. «ZIAT» ҒӘО /г к. III Республикалық «Жас ғалым» атты ғылыми жумыстар сайысының жинағы В W J ІИГ ЖТi t ^ «ZIAT» ҒӘО /г к Астана цаласы ШлЮЛ «ZIAT» Астана III Республикалық «Жас ғалым» атты ғылыми жумыстар сайысының жинағы Сборник статей III Pet публиканского конкурса научных работ «Жас талым»

Detaljer

Anatomi histologi, osteologi, leddlære

Anatomi histologi, osteologi, leddlære Anatomi histologi, osteologi, leddlære Medicinskt Kursforum Bevegelsesakser Beskriver kroppens ulike bevegelser Fleksjon Ekstensjon Abduksjon Adduksjon Rotasjon Supinasjon Pronasjon Palmarfleksjon Dorsalfleksjon

Detaljer

Байқоңырда қазақша кітаптың жоқтығына да Ресей кінәлі ме?

Байқоңырда қазақша кітаптың жоқтығына да Ресей кінәлі ме? CMYK CMYK 184 (184) 20 қазан cейсенбі 2009 жыл www.аlashainasy.kz e-mail: info@аlashainasy.kz Несиеге қой алыңыз! 150,69 224,62 5,14 22,07 240,35 9995,91 1422,59 1658,85 76,78 1053,90 Ақтөбелік ақсақал

Detaljer

Мерзімді баспасөз болып саналмайды. Тек «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлеріне арналған және көпшілікке таратылмайды.

Мерзімді баспасөз болып саналмайды. Тек «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлеріне арналған және көпшілікке таратылмайды. Мерзімді баспасөз болып саналмайды. Тек «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлеріне арналған және көпшілікке таратылмайды www.kazakhmys.kz 32 / наурыз / 2016 Әйел-қыздар мерекесімен! Айналаға жарық берген

Detaljer

ҚР ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРІ М.А ЖЫЛЫ РЕДАКЦИЯЛАҒАН 123 БҰЙРЫҚ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҮШІН ГРАНТ БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ

ҚР ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРІ М.А ЖЫЛЫ РЕДАКЦИЯЛАҒАН 123 БҰЙРЫҚ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҮШІН ГРАНТ БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚР ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРІ М.А. 18.08.2017 ЖЫЛЫ РЕДАКЦИЯЛАҒАН 123 БҰЙРЫҚ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҮШІН ГРАНТ БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАУ ЕРЕЖЕСІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Detaljer

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық ғылымипедагогикалық, әдістемелік жұрналы Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ... АБАЙ. ҚАЗАҚ

Detaljer

Әдістемелік нұсқау. Сабақтың тақырыбы: Интернет. Интернет маған не үшін керек?

Әдістемелік нұсқау. Сабақтың тақырыбы: Интернет. Интернет маған не үшін керек? Әдістемелік нұсқау Сабақтың тақырыбы: Интернет. Интернет маған не үшін керек? Тілдік бөлім: Интернационалдық терминдер. Интернационалдық терминдердің орфографиясы. Лексика: Интернетке кіру, интернет сайттары,

Detaljer

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Географияжәне табиғатты пайдалану факультеті Картография және геоинформатика кафедрасы

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Географияжәне табиғатты пайдалану факультеті Картография және геоинформатика кафедрасы ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Географияжәне табиғатты пайдалану факультеті Картография және геоинформатика кафедрасы «5В071100-Геодезия және картография» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

Detaljer

ЖТМ-ның үздік учаскесі

ЖТМ-ның үздік учаскесі Мерзімді басылым емес, тек Қазақмыс тобының қызметкерлеріне арналған жəне шектеулі ортаға ғана таратылады Құрылтайшы жəне меншік иесі «Қазақмыс PLС». 2008 жылдың 26 қарашасынан шығады www.kazakhmys.com

Detaljer

Президент және Бас директордың жолдауы

Президент және Бас директордың жолдауы тәртіп ережелері Президент және Бас директордың жолдауы Квэрнер - бүкіл әлем бойынша жұмыс атқарып жатқан халықаралық компания. Біздің тәртіп ережелеріміздің мақсаты - Квэрнердың тәртіп стандарттарын барлық

Detaljer

- Небары екі жыл ішінде қазақ күресінен, самбо мен дзюдодан облыстық турнирлерде, республикалық жарыста жеңімпаз

- Небары екі жыл ішінде қазақ күресінен, самбо мен дзюдодан облыстық турнирлерде, республикалық жарыста жеңімпаз Киіктің көз жасы Бір үйір киік ымырт түсе Сағат көпірінің жазығына тұяқ іліктірген. Күзде орылған қылтанақсыз қырына аялдамай, жыңғылды ойына ойысқанда, шүйгінді шөпке ілікті. www.oraloniri.kz - 5 0 С

Detaljer

орда жұлдызы

орда жұлдызы орда жұлдызы Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газеті 9 (7096) www.ordazhuldyzy.kz Ауыл тынысы Апталық басылым Аудан әкімдігінде Бөлім басшылары округтерді аралап

Detaljer

ЕСЕП ж наурыз аралығы

ЕСЕП ж наурыз аралығы ЕСЕП «Мейір-Бейс» Ленгер медициналық колледжінің институтциональды аккредитация стандарты талаптарына сəйкестігі туралы сыртқы сараптау комиссиясының бағалау жұмыстарының нəтижелер 2018 ж.13-15 наурыз

Detaljer

ЕСІЛ ӨҢІРІ ҚҰРЫЛЫСШЫ ЕҢ ҚҰРМЕТТІ, ЕҢ ЖАУАПТЫ МАМАНДЫҚ ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ САЯСИ АҚПАРАТ ГАЗЕТІ

ЕСІЛ ӨҢІРІ ҚҰРЫЛЫСШЫ ЕҢ ҚҰРМЕТТІ, ЕҢ ЖАУАПТЫ МАМАНДЫҚ ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ САЯСИ АҚПАРАТ ГАЗЕТІ ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАННЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ САЯСИ АҚПАРАТ ГАЗЕТІ 14 ақпан 2005 жылдан бастап шығарылды жыл 33 (508) www.esil-oniri.kz ҚҰРЫЛЫСШЫ ЕҢ ҚҰРМЕТТІ, ЕҢ ЖАУАПТЫ МАМАНДЫҚ Өткен сенбіде аудан әкімдігінің

Detaljer

Anatomi histologi, osteologi, leddlære

Anatomi histologi, osteologi, leddlære Anatomi histologi, osteologi, leddlære Forventet læringsutbytte for fagemnet Bevegelsesapparatets anatomi Etter gjennomført emne er det forventet at studenten: Kunnskap kan forstå og anvende medisinsk

Detaljer

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы кафедрасы 5В011700 «Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандықтарына арналған Қазақ тілі мен əдебиеті мұғалімінің əдістемелік зертханасы

Detaljer

МАМАНДАРҒА ЖƏНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ

МАМАНДАРҒА ЖƏНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ МАМАНДАРҒА ЖƏНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ 1. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Біліктілікті арттыру жəне қашықтықтан оқыту институты жоғары оқу орны түлектері мен əр түрлі экономика

Detaljer

Жерлесімізге жеңіс тілейміз!

Жерлесімізге жеңіс тілейміз! «Өзіне пара берілгендігін хабарлағандар қылмыстық жауапкершіліктен құтылады» www.oraloniri.kz + 28 0 С + 19 0 С ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет Сейсенбі, Oral óńіrі 5 маусым 2018 жыл 60 (20624) www.oraloniri.kz

Detaljer

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы «24» желтоқсандағы ХХХХХІ кезекті сессиясының 51/3 шешімімен бекітілді. ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ Қызылорда қаласы, 2015

Detaljer

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын пайдалану

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын пайдалану Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын пайдалану «Елімізді ң ертеңі бүгінгі жас ұрпақты ң қолында, ал жас ұрпақты ң тағдыры ұстаздарды ң қолында». Н. Ә. Назарбаев Н.Ә.Назарбаев

Detaljer

КӨП ЖҮЛДЕ УӘДЕГЕ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАДЫ

КӨП ЖҮЛДЕ УӘДЕГЕ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАДЫ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет zangazet@maіl.ru Ақпарат ЕЛБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК САПАРМЕН ВАРШАВАДА Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Польша астанасы Варшаваға барды.

Detaljer

Нұрқазғандағы кеншілер бауырластығы

Нұрқазғандағы кеншілер бауырластығы 24 / маусым / 2014 www.kazakhmys.com Нұрқазғандағы кеншілер бауырластығы Болат Үлкенбаев: «Өз қолыңмен істеген жұмыстың артықшылығы» «Қарағандытүстімет» ӨБ-нің Нұрқазған өндірістік кешенінде 1300-ден астам

Detaljer

орда жұлдызы Аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың мерекелік құттықтауы Құрметті бөкейордалықтар!

орда жұлдызы   Аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың мерекелік құттықтауы Құрметті бөкейордалықтар! орда жұлдызы Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады Бөкей ордасы аудандық қоғамдық-саяси газеті 35 (7122) 28 тамыз 2018 жыл www.ordazhuldyzy.kz Апталық басылым Аудан әкімі Нұрлан Рахымжановтың мерекелік

Detaljer

ТАҢДАУ БОЙЫНША ПƏНДЕР КАТАЛОГЫ

ТАҢДАУ БОЙЫНША ПƏНДЕР КАТАЛОГЫ С. СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ АГРОТЕХНИ- ЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ им. С. СЕЙФУЛЛИНА ТАҢДАУ БОЙЫНША ПƏНДЕР КАТАЛОГЫ Астана 2014 С. Сейфуллин атындағы 6М050700 - Менеджмент

Detaljer

Оқушылар сыйымдылығы қандай?

Оқушылар сыйымдылығы қандай? Qalalyq qog amdyq-sai asi gazet 21 (1413), 14 nay ryz 2018 jyl, sa rsenbi www.z-taraz.kz e-mail: zhambul_taraz@mail.ru Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық.

Detaljer

Anatomi histologi, osteologi, leddlære

Anatomi histologi, osteologi, leddlære Anatomi histologi, osteologi, leddlære Forventet læringsutbytte for fagemnet Bevegelsesapparatets anatomi Etter gjennomført emne er det forventet at studenten: Kunnskap kan forstå og anvende medisinsk

Detaljer

Би мәдениет мектебі, білім бесігі «Әлді жықпақ, бай жеңбек әуел бастан»

Би мәдениет мектебі, білім бесігі «Әлді жықпақ, бай жеңбек әуел бастан» http://ortalyq.kz Би мәдениет мектебі, білім бесігі «Әлді жықпақ, бай жеңбек әуел бастан» Абай. Ӛмір отын мүлдем ӛшірердей ӛршеленген ӛзімшілдіктің топан суы әлі де асып-тасып тұрғанда әділдік пен адалдық

Detaljer

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНМЕН КІРУГЕ ШЕКТЕУ ҚОЮ ДҰРЫС ШЕШІМ БЕ?

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНМЕН КІРУГЕ ШЕКТЕУ ҚОЮ ДҰРЫС ШЕШІМ БЕ? www.zanmedіa.kz Қоғамдық-саяси, құқықтық газет zangazet@maіl.ru ЕЛІМІЗДЕ БУХГАЛТЕРЛЕР КҮНІН ТОЙЛАУ ҰСЫНЫЛУДА Қазақстанда бухгалтерлер күнін тойлау керек дейді Бухгалтерлік есеп және аудит саласында қызмет

Detaljer

ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ МАМАНДЫҚ: 5В ПСИХОЛОГИЯ

ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ МАМАНДЫҚ: 5В ПСИХОЛОГИЯ ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ МАМАНДЫҚ: 5В050300-ПСИХОЛОГИЯ Академиялық дәреже «5В050300-Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік білімдер бакалавры 1 (4-ж) КУРС 1 семестр 18 цик л код Пән кр цикл код

Detaljer

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ 2010 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ 2010 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ 2010 ЖЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ АЛМАТЫ 2011 ЖЫЛ 1 Пайдаланылатын қысқартулар тізімі Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының

Detaljer

САБАҚ ЖОСПАРЫ. Кадирбекова Райгүл Камалбекқызы ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей, 4-сынып

САБАҚ ЖОСПАРЫ. Кадирбекова Райгүл Камалбекқызы ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей, 4-сынып САБАҚ ЖОСПАРЫ Пəн Мұғалім Мектеп, сынып Сабақ тақырыбы Əдебиеттік оқу Кадирбекова Райгүл Камалбекқызы ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей, 4-сынып Ақселеу

Detaljer

Теледидар. Пайдалану нұсқаулары KDL-49WD759 / 49WD757 / 49WD755 / 43WD756 / 43WD753 / 43WD752 KDL-32WD756 / 32WD752. Бөлшектер мен басқару элементтері

Теледидар. Пайдалану нұсқаулары KDL-49WD759 / 49WD757 / 49WD755 / 43WD756 / 43WD753 / 43WD752 KDL-32WD756 / 32WD752. Бөлшектер мен басқару элементтері Теледидар Пайдалану нұсқаулары Бөлшектер мен басқару элементтері ТД интернетке қосу Теледидар көру Үй мəзірінде шарлау Жалғанған жабдықтан суреттерді көру Қосымша ақпарат KDL-49WD759 / 49WD757 / 49WD755

Detaljer

Muskler i nakken og hode

Muskler i nakken og hode Muskelanatomi Anatomiboken Muskelanatomi side 63 Spesifikke muskler: side 71-136 Topografisk anatomi fra side 164 1 Muskler i nakken og hode Anatomiboken Muskelanatomi side71-81 Topografisk anatomi fra

Detaljer

BASISÅR I IDRETTSVITENSKAP 2011/2012. Individuell skriftlig eksamen. 1BA 115 - Naturvitenskapelige perspektiver på idrett 1 basal anatomi

BASISÅR I IDRETTSVITENSKAP 2011/2012. Individuell skriftlig eksamen. 1BA 115 - Naturvitenskapelige perspektiver på idrett 1 basal anatomi BASISÅR I IDRETTSVITENSKAP 2011/2012 Individuell skriftlig eksamen i 1BA 115 - Naturvitenskapelige perspektiver på idrett 1 basal anatomi Onsdag 12. oktober 2011 kl. 10.00-13.00 Hjelpemidler: ingen Eksamensoppgaven

Detaljer

ГM\XD(F$ DDCmаE'' Schindler

ГM\XD(F$ DDCmаE'' Schindler У м е н и е и д е ть с и туа ц ию ц е л о м и н им а н ие к д ет а л ям эт о н е пр от и оре ч и е т е рми н ол о ии. К о д а р е ч ь и д е т о н а ш их с е р и сны х л иф т ах, э т и сло а я л яют с я

Detaljer

EKSAMEN Idretts fysiologi Anatomi. 11.oktober 2013

EKSAMEN Idretts fysiologi Anatomi. 11.oktober 2013 1 EKSAMEN 1008-001 Idretts fysiologi Anatomi 11.oktober 2013 Tid : 2 timer (9-11) Målform : Sidetall : Hjelpemiddel : Bokmål 10 sider med forsiden Ingen Merknader : Vedlegg : Ingen Eksamensresultata blir

Detaljer

M. trapezius - kappemuskelen

M. trapezius - kappemuskelen Muskelanatomi 1 Muskler i nakken 2 1 M. trapezius - kappemuskelen Utspring: - os occipitalis - lig.nuchae - proc.spinosus C1 T12 trapezius pars descendens - spina scapula - acromion - clavicula lateralt

Detaljer

Nettundervisning Jakob Skalleberg Lis ØNH Drammen August 2013

Nettundervisning Jakob Skalleberg Lis ØNH Drammen August 2013 Nettundervisning Jakob Skalleberg Lis ØNH Drammen August 2013 1 Definisjon: Åpen eller lukket fraktur av os nasale med eller uten dislokasjon av bein eller brusk. Vanligste ansiktsfrakur og utgjør ca 40

Detaljer

ГM\XD(F$ DDCmаE'' Schindler

ГM\XD(F$ DDCmаE'' Schindler Л у ч ш и с пос о б д е с т в о в а ть р а з у мно э т о д е с т в о в а ть с у ч е т о м опы т а. Наш и р у зо в ые л и ф т ы слу жа т с в и д е т е л ь с т в о мэт о м у. Г р у з о вые с п е ц а л ь

Detaljer

Norsk bransjeråd for massasje. Nasjonal fagplan for Fagutdanning i massasjeterapi

Norsk bransjeråd for massasje. Nasjonal fagplan for Fagutdanning i massasjeterapi Norsk bransjeråd for massasje Nasjonal fagplan for Fagutdanning i massasjeterapi Januar 2010 Innholdsfortegnelse 1 INNLEDNING... 3 2 FAGPLANENS FUNKSJON... 3 3 MASSASJETERAPEUT FAG OG YRKE... 3 3.1 KOMPETANSEOMRÅDER...

Detaljer

ensk Norsk bransjeråd for massasje FAGKRAV KRAV TIL SKOLER

ensk Norsk bransjeråd for massasje FAGKRAV KRAV TIL SKOLER Sv ensk Norsk bransjeråd for massasje FAGKRAV OG KRAV TIL SKOLER Fagkrav og krav til skoler revidert juni 07 Side 1 av 16 INNHOLDSFORTEGNELSE Side Del Kapitel Tittel 3 Del 1 Krav til skoler 1.1 Generelt

Detaljer

жалпы орта білім беретін мектеп

жалпы орта білім беретін мектеп 19 жалпы орта білім беретін мектеп 7 д сыныбы Тақырыбы: XI-XV ғасырлардағы Франция Тарих пәнінің мұғалімі: Нургазина Толқын Сайлауғазықызы Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға Франция жерлерінің бірігуі,

Detaljer

Bacheloroppgave!!!! Osteopaters oppfatning av årsaker og symptomer hos pasienter med kjeveleddsproblematikk

Bacheloroppgave!!!! Osteopaters oppfatning av årsaker og symptomer hos pasienter med kjeveleddsproblematikk Bacheloroppgave Osteopaters oppfatning av årsaker og symptomer hos pasienter med kjeveleddsproblematikk av 101469/101336 18.05.2015 VF200 Bacheloroppgave BacheloriOsteopati 12284ord Mai,2015 NorgesHelsehøyskole

Detaljer

BASISÅR I IDRETTSVITENSKAP 2014/2015. Utgått individuell skriftlig eksamen. IDR 115- Basal anatomi. Onsdag 14. oktober 2015 kl

BASISÅR I IDRETTSVITENSKAP 2014/2015. Utgått individuell skriftlig eksamen. IDR 115- Basal anatomi. Onsdag 14. oktober 2015 kl BASISÅR I IDRETTSVITENSKAP 2014/2015 Utgått individuell skriftlig eksamen i IDR 115- Basal anatomi Onsdag 14. oktober 2015 kl. 10.00-13.00 Hjelpemidler: ingen Eksamensoppgaven består av 5 sider inkludert

Detaljer

Side 1 av 10. Ordinær eksamen individuell skoleeksamen

Side 1 av 10. Ordinær eksamen individuell skoleeksamen Ordinær eksamen individuell skoleeksamen Emnekode/navn: OST 501 Klinisk osteopati og veiledet praksis I Emneansvarlig: Ronja Strømsborg Lund Eksamensdato: 12.12.2017 Klokkeslett: 09:00 14:00 Eksamensdel:

Detaljer

BACHELOR I OSTEOPATI VED NORGES HELSEHØYSOKOLE BACHELOROPPGAVE. Statisk versus dynamisk behandling av kraniale asymmetrier hos spebarn

BACHELOR I OSTEOPATI VED NORGES HELSEHØYSOKOLE BACHELOROPPGAVE. Statisk versus dynamisk behandling av kraniale asymmetrier hos spebarn BACHELOR I OSTEOPATI VED NORGES HELSEHØYSOKOLE BACHELOROPPGAVE Statisk versus dynamisk behandling av kraniale asymmetrier hos spebarn VF200 KULL 2012 Henriette Magnus/ 101331 Thale C. Strand/ 101497 Innleveringsfrist:

Detaljer

ƏЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ. теориялық жəне ядролық физика кафедрасы

ƏЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ. теориялық жəне ядролық физика кафедрасы ƏЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ теориялық жəне ядролық физика кафедрасы Келісілген: Факультет деканы Давлетов А.Е. " " 2014 ж. Университеттің ғылымиəдістемелік

Detaljer

ensk Norsk bransjeråd for massasje FAGKRAV KRAV TIL SKOLER

ensk Norsk bransjeråd for massasje FAGKRAV KRAV TIL SKOLER Sv ensk Norsk bransjeråd for massasje FAGKRAV OG KRAV TIL SKOLER Fagkrav og krav til skoler revidert juni 07 Side 1 av 19 INNHOLDSFORTEGNELSE Side Del Kapitel Tittel 3 Del 1 Krav til skoler 1.1 Generelt

Detaljer

FØRSTE ÅR IDRETTSVITENSKAP 2017/2018. Individuell skriftlig eksamen. IDR 106- Funksjonell anatomi. Torsdag 7. desember 2017 kl

FØRSTE ÅR IDRETTSVITENSKAP 2017/2018. Individuell skriftlig eksamen. IDR 106- Funksjonell anatomi. Torsdag 7. desember 2017 kl FØRSTE ÅR IDRETTSVITENSKAP 2017/2018 Individuell skriftlig eksamen i IDR 106- Funksjonell anatomi Torsdag 7. desember 2017 kl. 10.00-13.00 Hjelpemidler: kalkulator og formelsamling- blir delt ut under

Detaljer

СР ЂА Н ВИД РИ Ћ, рођен у Зрењан ин у. П и ше есе је и к њи жев н у к ри т и к у, о б ја в љу је у пе ри о д и ц и.

СР ЂА Н ВИД РИ Ћ, рођен у Зрењан ин у. П и ше есе је и к њи жев н у к ри т и к у, о б ја в љу је у пе ри о д и ц и. АУТОРИ ЛЕТОПИСА БОРИВОЈЕ АДАШЕВИЋ, рођен 1974. у Ужицу. Пише прозу. Књиге при ча: Екв ил иб р и с т а, 2000; Из т р е ћ е г к р а љ е в с т в а, 2 0 0 6. Ро м а н и: Чо век из ку ће на бре гу, 2009; Крф,

Detaljer

Virvelsøylen (x) 33-34 uregelmessige knokler forbundet med bånd, brusk og ekte ledd 7 cervicale virvler -kjennetegnes ved hull i tverrtaggene ( til

Virvelsøylen (x) 33-34 uregelmessige knokler forbundet med bånd, brusk og ekte ledd 7 cervicale virvler -kjennetegnes ved hull i tverrtaggene ( til Virvelsøylen (x) 33-34 uregelmessige knokler forbundet med bånd, brusk og ekte ledd 7 cervicale virvler -kjennetegnes ved hull i tverrtaggene ( til a. vertebralis) 12 thoracale virvler kjennetegnes ved

Detaljer

apple К apple fl 0 0

apple К apple fl 0 0 0 0 4 0 0 4 0 0 0 5 0 5 0 6 0 7 0 0 5 0 0 0 0 0 0 5 0 0 9 0 7 0 5 0 5 0 0 5 0 5 0 0 0 4 0 4 0 0 9 0 0 0 0 0 5 0 0 0 7 0 4 0 0 0 5 0 0 9 0 4 0 5 0 0 0 5 0 0 0 0 6 0 0 0 0 Кapple 6 0 6 5 0 8 0 6 0 4 0 0

Detaljer

Oppgave. Os Parietale, Gjør rede for. Oppgave

Oppgave. Os Parietale, Gjør rede for. Oppgave Ordinær eksamen R120 vår 2011 med sensorveiledning Oppgave 1 D Hvilke funksjoner har skjelettsystemet? 1. ærer vevv 2.eskytter livsviktige organer og andre bløtdeler i legemet 3. Understøtter kroppsbevegelser,

Detaljer

А К Т У Е Л Н А П И ТА ЊА РЕ СТ И Т У Ц И Ј Е У СР БИ Ј И

А К Т У Е Л Н А П И ТА ЊА РЕ СТ И Т У Ц И Ј Е У СР БИ Ј И Пре глед ни чла нак 349.412.2(497.11) doi:10.5937/zrpfns50-11665 Је ле на З. Ве се ли нов, управ ник по сло ва Ма т и ц е с рп с ке ve se li n ov.je le n a @g m a il.c o m А К Т У Е Л Н А П И ТА ЊА РЕ

Detaljer

ГMHXD(F$ F DDCmаE'' Schindler

ГMHXD(F$ F DDCmаE'' Schindler В ы с ш ее к а ч ес т о теперь и м еет и м я. Э т о н а ш п а сса ж и рски л и ф т для о ф и сны х з д а н и. Г р H з о вые с п е < а л ь н ы е л ф ы к о м п а н S c hin d l e r Г и б к о с ть п р и м

Detaljer

Enkel beskrivelse av tsjetsjensk

Enkel beskrivelse av tsjetsjensk Enkel beskrivelse av tsjetsjensk Både kunnskaper om andrespråksutvikling, om trekk ved elevers morsmål og om norsk språkstruktur er til god nytte i undervisningen. Slike kunnskaper gjør at læreren lettere

Detaljer

1 3Pusteluftfukter / ц я о п о и г с 0к6 0к9 а 0к5 я а а м а п м о 0к6 0к9 / SOMNOclick SOMNOclick 300

1 3Pusteluftfukter / ц я о п о и г с 0к6 0к9 а 0к5 я а а м а п м о 0к6 0к9 / SOMNOclick SOMNOclick 300 1 3Pusteluftfukter / ц я о п о и г с 0к6 0к9 а 0к5 я а а м а п м о 0к6 0к9 / 1 7 1 7 1 7 1 7 1 7 1 7 1 7 SOMNOclick SOMNOclick 300 Beskrivelse av apparatet og bruksanvisning е я и ц я а у 0к6 р т р й е

Detaljer

Respirasjonsanatomi. Luftveier, lunger og respirasjonsbevegelser MED/OD/ERN 2200

Respirasjonsanatomi. Luftveier, lunger og respirasjonsbevegelser MED/OD/ERN 2200 Respirasjonsanatomi Luftveier, lunger og respirasjonsbevegelser MED/OD/ERN 2200 Trygve B. Leergaard Institutt for medisinske basalfag, seksjon anatomi 2015 Luftveiene Cavum nasi Cavum oris Pharynx Larynx

Detaljer

Overekstremitets fracturer I. Lars G. Johnsen Overlege traumeseksjonen Ortopedisk avdeling St. Olavs Hospital, Universitetssykehuset i Trondheim

Overekstremitets fracturer I. Lars G. Johnsen Overlege traumeseksjonen Ortopedisk avdeling St. Olavs Hospital, Universitetssykehuset i Trondheim Overekstremitets fracturer I. Lars G. Johnsen Overlege traumeseksjonen Ortopedisk avdeling St. Olavs Hospital, Universitetssykehuset i Trondheim Overekstremitetsfracturer I. 1. Scapula. 2. Clavicula. 3.Proximale

Detaljer

BASISÅR I IDRETTSVITENSKAP 2014/2015. Individuell skriftlig eksamen. IDR 115- Basal anatomi. Onsdag 8. oktober 2014 kl

BASISÅR I IDRETTSVITENSKAP 2014/2015. Individuell skriftlig eksamen. IDR 115- Basal anatomi. Onsdag 8. oktober 2014 kl BASISÅR I IDRETTSVITENSKAP 2014/2015 Individuell skriftlig eksamen i IDR 115- Basal anatomi Onsdag 8. oktober 2014 kl. 10.00-13.00 Hjelpemidler: ingen Eksamensoppgaven består av 6 sider inkludert forsiden

Detaljer

SKULDER Skjelett Clavicula: Scapula: Humerus:

SKULDER Skjelett Clavicula: Scapula: Humerus: SKULDER Skjelett Skulderleddet danner forbindelsen mellom tre ulike ben: Clavicula, scapula og humerus. Clavicula: Kragebenet er tynt og S-formet. Det holder skulderleddet og dermed overarmen ut fra thorax

Detaljer

Nakken Relevant anatomi og klinisk undersøkelse

Nakken Relevant anatomi og klinisk undersøkelse Nakken Relevant anatomi og klinisk undersøkelse Stig Fossum Moholt Fysioterapi Trondheim Nidelvkurset 2014 1 Sorry kurset er fulltegnet! 2 Nakken Klinisk anatomi Cervikalcolumna er det mest kompliserte

Detaljer

1 3PIPELIFE.. и о 0 8 г ж а м 0к7 а к а р с и й 0л4 м ь к 0к6 м ь м

1 3PIPELIFE.. и о 0 8 г ж а м 0к7 а к а р с и й 0л4 м ь к 0к6 м ь м 1 3PIPELIFE.. и о 0 8 г ж а м 0к7 а к а р с и й 0л4 м ь к 0к6 м ь м Ё 6р2 O N PE 1 3 0 9EPIEXOMENA T 0 0 0 4 0 7 0 6 0 2 0 7 0 4 0 3 0 2 0 2 0 9 0 3 0 6 0 4 0 2 0 6 0 2 0 7 PE.......................................

Detaljer

ИСТРАЖИВАЧ ЈЕ ПРИСУТАН: ХРАНА КАО ТЕМА И ПОВОД ЗА РАЗГОВОР И РАЗМИШЉАЊЕ

ИСТРАЖИВАЧ ЈЕ ПРИСУТАН: ХРАНА КАО ТЕМА И ПОВОД ЗА РАЗГОВОР И РАЗМИШЉАЊЕ Биљана Сикимић Балканолошки институт САНУ Београд biljana.sikimic@bi.sanu.ac.rs ИСТРАЖИВАЧ ЈЕ ПРИСУТАН: ХРАНА КАО ТЕМА И ПОВОД ЗА РАЗГОВОР И РАЗМИШЉАЊЕ Рад се ба ви по ло жа јем и стра те ги ја ма ис тра

Detaljer